Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

ETKS9kaz

.pdf
Скачиваний:
44
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
2.46 Mб
Скачать

жұмыстарының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін; электр техника негіздерін.

Күрделілігі ІІ дəрежелі 35-110 кВ кернеулі қосалқы станциялармен бірлескен күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілері мен күрделілігі ІІ жəне ІІІ

дəрежелі 35-110 кВ кернеулі қосалқы станциялармен бірлескен күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілерінің электр жабдықтарына қызмет көрсету кезінде –

6-разряд

Күрделілігі І дəрежелі 35-110 кВ кернеулі қосалқы станциялармен бірлескен күрделілігі І дəрежелі тарату желілерінің электр жабдықтарына

қызмет көрсету кезінде –

7-

разряд

 

7-разряд

беру үшін орташа арнаулы (кəсіби) білімді талап

етеді.

 

§ 60. ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІНЕ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

2-разряд

Жұмыстың сипаты. Тарату пункттерінің (ТП) жабдықтарын, трансформаторлық қосалқы станциялардың (ТҚ), күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілері электр берілісінің ауа жəне кабельдік желілерін тексеруге қатысу. Электр беріліс жабдықтарын жəне желілерін жөндеу. Анықталған ақауларды жою, ТП мен ТҚ жабдықтарын тазалау, жүктеме мен кернеуді өлшеу. ТП, ТҚ-да жəне электр беріліс желілерінде жұмыс орындарын дайындау. Біліктілігі жоғары электр монтердің басшылығымен жаңа ТП мен ТҚ, электр беріліс желілерін қосуды даярлау. Жабдыққа май құю, түйіспелерді тазалау, ақау сақтандырғыштарды ауыстыру, май көрсеткіш шыныларды жөндеу жəне басқа да ұқсас жұмыстар. Жаңа ТП, ТҚ, электр берілістің ауа жəне кабельді желілерінің құрылысы кезінде электр құралдарды құру ережесінің сақталуын бақылау. ТҚ жəне ТП жөндеу кезінде құрылысшы жұмысшыларды бақылау.

Білуге тиіс: ТП жəне ТҚ орналасқан тарату учаскесінің, құдықтар, коллекторлар мен тоннелдер орналасқан электр берілістің ауа жəне кабельдік желілерінің тас жолының сұлбаларын; ТП жəне ҚТ бастапқы қосылуының негізгі сұлбаларын; тарату желілерінде жұмыс орындарын даярлау ережесі; электр техника негіздерін.

Жоғары білікті электр монтердің басшылығымен күрделілігі І дəрежелі тарату пунктерінің, трансформаторлы қосалқы станциялардың, электр берілістің ауа жəне кабельді желілерінің жабдықтарына қызмет көрсету кезінде - 3-разряд

§ 61. ТАРАТУ ЖЕЛІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

4-разряд

41

Жұмыстың сипаты. Тарату пункттерін (ТП), трансформаторлы қосалқы станциялардың (ТҚ), электр берілістің ауа жəне кабельді желілеріне қызмет көрсету. ТП, ТҚ жəне электр берілістің желілерінің жабдықтарын жөндеу. Ақаулықты жою, ТП, ТҚ жабдықтарын тазалау, желілердің кезкелген нүктелерінде жүктемелер мен кернеулерді өлшеу. ТП, ТҚ жəне желі режимдерінің өзгеруімен байланысты емес ауыстырып қосуды жүргізумен электр берілістер желілерінде жұмыс орындарын даярлау. Жаңа ТП,ТҚ, электр берілістердің ауа жəне кабельді желілерін қосуға дайындау. ТП жəне ТҚ жөндеу кезінде құрылыс жұмысшыларын қадағалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың міндеті, құрылғысы мен ағымдағы жөндеуді жүргізу ережелерін; ТП жəне ТҚ жедел токтары мен блоктаудың бастапқы сұлбаларын; едəуір жиі туындайтын ақаулықтарды жəне оларды жоюдың тəсілдерін; электр қондырғыларға жедел қызмет көрсету ережелерін; электр техника негіздерін.

Күрделілігі І дəрежелі тарату пунктерінің, трансформаторлы қосалқы станциялардың, электр берілістің ауа жəне кабельді желілерінің

жабдықтарына қызмет көрсету кезінде -

5-разряд

Қорғаныс релелері, автоматика мен

телемеханика құрылғыларымен

тарату пункттерінің жəне трансформаторлы қосалқы станцияларының жабдықтарына қызмет көрсету кезінде - 6-разряд

§ 62. ЭЛЕКТРСАНАУЫШТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

3-разряд

Жұмыстың сипаттамасы: Кернеуі 1000 В электр қондырғыларында электрсанауыштарды орнату жəне пайдалану қызметін көрсету. Ток жəне кернеудің өлшеуіш трансформаторлары арқылы қосылған тура ағынды санауыштарды орындайтын энергия есебінің сұлбасын үлгілік санауыш немесе зертханалық ваттметрлерді қолдану бойынша тексеру. Өлшеуіш трансформаторлардың, электрсанауыштардың жарамдылығын белгілеу жəне оларды ауыстыру. Өлшеуіш трансформаторлармен орындалған есеп сұлбаларына есептік коэффициентті белгілеу.

Білуге тиіс: қосу сұлбасының құрылғысы мен жұмыс негізін; электр энергиясына есеп жүргізу жөніндегі электр қондырғылардың техникалық сипаттамасы мен жіберілетін қателіктерін; есеп айырысу коэффициенттері; электрсанауыштарды орнату, ауыстыру жəне тексеру кезінде жұмыс жүргізу ережелері; электрсанауыштарды тасымалдау ережелері; жедел жəне есеп айырысу құжаттамаларын жүргізу тəртібі.

Кернеуі 1000 В артық электр қондырғыларында электрсанауыштарын орнату жəне пайдалану қызметін көрсету кезінде 4-разряд

§ 63. ЭЛЕКТР БЕРІЛІС ЖЕЛІЛЕРІ ТАС ЖОЛДАРЫН НОБАЙЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

42

3-

разряд

Жұмыстың сипаттамасы: Орнатылған жəне қосылған жабдықтардың тірек түрлерін көрсетумен, оларды жергілікті жəне жеке құрылыстарға байланыстырып ауа желінің (АЖ) тас жолдарының нобай жоспарларын жасау. Калькада жаңа АЖ нобайлар бойынша жоспарлар дайындау жəне қолдағы жоспарларды түзету. Жаңа салынған АЖ паспорт деректерін құру. Мекенжайлар жөнінде техникалық құжаттамалар жүргізу. АЖ, сондай-ақ тарату пункттері (ТП) мен трансформаторлы қосалқы станциялардың (ТҚ) сұлбаларында тіректерді нөмірлеу. Жаңа кабельді желілерге, қолданыстағы кабель желілерінің жаңа жалғастырғыштарына қадабелгілер бойынша мұқият тексерулермен немесе жеке құрылыстарға байланыстырып нобайлар жасау. Жаңа кабель желілеріне нобайлар бойынша жоспарлар мен калькалар, жаңа жоспарлар мен калькаларды тозғандардың орнына дайындау. Кабель желілеріне жəне жалғастырғыштардың орналасуындағы барлық өзгерістерді жоспарлар мен калькаларға енгізу. Жаңа жүргізілген кабель желілеріне паспорт карталарын жасау.

Білуге тиіс: АЖ, ТП, ТҚ жəне кабель желілерінің міндетін; калькада нобайларды жасау жəне жоспарларды (сұлбаларды) дайындау ережесі; топографиялық белгілер жəне мағыналары; ауа жəне кабельді желілер құрылысының сызбасын жəне жобаларын жасау ережелерін; электр техника негіздерін.

§ 64. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ АВТОМАТИКАСЫНА ЖƏНЕ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР СЛЕСАРЬ

3-

разряд

Жұмыстың сипаттамасы: Өлшеу құралдарына қызмет көрсету. Жөндеу персоналдарын шақыруды талап етпейтін өлшеу құралдарының жəне оның элементтерінің кішкене ақауларын анықтау жəне жөндеу. Тоқсыздандырылған өлшеу құралдарында тетіктерді ауыстыру, жуу, тазалау. Кернеуді алдын ала сөндірумен қалқандарда ақау құралдарды ауыстыру. Оларды дайындау жəне іске қосу. Өлшеу құралдарын қосу жəне сөндіру. өлшеу құралдарын тіркеуіштерді іске қосу қызметін көрсету.

Білуге тиіс: жұмыстың қағидаттары, өлшеу құралдарының жылу техникалық, химиялық, гидротехникалық жəне гидрологиялық бақылаудың бастапқы жəне екінші рет орналасу орны мен міндетін; электр станциялары жабдықтарының жылу сұлбалары; жылу электр станцияларының қалқандарында жəне гидроғимараттарда орнатылған аспаптардың көрсеткіштерін тексеру үшін тасымалдау өлшеу құралдарының міндетін жəне қолдану шартын; автореттегіштер, технологиялық қорғаныстар, блоктаулар жəне сигнал беру жəне дистанциялық басқару құрылғыларын

43

оның барлық элементтері туралы жалпы мəліметтерді; өлшеу құралдарының дəлдік класын; жылу техникасы, электр техникасы, гидравлика негіздерін.

§ 65. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ АВТОМАТИКАСЫНА ЖƏНЕ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР СЛЕСАРЬ

4-

разряд

Жұмыстың сипаттамасы: Автоматты құрылғылар мен реттеуіштерді, технологиялық қорғаныс құрылғыларын, блоктауды, сигнал беруді, дистанциялық басқару құрылғыларын бақылау жəне басқару жүйелерінің элементтеріне жоғары білікті электр слесарьдің басшылығымен пайдалану кызметін көрсету. Басқарудың электрлік сұлбаларында қосқыш жəне сөндіргіш аппаратураларды ауыстыру. Сигнал беру лампаларын ауыстыру. Автоматты реттегіштердің өлшеу жəне электронды блоктарының теңгерімі. Өкімдер бойынша жөндеу жəне дайындау жұмыстарына жіберу. Блоктау жəне сигнал беруді байқауда қатысу. Басқару жүйелерін қосу, сөндіру жəне дайындау. Орындаушы механизмдердің соңғы сөндіргіштерін реттеу. Гидротехникалық жəне гидрологикалық бақылау жүйесінің элементтеріне пайдалану қызметін көрсету. Жоғары білікті электр слесарьдің басшылығымен телеметриялық датчиктерді өлшеу жəне тарировка, манометрлердің метрологиясы, сүзгі параметрлерін өлшеудің автоматты құралдарын монтаждау. Автоматты бақылаудың жүйесін монтаждауға жəне дайындауға қатысу. Өлшеу құралдарының ақауларын айқындау жəне жою.

Білуге тиіс: автоматты құрылғылар жұмыстарының принципін; автореттегіштердің, қорғаныстардың, дистанциялық басқару, сигнал беру жүйелерінің құрылымдық жəне монтаждау-коммутациялық сұлбаларын. Барлық құрастырулар мен қалқандардың, өлшеу құралдары мен автоматиканың электр қоректендіру сұлбаларын; коммутациялық сұлбаларда зақымдану орындарын іздестіру жəне жою тəсілдерін. Гидро ғимараттарда орнатылған аспаптардың көрсеткіштерді тексеру үшін тасымалдау өлшеу құралдарының міндеті жəне қолдану шарттары; автоматты бақылау жүйесінің жұмыс істеу принциптерін; электротехника, электроника, гидравлика негіздерін.

§ 66. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ АВТОМАТИКАСЫНА ЖƏНЕ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР СЛЕСАРЬ

5-

разряд

Жұмыстың сипаты: автоматты құрылғыларды жəне реттегіштерді, турбогенератор қуаты 240 жəне гидрогенератор 250 мың кВт дейін электр станцияларында дистанциялық басқару құралдарын бақылау жəне басқару жүйелерінің элементтеріне пайдалану қызметін көрсету жəне сенімді

44

жұмыспен қамтамасыз ету. Басқылау жəне басқару жүйелерін қосу жəне сөндіру. Автореттегіштерді жартылай баптау. Технологиялық қорғаныстарды, блоктауды жəне сигнал беруді байқау. Гидротехникалық, гидрологиялық жəне сейсмикалық бақылау жүйелері элементтеріне пайдалану қызметін көрсету жəне сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін бақылау құралдарының ақауларын анықтау жəне жою. Күрделі аппаратураларды жөндеу, монтаждау, реттеу, дайындау, сынау жəне тарировка. Жөндеу жəне дайындық жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс орындарын дайындау.

Білуге тиіс: дайындау жəне сынау үшін өлшеу жəне орнату тасымалды бақылау құралдарының, өлшеудің қалқанды құралдары мен автореттегіштердің міндеті жəне қолдану шарттары; жылу жəне электр энергия өндірісінің технологиялық процесі; шағын бақылаушылар жұмыстарының құрылымдық сұлбасы мен принципі; күрделі тасымалданатын, стационарлы жəне толтырма бақылау-өлшеу құралдарының міндеті жəне қолдану шарттары; санды кезең өлшегіш жəне сейсмоқабылдағыштардың құрылғысы мен принципті сұлбалары; қолданылатын автоматтандыру құралдарының жұмыс сапасына қойылатын талаптар.

Турбогенератордың қуаты 240жəне гидрогенератордың қуаты 250 мың кВт-дан артық жылу электр станцияларында басқылау жəне басқару жүйелерінің элементтеріне пайдалану қызметін көрсету кезінде –

6-

разряд

Орташа арнаулы (кəсіби) білімді талап етеді.

§ 67. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ АВТОМАТИКАСЫНА ЖƏНЕ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТР СЛЕСАРЬ

7-

разряд

Жұмыстардың сипаты: шағын процессор базасындағы электронды құрылғыларды қолданумен жұмыс істейтін бақылау жəне басқару жүйелерінің элементіне пайдалану қызметін көрсету жəне сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Блокты орындауды технологиялық қорғауға, интегралды микросхемалар базасындағы автоматты газды анализаторларға, жылу, бу, отын жəне басқа да энергия тасушыларға есеп жүргізу бойынша автоматты жəне жергілікті жүйелерге қызмет көрсету. Ақпаратты, басқару, есептеуіш кешендерге жəне жеке есептеуіш машиналарға қызмет көрсету. Автореттегіштерді баптау.

Білуге тиіс: бақылау-өлшеу жəне диагностикалық аппаратураларды қолдану мүмкіндігін; ақпараттық қамтамасыз ету , басқару, есеп айырысу жəне талдау мақсаттары үшін қолданылатын есептеуіш кешендердің міндетін жəне принципті сұлбасын; автоматтандыру құралдарының жұмыс сапасына

45

талаптарды жəне олардың жетістіктерінің əдістерін; электроника жəне шағын процессорлы техниканың негіздерін.

Орташа арнаулы (кəсіби) білімді талап етеді.

Қосымша:

Қосалқы станциялар (ҚС) мен тарату желілерінің (ТЖ) қызмет көрсетілетін жабдықтары күрделілігінің ДƏРЕЖЕСІ

1. Кернеуі 35 кВ қосалқы станция:

1.1. Күрделілігі І дəрежелі – екі немесе одан да көп шина жүйелері жəне сырт жақта 35 кВ кернеулі сөндіргіштері, кем дегенде 35 кВ кернеулі 10 желілері жəне/ немесе қуатты 5 трансформаторлары бар қосалқы станцияларды қосады;

1.2.Күрделілігі ІІ дəрежелі – екі немесе одан да көп шина жүйелері жəне сырт жақта жоғары кернеулі сөндіргіштері бар қосалқы станцияларды, синхронды компенсаторы бар қосалқы станцияларды қосады;

1.3.Күрделілігі ІІІ дəрежелі – 1.1. жəне 1.2.-тармақшаларда көрсетілгендерден басқа барлық қосалқы станцияларды қосады.

2. 110, 154, 220 кВ кернеулі қосалқы станциялар:

2.1.Күрделілігі І дəрежелі – екі немесе одан да көп шина жүйелері

жəне сырт жақта жоғары кернеулі сөндіргіштері бар қосалқы станцияларды,

46

көпбұрышты жүйелерімен қосалқы станцияларды жəне синхронды компенсаторы бар қосалқы станцияларды қосады;

2.2. Күрделілігі ІІ дəрежелі – 2.1.-тармақшада көрсетілгендерден басқа барлық қосалқы станцияларды қосады.

3.Кернеуі 400, 500 жəне 750 кВ қосалқы станциялар оларға қызмет көрсетуде дəреже бойынша бөлінбейді.

4.Күрделілігі І дəрежелі тарату желілері:

4.1.Тарату пункттердің (ТП) жəне қосалқы трансформаторлардың екі сəулелі немесе дөңгелек қоректендіргіші жəне кем дегенде 15 рет қосылған бірнеше секциялы немесе жүйелі ТП бар күрделі пішінді желілер;

4.2.ТП жəне ТҚ екі сəулелі немесе дөңгелек қоректендіргіші бар күрделі пішінді желілер жəне тарату желілерімен бірлесіп қызмет көрсететін кернеуі 35, 110 кВ қосалқы станциялар;

5. Күрделілігі ІІ дəрежелі тарату желілері 4.2.-тармақшада көрсетілгендерден басқа барлық қалған тарату желілерін қосады.

Бөлімнің атау: ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАР МЕН ЖЕЛІЛЕРДІҢ

ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ

ТАРИФТІК-БІЛІКТІЛІК СИПАТТАМА

§ 1. ГИДРОТУРБИНАЛЫ ЖАБДЫҚТЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

2-

разряд

Жұмыстың сипаттамасы: 12-14 квалитеттер (5-7 сыныптар дəлдігімен) бойынша тетіктерді слесарлық өңдеу. Бөлшектенген тетіктерді тазалау, жуу жəне сүрту. Оларды жұмыс орындарына жеткізу. Жұмысқа дайындық жəне слесарлық құрал-саймандарды, инвентарды, құрал жабдықтар мен материалдарды тазалау. Цехта, гидротурбина мен түсірімді сегменттің жұмыстық доңғалақ камерасында электр газбен пісірушімен бірлесіп жұмыс істеу. Қалайылау жəне дəнекерлеу үшін беткі жақты тазалау. Гидротурбинаны ұштастыру бөлігінде қалыптар бойынша қысымды құралсаймандармен балқыту кезінде жəне балқытқаннан кейін камераның беткі жағы мен жұмыстық доңғалақ төлкесінің көпіршіктеніп бұзылуын ажарлау. Бағыттаушы гидроагрегат аппаратын, бағыттаушы турбиналық мойынтіректі (резеңкелі немесе лигнофольді ішпек) бөлшектеу, жөндеу жəне жинау, күрделі емес слесарлық жəне өлшеу құрал-саймандар мен құрал-

47

жабдықтарды қолданумен айналма-қалақты гидротурбинаның жұмыстық доңғалағының қалақтарын тығындауды ауыстыру кезіндегі қол жұмыстары. Құбырларды жөндеу жəне төсеу, гидротурбинаны ұштастыру бөлігінде қалқыманы пайдаланумен ағаштардың металл бөлігін құрастыру жəне бөлшектеу, жоғары білікті слесарьдің басшылығымен гидротурбина жабдықтарының тораптары мен тетіктерін ауыстыру кезіндегі күрделі емес такелажды жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтары мен оның тораптары қызметінің принципін, орналасуын жəне міндетін; қарапайым тораптарды жəне гидротурбина жабдықтарының тетіктерін бөлшектеу, жөндеу жəне құрастыру бойынша жұмыстарды орындау ережелерін; күрделі емес слесарлық жəне өлшеу құрал-саймандарының міндетін жəне қолдану ережелерін; инвентарлы ағаштарды орнату ережелерін; қарапайым такелажды құралдардың құрылғысын жəне пайдалану ережелерін; аз салмақты жүктерді шылбырлаудың ережелерін; əртүрлі міндеті бар су құбырлары мен май құбырларының орналасу сұлбаларын, оларды арналарға, тоннелдерге, жерге қабырға жəне колонна бойынша төсеу тəсілдерін; жапқыш жəне сақтандырғыш арматуралардың міндеті мен конструкциясын; материалтану жөнінде жалпы мəліметтерді.

Жұмыс үлгілері:

1.Майсужапқыш арматура – майлықтарды қаптау.

2.Жұмыстық доңғалақтардың камералары, төлкелері – бейімдерді қайта қалпына келтіру.

3.Өкше асты люктері, гидротурбина қақпақтары – ашу жəне жабу.

4.Май – мен ауа салқындатқыш – тазарту, түтіктердің шеттерін жаншу кезінде қол жұмыстары.

5.Муфталар – қорғаныс қаптарын бөлшектеу, құрастыру.

6.Гидроагрегат мойынтіректері – тазалау, жуу.

7.Резеңкеден, қатты ғаңаздан, парониттен жасалған қарапайым кескінді төсемдер – бөлу жəне бөлу бойынша шабу.

8.Сүзгіштердің, су қабылдағыштардың торлары – тазалау.

9.Бұрандамалы қосылулар – бөлшектеу, жуу, құрастыру жəне шплинттеу.

10.Фаскалар – дəнекерлеу бойынша шабу.

§2. ГИДРОТУРБИНАЛЫ ЖАБДЫҚТЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

3-

разряд

Жұмыстың сипаттамасы: 12-14 квалитеттер (5-7 сыныптар дəлдігімен) бойынша тетіктерді слесарлық өңдеу. Негізгі жəне қосалқы гидротурбина жабдықтарының қарапайым тораптары мен механизімдерін бөлшектеу, жөндеу жəне құрастыру: жұмыстық доңғалақтардың қалақтары, бағыттаушы турбина мойынтіректері, бағыттаушы аппараттардың түсірімді сегменттері, құрғату сорғылары, жапқыш жəне сақтандырғыш арматуралар,

48

қарымталауыштар, жүк көтергіш машиналар жəне механизмдер. Бұрылмалықалақты гидротурбиналардың ұштастырғыш бөлігінде жұмыстық доңғалақтардың қалақтарының шығыс жəне шалғай жиектерінің бейімдерін қалпына келтіру. Дəнекерлеу астынан сызу бойынша металлконструкцияның қарапайым тораптарын дайындау жəне құрастыру. Табиғи заттан қарапайым тетіктер нобайларын жасау. Дəнекерлеп қосудың ақаутапқылары үшін дайындық жұмыстарын жасау. Болатты жəне жезді түтіктерді жаншып қаптауға дайындау жəне орнату. Күрделі емес кескінді табақты жəне профильді металды қалайымен дəнекерлеу, газбен кесу жəне дəнекерлеу. Қол жəне қысымы қатты құрал-саймандарды жөндеу жəне дайындау. Күрделі кескінді төсемдерді өлшеу жəне дайындау. Механикаландырудың қарапайым құралдарының көмегімен жабдықтардың тораптарын мен тетіктерін ауыстыру, құрастыру жəне бөлшектеу бойынша такелажды жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: жүк көтергіш машиналар мен механизмдерде қолданылатын жөнделетін гидротурбиналы жабдықтардың құрылғысын; тораптар мен механизмдердің міндеті жəне өзара іс-əрекетін; жабдықтарды бөлшектеудің, жөндеудің, жəне құрастырудың технологиялық жүйелілігін; болат жəне жезді түтіктердің шеттерін жаншып қаптау технологиясын; сызбалар мен сұлбаларды оқу ережелерін; гидравликалық сынаудың техникалық шарттарын; əртүрлі міндеті бар құбырларды қосу жəне сөндіру ережелерін; гидрожетекпен ысырманың жұмыс принципі; газды жəне электрлі дəнекерлеуші жəне жапсырма материалдар туралы негізгі мəліметтерді, дəнекерлеуге тетіктерді жəне түтіктерді даярлау тəртібін; ернемекке, арматураға төсемдерге, бекітетін материалдарға қойылатын талаптар; арнаулы құрал-саймандардың, құрал-жабдықтар мен өлшеу жəне күрделілігі орташа құралдардың құрылғысы мен міндеті; слесарлық құралсаймандарды шыңдау, толтыру жəне жіберу ережелерін; біліктерді орталықтау ережелерін; рұқсат беру жəне отырғызу жүйелерін, кедірбұдырлықтың квалитеттері мен параметрлерін; механика, гидравлика, электр техника бойынша негізгі мəліметтерді.

Жұмыс үлгілері:

1.Майауажапқыш арматура – тығыздалған үстіртті уқалаумен жөндеу.

2.Жабулар торлар – демонтаждау, орнату; тығыздауды ауыстыру жəне іске қосылған бөлігін жөндеу.

3.Жырашық кілтектер – өлшеу жəне қиыстырып келтіру.

4.Бұрылмалы-қалақты гидротурбинаның жұмыстық доңғалақтары – гидротурбинаның ұштастырғыш бөлігінде тығыздалған жұмыстық доңғалақтың қалақтарын қисынына келтіріп ауыстыру.

5.Компенсаторлар – ауыстыру, орнату.

6.Жұмыстық доңғалақтың қалақтары – шаблон бойынша бейіндерді ажарлау.

7.Құрғату сорғылары – бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, сорғылар мен электр қозғалтқыштардың біліктерін орталықтау.

8.Тербелу мойынтірегі – сорғыларда ауыстыру.

49

9.Сырғанау мойынтірегі – сорғыларда саңылаулар мен керілулерді алу.

10.Түсірім сегменттері – бекітулерді жəне тіреуіш жүздерін ауыстыру.

11.Май қысымы қондырғыларының (МҚҚ) май өлшеу шынылары – ауыстыру.

12.Жұмыстық доңғалақтардың бұрандалы қалақтарын қатайту – алу, ауыстыру, тоқтатқыш штифттерді жəне бұқтырмаларды қиыстырып келтіру.

§3. ГИДРОТУРБИНАЛЫ ЖАБДЫҚТЫ ЖӨНДЕУ ЖӨНІНДЕГІ СЛЕСАРЬ

4-

разряд

Жұмыстың сипаттамасы: Күрделілігі орташа бұрылмалы-қалақты, тарамды-білікті негізгі жəне қосалқы жабдықтардың тораптары мен механизмдерін, ротордың айналу жылдамдығы 500 об/мин дейін шөмішті гидротурбиналарды бөлшектеу, жөндеу, құрастыру, реттеу жəне сынау: жұмыстық доңғалақтар, бағыттаушы аппараттар, турбиналы бағыттаушы мойынтіректер, техникалық сумен жабдықтау, май жəне ауа салқындатқыштар жүйелері, су эжекторлары жəне сорғылардың барлық түрі, қысымды жəне электрленген күрделілігі орташа құрал-саймандарды, арнайы құрал-жабдықтарды, жабдықтарды жəне өлшеу құралдарын қолданумен құбырлар жəне майсужапқыш арматуралар. Май салқындатқыш жəне оларды гидравликалық сынаудың болат жəне жезді түтіктерін шеттерін жаншып қақтау. 7-10 квалитет (2-3 сыныптар дəлдігімен) бойынша тетіктерді, оларды қиыстырып келтіру жəне жетілдірумен слесарлық өңдеу. Сорғыларды, айналмалы механизмдерді, əр түрлі қуатты компенсаторларды, сүзгіштерді, барлық жүйедегі реттегіштерді, құбырларды, арматураларды, оның ішінде автоматты қолданылатын, жөндеу кезінде қажетті өлшеулерді жүргізу. Жабдықтардың ақауларын айқындау жəне оларды жою. Гидроэлектр станцияларының цехында құбырлар мен арматураларға құрастыру, қайта құрастыру жəне монтаждау жұмыстар. Жүк көтергіш машиналардың, механизмдердің жəне құрал-жабдықтардың көмегімен тораптар мен тетіктердің тік жəне көлденең ауысуы бойынша такелажды жұмыстарды орындау. Такелажды жабдықтарды жəне жабдықтауларды сынау.

Білуге тиіс: тораптардың құрылғысын, негізгі жəне қосалқы гидротурбина жабдықтарының, жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің элементтерін; гидротурбина қондырғылары құбырларының жүйесін; жабдықтардың негізгі ақаулықтарын жəне оны жоюдың əдістерін; жабдықтарды жөндеуге шығару жəне жолдама-рұқсат қағаздарын рəсімдеу ережелерін; түтіктерді жаншып қақтауды; күрделілігі орташа гидротурбина жабдықтарының тораптары мен элементтерін жөндеуге, құрастыруға жəне дайындауға техникалық шарттарды; сырғу жəне тербелу мойынтіректерінің құрылғысын; жабық ыдыстарда жұмыс жүргізу ережелерін; жөндеу кезінде қолданылатын арнайы құрал-саймандар мен құрал-жабдықтардың сындарлы ерекшеліктері; ыдыстар мен құбырларды сынау ережелерін; жоспарлы-

50

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]