- •1 Билет Сөздің тура және ауыспалы мағыналары
- •2 Билет (омоним)
- •8 Билет
- •2. Бұйрықты сөйлем
- •9 Билет
- •10 Билет
- •11 Билет
- •12 -13 Билет сойлем мушелери
- •14 Билет . Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
- •15 Билет . Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
- •16-17 Билет (турлаусыз)
- •18 Билет
- •2. Құрмалас сөйлем.
- •19 Билет
- •2. Құрмалас сөйлем.
- •20 Билет
- •21 Билет
- •3. Сұраулы сөйлем.
- •22 Билет
- •2. Бұйрықты сөйлем
- •23 Билет
- •24 Билет Сөздің тура және ауыспалы мағыналары
- •25 Билет
- •26 Билет
- •27 Билет
- •28 Билет Сұраулы сөйлем.
- •29 Билте
- •30 Билет
1 Билет Сөздің тура және ауыспалы мағыналары
Сөздің лексикалық мағынасына қарай мынадай түрлері бар:
Сөздің тура мағынасы – сөздің бастапқы мағынасы.
Сөздің ауыспалы мағынасы – сөз мағынасының ауыстырылып, бастапқы мағынасынан өзге мағынада қолданылуы. Сөздің ауыс мағынасы екінші сөзбен тіркескенде ғана пайда болады.
Мысалы: Тура мағына Ауыспалы мағына
Терең көл терең ой
Ашық терезе ашық мінез
Домбыра шерту сыр шерту
2 Билет (омоним)
Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.
Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.
Ат — жұмыс көлігі;
Ат — есім, атау;
Ат — етістік (бұйрық рай).
3 билет
Антонимдер – мағыналары бір, біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер.
Мысалы:аласа – биік, ұзын – қысқа, жақын – алыс т.б.
4 билет
Синонимдер – айтылуы әртүрлі, мағыналары бір – біріне жақын сөздер.
Мысалы:
Адам, кісі - человек
Ат, есім, ныспы - имя
Әлем, дүние, жер жаһан - мир
5 билет
Жай сөйлем — бір немесе бірнеше сөз бен сөз тіркестерінен құралып, тиянақты бір ғана ойды білдіретін сөйлем.
Қазақ тілінде сөйлемдер мағынасы мен мақсатына, айтылу сазына қарай 4 түрге бөлінеді:
1. Хабарлы сөйлем (повествовательное предложение).
2. Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение).
3. Бұйрықты сөйлем (побудительное предложение).
4. Лепті сөйлем (восклицательное предложение).
6 билет
Хабарлы сөйлем. Белгілі бір оқиға, құбылыс туралы ойды екінші біреуге жай хабарлап айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы: Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы ауыз әңгімелер, шешендік сөздер көп. Төле би ақылды, әділ, шешен, әрі халық қамын ойлайтын қайраткер бейнесінде суреттеледі.
7 билет
3. Сұраулы сөйлем.
Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем 2 жолмен жасалады:
1. Сұраулық шылаулар -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? Жанат үйде ме? Жұмысқа барасың ба?
2. Сұрау есімдіктері (қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?
Кейде сұраулық шылаулары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Сен немене тоңып қалғанбысың? Бұл қайсың, Мұратпысың?
8 Билет
2. Бұйрықты сөйлем
Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.
1. Бұйрықты сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда соңына нүкте қойылады.
2. Ал кейбір бұйрықты сөйлемдер бұйыру, талап ету мағынасында көтеріңкі дауыспен айтылғанда, соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: Көрсетпе көз жасыңды! Жүр жарысайық!
Бұйрықты сөйлем әртүрлі дауыс ырғағымен айтылады да, ІІ жақта тұрады. Мысалы: Маған кел! Жоғал! Кет әрі! Сөзді доғарыңыздар! Сыпыр еденді! Сабағыңды дайында! Шық үйден!