Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.Журналистік деп.Журналистік жауапкершілік.doc
Скачиваний:
32
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
659.97 Кб
Скачать

Сот арқылы тергеу қауіпі

Зерттеу журналистикасында өте мұқиятылықты қажет ететін жайт – ызалану мен сотқа беру қауіптілігін есте сақтау. Негізінен зерттеуден зардап шегетіндер «журналист – ең қауіпті мамандық» деп тегін айтпаған. Тағы бір ескеретін мәселе – табылған ақпараттармен өте мұқият жұмыс істеу, зерттеу соңында құжаттарды лақтырмау керек және таспада жазылған дүниелерді де (ең кем дегенде жарты жыл) сақтауы қажет.

Жеке басының қауіпсіздігін қалай күшейтуге болады?

Журналистердің зерттеу әрекеті жағынан агрессияны басуға қалай көмектесу керек? Ол үшін анық ақпараттарды ғана басылымға шығару қажет.

Журналистер өз қолымызбен өзімізге қауіп төндіріп алдық деп жиі айтады. Бұндай жағдай басылымға шыққан ақпараттың дұрыс еместігінен пайда болады. Осындай «ренжулі адамдар» журналистерге қарсы шығады. Жай ғана жағдай дегеннің өзінде олар реніштерін сот арқылы шешеді.

Журналист тек дұрыс мәліметтерді ғана жариялауы керек, тіпті мәліметті бірнеше қайтара тексеріп, дұрыстығына сенімді болуғаны абзал. Журналист тек зерттелетін объектіге қатысты қателіктерді көрсететін, бір-бірімен байланысты фактілерді ғана жазу керек.

Адамдармен қарым-қатынасының дұрыс болуы

Журналист зерттеу барысында әр түрлі адамдармен араласып, сұқбаттасқанда өзін дұрыс ұстауы қажет. Қарым-қатынас кезінде зерттеуші журналистерге аса маңызды адамдардың екі типін бөліп қарастыруға болады.

Бірінші – әрекетін зерттеп жүрген адам. Журналистің әшкерелейін деп жүрген адамы кім болса да, не істесе де ол зерттеушінің бағытына әсер етпеуі керек. Ол тергелуші адаммен сұқбат жүргізгенде, оған өзінің тергеп отырғанын білдірмейтін сұрақтар қоюы керек. Журналистің мұндай іс-әрекеті сол типтегі тыңдаушысына жағымды әсер етуі мүмкін.

Екінші топтағы адамдар – ақпараттарды алатын адамдар. Журналистерге ақпараттарды табуға мүмкіндік жасайтын адамдар, бұл ақпараттың өзінің жеке басының қамына емес, біліктілікті күшейту үшін, тергеуді дұрыс жүргізу үшін қажет. Тек осындай жағдайда ғана журналист толық ақпарат ала алады. Толық емес деректі зерттеу, жартылай немесе шала зерттеу болады. Сонымен бірге ақпаратты берген адам сол журналистің ақпаратты кімнен алғандығын әсте білдірмейтініне сенімді болу керек, тек сотпен қудалаған жағдайда болмаса. Өйткені журналист тек ақпарат көзін жоғалтып қана қоймайды, басқа да журналистерге кедергісін тигізеді, әрі журналистер сенімнен шығады.

Әрине, бұл берілген сипаттамалар алдыңғы журналистер ережелері мен принциптерін жоймайды, керісінше қорғанысын күшейтеді. Зерттеуші журналистердің қауіпсіздігіне арналған нұсқаулықтармен қоржындарды толтыруға болады.

Басқарудың демократиялық жүйесін нығайтуға септігін тигізетіндіктен журналистік зерттеулер қажет. Олардың ролі баспасөздің, басқа да ақпарат құралдарының “төртінші билік” деп аталатын моделіне кіреді. Жоғарыда келтірілген мысалдар қай елдің болмасын саяси, экономикалық, әлеуметтік салаларындағы хал-ахуалды, журналистердің қатысуымен ашылған қоғамдағы кереғар құбылыстарды, сыбайлас жемқорлықтарды көрсетеді.

Журналистік зерттеулер жанрының нығаюына демократиялық өкіметтердің бірігуі, экономика және бұқаралық ақпарат құралдарындағы маңызды өзгерістер, нақты қызмет орнын пайдаланушылықты анықтаумен арнайы айналысатын басылымдардың болуы, сонымен қатар БАҚ және әкімшілік органдар арасындағы тайталастар мен басқа да факторлар әсер етеді.

Отандық журналистиканың журналистік зерттеу саласында кемшіліктері жетерлік. Себебі бұл салада маманданған журналистер жоқтың қасы, оның үстіне зерттеумен айналысатын журналистердің құқығын қорғайтын бізде әлі заң қабылданбаған. Ал шын мәнісінде, ашық қоғам мен демократияны дамытуда журналистік зерттеу жанрының маңызы зор.

Қоғамға қызмет ету, ақиқат пен әділет үшін күресу журналистік зерттеудің негізгі қозғаушы күштері. БАҚ үшін журналистік зерттеу қоғам құндылықтарын қорғаушы ретінде көрінуіне, оқырман не көрермен сеніміне ие болуына себепкер. Журналист өз зерттеуінде біреудің пара алғанын немесе қоғам мүлкін талан-таражға салғанын мәлімдеп қойғаннан гөрі фактілермен дәлелденген материалдар негізінде құқық бұзушылықтың, кемшіліктің не себепті туындағанынан бастап барлық процесті көрсетеді.

Біздің қоғамға журналистерге, олардың қызметіне деген сенімділіктілікті қалыптастыру қажет. Мемлекет тарапынан зерттеу жұмыстарын жүргізуге қысымның орнына қолдау мен демеу керектігін айта кеткен жөн. Сонда ғана біз жас республикамыздың демократиялық келбетін айқындаймыз. Ал, журналистика болса – қоғам дамуының айнасы.

НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Амандосов Т. Публицистика – дәуір үні. – Алматы, 1974.

  2. Амандосов Т. Журналист және өмір. – А., 1967.

  3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. – м., 1991.

  4. Айзенберг М. Менеджмент рекламы. – М., 1993.

  5. Барманкулов М.К. Жанры печати, радиовещания и телевидения. – А., 1974.

  6. Барманкулов М.К. Журналистика для всех. А., 1979.

  7. Барманкулов М.К. Телевидение: деньги или власть? – А., 1997.

  8. Ворошилов В. Право и этика СМИ. – М., 1999.

  9. Горохов В. Основы журналистского мастерства. – М., 1989.

  10. Егоров В. Телевидение: теория и практика. – М., 1993.

  11. Кузнецов Г. Журналист на экране. – М., 1985.

  12. Кузин В. Психологическая культура журналиста. – М., 1997.

  13. Лазутина Г.В. Психологическая этика журналиста. – М.,1999

  14. Омашев Н.О. Қазақ радиожурналистикасы. – А., 1992.

  15. Омашев Н.О. Жол – үстінде журналист. А., 1999.

  16. Рэндалл Д. Универсальный журналист. – А., 1996.

  17. Свитич Л. Журналист и его работа. М., 1979.

  18. Серғалиев М. Көркем әдебиет стилі. – А., 1995.

  19. Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері. – Қарағанды, 2001.

  20. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики, Москва, 2003.

  21. Смирнов В.В. Жанры радиожурналистики, Москва, Аспект Пресс 2002.

  22. Тертычный А.А. Расследовательская журналистика, Москва, Аспект Пресс 2002.

  23. Тертычный А.А. Жанры периодической печати, Москва, 2000

  24. Шамақайұлы Қ. Сөз бостандығы және Mass Media, Қарағанды, 2004.

  25. Шум Ю. Журналистское расследование, Фонд защиты гласности, 2000.

  26. Тертычный А.А. Журналист берет след. // Журналист, 2002, №8

  27. Шостак М. Журналистское расследование. // Журналист, 1998, № 9

ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Гуревич С. Редакционный менеджмент. – М., 1995.

  2. Ворошилов В. Журналистика и рынок: проблемы маркетинга и менеджмента СМИ. - СПб, 1997.

  3. Гуревич С. Газета и рынок: как добиться успеха. – М., 1994.

  4. Кропотов Л. Журналистика на путях социологии. – Свердловск, 1976.

  5. Зарва М. Произношение в радио и телевизионной речи. М., 1976.

  6. Введенская Л., Павлова Л. Культура и искусство речи. – Ростов на Дону, 1999.