Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЕМЕЙ аза журналистика тарихы.doc
Скачиваний:
49
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
486.91 Кб
Скачать

2 Дәрістер

1-2 - дәрістер. Ұлттық журналистиканың бастау көзі.

1.1 Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктер.

1.2 Ежелгі көшпелі түрүктер ақпаратты неге басқан?

1.3 Қазақ баспасөзі тарихын жалпы ресейлік процестерге қосып қатар

зерттеуге бола ма?

Ұлттық журналистиканың ілкі белгісі ежелгі төрүк руна алфавитімен жазылған Орхон, Енесей, Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктерде көрініс тапқан. Мұндай ескерткіштер қатарына ғылыми ортада белгілі болған Білге қаған (683-734), Күлтегін (684-731), Тоныкөк, Күлі Чор т.б. жәдігерлердің сюжеттер мен оқиғалар желісіне, образдар бейнесі мен жер-су атауларына байланысты суреттеулерден публицистік белгілердің нысанын, ақпарат таратудың көшпенділерге ғана тән ерекшеліктерін аңғаруға болады. Ежелгі көшпелі төрүктер ақпаратты тасқа басу арқылы сол дәуір шежіресін айнаға түскендей болашақ ұрпақтың мәңгі есінде қалдыруды көздеген. Міне, бұл тастан түйін түйген ата-баба қолының табы қалған әрбір кесек-кесек кітаптың эволюциялық өсу қозғалыс-қимылын жан-жақты ғылыми зерделеп, сараласақ, өркениетке қосқан сүбелі жаңалығы бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарының іргесі берік қаланғанын көреміз.

Ұлттық баспасөз тарихы сөз болғанда ежелгі төрүк тасбітіктеріндегі

рухани мұрамызға соқпай өту мүлде мүмкін емес.Бұл адамзат қоғамы әлі қағазды бағзы төрүктердің бұқаралық ақпарат таратудың әдіс – тәсілдерін және идеясын меңгерген ежелгі өркениетінен мағлұмат береді.Тас кітаптардың пішіні мен түрлері, сюжеттік оқиға желісі мен жанрлық белгілері, көркемдік – идеялық мәні мен жүйелеу үшін палеографиялық, фонетикалық ерекшеліктерінен түсінік беру. Сондай – ақ кеңестік дәуірде «Пантүркист», «Панисламист», «Халық жауы» деп, есімін атауға тиым салған Ысмағұлбек Ғәспірәлінің «Тәржіман» газетінің қазақ халқы үшін де заманында қоғамдық - әлеуметтік, мәдени – рухани маңызы орасан зор болған.

Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты соңғы он жылда қазақ журналистикасының өткен тарихының «ақтаңдақ» тұстары қайта қаралып, кезінде ұлтшыл, байшыл, алашордашыл деген нақақ жаламен жабылып қалған «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа», «Ұран», «Бірлік туы», «Жас азамат», «Абай», «Еркін қазақ», «Қазақ мұңы» сияқты газет – журналдар мен онда қызмет істеген әр жылдары жарияланымдары жарық көрген А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М.Жолдыбайұлы, Н.Төреқұлұлы, К.Кемеңгерұлы сынды қазақ халқының біртуар зиялыларының қыруар мұра – мирасын таныстыру.

Келесі бір ойланар мәселе – қазақ баспасөзі тарихын жалпы ресейлік процестерге тели зерттеуге байланысты болмақ.Біздіңше мұның да оңды-солды жағы бар. Өйткені Қазақстанды патшалы Ресей отар етті деңіз мейлі, еркімізбен қосылдық деңіз, әйтеуір қалай да екі ел, екі ұлт арасында қарым-қатынас, байланыс болмай қалған жоқ.

Бақылау сұрақтары:

1. Ежелгі төрүк тас бітіктері қандай белгілерімен ерекшеленеді?

2. Ежелгі дәуірде негізгі жазу қандай болды?

3. Ежелгі дәуірдегі жазудың қалыптасу тарихы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - А., 1996.

2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 1994.

3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.

4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.

5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,

Сақов Қ. – А., 1998.

3-4 -дәрістер. ХІХ ғ.екінші жартысы мен ХХғ. басындағы қазақ мерзімді баспасөзі.

2.1 “Торғай газеті”.

2.2 Онда қызмет еткен қазақ зиялы қауым.

2.3 Басылымның жабылу себебі?

1869 жылы 2 қаңтарда Орынбор және Сібір ведомоствосына қарайтын территория қайта құрылып, Торғай облысы делініп атала бастады, құрамына 4 уезд, 28 болыс қарайтын облыс сол кездегі Қазақстанның біраз жерін алып жатты. Ал, 1879 жылы орталығы Орынбор қаласында облыстық басқарманың баспасөз орталығы құрылып, оның ресми органы шыға бастады.1895 жылдан бастап бұған қосымша “Тургайская газета” деген атпен ресми емес бөлімі шығарылып, ол 15 жылдай өмір сүрді. “Торғай газетінде” Ш.Уалихановтың, Ы.Алиынсариннің өмірі, қызметімен таныстыратын материалдар жарияланды.

“Торғай газеті” көпшілікке пайдалы материалдарды қазақ әрпімен және араб әріптерімен қазақ тілінде жиі-жиі жариялап отырды. Әсіресе, сол кездегі жұртқа, эпидемияға байланысты материалдар, қоғамдық құбылыстарды сынайтын фельетондар, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап басып отырды.

Орыс алфавитін икемдеп, таза қазақ тілінде материалдар жариялау баспасөз тарихында осы “Тургайская газетадан” басталды. Орынборда шығатын баспасөз органдарына жетекшілік еткен Торғай облыстық басқармасының газет столының төрағасы Ә.Балғынбаев болды.(1902-1906жылдар).

Ә.Балғынбаев туралы деректі толық болмаса да Қазақ Кеңес Энциклопедиясынан алуға болады. Онда оның журналистік қызметіне қатысты бір-ақ сөйлем жазылған: “Торғай облыстық ведомостволары” газетінің редакторы (1902) Ә.Балғынбаев тек әкімшілік жұмыспен ғана айналыспай өзі де жиі-жиі мақалалар жазып тұрды. Қазақ тіліндегі материалдарды орыс газеттеріне аударып беріп отырды. Революциялық қозғалыс жылдарында “Торғай газеті” прогресшіл бағыт ұстады. Революция қарсаңында бұл газеттің бетінде қазақ еңбекшілерінің екі жақты езгіге – “өз” байларының және патша самодержавиесінің езгісіне түсіп отырғанын сипаттайтын материалдар жарияланды.

Ә.Балғынбаевтың публицистік қызметі “Тургайская газетаның” 1895 жылғы 45 – санында “Қарабұтақтағы қыздардың орыс-қазақ училищесінің ашылуы” мақаласынан басталды. “Тургайская газетаның” 1904 жылғы 48 санынан бастап Ә.Балғынбаевтың әлденеше номерге жарияланған “Қырғыз (қазақ) тұрмысының очерктері” қосалқы тақырыпшасымен “бесіктен молаға дейін” фельетоны көшпелі қазақ халқының денсаулық сақтау ісінің кемшіліктерін өлтіре сынаумен бірге, олардың тұрмысы мен әдет-ғұрпының тозығы жеткен көлеңкелі жағын әшкерлейді.

Ә.Балғынбаев сол кездегі Орынборда шығып тұрған басылымдарда ғылыми мақалаларын және халық ертегілері, аңыз т.б. үлгілерін орыс тіліне аударып жариялап отырды.

Бұл басылымда Ә.Балғынбаевпен қатар Ж.Сейдалиннің де біраз мақалалары жарық көрген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1860-1900) Қазақстанда патриархалдық – фнодалдық қатынастардың ыдырап, капиталистік қатынастардың дамуы баспасөздің дамуына айтарлықтай ықпал жасады. Екіншіден, қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы орыстың революцияшыл – демократтық бағыттағы журналистикасының қосқан үлесі де баршылық.

Ал, қазақ публицистикасының ірге тасын қалаушылары, яғни көшбасшылары дегенде, ең алдымен Ш.Уәлихановтың публицистикалық еңбектерін, екіншіден, Ы.Алтынсариннің «Қазақ газеті» деп аталған газет үлгісі және кезінде «Оренбургский листок» газетінде жарияланған мақала, корреспонденция, очерктері мен этнографиялық мақалалары, үшіншіден, А.Құнанбаевтің еңбек, білім, тәлім- тәрбие тақырыбына арналған өлеңдеріндегі публицистикалық элементтер мен қара сөздері еске түседі.

Бақылау сұрақтары:

1. “Тургайская газета” қашан, қайда шықты?

2. Ә.Балғынбаевтың алғашқы публицистік мақаласы қалай аталады?

3. “Торғай газеті” қандай бағыт ұстанған?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының тарихы. - А., 1996.

2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А., 1994.

3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.

4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.

5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,

Сақов Қ. – А., 1998.

5-6 - дәрістер. Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы мен қазақ тіліндегі алғашқы газеттер. Қазақ көшбасшылары.

3.1 “Түркістан уалаятының газеті”.

3.2 “Дала уалаятының газеті”.

3.3 Қазақ баспасөзінің тұңғыштары.