Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EURAZIYaSh_LD_1178_TEORIYa_Zh_1240_NE_PRAKTIKA.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
571.9 Кб
Скачать

Дәріс 5.

Хіх ғ. Соңы мен хх ғ. Басындағы қазақ ойшылдарының

(Ш. Уәлиханов, а. Құнанбаев, ы. Алтынсарин)

Еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы

  1. Абай Құнанбайұлы еңбектеріндегі қазақ идеясы.

  2. Шоқан мен Ыбырайдың қазақ мәдениетінде алатын орны.

  1. Абай Құнанбайұлы еңбектерінің тарихи маңызы. Абай Шортанбай,

Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөже сынды дәлмар шешендерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Құнанбай қажы тереңдігімен өз ортасында ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясатынан туындаған елді бөлшектеу шараларына қарсы шыққан.

1875 — 78 ж. Қоңыркекше еліне болыс болады. Бұл жылдары ез қолындағы билікті пайдаланып, әділдік таразысын тең үстауға кұш салды. Абай кейіннен, 1886 ж. Е.П. Михаэлистің ұсынысымен, Семей облыстық статистика комитетінің толық мүшесі болып сайланды. Абай 1880 ж. И. Долгополов, А. А. Леонтьевпен танысып, олармен тығыз қарым-қатынаста болған. Абай ел ісіне араласқан жылдарыңда әділеттілгімен, білімділігімен көрініп, халық арасында беделі өседі.

1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті. Бүл казақ кауымындағы әдет заңдарына да, патша өкіметінің халықгы канаушылыққа, зорлық-зомбылықка негізделген заңынада үқсамайтын, езгеше кұжат еді. Оның, әсіресе, ұрлық, қылмыс пен әйел мөселелеріне арналған баптары ерекше құнды. Абай Құнанбайұлы ел баскару қызметінде барын-ша әділ болып, халық камын ойлаған, "тура биде туған жок, принципті ұстанған. Ғұмырының соңына қарай пенделік шаруалардан бойын аулақ салып, уақытының көбісін шығармашылыкка арнаған.

Өлеңдерін кағаз бетіне 80-жылдардың ортасында түсіре бастайды. "Сап, сап, көңілім", "Шәріпке", "Абыралыға", "Жақсылықка", "Кең жайлау" өлеңдері 1870 - 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы - "Қансонарда" 1882 ж. жазылган. Ол казақ поэзиясында тіл кестесіне, сөз қолдануына да жаңа сипат дарыткан ақын. Абай поэзиясының тілінде адамның жан тебіренісін, көңіл толғанысын, жүрек лүпілін, сезімнің сан құбылып ойнақшуын көрсететін сипаттамалар, эпитет, метафора және баска да бейнелі сөздердің жаңа, өзі шығарған соны үлгі - өрнектері мол. Мыс., "жүректің көзі", "жүректің оты", "көңілінің көзі ашық", "көңілдің жайлауы", "ой өлкесі" деген ауыспалы мағына туғызатын бейнелі сөздерді қолданған. Жақсы адамның өзі өлсе де, жаны өлмейді деген пікірді былайша жеткізеді:

..."Ол бірақ кайтып келіп ойнап-күлмес,

"Мені" мен "менікінің" айрылғанын

"Өлді" деп ат қойыпты өңкейбілмес".

...

"Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып аяғын көп шалдырған,"

...

"Өлді деуге сыя ма, ойландаршы,

Өлмейтұғын артына сөз калдырған..."

Абай шығыс ойшылдары мен ақындарының даналығымен сусындаған. Сонымен бірге орыстың қоғамдық-филос. ақыл-ойын да жетік білген. Казақ кемеңгері Сократ, Платон, Аристотель еңбектерімен жақсы таныс болды. Сонымен катар ол Спенсердің "Тәжірибелерін", Льюистің "Позитивтік фило-софиясын", Дрепердің "Еуропа ақыл-ойының даму тарихы" атты туындылары мен Милльдің, Бокльдің және тағы басқа көптеген авторлардың да шығармаларын оқыған. Батыстың өркениеті мен философиясы, қоғамдық ойдың даму тарихы, ғылымы мен мәдениеті Абайдың рухани есею жолында елеулі рөл аткарып, Батыс пен Шығыс мәдениеттерін оның өз дүниетанымында тамаша ұштастырды. Абайдың негізгі зерттеу объектісі -адам. Абай адам проблемасын руханилық, құндылық тұрғыдан зерделеді. "Толық адам" мәселесін көтерді. "Абайға шығыстан кірген бұйымдардың басы ислам діні", - дейді Әуезов. "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым", "Адаспай тура іздеген хакімдер болмаса дүние ойран болар еді" - деген пікір - ғұламаның филос. көзқарасы. Жалпы, Абайдың . көркемдік, әлеум. гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік куатын, филос-дағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық алты бөлек шығармадан тұратын Абайдың кара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеум. ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының филос. концепциясын құрайды. Оның кара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды.

Ақын шығармалары 19 ғасырда да Қазақстанда демократиялық қоғамдық ойдың қалыптасып, дамуына негіз болған басты-басты идеялық үш қайнардан нәр алды:

1) қазақтың ауыз әдебиеті мен өткен замандардағы жазба ескерткіштерінен сусындаған алдыңғы қатарлы халықтық дәстүр;

2) ежелгі және орта ғасырдағы Шығыс ойшылдарының таңдаулы шығармалары; 3) орыстың материалистік философиясы мен демократиялық мәдениеті, сол арқылы дүниежүзілік (ең алдымен Батыс Европаның) философиялық ойдың жетістіктері.

Әуезов бұл идеялық бағыттарды бір-бірімен табиғи ұштасып, жалғасып кететіндігін айта келіп, Абай дәуірі үшін осылардың ішінде үшінші қайнармен, орыс классиктерінің шығармаларымен таныстықтың маңызы аса зор болғанын, Қазақстандағы қоғамдық ойдың болашақта жандана түсуіне ықпал еткенін атап көрсетті.

  1. Шоқан мен Ыбырай ағартушылық қызметтері. Шоқан

Уәлиханұлы Орта Азия елі іргелі де аумақты цивилизацияның жасаған елдердің бірі болғандығын алғаш таныған әрі ғылыми тұрғыда жазған ғалым. Өзінің саналы ғұмырында елдікке қызмет етті. Бәрінен бұрын өзімнің Қазақ елімді, одан соң Сібірді, одан соң Ресейді, содан соң бүкіл адам баласын жақсы көремін» - деген даналығы бар. Демек, ұлтты сүюдің үлгісін көрсеткен.

Ш.Ш.Уәлиханов қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеуге ерекше назар аударғандығы жайында 1857 жылы орыс зерттеушісі Г.Н.Потанин былай деп жазған еді: «Чокан все более и более углублялся в историю Востока; какие-то загадочные отношения киргизского племени этой истории, среди которого являлись имена древних народов усуней, кереев, найманов в качестве имен поколений, заставляли его задумываться и может быть мечтать сделать разоблачения в древней истории Востока посредством данных, которые представляют народные предания и остатки старины киргизского народа». Шоқанды қазақ халқының шығу тегі (этногенезі) мәселесі, халық құрамына енген әр-түрлі ежегі ру-тайпалардың тарихы терең толғандырған. Әдеби тілі бай Шоқан бейнелеу өнерінде де ұлы суреткер. Оның зергерлігі Пушкин, Гоголь, Лермонтов суреткерлігімен тең болған. Шоқан – Ұлы Қазан революциясына дейін адам бейнесін суретке түсірген жалғыз қазақ болды. Шоқан жиырма жасында-ақ орыс ғалымдары арасында беделді болған. Семенов Тянь-Шанскийдің өзі Орта Азия мәселелеріне келгенде Шоқанды ғана бедел тұтқан. Шоқан тарихта «Шығыстану әлемінің аспанынан құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан таңғажайып құбылыс» (Н. Веселовский және шығыс зерттеушілері) деген атпен алтын әріппен жазылған.

Жасаған сапарларында білімі мен таланты арқылы айрықша көзге түскен шоқанның әскери лауазымдары да жоғарылатып, 1856 жылы поручик, Қырғыз жері мен Шығыс Түркістанда жүргізілген экспедициялық жұмыстарының табысты аяқталуынаорай әуелі штабсротмистр, содан соң ротмистр шеніне көтерілген. Шоқанның ғылым мен өнерге қатысты мұралары – Санкт-Петербург қаласындағы ғылыми мекемелере мен архивтерде, кітапханалар мен музейлерде жинақталған. Олар КСРО ҒА Ленинград бөлімішесінің қоры, КСРО халықтары этнографиялық мемлекеттік музейі мен Ұлы Петр атындағы Антропология және этнография музейі болып табылады. Негізгі еңбектерінің бірі – «Жоңғария очерктері». 1854-1858 жылдар аралығындағы сапалары мен Қашқария экспедициясында жинақталған аса құнды қыруар материалдардың негізінде бұл еңбегін 1860 жылы Петербургте жазған. Шоқанның осы еңбегі Петербург Ғылыми Академиясының құрметті мүшесі, жаратылыс зерттеушісі А.Бекетовтың редакциялығымен алғаш рет 1861 жылы «Орыс География қоғамы жазбаларында» жарық көрген. Ал, 1857 жылы Шоқан қырғыз еліне саяхатын бастайды. Мұнда ел «Қырғыздар жайындағы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Қытай империясының Батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Ыстықкөлге бару сапары» деген өзінің әйгілі еңбектерін жазған. «Ыстықкөл сапарының күнделіктерінде» Шоқан қырғыз бен қазақ халқының тек тілдік мәнерінде ғана емес, сонымен қатар сәулет өнері үлгілері, ескерткіш қоюлары өте ұқсас екендігін жазады. Қырғыздар ХІ-ХІІ ғасырға жататын Рубрук кемпір тастарын мәдени мұра деп санаған.

Бұдан кейін осы жылдың 25 мамырында Сантасқа келеді. Алатау қырғыздары Сантасты қырғыз ханы Есімге байланысты жасалған – дейді. Сантас – санақ тас – дейді Шоқан, Сантас асуы бойында оба түрінде қолдан көтерілген тас үйінді. Тас үйменнің биіктігі 3, айнала көлемнің аумағы 35 құлаш, яғни қазіргі өлшем бойынша 48*48 м.

Шоқан «Қырғыздардағы шаманизм қалдықтары» еңбегінде осы оба көтеру ісінің кейін ел ішіндекүмбез, ескерткіш тұрғызу ісімен алмастырылғанын айтады. Шоқан 1957 жылдың я, 26 мамыр күні қырғыздардың ырчысы «Манасты» тыңдайды. Шоқанның сәулет өнері жайында жазған еңбегі – «Ежелгі мұралар» қолжазбасы». Мұнда ол Манас күмбезі жайлы жазады. Шоқанның бір жыл екі ай Жоңғарияға, Қашқарияға жасаған сапарларының нәтижесінде оның бірнеше еңбектері дүниеге келді. Атап айтқанда, «Ыстықкөл сапарларының күнделігі» еңбегі бірер айдың ғана жемісі. Жоңғарияда бар болғаны бес ай, Қашқарияда алты ай (1858 ж. 1 қазан - 1859 ж. наурыз) болып, сол сапарларының нәтижесінде «Қырғыздар туралы жазбалар», «Шығыс Түркістан саяхат күнделігі», «Қашқарияға барған және Қашқариядан Алатау округіне кері қайтқан сапарларымыз туралы», «Алтыншаһар немесе Қашқария туралы» атты күрделі зерттеулер жазып шықты. Ал осы жасаған саяхаттарының, Ыстықкөл сапарынан – сәулет жағынан Шоқанға айрықша әсер қалдырған қырғыздардың – Манас күмбезі, Бұрама мұнарасы және Тасрабат керуен сарайы. Тасрабат Қырғыз ССР-ң Нарын облысындағы Атбасы қыстағының 80 км күншығысында, Фрунзе–Торугарт автожолынан 18 км жерде. Тасрабат керуен сарайының салыну тарихын Шоқан былай баяндайды: «Бұл Орта Азиядағы ең ірі архитектуралық ескерткішті ХҮғ. ІІ жартысында өмір сүрген Абдулла хан ІІ ибн Искандер салдырған». Мұны Шоқан «Қырғызстанның ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі архитектурасы» еңбегінде кездестіреміз.

Ш.Уәлиханов өзін әлемге паш еткен Қашқарияға сапарын 1858 жылы 1 қазанда бастайды. Мұнда барлығы алты ай яғни 1859 жылдың наурыз айына дейін болады.

Шоқан «Алтыншаһар немесе Қашқария туралы» жазбаларында Шығыс сәулет өнерін былай суреттейді: «Мұсылман зираттарының үстіне салынған ғимараттардың - орта ғасырлардағы христиандық моносртьлар сияқты сақтап отырған бай қазыналары бар» – дейді де, Орта Азиядағы сәулет өнерлеріне тоқталады. Олар: Үргеніштегі Палуанахмд, Бұхар маңындағы Пах ауеддин Нақишбенди, Ташкенттегі Зеңібаба мен Ахрар Уәли қожа, Түркістандағы Ахмед Иассауи зираттарын атайды. Шоқан Қашқарияға Семейден Аягөз – Қапал – Алтынемел, Нарын арқылы барады. Ал Қашқарлықтар туралы: «Алтыншаһар немесе Қашқария туралы» еңбегінде: «Қашқариялықтар Шыңғысхан заманының өзінде-ақ мұсылман дінінде, сол кезде өзінің жазу өнері бархалық болғанжәне оларды моңғолдар білімді халық болғандықтан хатшы есебінде іс жүргізушілік қызметтерінепайдаланған».

Шоқан Қашқария сапарынан өкпесінен суық шалып, қатты науқастанып оралады. «Қашқарияға барған және Қашқариядан Алатау округіне қайтқан сапарымыз туралы» еңбегінде Қашқария сапарынан жинап қайтқан мәліметтерін жеке мақала етіп жазбағын айтқан.

«Қазір мен Алтыншаһар жөніндегі яғни Шығыс Түркістанның батысындағы алты қаласы жөніндегі жазбамды ұсынамын. Бұл жазбаны бес тарауға бөлген едім. Ұзаққа созылған науқасым бұл мақаланы түгел жөндеп жазуға мүмкіндік бермей отыр». Шоқанның Қашқария сапарындағы қаһармандыққа толы еңбегі ескеріліп, «Әулие Владимир» орденімен марапатталып, әскери дәрежесі штабс-ротмистрлікке өскен, ақшалай сыйлқ алған. Александр ІІ арнайы қабылдаған. Бауырындай болып кеткен орыс ғұламалары Ф.Достоевский, П.Тянь-Шанский, Н.Потанин, А.Врангель, А.Голубев.

Шоқанның Қашқария жөнінде жасаған есеп баяндамасы сырқат салдарынан өзінен бұрын 1860 жылы 27 қаңтарда жетеді. Ал өзі Петербургке ақпан айының соңында ғана барады. Осы жылдың 4 мамырында қоғамның толық мүшесі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Певческ көпірі төңірегіндегі Орыс География қоғамының пәтерінде өзінің Қашқарияға саяхаты жайлы қорытындысын баяндайды.

«Заманында ғылымға елеулі үлес қосқан», «асқан данышпан» (Потанин) өнер зерттеушісі ретінде өшпес із қалдырған Ш.Уәлиханов 1865 жылы 10 сәуірде қайтыс болады. Сүйегі Көшентоған қыратына қойылады. Бұл ескерткіш 1871 жылы 26 қарашада генерал Кауфман жасатқан.

Әлемге өзінің саяхаты әсіресе «Қашқария сапарымен» әйгілі болған Ш.Уәлиханов өзінің қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында өшпес мұра қалдырып кетті. Ресей Шоқанды «Еуропа мен Азияны байланыстырушы немесе Еуропаға ашылған терезе» деп атаған. Бұл бір ғана қыруар адамның жемісі.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған. Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман ағымын аңғарғыш, оқу -өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс- қазақ мектебіне жаздырып қойды. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі - Ыбырай болған.

Қазақ балаларын орысша оқыту арқылы олардан қазақ даласын билейтін патша чиновниктеріне көмекші әкімдер даярлау маќсатымен ашылған мектепке Балқожа би де немересін осы үмітпен берген. Бірақ Ыбырай мектепті жан- жақты білім алуға пайдаланған. Сондықтан ол сабақты ерекше ынтамен оқиды. Сөйтіп, мектепті 1957 жылы “өте жақсы” деген бағамен бітіреді.

1859 жылы Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы Шекаралық комиссияға тілмаш болып ауысады. Ол кезде ол Шекаралық комиссияның төрағасы, шығысты зерттеуші белгілі ғалым, профессор В. В Григорьевпен жақсы танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және сыйлатын Григорьев Ыбырайға аса ілтипатпен ќарап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға оған мүмкіндік берген. Осы кітапханада Ыбырай Григорьевтіѕ көмегімен орыс жазушыларының шығармаларының, орыс және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін ұлы адамдардың өмірі жайлы кітаптарды көп оқыған.

1876жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Соларға еліктеп, қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.

Сөйтіп Ыбырай “Қазақ хрестоматиясы” 1879жылы Орынборда басып шығарады. “Бұл кітапты құрастырғанда мен,-деп жазды Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, -біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім”. Сол мақсатпен Ыбырай “қазақ хрестоматиясын” балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме – новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан алып еркін аударды.

1879жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылыќ қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883жылдар арасындаєы Торғай облысының төрт уезінде ( Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) уездік жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылады. 1887жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – ұлы ағартушының ол тұрғыда жасаған үлкен еңбегі. 1881 жылы Орск қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды.

Қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесінде көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақын, әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салған. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]