Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EURAZIYaSh_LD_1178_TEORIYa_Zh_1240_NE_PRAKTIKA.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
571.9 Кб
Скачать

6.2 Қосымша әдебиеттер

Учение Льва Гумилева и современные народы Евразии. ҮІ Международный Евразийский научный форум. 29 октября 2007 года. Астана, 2007

Чистобаев А.И. Этнологи, опередившие свое время. (К 90-летию Л.Н. Гумилева и 50-летию К.П. Иванова). СПб., 2002. - 134 с.

Гумилева Н. Лев Николаевич Гумилев и идеи евразийства // Евразийский университет и евразийское сообщество: взгляд на начало XXI века. Астана., 2002. С. 152-159.

Жарников А.Е. Теория этногенеза Льва Николаевича Гумилева (опыт системного изложения). М., 2002. - 128 с.

Фроловская Т. Евразийский Лев // Казахстанская правда. 2003. 8 марта.

Евразийский университет и мир Евразии. Выступления глав государств, министров, руководителей госудасртвенных органов, общественных деятелей РК и зарубежных стран в Евразийском национальном университете имени Л.Н. Гумилева. Астана, 2006.

  1. Оқуды бақылау мен оның нәтижелік бағасы

Пәнді оқу барысында ағымдағы, аралық, қорытынды, сондай-ақ белгіленген бақылау түрлерін жүзеге асыру қарастырылған. Студенттерге үнемі сабаққа келу, үздіксіз оқуға және топтық пікірсайыстарға белсеңді қатысуға тұра келеді. Студенттер үшін аудиториялық сабақтардағы процесстерге белсенді қатысу міндетті болып саналады, өйткені сабақ айту сапасының негізінне қарап бағаланады.

Егерде студент қойылған талаптарға сәйкес тапсырмаларды саналы орындаса ең жоғарғы балдарға қол жеткізеді. Белгіленген уақытында өткізілмеген тапсырмалар қабылданбайды.

Бағалау жүйесі: Ағымдық бал: - 25 %. Аралық тест – 10 %. СӨЖП және СӨЖ – 25 %.

Эмтихан – 40 %. Барлығы: - 100 %.

Білімді бағалау жүйесі

Әріппен бағалау

Баллдың сандық көрсеткіші

%-е оқу пәнін меңгеру мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95–100

үздік

А-

3,67

94–100

үздік

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

жақсы

В-

2,67

75–79

жақсы

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

қанағаттанарлық

С–

1,67

60–64

қанағаттанарлық

D+

1,33

55–59

қанағаттанарлық

D

1,0

50–54

қанағаттанарлық

F

0

0–49

қанағаттанарлықсыз

Пән бойынша пайыздық мазмұндағы қорытынды баға төмендегі формуламен анықталады:

И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4,

2

Онда: Р1– 1 рейтинг бағасының пайыздық мазмұны, Р2 – 1 рейтинг бағасының пайыздық мазмұны, Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест–емтихан).

  1. Оқу пәнінің саясаты. Сабақтың барлық түрлеріне қатысу міндетті болып келеді. Сабақта өзін-өзі ұстауы ЖОО ішкі тәртіп Ережелеріне сәйкес болуы тиіс.

Дәріс 1. Қазақстандық Еуразия идеясының тарихы мен эволюциясы, ағымдары. Қазақстандық Еуразия идеясының мазмұны мен іске асырылуы

  1. Қазақстандық еуразия идеясының тарихы мен эволюциясы, ағымдары.

  2. Қазақстандық Еуразия идеясының мазмұны мен іске асырылуы.

1.Қазақстандық Еуразия идеясының тарихы мен эволюциясы, ағымдары. Тарихи алғышарттары. Еуразиялық кеңістікте жатқан Қазақстан ежелгі уақыттан бері Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия өркениеттерінің арасын байланыстырушы буын қызметін атқарды. Нәтижесінде тарихи-мәдени байланыстың қазығы болды. Далалық өркениеттің «ортадағы» сипатта болғандығы да шындық. Түрік әлемі қытай, иран, славян, еуропалық мәдениеттермен өзара ықпалдасты. Хандық дәуірде де, патшалық, одан қалды кеңестік Ресейдің отарында болған кезеңдерде де Қазақстанның Еуразия кеңістігінде алатын орны ерекше болды. Біздің еліміз геосаяси және өркениетті тұрғыда қарағанда Қытай, Орталық Азия мен Ресейдің арасында «кіндік ортадағы» жағдайды иеленеді. Қазақстанның Еуропа мен Азияның тоғысындағы алатын тарихи жағдайы туралы Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толкынында» атты еңбегінде жан - жақты жазды. Cонымен, Қазақстанның көпғасырлық ұлы тарихы елбасының қазіргі Еуразиялық ілімінің тарихи алғышарты болып табылады.

Халықаралық-аймақтық алғышарттары. Еуразия бастамасы – бұл ауқымды аймақтық жоба болғандықтан оның алғышарттарына ХХ ғасырдағы Еуропа, Азия, Америкада әзірленген аймақтық ықпалдасу жобасы кіреді. Қазақстан Президенті: «Бүгінгі әлемде аймақтық одақтардың неше түрі бар, олар сонысымен де мықты болып отыр» деген-ді. Еуразиялық жобаның маңызды халықаралық алғышарты Еуропалық Одақты қалыптастыру үдерісі екендігі де мәлім. Осы үлгі Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы үшін негіз болды.

Интеллектуалдық алғышарттары. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының жаңашылдығын айта отырып, оның интеллектуалдық алғышарттарын да көрсетуіміз қажет. Біріншіден, қазіргі еуразиялықтың интеллектуалдық алғышарттары 1920-шы жылдардан басталып, Ресейден Еуропаға қоныс аударған Н.С. Трубецкой, П.Н. Савицкий, Г.В. Вернадский, Э. Хара-Даван, К.А. Чхеидзе және өзге де ойшылдардың арасында қалыптасты. Олар өздерін «еуразиялықтармыз», ал идеяларын «еуразиялық» деп атаған. Бұл дегеніміз «еуропалық» және «азиялық» элементтерді жинақтайтын жаңа әлем жөніндегі түсінік. Алайда, өзінің ауқымды мәдени-танымдық кеңістігіне қарамастан, еуразиялық идея негізінен ресейлік мәселелер төңірегінде қалыптасты. Еуразиялықтардың идеялары кеңестік болмыстың талаптарына сай болу үшін өзгеруге тиіс еді.

Еуразиялық идея еуропоцентризмді, отарлау мен империализмді теріске шығарады. Сондықтан ХІХ-ХХ ғасырларда тарихқа мәдени-өркениеттік көзқарасты ұстанғандар қатарына Н.Я. Данилевский, О. Шпенглер, П. Сорокин, А. Тойнби секілді ойшылдарды жатқызамыз. Мәдениеттану тұрғысынан еуразиялық идея әлемнің өркениетті көпқырлылығын, яғни «өркениеттер қақтығысын» емес, сұхбат, ынтымақтастық қырынан көрсетеді. Қазіргі заманғы тарихшы Р.А. Медведев Шығыс пен Батыс «ешуақытта қосылмайды» деген Д.Р. Киплингтің сөзін бәрі біледі, бірақ та өзінің Еуразиялық жобасымен «Нұрсұлтан Назарбаев бұл тезистің қате екендігін көрсетті» деген.

Үшінші. Түрік-славяндық, шығыс-батыстық ықпалдастықты зерделеу үдерісі арқылы еуразиялықтың өзіндік ерекше бейнесі ХІХ ғ. екінші жартысындағы - ХХ ғасырдың басындағы орыстың қоғамдық зердесінде (К.Н. Леонтьев, В.И. Ламанский, Г.Н. Потанин, В.В. Бартольд), сондай-ақ түріктің қоғамдық зердесінде (Ш. Уәлиханов, И. Гаспринский, Абай, Ә. Бөкейханов, М. Шоқай) қалыптасты. Сөйтіп, Еуропа мен Азияның, Шығыс пен Батыстың өзара оң байланысы тұрғысындағы идея бірте-бірте түрік және орыс ойшылдары мен ғалымдарының еңбектеріне ене бастады.

Төртінші. Кеңестік билік тұсында еуразиялық идеяға қатысты еңбектер қоғамнан аластатылды. Кезінде шетелдерге қоныс аударған еуразияшылдардың еңбектерін оқу қол жетпес арман болатын. Тек қана кейбір ғалымдардың еуразиялық көзқарасты (атын атамай) қолдануға батылдары жетті. Орыс ғалымдарының арасынан көрнекті тарихшы және географ Л.Н. Гумилевты, ал қазақтар арасынан – белгілі ақын және зерттеуші О.О. Сүлейменовті атаймыз. Л.Н. Гумилевтың еңбектері тарихи танымды кеңейтті. Ғылымда жансыз әлеуметтік-экономикалық материализм мен еуропоцентризмнің үстем болуына қарамастан, әлемдік тарихқа этнологиялық көзқарасты батыл қолданды, Еуразиядағы түрік-славян «комплиментарлық» (жинақталған) идеясын дамытты. Л.Н. Гумилев ғылыми айналымға жаңа іргелі өркениеттік ұғым –«Ұлы Даланы енгізді». Оның тұжырымы адамзат тарихының көп қырлылығы, оның желілі емес циклдік дамуы еуропоцентризмнің шектеулі екендігін түсіндірді, мәдени-өркениеттік мәселе қоғамдық санаға қайта оралды. Л.Н. Гумилев 1980-ші жылдардың соңында «соңғы еуразияшыл», шын мәнісінде «тірі классик» - болды (жаңа дәуір үшін - қазіргі еуразияшылдыққа жол ашқан «бірінші» адам). Л.Н. Гумилев 1992 жылы қайтыс болды. Көрнекті ойшылдың Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық жобасын көруге екі жыл өмірі жетпеді. Әйтпегенде, 1994 жылы Қазақстан Президентінің Еуразиялық жобасын қолдаған болар еді.

2.Қазақстандық Еуразиялық идеясының мазмұны мен іске асырылуы. Егемендік пен сыртқы саясаттағы дербестіктің айқын көрінісі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1994 жылы жоба түрінде ұсынған «Мемлекеттердің Еуразиялық одағы» мен Еуразиялық бастамасы болды. «Еуразия одағы» жобасы аймақтық мәселелерді парасатты тұрғыда, әрі өзара тиімділікпен шешу мақсатын көздейді. Еуразиялық бастама егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік мүддесін қорғаумен және оның Еуразия елдерімен өзара тиімділікке негізделген ынтымақтастығымен ерекшеленеді. Н.Ә. Назарбаевтың жобасы және оған қатысты туындаған көзқарастар, халықаралық пікір - таластар тарихтағы дәстүрлі еуразиялық идеяға елеулі өзгерістер енгізді. Бұл күнде Еуразиялық бастамаға теориялық және практикалық тұрғыдан бірқатар толықтырулар да қосылды.

ХХІ ғасыр дамуына жауап бере алатын қазіргі еуразиялық ілімнің негізін салушылардың бірі Қазақстан Президенті. Елбасының Еуразиялық ілімі өткен он сегіз жылдың ішінде айтарлықтай кеңейіп, күрделене түсті. Сөйтіп, Қазақстанның ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегиясының құрамдас бөлігін айқындайтын Еуразиялық ілімі сипатына ие болды. «Doctrina» сөзін латын тілінен аударғанда ілім, ғылыми, саяси теория, тұжырым, шешуші теориялық немесе саяси қағида деген мағынаны білдіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің Еуразиялық ілімінде теория мен саясат сабақтаса байланысқан. Осы ілімнің тәжірибеде жүзеге асуы бүгінгі күні елбасының бастамасымен құрылған ЕуроазЭО, ШЫҰ, АӨСШК секілді мемлекетаралық аймақтық бірлестіктер қызметімен, Еуропа, Азия елдерімен ынтымақтастықтан (соның ішінде ЕҚЫҰ, ОИК-пен), сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы форумдарымен, Әлемдік діндер съезімен дәлелденіп отыр. Аса ірі еуразиялық мемлекет - тәуелсіз Қазақстан Республикасының табысты дамуының өзі Еуразиялық ілімінің нақты жүзеге асуын көрсетеді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Еуразия Одағын» құру жөніндегі бастамасы кездейсоқ ұсынылған жоқ. Одақ қазіргі еуразиялық идеяның тарихи, интеллектуалдық, саяси, халықаралық алғышарттары бар.

Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының саяси алғышартына Еуразия кеңістігінде жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы жатады. 1993 жылы мамырда Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» еңбегінде: Қазақстанға әлемнің назары ауып отырғандығындығы тілге тиек етіп, еліміздің географиялық жағдайын, этнодемографиялық және басқа дамуын ескере отырып, көп қырлы бағдар ұстану аса маңыздылығын тұжырымдаған еді. Сонымен бірге елбасы ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастық қарым – қатынасқа бірінші кезекте көңіл аударатындығын мәлімдеді. Кеңестік билік жүйесі ыдыраған кейін күрделі жағдай қалыптасты. Қазақстан қоғамына бірігу қажет болды. Еуразиялық идея сыртқы саяси, аймақтық бағытына қарамастан Қазақстан халқының іштей бірігуіне мүмкіндік туғызды. 1990-шы жылдың басындағы тарихи оқиғалар саяси ойлардың дамуына түрткі болды. Жаңа еуразиялық бастама заманға сай егеменді мемлекеттердің нығаюына, ынтымақтастықты қалыптастастыруға себеп болды. Жалпы ғаламдық, аймақтық және ұлттық жағдайлар еуразиялық идеяның қайта өрлеуін, ХХ ғасырдың соңындағы аймақтар мен әлемдегі түбегейлі өзгерістерге орай жаңару қажеттігін де көрсетті. Н.Ә. Назарбаевтың Еуразиялық бастамасының тарихи, интеллектуалдық және саяси алғышарттары осындай.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]