Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мазмны-1.docx
Скачиваний:
64
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.55 Mб
Скачать

3.2.2. Бай объектілік ортасы

Java ортасы – бағдарламалау тілінен жоғары деп айтсақ болады. Оның құрамында біздің бағдарламаларға шын өмірде кездесетін негізгі абстракциялардан тұратын негізгі класстар тобы бар. Java тілінің танымалдылығы бұл оны платформаға тәуелсіз ететін орнатылған класс-абстракциялары болып табылады (кесте 1). MFC/COM, OWL, VCL, NeXTStep, Motif және OpenDoc сияқты кітапханалар өз платформаларында жақсы жұмыс істейді, дегенмен, қазіргі таңда негізгі платформа болып Internet табылады.

Java 1.1.6 нұсқасында 23 пакет (Java 1.0.2-де олар 8 болды), ал класстар саны – 503 (211)орналасқан. Қазіргі уақытта JDK 1.2 бета-тестілеудің соңғы кезеңін өткеруде [15].

Алғашқыда тіл ретінде C++ бағдарламалау тілін қолдану жоспарланған. Бірақ, бағдарлама құру кезінде кездескен қиыншылықтардың әсерінен жаңа бағдарламалау тілінің пайда болуына әкеліп соқты. Жүйенің мақсаты – заманауи Eiffel, Smalltalk, Objective C, Cedar/Mesa сияқты бағдарламалау тілдерінің ең жақсы қасиеттерін қамту болды.

Кесте 1

Java API пакеттері Кестенің басы

Пакет атауы

Құрамы

java.applet

Апплеттерді іске асыру классы

java.awt

Графикамен, мәтінмен, терезелермен және GUI-мен жұмысқа арналған класс

java.awt.datatransfer

Ақпарат тасымалдауды қамтамассыз ететін класстар(Copy/Paste)

java.awt.event

Оқиғаны өңдейтін класстар мен интерфейстер

java.awt.image

Суретті өңдейтін класстар

java.awt.peer

Платформаға тәуелсіздікті қамтамасыз ететін GUI

java.beans

JavaBeans компоненттер моделіне арналған API

java.io

Енгізу-шығарудың түрлі типтеріне арналған класстар

java.lang

Тіл ядросына арналған класстар (типтер, жолдармен жұмыс, тригонометриялық функциялар, тиым салуларды өңдеу, жеңіл процесстер)

java.lang.reflect

Reflection API класстары

java.math

Туынды дәлдіктің арифметикалық операцияларына арналған класстар

java.net

Интернет желісіндегі жұмысқа арналған класстар (сокеттер, хаттамалар, URL)

java.rmi

RMI-мен байланысты класстар (процедураларды алыстатылған шақыру)

java.rmi.dgc

RMI-мен байланысты

java.rmi.registry

RMI-мен байланысты

java.rmi.server

RMI-мен байланысты

java.security

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар

java.security.acl

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар

java.security.interfaces

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін класстар

java.sql

 

java.text

Көптілдік қолдауды қамтамасыз етуге арналған класстар

java.text.resources

Көптілдік қолдауды қамтамасыз етуге арналған класстар

java.util

Түрлі пайдалы деректер типтері (стектер, сөздіктер, хэш-кестелер, дата, кездейсоқ сандар генетаторы)

java.util.zip

Архивтеуді қамтамасыз етуге арналған класстар

3.2.3. Класстар

Java тіліндегі объектіге бағытталған бағдарламалудың базалық элементі класс болып табылады. Класс құру үшін шығыс файлы болуы жеткілікті. Файл құрамында class негізгі сөзі, одан кейін идентификатор мен фигуралы жақша жұбы болуы тиіс.

Class Point {

}

Java шығыс файлының атауы онда сақталатын класс атауымен сәйкес болуы тиіс. Әріптер регистрі класс атауында да, файл атауында да қажетті.

Класс – бұл объект құруға арналған шаблон. Класс функционалды интерфейс құратын объект құрылымын және әдістерін анықтайды. Төменде классты анықтаудың ортақ түрі көрсетілген.\

Class класс_атауы extends суперкласс_атауы {type объект_айнымалысы:

Type2объект_айнымалысы:

TypeNобъект_айнымалысы:

Typeәдіс_атауы1 (параметрлер_тізімі) {әдіс денесі;

}

Type әдіс_атауы2 (параметрлер_тізімі) { әдіс денесі;

}

Type әдіс_атауыN (параметрлер_тізімі) { әдіс денесі;

}

}

Extends кілттік сөзі «класс_атауы» классы «суперкласс_атауы» класының ішкі классы екенін көрсетеді. Java тілінің класстық иерархиясының шыңында оның жалғыз орнатылған классы – Object орналасқан.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]