Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ETKS9kaz

.pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.46 Mб
Скачать

ІІ бөлім

ІІ-тарау. ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ ТАРИФТІК-БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМАЛАР

§ 1. Химреагенттерді дайындау жəне тиеу жөніндегі аппаратшы

Жұмыс сипаттамасы. Химреагенттер қоймасының жабдықтарына; бактарға, шанаптарға, цистерналарға, сорғыларға, бұлғауыштарға жəне жүк тиеу-түсіру механизмдеріне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау. Əкті езу, режим картасына сəйкес реагент ерітінділерін: əк сүтін, ірілендіргілерді, фосфатты, гидразин-гидратты, гидразин-сульфатты, трилонаны жəне т.б. дайындау жəне оларды химиялық су тазалауға тоқтаусыз келіп тұруын қамтамасыз ету. Жұмыс орны шегінде химреагенттер мен материалдарды тасу жəне əкелу. Бактарды тазалау жəне жуу. Тетіктердің мойынтіректерін майлау.

Білуге тиіс: реагенттерді даярлау тораптарының технологиялық тəсімі; қызмет көрсетілетін жабдықтарды қондыру туралы негізгі мəліметтер; реагенттердің жəне сүзгіден өткізілетін заттардың құрамдары мен қасиеті; суды тазалаудың механикалық жəне химиялық негізгі тəсілдері; ыдысты жəне аппаратураны тазалау жəне жуу ережесі.

Қолданылатын химреагенттер атауының

Біліктілік тобы

саны

ІІ

3-ке дейін

3-тен жоғары

ІІІ

§2. Химиялық-су тазалау аппаратшысы (кезекші)

Ітоп біліктілігі

Жұмыс сипаттамасы. Бүркігіш бассейндердің жəне градирендердің суларын хлорлау үшін хлорлы əк ерітіндісін дайындау жəне мөлшерлеу. Суда белсенді хлордың берілген жоғары шоғырлануын ұстау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін аппараттың құрылғысы туралы негізгі мəліметтер; су ағызғыштардың жəне арматуралардың орналасуы; хлорланатын ерітінділердің шоғырлануы.

141

§3. Химиялық-су тазалау аппаратшысы (кезекші)

ІІтоп біліктілігі

Жұмыс сипаттамасы. Қазандарды, жылу желілерін толықтыру жəне буландырғыштарды қоректендіру үшін жұмсарту тəсімі (алдын ала тазалаусыз) бойынша суды химиялық тазалау процесін жүргізу.

Қышқыл, тұзды жəне сілтілі ерітінділерімен катиониттер сүзгілерін қалпына келтіру процесін жүргізу. Бақылау-өлшеуіш құралдар көрсеткіші жəне химиялық талдау нəтижелері бойынша суды жұмсарту процесінің параметрлерін реттеу. Суды жұмсарту процесін бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарда шығындалатын реагенттердің санын жəне өз қажеттілігіне судың шығындалуын есептеу. Лықсыма суларды бейтараптандыру. Су даярлау қондырғыларының жабдықтарын қосу, тоқтату жəне сынау жөнінде операцияларды орындауға қатысу. Жабдықтардың, арматуралардың, қатынастардың, құрал-саймандардың жұмысында ақаулықты анықтау жəне оларды жою бойынша шаралар қабылдау. Апат жағдайларды жоюға қатысу. Жедел құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: суды жылыту қондырғыларының технологиялық тəсімі; қызмет көрсетілетін жабдықтардың: əртүрлі жүйе сүзгілерінің, сорғылардың, мөлшерлеу құрылғылардың, бактардың жəне сол сияқтылардың құрылғысы жəне жұмыс қағидаттары; суды химиялық дайындаудың негізгі технологиялық процестері: жұмсарту, қалпына келтіру, бейтараптандыру; технологиялық операцияларды жүргізу режимі: механикалық сүзгілерде жарықтандырғыштарды, катионит сүзгілерінде жұмсаруды, катионит сүзгілерін қалпына келтіру, лықсыма суды бейтараптандыру; химиялық реагенттерді орнату; бақылау-өлшеу құралдары құрылғыларының міндеті жəне орны; қазанның бу-сулы жолының принципті тəсімі; су даярлау қондырғыларының жұмысына химиялық бақылауды жүргізу тəртібі; жалпы химия бойынша қарапайым мəліметтер.

§4. Суды химтазалау аппаратшысы (кезекші)

ІІІтоп біліктілігі

Жұмыс сипаттамасы. Қазандарды толтыру үшін суды тұзсыздандыру процесін жүргізу жəне білікті персоналдың басшылығымен қышқыл, тұзды жəне сілтілі ерітінділерімен катионит, анионит сүзгілерін қалпына келтіру жəне қазандарды, жылу желілерін толтыру жəне буландырғыштарды қоректендіру үшін суды жұмсарту процесін жүргізу.

142

Жарықтандырғыштарда (тұндырғыштарда) суды алдын ала реагентті өңдеу процесін жүргізу. Жарықтандырғыштарда (тұндырғыштарда) суды реагентті өңдеу процесін химиялық бақылау. Жарықтандырғыштарда (тұндырғыштарда) суды реагентті өңдеудің технологиялық параметрлерін реттеу жəне бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері жəне химиялық анализдер нəтижелері бойынша суды жұмсарту. Катиониттің технологиялық сипаттамасын: сору сиымдылығын, реагенттің үлес шығынын есептеу. Жабдықтарды қосу, тоқтату жəне сынау бойынша операциялар жүргізу. Апат жағдайларды жою.

Білуге тиіс: суды реагентті өңдеудің технологиялық сұлбасы; жарықтандырғыштарда (тұндырғыштарда) суды реагентті өңдеуді жүргізу режимі; химиялық реагенттердің міндеті; ауыз су сапасының нормалары.

§5. Химиялық-су тазалау аппаратшысы (кезекші)

ІV топ біліктілігі

Жұмыс сипаттамасы. Қазандарды толтыру үшін суды тұзсыздандыру процесін жүргізу. Суды тұзсыздандырудың технологиялық процесін химиялық бақылау жəне бақылау-өлшеу құралдары жəне химиялық талдау нəтижелері бойынша процестің параметрлерін реттеу.

Білуге тиіс: тұзсыздандыру қондырғылардың технологиялық сұлбасы; химиялық реагенттердің міндеті, талдаулар мен есептерді жүргізу əдістемесі.

§6. Отынды таразылаушы-қабылдаушы

ІІтоп біліктілігі

Жұмыс сипаттамасы. Вагон таразыларында отынды таразыға тарту. Теміржол цистерналарында мұнай-отын санын өлшеу. Мұнай-отынның температурасы мен тұтқырлығын айқындау. Отын санын таразыға тарту жəне өлшеу нəтижесі бойынша есептеу. Отынның нақты санын өтінім берушінің деректерімен салыстыру. Отынды қабылдау актісін құруға қатысу. Таразы кітабын жүргізу.

Білуге тиіс: вагон таразыларының құрылғысы, жұмыс қағидаты, оларды тексеру жəне күйге келтіру; өлшеу аспаптарын пайдалану ережесі; отынның маркасы жəне сорты жəне оның сипаттамасы; мұнай-отынын пайдалану ережесі; вагондар мен цистерналардың типтері; есеп жүргізу жəне есептеме құжаттамасын жүргізу тəртібі.

§7. Жағалаудағы сорғының су қабылдағыш машинисі

ІІтоп біліктілігі

Жұмыс сипаттамасы. Орталықтан тепкіш жəне білікті сорғылардан жабдықталған сорғы қондырғыларының сенімді жұмысын қамтамасыз ету. Айналмалы судың қысымын, мойынтіректердің қызуын жəне майлануын, сорғылар мен электр қозғалтқыштардың жұмысын, су қабылдағыштар

143

торларының жəне гидротехникалық құрылыстың жағдайын бақылау. Сорғыларды қосу, тоқтату жəне сынау операцияларын орындау. Жабдықтардың жұмысында ақаулықты анықтау жəне жою. Апат жағдайларды жоюға қатысу.Жедел құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: су қабылдағыштардың сорғылары мен торларының жұмыс қағидаты, құрылғысы; сору жəне айдамалау құбырларының жəне реттеу құрылғыларының тəсімі; бақылау-өлшеу аспаптары мен арматураларды құру орны жəне міндеті; гидравлика жəне механика бойынша қарапайым мəліметтер.

§ 8. Агрегаттарды басқарудың блоктық жүйесінің машинисі (қазан-турбина)

Жұмыс сипаттамасы. Қазан жəне турбинаны пайдалану қызметін көрсету, олардың тоқтаусыз жəне экономикалық жұмысын қамтамасыз ету. Агрегаттардың жұмыс режимін жүргізу. Жылу жүйелерінде қосу, тоқтату, сынау, сығымдау, ауыстырып қосу бойынша операцияларды орындау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне, автоматты реттеуіш жұмыстарын, сигнализацияны бақылау. Апат жағдайларды жою. Жедел құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қазанның, турбинаның, генератордың жəне қосымша жабдықтардың құрылғысы, техникалық сипаттамасы; жылу жəне электр энергиясын орнатудың жылу тəсімдері жəне өндірудің технологиялық процессі; əртүрлі жүктеме кезінде қазандар мен турбиналардың режимі; генератордың жəне өзіне қажетті қазан-турбина цехының принципті электр тəсімі; бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі жəне жылу бақылаудың жəне автоматиканың принципті тəсімі; параметрлердің жіберілетін ақаулары; электр техниканың, механиканың жəне су дайындаудың негіздері.

турбогенератордың қуаты, мың кВт

біліктілік тобы

40-қа дейін

V

40-тан 130-ға дейін

VI, VII

Ескерту. VII біліктілік тобы сағатына 240 т-дан жоғары бу өндіргіш қазан агрегаттарын басқарудың блоктық жүйесінде «қатты отында, немесе сағатына 400 т. жұмыс істейтін, сұйық жəне газ секілді отында жұмыс істейтін машинистерге беріледі.

§ 9. Газ-турбина қондырғыларының машинисі (қазан-турбина)

Жұмыс сипаттамасы. Газ-турбинаны пайдалану қызметін көрсету, олардың тоқтаусыз жəне экономикалық жұмысын қамтамасыз ету. Жылу жүйелерінде қосу, тоқтату, сынау, сығымдау, ауыстырып қосу бойынша операцияларды орындау. Газ-турбина қондырғылары жабдықтарының жұмыс режимін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне, автоматты

144

реттеуші жұмыстарын, сигнализацияны қадағалау. Апат жағдайларды жоюға қатысу. Жедел құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: компрессорлардың, газ турбиналардың, генератордың жəне қосымша жабдықтардың құрылғысы, техникалық сипаттамасы; жылу тəсімдері, бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі жəне генератордың принципті электр тəсімдері жəне өзіне қажетті газтурбиналардың қондырғылары; жабдық жұмысының техникалықэкономикалық көрсеткіштері; газ-динамика, жылу техникалары мен электр техникалардың негіздері.

турбогенератордың қуаты, мың кВт

біліктілік тобы

10-ға дейін

ІV

10-нан 50-ге дейін

V

50-ден 100-ге дейін

100-ден жоғары

VII

Газ-турбина қондырғылары машинисінің басшылығымен жұмыс істейтін машинисті төмен топқа белгілеу қажет.

§10. Деаэраторлардың машинисі

ІІтоп біліктілігі

Жұмыс сипаттамасы. Деаэратор қондырғыларының тоқтаусыз жəне апатсыз жұмысын қамтамасыз ету. Деаэраторларда ортаның деңгейін, температурасын, қысымын; қызмет көрсету аймағында арматуралардың жəне ернемекті қосылуларды бақылау. Деаэраторларды қосу жəне сөндіру, жылу тəсімдерінде ауыстырып қосу бойынша операцияларды орындау. Жабдық жұмысында бұзушылықтарды анықтау жəне жою. Апат жағдайларды жоюға қатысу. Жедел құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: деаэраторлардың құрылғысы жəне жұмыс принципі; деаэраторлы қондырғылардың жылу тəсімдері; жарамды су сапасының нормалары; бақылау-өлшеу аспаптары, құбырларды, арматураларды құру орны жəне міндеті.

§ 11. Қазандардың машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Қазандарды пайдалану қызметін көрсету, олардың тоқтаусыз жəне экономикалық жұмысын қамтамасыз ету. Қазандардың жұмыс режимін жүргізу. Жылу жүйелерінде қосу, тоқтату, сынау, сығымдау, ауыстырып қосу бойынша операцияларды орындау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштеріне, автоматты реттеуші жұмыстарын, сигнал беруді бақылау. Апат жағдайларды жою. Жедел құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қазан мен қосымша жабдықтың құрылғысы, жұмысының принципі жəне техникалық сипаттамасы; қазан қондырғыларының жылу

145

тəсімдері жəне жылу мен электр энергияларын өндірудің технологиялық процесі; су мен бу сапасының нормалары; бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс принципі жəне жылуды бақылау мен автоматиканың принципті тəсімі; қазан-агрегаттары ортасы параметрлерінің жіберілетін ақаулықтары; қолданылатын отынның қасиетін жəне жанатын өнімдері; қазан-агрегат жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері; жылу техникасының, механика мен электр техниканың негіздері.

Бу қазандарына қызмет көрсету кезінде

 

Қазанның бу өндіруі, с/т

 

 

қатты отын

сұйық жəне газ тəрізді отын

Біліктілік тобы

будың қысымы

будың қысымы

будың қысымы

будың қысымы

60 кгс/см² дейін

60 кгс/см²

60 кгс/см² дейін

60 кгс/см²

 

 

жоғары

 

жоғары

 

30-ға дейін

-

50-ге дейін

-

ІІІ

30-дан жоғары

-

50-ден жоғары

100-ге дейін

ІV

100-ге дейін

-

170-ке дейін

-

 

100-ден жоғары

100-ге дейін

170-тен жоғары

100-ден жоғары

V

-

-

-

300-ге дейін

 

-

100-ден жоғары

-

300-ден жоғары

 

300-ге дейін

-

-

 

 

300-ден жоғары

-

-

VІІ

Су жылытқыш қазандарға қызмет көрсету кезінде

Қазанның жылу өндіруі, Гкал/сағ

Біліктілік тобы

50-дейін

ІІІ

50-ден жоғары

ІV

§ 12. Отынды тартатын диірмендердің машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Тозаң дайындау жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету. Диірменнің, желдеткіштің, сеператордың, жетектердің, редукторлардың жұмысын бақылау. Тозаң дайындау жүйесін қосу, тоқтату бойынша операцияларды орындау. Тозаңның сынамаларын сұрыптау. Апат жағдайларды жоюға қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы, жұмыс принципі жəне техникалық сипаттамасы; отын берудің тозаң дайындау жүйесі; бақылау-өлшеу аспаптары мен арматураларды орнату орны; пайдаланылатын отынның қасиеті жəне тартудың жұқалық нормасы; қазандар құрылғысы бойынша негізгі мəліметтер.

Диірмендердің өнімділігі, т/с

Біліктілік тобы

Домалақ, барабанды

Шахталы жəне басқа да

 

диірмендер

диірмендер

ІІ

5-ке дейін

5-ке дейін

5-тен 12-ге дейін

5-тен 15-ке дейін

ІІІ

12-ден жоғары

15-тен жоғары

ІV

146

Ескерту. Диірмендердің өнімділігі тарту қабілеті бірлікке тең коэффициенті кезінде қабылданды.

§ 13. Қосымша турбина жабдықтарын қараушы-машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Турбинаның қосымша жабдықтарының: қызмет көрсету аймағында сорғылардың жəне оралдың жетектерінің, қалпына келтіру жүйелерінің, арматуралардың, турбинаның су трактына химиялық реагенттерді енгізу қондырғыларының, генератордың газды суыту, бойлерлердің, жылытқыштардың, автоматтандырылған деаэраторлардың, редукциялы-салқындатқыш қондырғылардың, май салқындатқыштардың, фильтрлердің, бактардың, буландырғыштардың тоқтаусыз жəне апатсыз жұмысын қамтамасыз ету. Жабдықтарды қосу, тоқтату, престеу, сынау бойынша операцияларды орындау. Ақауларды жəне апат жағдайларды жоюға қатысу. Жедел құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: турбина жұмыстарының принципі; қосымша турбина жабдықтарының құрылғысы жəне техникалық сипаттамасы; бу-турбина қондырғысының жылу тəсімі, құбырлардың орналасуын; арматуралардың, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті жəне орнату орны; жылу техникасы, механика жəне электр техникасы жөнінде қарапайым мəліметтер.

турбогенератордың қуаты, мың кВт

біліктілік тобы

10-ға дейін

ІІ

10-нан 45-ке дейін

ІІІ

45-тен 240-қа дейін

ІV

240-тан жоғары

V

§14. Күлді шығару бойынша қараушы-машинисі

ІІІбіліктілік тобы

Жұмыс сипаттамасы. Қож ұсатқыштардың, қож шығарғыштардың, күл ұстағыштардың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету. Гидрокүл шығару арналарында қоршаулар мен торлардың дұрыс жағдайын, шаятын судың деңгейін қадағалау. Қазандардан қождарды кетіру. Жабдықтардың жұмысында апат жағдайларды жоюға қатысу.

Білуге тиіс: күл-қожы шығару жүйелері жабдықтарының құрылғысы, жұмыс принципі; қазанның принципті қондырғысы жəне газ трактының тəсімі; шаятын су құбырлары мен арналардың тəсімі; қож бен күлдің қарапайым физикалық-химиялық ерекшеліктері; механизмдерді майлау ережесі жəне тəртібі.

ІV біліктілік тобы

Сұйық қож кетіргішпен жəне қож бен күлдің 10т/с жоғары шығуымен энергетикалық қазандарға қызмет көрсету кезінде.

147

§ 15. Қазанды жабдықтарын қараушы-машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Қазан агрегатының жұмыс режимін жүргізуге қатысу жəне қосымша қазан жабдықтарының: тозаң дайындау қондырғыларының, газ ауасы, газ-мазутты жəне топырақты құрғату жүйесінің, жанарғы құрылғылардың, химиялық реагенттерді қазанның бу-су трактына енгізу жөніндегі қондырғылардың, үрлеу жүйелерін жəне қазанның ысыған бетін үрлеу жөніндегі қондырғылардың, редукциялы-салқындатқыш қондырғыларды, бак шаруашылығының, техникалық су жəне қысылған ауа жүйелерінің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету. Жылу тəсімдерінде қазан жабдықтарын қосу, тоқтату, сынау, престеу, ауыстырып қосу операцияларын орындау. Жабдықтардың жұмысында ақаулықтарды анықтау жəне жою. Апат жағдайларды жоюға қатысу. Жедел құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қазандардың жəне қосымша жабдықтардың құрылғысы жəне техникалық сипаттамасы; жылу тəсімдері жəне агрегат жұмысының технологиялық процестері; автоматты реттеуіштердің, жылу сақтағыштардың, блоктардың,сигнализациялардың жəне бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті жəне жұмыс принципі; бу, құнарлы су сапасының нормалары; жағатын отынның сипаттамасы; агрегаттың бу-су трактатына қосылатын химиялық реагенттердің қасиеті жəне оның мөлшері; қазан агрегаттары жүктемелерінің режимі; электр техника, механика жəне су дайындаудың негіздері; қазан агрегаттары жұмысының техникалықэкономикалық көрсеткіші.

Қазан өнімділігі, т/с

Біліктілік тобы

будың қысымы 60 кгс/см²

будың қысымы 60 кгс/см²

 

дейін

жоғары

ІІ

30-ға дейін

-

30-дан 100-ге дейін

-

ІІІ

100-ден жоғары

100-ге дейін

ІV

-

100-ден 650-ге дейін

V

-

650-ден жоғары

§ 16. Турбина жабдықтарын қараушы-машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Негізгі жабдықтың жұмысын бақылау жəне қосымша турбина жабдықтарының: конденсациялы, қоректендіргіш, буландырғыш, редукциялы-салқындатқыш, деаэрационды, регенераторлы жəне жылу белгілегіш қондырғылардың; топырақты құрғату, айналымды жəне майлы жүйелерінің; генераторды реттеу жəне салқындату жүйесінің; химиялық реагенттерді агрегаттың бу-су трактына енгізу қондырғысының; техникалық су мен қысылған ауа жүйелерінің тоқтаусыз жəне апатсыз жұмысын қамтамасыз ету. Жабдықтарды қосу, тоқтату, престеу, сынау, турбоқондырғылардың жылу тəсімдерінде ауыстырып қосу бойынша операцияларды орындау. Жабдықтардың жұмысында ақаулықтарды анықтау

148

жəне оларды жою. Апат жағдайларды жоюға қатысу. Жедел құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: турбинаның, генератордың жəне қосымша жабдықтардың құрылғысы жəне техникалық сипаттамасы, жылу схемалары, қондырғылар жұмысының технологиялық процесі; автоматты реттеуіштердің, жылу қорғағыштардың, блоктаулардың, сигнализацияның жəне бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті жəне жұмыс принциптері, бу, конденсат, турбина майы, отқа төзімді сұйықтық сапасының нормалары; агрегаттың бу-су трактатына енгізілетін химиялық реагенттердің ерекшелігі жəне олардың мөлшері; турбиналы жабдықтар жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері; жылу техникасының негіздері; электр техниканың, механиканың жəне су дайындаудың қарапайым негіздері.

турбогенератордың қуаты, мың кВт

біліктілік тобы

10-ға дейін

ІІІ

10-нан 45-ке дейін

ІV

45-тен 240-қа дейін

V

240-тан жоғары

§ 17. Бу турбиналардың машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Бу турбиналарына пайдалану қызметін көрсету жəне олардың апатсыз экономикалық жұмысын қамтамасыз ету. Турбина жұмыстарының режимін енгізу. Жабдықтарды қосу, тоқтату, престеу, сынау, турбиналардың жылу тəсімдерінде ауыстырып қосу операцияларын орындау. Жабдықты жөндеуге шығару. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін жəне автоматты реттеуіштің жұмысын қадағалау. Негізгі жəне қосымша жабдықтар жұмысында ақаулықтарды анықтау жəне жою. Апат жағдайларды жою. Жедел құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: турбина мен қосымша жабдықтардың құрылғысы, жұмыс принципі жəне техникалық сипаттамасы; турбина қондырғысының жылу тəсімдері жəне жылу жəне электр энергия өндірісінің технологиялық процесі; автоматты реттеуіштердің, бақылау-өлшеу аспаптарының, жылу қорғағыштардың жəне сигнализацияның жұмыс принципі; жылуды бақылаудың жəне автоматиканың принципті тəсімдері; бу, су, турбина майы жəне конденсат сапасының нормалары; параметрлердің жіберілетін ақаулығы, турбина жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіші; жылу техникасының, механиканың жəне электр техникасының негіздері.

турбинаның типі жəне қуаты, мың кВт

біліктілік тобы

конденсациялық

өндіріс жəне

қысымға қарсы

 

 

жылуландыру

 

 

 

сұрыптаумен

 

 

10-ға дейін

7-ге дейін

25-ке дейін

ІІІ

10-на 40-қа дейін

7-ден 20-ға дейін

25-тен 50-ге дейін

ІV

40-тан 60-қа дейін

20-дан 45-ке дейін

50-ден жоғары

V

149

60-тан 130-ға дейін

45-тен 130-ға дейін

-

§ 18. Қоректендіргіш сорғылардың машинисі

Жұмыс сипаттамасы. Поршеньді жəне орталықтан тепкіш сорғылармен жабдықталған қоректендіргіш қондырғылардың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету. Құнарлы су параметрлерін, мойынтіректі майлау жүйесін, сорғылардың жəне олардың жетектерінің жұмыс режимін бақылау. Сорғыларды қосу, тоқтату, сынау операцияларын орындау. Апат жағдайларды жоюға қатысу. Жедел құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: поршенді жəне орталықтан тепкіш сорғылардың жəне олардың жетектерінің құрылғысы, техникалық сипаттамасы жəне жұмыс принципі; сору жəне айдамалау құбырлардың сұлбасы; жылу техникасының, механиканың жəне электр техниканың қарапайым негіздері.

сорғының өнімділігі, мъ]с

біліктілік тобы

100-ге дейін

ІІ

100-ден 300-ге дейін

ІІІ

300-ден жоғары

ІV

§ 19. Тозаң дайындау цехтарындағы тозаң сорғыларының машинисі (отынды тарту цехтарында)

ІV біліктілік тобы

Жұмыс сипаттамасы. Отынды тасу. Механизмдердің (тозаң сорғыларының, кептіргіштердің, компрессорлардың), өлшеу аспаптарының жұмысын қадағалау. Апат жағдайларды жаю. Жабдықты қосу, реттеу жəне тоқтату. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы, жұмыс принципі жəне техникалық сипаттамасы; отынның қасиетін; өлшеу аспаптарын орнату орны жəне жұмыс принципі.

§ 20. Тозаң дайындау цехтарындағы кептіргіш машинисі (отынды тарты цехтарында)

ІV біліктілік тобы

Жұмыс сипаттамасы. Отынды кептіру процесін жүргізу. Отынның келіп түсуін жəне кептіргіштердің жұмысын қарау жолымен жəне өлшеу аспаптарымен қадағалау. Жабдықтарды қосу, реттеу жəне тоқтату операцияларын орындау. Жабдықтың жұмысында ақаулықтарды анықтау, ұсақ ақауларды түзеу, апат жағдайларды жою. Өндіріс орындарын тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы, жұмыс принцпі жəне техникалық сипаттамасы; отынның қасиеті; өлшеу аспаптарын орнату орны жəне жұмыс принципі; механизмдердің жұмысында ақаулықтарды жою тəсілдері; электр техника мен механиканың негіздері.

150

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]