Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Философия iшпор

.doc
Скачиваний:
441
Добавлен:
01.03.2016
Размер:
159.23 Кб
Скачать

Философия пәнінен 2014-2015 оқу жылына арналған тест сұрақтары мен тапсырмалары.

оқу тілі қазақша

1 семестр курс 1

Топтар: ЭЛ-11(3ж), ВМ-11(3ж), НГД-11(3ж), СТР-11(3ж), ХТОВ-11(3ж), ТТТ-11(3ж),ЭЭ-11(3ж), ИС-11(3ж), ОПД-11(3ж), ЗУ-11(3ж), БЭК-11(3ж), ПО-11(3ж)

Тестілерді дайындауға жауапты – Есенгалиева В.А.

Сұрақтар

A)

1

Философия дегеніміз не (марксизм тұрғысынан)

Табиғаттың, қоғамның және танымның дамуының жалпы заңдары туралы ғылым

2

Дүниеге көзқарастың анықтамасы қандай?

Адамның дүниеге қатынасы, адамның дүниеде алатын орны жөніндегі түсінік

4

Философиядағы негізгі екі бағыт қандай?

Материализм және идеализм

5

Философиялық танымның негізгі бөлімдерін атаңыз?

Онтология, гносеология, аксиология, логика

6

Дүниеге көзқарастың тарихи түрлері (қалыптасуына қарай)?

Миф, дін, философия

7

Мына ұғымдардың қайсысы философияның негізгі мәселесін қарастырады?

Ойлаудың болмысқа қатынасы

8

Бірде бірегей бастаманы мойындайтын философиялық ілім қалай аталады?

Монизм

9

Философиялық ойлаудың қайнар көздері нелер болып табылады?

Мифология, білім, дін

10

Философияның функциялары қандай?

Дүниеге көзқарас, даналық, түсінік, методология, ғылым, тәлім-тәрбие

11

Екі бастаманы, субстанцияны мойындайтын философиялық ілім қалай аталады?

Дуализм

12

Субстанцияның көптігін мойындайтын философиялық ұғым қалай аталады?

Плюрализм

13

Гносеология дегеніміз не?

Философияның таным жөніндегі тармағы

14

Метафизика дегеніміз не?

Дүниенің өзгермейтіндігін, дамымайтындығын білдіретін әдіс

15

Объективтік идеализм дегеніміз не?

Абсолюттік идеяны, рухани бастаманы дүниенің негізі деп тану

16

Материалистер дегеніміз кімдер?

Материяны санаға қарағанда алғашқы деп танитындар

17

«Философия» атауын алғаш енгізген кім?

Пифагор

18

Философияның негізгі әдістері қандай?

Диалектикалық, метафизикалық

19

Агностицизмнің анықтамасы қандай?

Дүниені танып білуге болмайды

20

Диалектика не туралы философиялық ілім?

Дамудың жалпы заңдары туралы

21

Материалистік диалектика дегеніміз не?

Табиғаттың, қоғамның, адамның ойлауының жалпы даму заңдылықтарын зерттейді

22

Диалектикаға қарама-қарсы әдісті көрсетіңіз?

Метафизика

23

Дүниеге мифологиялық көзқарастың мәні не?

Дүниені ұғынудың әпсаналығы, бірлігі, біртұтастығы

24

Көне Қытай философиясындағы заттардың табиғи жолы қалай аталады?

Дао

25

Әлемнің ритмін білдіретін ұғымдар қандай?

Инь және янь

26

Қытай философиясының негізін қалаған кім?

Конфуций

27

«Әңгімелер мен пікірлер» еңбегінің авторы

Конфуций

28

«Өзіңе ұнамағанды өзгеге жасама» қағидасының авторы кім?

Конфуций

29

Лао цзы қандай ілімнің негізін салды?

Даосизм

30

Жэнь ұғымы қандай мағына білдіреді?

Адамды сүю

31

Нирвана дегеніміз не?

Өзін-өзі билеу, ештеңеге алаңдамау, сананың сөнуі

32

Ежелгі Үнді философын көрсетіңіз

Джин

33

«Өмір азапқа толы» дейтін ежелгі үнді философиялық ағымы қалай аталады?

Буддизм

34

Ежелгі үнді мәдениетінің көне мұрасы қалай аталады?

Ведалар

35

Үнді философиясындағы адамның тіршілік етуінің заңын білдіретін ұғымдар қандай?

Карма, сансара

36

Буддизм дін бе, әлде философия ма?

Дін де, философия да

37

Будданың «ізгі ақиқаттарының» ішіндегі жоғы қайсысы?

Азаптанудан құтылуға болмайды

38

Бір өзенге екі рет түсуге болмайды деген кім?

Гераклит

39

Фалес іліміндегі дүниенің бастамасы қандай?

Су

40

Анаксимандр іліміндегі дүниенің бастамасы не?

Апейрон

41

Анаксимен іліміндегі дүниенің бастамасы не?

Ауа

42

Гераклит бойынша дүниеде бар заттың материалдық негізі не?

От

43

Көне грек ойшылдарының қайсысы бәріде сан деп жорыған ?

Пифагор

44

Демокрит іліміндегі дүниенің түп негізі не?

Сансыз көп атомдарда

45

Философия тарихында болмыс мәселесін алғаш қойған мектеп қайсысы?

Элей мектебі

46

Антикалық философияның шыңы болып есептелетін философ кім?

Аристотель

47

Көне Грек атомистері кімдер?

Левкипп, Демокрит, Эпикур

48

«Адам барлық заттардың өлшемі»сөзінің авторы кім?

Протагор

49

Идеалды мемлекет туралы ілімді баяндайтын «Мемлекет»атты философиялық-саяси шығарманың авторы кім?

Платон

50

Аристотель қай мектептің түлегі?

Платон Академиясының

51

Аристотель құрған мектеп қалай аталған?

Ликей

52

Философия тарихында алғаш категориялар туралы еңбек жазған кім?

Аристотель

53

Адамды «саяси жануар»деп анықтаған көне грек философы кім?

Аристотель

54

«Менің білетінім ештеңе білмейтінім»-деп айтқан көне грек философы кім?

Сократ

55

«Платон менің досым,бірақ ақиқат одан да қымбат»деген ұшқыр сөздің авторы кім?

Аристотель

56

Дәстүрлі формальдық логиканың негізін қалаған кім?

Аристотель

57

«Адам, өзіңді өзің танып біл» деген кім?

Сократ

58

Майевтика әдісін қолданған кім?

Сократ

59

« Философия-Құдай сөзінің қызметшісі»ғана. Осы сипаттама философия тарихының қай кезеңіне қатынасты?

Орта ғасырға

60

Араб-мұсылман философтарының қайсысын адамзаттың екінші ұстазы деп атайды?

Әл-Фарабиді

61

Ортағасырлық философияның айшықты белгісі қандай?

Теоцентризм

62

«Айықтыру кітабын» араб-мұсылман философтарының қайсысы жазды?

Ибн-Сина

63

Ортағасыр философиясындағы жалпылықтың,жалпы ұғымдардың табиғаты мәселесіндегі қарама-қарсы позициялар қайсылары?

Реализм және номинализм

64

Ортағасырлық араб-мұсылман философиясының негізін қалаушы кім?

Әл-Кинди

65

«Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»деген трактаттың авторы кім?

Әл-Фараби

66

Аль-Газали қандай ілімнің өкілі?

Суфизмнің

67

Араб-мұсылман ортағасырының көрнекті философы, дәрігері кім?

Ибн-Сина

68

А.Иасауи қай бағыттың өкілі?

Суфизмнің

69

«Шіркеу әкелерінің»ілімі қалай аталады?

Патристика

70

Христиандық орта ғасыр философиясының негізін қалаған кім?

Августин

71

Патристиканың көрнекті өкілі, «О граде божьем», «Исповедь»кітаптарының авторы кім?

Августин

72

«Сумма теологии» кітабының авторы кім?

Ф.Аквинский

73

Тек жалқылардың шын өмір сүретінін мойындайтын бағыт

Номинализм

74

Пико делла Мирандола іліміндегі адамның басты ерекшелігі?

Өз тағдырын айқындаудағы еркіндігі

75

Дүниенің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушы,Қайта өрлеу заманының ірі ойшылы кім?

Н.Коперник

76

Шіркеу тарапынан еркін ойлары үшін «еретик аталып» ,өртеліп кеткен Қайта өрлеу заманы философиясының өкілі кім?

Дж. Бруно

77

Қайта өрлеу дәуіріне сай келетін адам түсінігі қандай?

Адам-жасампаз , суреткер

78

Қайта Өрлеу дәуірі философиясының басты ерекшелігі неде?

Антропоцентризм

79

Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының қайсысы “Государь” атты кітапты жазды ?

Никколо Макиавелли

80

Қайта өрлеу дәуірі ойшылдары қай кезеңнің философиясына баса назар аударды?

Антикалық философияға

81

Томас Мордың ілімі мазмұндалған еңбек қалай аталады?

«Утопия»

82

Эмпиризмнің негізгі қағидасы қандай?

Адамның барлық білімі тәжірибеге негізделеді

83

Рационализмнің негізгі қағидасы қандай?

Адамның танымдық іс-әрекетінде негізгі рөл зердеге жатады

84

Ф.Бэкон қай философиялық бағыттың негізін қалады?

Эмпиризмнің

85

Ойлаудың индуктивтік методының негізін қалаушы кім

Ф.Бэкон

86

“Білім – күш» деген афоризмнің авторы кім?

Ф.Бэкон

87

Барлық адамдардың табиғи теңдігі жөніндегі тұжырымды құрған кім?

Т.Гоббс

88

Мына сөздер кімдікі: «Бүкіл философия ағашқа ұқсайды, тамыры-метафизика, діңгегі-физика, сол діңгектен тараған бұтақтары – басқа ғылымдар» ?

Р.Декарттікі

89

“ Мен ойлаймын, демек өмір сүремін” дейтін қанатты сөздердің авторы

Р.Декарт

90

Б Спиноза философиясының нгізгі ұғымы

Субстанция

91

Г Лейбництің философиялық жүйесінің негізгі ұғымы

Монада

92

Кімнің философиялық жүйесі дуализм деп сипатталады

Р Декарттың

93

Ф.Бэкон , Т.Гоббс, Дж.Локк ілімдері таным теориясының қай бағытына жатады

Эмпиризмге

94

Жаңа заман ойшылдары Р.Декарт, Б.Спиноза, Г.Лейбниц философиялық таным теориясының қай бағытына жатады

Рационализм

95

«Субстанция өзді-өзінің себебі болып табылады» деген ұйғарымның авторы кім?

Спиноза

96

Өз ілімінде идолдардың төрт түрін көрсетіп берген ағылшын философы кім?

Бэкон

97

Жаңа заман философы, «Левиафан» еңбегінің авторы кім?

Т.Гоббс

98

18ғ.француз материалистерінің қайсысы «Адам-машина» атты кітапты жазған кім?

Ламетри

99

«Қоғамдық шарт туралы» деген жұмысты жазған кім?

Руссо

152

Ағартушылардың пікірінше ағарту жолындағы басты кедергі не?

Дін

100

Француз философтары Дидро, Гольбах, Гельвеций, Ламетри қай бағытқа жатады?

Материализм

101

Француз материализмін жүйелеуші, «Табиғат жүйесі» еңбегінің авторы кім?

Гольбах

102

«Таза зердеге сынның» авторы кім

Кант

103

«Трансценденталдық идеализм жүйесін» жазған кім?

Шеллинг

104

Немістің классикалық философиясында натурфилософиялық жүйені құрған кім?

Шеллинг

105

Гегель философиясының бастамасы неде?

Абсолюттік рух

106

Қайшылықтар дүниені қозғаушы күш болып табылады және қайшылықтарсыз даму жоқ деп ұйғарған кім?

Гегель

107

Гегель жүйесі философиядағы қай бағытқа жатады?

Объективтік идеализмге

108

Гегель философиясының негізі не?

Диалектика

109

Л. Фейербахтың ілімі қалай аталады?

Антропологиялық материализм

110

Фейербах бойынша қандай категория қоғамдық дамуды айқындайды?

сүйіспеншілік

111

Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы ?

Кант

112

Классикалық неміс философиясының өкілдерінің тізбегінде жетіспей тұрған буынды толтырыңыз:Кант-Фихте-Шеллинг….Фейербах:

Гегель

113

И.Кант бойынша дүниені бірегей тұтастығында ойлауға, сөйтіп өзіндік заттар дүниесін тануға бет алған ақыл-ой кезігетін шешілмейтін қайшылық қалай аталады?

Антиномия

114

Кант философиясының екі кезеңі қалай аталады?

Сынға дейінгі және сын кезеңі

115

«Категориялық императив» ұғымын ұсынған кім?

Кант

116

«Өзіндік зат» дегеніміз не?

Танылмайтын нәрсе

118

И.Кант ілімінің сипаты қандай?

Таным табиғатын, адам мәнін ашқан, философияда төңкеріс жасаған ілім

119

Мына философтардың қатарындағы субъективтік идеалистер кімдер?

Беркли, Фихте

120

Кантқа әсер еткен француз философы кім?

Ж.Ж.Руссо