Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2020 ejywtgwbz.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
82.61 Кб
Скачать

2. Қазақстан республикасында туризм индустриясын 2020 жылға дейін дамытудың пайымы

      Туризмді Қазақстан Республикасындағы дамудың ұлттық басымдықтарының бірі ретінде қарастыру үшін бес негізгі экономикалық және әлеуметтік мүдделер бар:        1) туризм саласында, оның ішінде дәстүрлі ауылдық өмір салтынан қол үзбей, ауылдық және шалғайдағы аудандар халқы мен жастарды 230 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз ету мүмкіндігі;        2) отбасылар, шағын және орта кәсіпорындар үшін бизнес мүмкіндіктер жасай отырып, халықтың қалың санаты арасында кәсіпкерлік қызметтің мәдениетін дамытуға жәрдемдесу;       3) Қазақстан Республикасының өңірлері мен ауылдық аудандарын дамытуға үлес қосу, оның ішінде шалғай аудандардағы инженерлік-көліктік инфрақұрылымды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің инфрақұрылымын дамыту;        4) ауыл шаруашылығын, машина жасауды, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, өндірістік емес секторды қоса алғанда, экономиканың басқа да секторларында ынтымақтастыққа жәрдемдесу және мүмкіндіктер жасау;       5) ұлттық және мемлекетаралық өзара түсіністікті ілгерлетуге ықпал ететін жағымды және өнімді мәдениетаралық қатынастар құруға жәрдемдесу.        Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың стратегиялық пайымдауы – бұл 2020 жылға қарай Қазақстанды жаһандық танымал туристік дестинация ретінде бекіту.       Экономиканы әртараптандырудың және Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттырудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу мақсатында Қазақстан Республикасының туризм индустриясы туризмнің ішкі және халықаралық нарықтарында тартымды туристік өнімдерді ұсынатын туризмнің кәсіби қызметкерлері шұғылданатын бәсекеге қабілетті туристік бизнесі бар белгілі бір туристік кластерлерде дамуға тиіс. Осы бағыттағы даму барлық жұмылдырылған мүдделі тараптар – мемлекет, бизнес және қызметкерлер үшін туристік қызметтен түсетін кірістердің қуатты және тұрақты өсуіне ықпал етуге тиіс.

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫН 2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ДАМЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ

      2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың негізі мақсаттары:       1) қажетті инновациялық, энергия тиімді инфрақұрылым құру;       2) жаңа туристік «тәжірибелердің» жүйесін жасау және жергілікті және шетелдік туристерге арналған халықаралық бәсекеге қабілетті өнімдер мен қызметтер әзірлеу;       3) экологиялық туризмді және экологиялық ағартуды, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дамыту;        4) туризм саласын басқару мен реттеудің кәсіби жүйесін жасау;       5) Қазақстанға және ел ішінде қолжетімділікті ұсыну болып табылады.       2020 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясын дамытудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:       1) мемлекет экономикасына туристік саланың үлесін арттыру;       2) Қазақстан Республикасында туризм индустриясы өсуінің едәуір әлеуетін ескере отырып, экономикалық өсу мен инвестицияларды ынталандыру;       3) туризм индустриясы мен экономиканың ілеспе салаларында жұмыс орындарын құру;        4) кәсіпкерлікті, оның ішінде экономиканың аралас салаларында ШОБ-ты және ауылдық аудандарды қоса алғанда, жалпы ел және өңірлер бойынша адами әлеуетті дамыту.       Туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және саланы дамыту жағдайын қамтамасыз ету үшін экономиканың басым секторларының бірі ретінде қазақстандық туризмді әлемдік туристік нарыққа ықпалдастыру үшін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешендерін құру қажет.       Туризм саласын дамытудың негізгі индикаторлары келуші туристердің саны, тәуліктік төсек-тәулік саны, сондай-ақ туристік қызметтен түсетін табыс көлемі болып табылады. Осы тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу дамытудың әрбір кезеңінде туризмді дамыту индикаторларының арттыру арқылы айқындалады.       Даму кезеңдері       Көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстанда туризмді дамытудың мынадай кезеңдері ұсынылады:       1) 1-кезең 2015 – 2016 жылдар;       2) 2-кезең 2017 – 2018 жылдар;       3) 3-кезең 2019 – 2020 жылдар.       1-кезең неғұрлым маңызды болып табылады, өйткені одан кейінгі кезеңдердің сәттілігі жұмыстардың 1-кезең шеңберінде орындалуына байланысты: қолданыстағыларын бейімдеу және жаңа құқықтық шаралар мен институционалдық тетіктер құру, олардың көпшілігі 2015 жылы дайын болуға тиіс.       Бұл кезең, сондай-ақ дамудың алғашқы сатысы болып табылады, осы кезең бойы барлық ұлттық (ірі) туристік жобалар дайындалу және олардың құрылысына бастамашылық ету, басқа (кіші) туристік жобаларды әзірлеуді ынталандыру, жалпы инфрақұрылым мен адами ресурстарды инвестициялау, маркетинг, ұлттық туризм брендингі және өзге де ілеспе қызмет түрлері жүйесін айқындау және енгізу, сондай-ақ жылдам нәтижелер алуға бағытталған шараларды қабылдау қажет. 1-кезең шеңберінде 2015 жылдан 2020 жыл аралығында жалпы инвестициялардың 30,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады. 1-кезеңде жоспарланған шараларды іске асыруды ескере отырып, осы кезеңде күтілетін туристер ағыны – 4,1 млн. келуші туристі, төсек/тәулік саны 13,3 млн. құрайды. Туристік қызметтен түсетін табыс 4,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.        2-кезең дамудың жалғасы болып табылады. Инвестициялау тұрғысынан алғанда, негізгі құрылыс жұмыстарын, атап айтқанда, ұлттық туристік жобаларды дамыту шеңберінде туристік инфрақұрылымның орналастыру орындары мен объектілерін, оның ішінде тәуекелдік деңгейі төмен және қысқа мерзімде іске асыру мүмкіндігі бар жобаларды орындау ұсынылады. Осы кезеңде инфрақұрылымды дамытуды жалғастыру, адами ресурстар әлеуетін нығайту және маркетинг саласындағы әртүрлі жұмыстарды орындау маңызды.       2-кезең шеңберінде 2014 жылдан бастап 2020 жыл аралығында жалпы инвестициялардың 45,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады. 2-кезеңде жоспарланған шараларды іске асыруды ескере отырып, осы кезеңде күтілетін туристер ағыны – 6,5 млн. келуші туристі, төсек/тәулік саны 23 млн. құрайды. Туристік қызметтен түсетін табыс 7,6 млрд. АҚШ долларын құрайды.       3-кезең дамудың қорытынды сатысы болып табылады, бұл кезеңде бүкіл ел бойынша туристік жобаларды дамыту үшін туристік ұсыныстарды әртараптандырып және шағын және орта бизнес кәсіпорындарын едәуір қолдап, 2-кезеңнің шеңберінде орындалатын іс-шараларды іске асыру жалғасатын болады. 3-кезең шеңберінде 2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығында жалпы инвестициялардың 30,0 %-ға жуығын игеру ұсынылады, 3-кезеңде жоспарланып отырған шараларды іске асыруды ескере отырып, осы кезеңде күтілетін туристер ағыны – 8,5 млн. келуші туристі, төсек/тәулік саны 33,8 млн. құрайды. Туристік қызметтен түсетін табыс 10,2 млрд. АҚШ долларын құрайды.

      Күтілетін нәтижелер

      Инвестициялар тартқан және мемлекеттік бюджеттен қажетті көлемде қаражат бөлінген жағдайда, жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді сәтті іске асыру Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясы көрсеткіштерінің мынадай өсіміне алып келеді:       1) туристерді орналастыру орындары: 2013 жылғы 89 940 төсек-орыннан 2020 жылы 206 мың төсек-орынға дейін (2,3 есе өсу, жиынтық жылдық өсу қарқыны 12,6 %);       2) туристердің түнеу саны (ішкі, сол сияқты шетелдік): 2013 жылғы 8 067 109 туристік түнеуден, 2020 жылы 33,74 млн. туристік түнеуге дейін (4,2 есеге, өсу жылдық жиынтық өсу қарқыны 22,7 %);       3) туристің осында қалуының орташа ұзақтығы: 2013 жылғы бір реттік келуге 2,4 түнеуден, 2020 жылы бір реттік келуге 4,0 түнеуге дейін (1,6 есеге өсу);       4) орналастыру орындарының толтырылуы: нөмірлік қор жүктемесінің коэффиценті 2013 жылғы 24,6 %-дан, 2020 жылы 45,0 %-ға дейін (1,8 есеге өсу);       5) туризм саласындағы жұмыспен қамту: 2012 жылғы 129 мың қызметкерден 2020 жылы 234 мыңға дейін (1,8 есеге өсу).       Туристік сұраныстың күтілетін өсімі негізінен жаңа туристік ұсыныстарды дамыту (төсек-орындар саны) және оларды кәсіби коммерциялау есебінен болады. Жалпы туристік келу санының құрылымы 2020 жылы:       алдағы жеті жылда 4,49 млн. туристік келу үшін жаңа орналастыру орындары салынатын болады (50,8 %), бұл ретте туристердің жартысына дерлік жуығы Алматы (23,8 %) және Батыс Қазақстан (22 %) кластерлеріне келетін болады, бұл уақытта қалған жартысы Астана (17 %), Шығыс Қазақстан (11,9 %), Оңтүстік Қазақстан (8,6 %) және Қазақстан Республикасының басқа да облыстарының (16,8 %) кластерлеріне шоғырландырылатын болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]