Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лаб-2014_-_копия.doc
Скачиваний:
29
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
4.6 Mб
Скачать

Студенттің өзіндік жұмыстары

Тапсырма 1

Жұмыс парақтарына жеке-жеке атау қойып шығыңыз.

  1. Тышқанның көмегімен А бағанасының енін ондағы мәтін толық көрініп тұратындай етіп үлдкейтіңіз. В, С бағаналарының енін ең аз шамаға келтіріңіз.

Тапсырма 2

Электрондық кестеге берілгендерді енгізу және түзету.

Кез келген ұяшыққа мәтін, сан, формула енгізуге болады. Жолдар мен бағаналардың өлшемдерін өзгертуге болады:

1- тәсіл. Тышқан курсорын өзгертілетін баған атауының (қатар нөмірінің) бөлу сызығының үстіне алып барып, курсор ↔ түріне енген кезде, сол жақ пернені басып, қажет өлшемге дейін кенейтеміз де, пернені қоя береміз.

2- тәсіл. Формат ═> Жол ═> Мөлшер (размер) және Формат ═> Баған ═> Мөлшер командаларын орындау керек.

Егер енгізілетін мәтін цифрдан басталатын болса, онда оны ‘ таңбасымен бастау қажет. Сандарды енгізу =, +, - таңбаларынан немесе бірден цифрді енгізуден басталады. Ондық бөлшек сандардың бүтін бөлігімен бөлшек бөлігі үтір арқылы ажыратылып жазылады. Егер ұяшыққа формула енгізілетін болса, формуланы = таңбасынан бастап енгізу қажет.

А1 ұяшығына «Менің аты – жөнім» деген мәтінді енгізіңіз;

В1 ұяшығына аты – жөніңізді енгізіңіз;

А2 ұяшығына «Туылған жылым» деген мәтінді енгізіңіз;

В2 ұяшығына туылған жылыңызды енгізіңіз;

В3 ұяшығына ағымдық жылды енгізіңіз;

А4 ұяшығына « Менің жасым» деген мәтінді енгізіңіз;

В4 ұяшығына «= В3 – В2» формуласын енгізіңіз;

2030 – шы жылы қай жаста болатыныңызды есептеңіз;

Бос ұяшыққа ағымдық күн мен уақытты енгізіңіз.

Тапсырма 3

  1. Е1: Е7 блогына төмендегі сандар тізбегін енгізіңіз: 11, 20, 30, 100, 130, 150, 220.

  2. Берілгендерді толық оңға қарай 2-орынға жылжытып, А1: А12 блогындағы ұяшықтарды нөмірлеңіз.

  3. D1:D7 блогына ағымдық күннен басталған күндер тізбегін енгізіңіз.

  4. С1: С7 блогына апта атауларын енгізіңіз.

  5. Парақтар беттеріне атаулар қойыңыз. Ол үшін тышқан көрсеткішін парақ атауына алып барып, контексті – тәуелді мәзірді шақырыңыз. Көрсетілген командалар тізімінен Атын өзгерту пунктін таңдаңыз және пернетақтадан «кесте» атауын теріп, енгізіңіз. Тышқан көрсеткішін парақтың бірінші бетіне алып барып, беттің атауын өзгертіңіз.

Тапсырма 4

EXCEL-мен жұмысты аяқтау.

EXCEL-мен жұмысты аяқтап, одан шығу үшін төмендегі келтірілген тәсілдердің бірін пайдалану керек:

1-тәсіл: Файл→ Шығу командасын беру.

2-тәсіл: EXCEL терезесінің Терезені жабу түймесін басу;

3-тәсіл: ALT+F4 пернелерін басу.

Зертханалық жұмыс №10

Тақырып: Мәліметтер қоры ұғымы. MsAccess-мәліметтер қорын басқару жүйесі.

Мақсаты: Мәліметтер қорының негізгі ұғымдарымен таныcу, кестені толтыру және жөндеудің негізгі тәсілдерін үйрену, кестелер шеберінің көмегімен мәлеметтер қорын құру, кілт өрісін тағайындау мәліметтер қорын сақтай білу.

  1. MicrosoftAccess программасын іске қосыңыз.Пайда болған MicrosoftAccess терезесінде Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып-қосқышын орындаңыз.

  2. Жаңа мәліметтер базасы файлы (Файл новой базы данных) сұхбат терезесінде файлға жаңа Қалалар деген ат беріңіз. Құру (Создать) батырмасын екі рет басыңыз.

  3. Кестелер тізімінде Мәліметтер енгізу әдісімен кесте құру (Создание таблицы путем ввода данных) таңбашасын ерекшелеп, тышқанның сол жақ батырмасын басыңыз. ¤ріс1 (поле1). ¤ріс2 (поле2) және т.с.с.стандарттық өрістері бар бағандардан тұратын бос кесте пайда болады. Алдымен төрт өрісі бар кесте құрылады.

  4. ¤ріс1 (поле1) және ¤ріс2 (поле2) бағандарының бірінші жолына сәйкесінше 1 және Астана деген мәліметтерді енгізіңіз. Екінші жолына -2 және Алматы. ‡шінші жолына-3 және Талдықорған..

  5. Бағандардың атауларын өзгерту үшін жанама менюден Баған атауын өзгерту (Переименовать столбец) командасын таңдаңыз. Осылайша бірінші бағанға Реттік номері, екіншісіне Аты, үшіншісіне Қаланың коды, төртіншісіне Тұрғындар саны атауларын енгізіңіз.

  6. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы терезені жабу батырмасын басып, кестені жабыңыз. Макеттің өзгерісін немесе кесте құрылымын сақтау кекрек пе? деген сұраққа жауап беру үшін Иә батырмасын басыңыз. Сонда Сақтау (Сохранить) сүхбат терезесі пайда болады, оған терезенің Қалалар атауын енгізу керек. ОК батырмасын басыңыз.

  7. Түйінді өрісті қазір құру керек пе? (Ключевое поле задать сейчас?) деген сұраққа Жоқ (Нет) батырмасын басып жауап беріңіз.

  8. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Тапсырма1

  1. Пуск батырмасы арқылы Access-ке кіру.

  2. Мәліметтер базасын құру диалог терезесіндегі Жаңа база ауыстырып қосқышын басу.

  3. “Жаңа мәліметтер базасы файлы” диалогтық терезесінде МБ құры­латын буманы таңдап, жаңа базаның атын енгізу.

  4. МБ терезесін зерттеп оқып шығу.

  5. Access-тің негізгі менюін зерттеп оқып шығу. Ол үшін Файл меню командасын шертіп, оның барлық ішкі командаларын қарап шығу.

  6. Тура осындай жолмен басқа меню командаларымен де танысып шығу.

Тапсырма 2

  1. 1 тапсырмада көрсетілгендей түрде Access-ке кіру.

  2. Саймандар тақтасын зерттеп оқып шығу: саймандар тақтасындағы батыр­маларға тышқанды алып барып, олардың орындайтын әрекетін оқып шығыңыз.

  3. Батырмалардың біреуін шерту арқылы, мысалы, Ашу батырмасын, пайда болған диалог терезесін қарап шығу.

  4. Тура осындай тәсілмен Саймандар тақтасының басқа батырмаларымен танысу.

Тапсырма 3

  1. 1 тапсырмада көрсетілгендей Access-ке кіру.

  2. Анықтамалар алу мүмкіндіктерін зерттеп оқып шығу: ? меню коман­дасын шертіп, Анықтаманы шақыру пунктін таңдау, “Мазмұн” бөлімінде “Базалармен жұмыс істеу” тақырыбын таңдап, Ашу батырмасын шерту, “Мәліметтермен формаларда жұмыс істеу” тақырыбын таңдап алып, Көрсету батырмасын шертіп анықтаманың осы бөлімін қарап шығу.

  3. Тура осындай тәсілмен анықтаманың басқа бөлімдерін қарап шығу.

Тапсырма 4

  1. 1 тапсырмада көрсетілгендей Access-ке кіру.

  2. Түр/Саймандар тақтасы/Баптау меню командаларын орындай оты­рып, саймандар тақтасын баптап шығу.

  3. Диалогтық терезедегі “Саймандар тақтасы” бөлімінде Кесте конс­трук­­торы жалаушасын шертіп, саймандар тақтасында пайда болған батырмаларды қарап шығыңыздар.

  4. Тура осындай тәсілмен басқа тақталарды баптап шығыңыздар. Жұмыс­тың соңында қажет емес саймандар тақталарын экраннан алып тастаңыздар.

  5. Диалогтық терезедегі “Командалар” бөліміндегі категорияларды және оларға сәйкес келетін командаларды қарап шығыңыздар.

  6. Егер қандай да бір команданы саймандар тақтасына орналастыру қажет болса, онда, мысалы, Кесте конструкторы категориясы үшін Жол командасын шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын шертіп, осы команданы тақтаға тасы­мал­дауға болады. Егер жаңа батырма керек емес болса, онда оны саймандар тақтасынан экранның бос жеріне тасымалдап алып тастаңыздар.

Негізгі кестелерді құру

Отырар кітапханасының басқармасы екі кестеге негізделген мәліметтер базасын жасауға тапсырыс берді. Бірінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Екінші кесте кітапханадағы оқулықтарды тіркеуге арналсын.

1. Мicrosoft Access программасын іске қосыңыз (Пуск Программы Microsoft Access).

2. Microsoft Access терезесінде Жаңа мәліметтер базасы (Новая база данных) ауыстырып - қосқышын қосыңыз. ОК батырмасын шертіңіз.

3. Жаңа мәліметтер базасының файлы (Файл новой базы данных) терезесінде \Менің құжаттарым (Мои документы) қаптамасын таңдап алып, файлға Отырар кітапханасы деп ат беріңіз. Файл типі ретінде Microsoft Access мәліметтер базасы алынғанын көресіз. Құру (Создать) батырмасын басыңыз. Жаңа Отырар кітапханасы мәліметтер базасыныің терезесі ашылады.

4. Кестелер панелін ашыңыз.

5. Конструктор режімінде кесте құру белгісінде екі рет шертсеңіз кесте құрылымын даярлау бланкісі ашылады.

6. Бірінші кесте үшін төмендегідей өрістерді енгізіңіз:

өріс атауы өріс типі

  1. оқырманның аты-жөні мәтіндік

  2. кітаптың аты мәтіндік

  3. кітаптың авторы мәтіндік

  4. кітаптың нөмірі мәтіндік

  5. кітап алған уақыты мерзім\уақыты

  6. бағасы қаржылық

7. Кітаптың нөмірі өрісі мәтіндік өріс екеніне көңіл аударыңыз, өйткені олардың сандық мағынасы жоқ. Кітап нөмірлерін бір-біріне қосуға, көбейтуге, салыстыруға болмайды.

8. Болашақ Оқулықтар кестесімен байланыс орнату үшін Түйінді өріс беруіміз қажет. Кітаптың аты өрісін қайталанбайтын өріс ретінде таңдап алуыңызға болады. Бірақ өте үлкен мәліметтер базасында аттары бірдей әр түрлі кітаптар кездесуі мүмкін. Сондықтан біз Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерінің комбинациясын түйінді өріс ретінде пайдаланамыз. Бланкінің жоғарғы бөлігіндегі өрісті ерекшелеп алыңыз. Тышқанның оң батырмасын шерту арқылы жанама менюді ашыңыз және одан Түйінді өріс (ключевое поле) бөлімін таңдап алыңыз.

9. Конструктор терезесін жабыңыз. Терезені жабу кезінде кестеге Оқырмандар деп ат беріңіз.

10. 5-9 бөлімдердегі амалдарды қайталап, Оқулықтар кестесін құрыңыз. Оған төмендегідей өрістер енеді:

өріс атауы өріс типі

кітаптың аты мәтіндік

кітаптың авторы мәтіндік

баспасы мәтіндік

шыққан жылы мерзім\уақыты

кітаптың нөмірі мәтіндік

көлемі сандық

бағасы қаржылық

11. Көлем өрісін шертіңіз. Бланкінің төменгі бөлігінде ондық белгілер саны 0-ге тең қасиетін беріңіз.

12. Бұл кестеге түйінді өріс енгізбесе де болады – берілген тапсырмада ол талап етілмейді.

13. Отырар кітапханасы: мәліметер базасы терезесінде құрылған кестелерді кезекпен ашып, оларға он шақты жазбалар енгізіңіз. Жұмысты аяқтап кестелерді жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Зертханалықжұмыс №11

Тақырып: Мәліметтерқорыұғымы. Ms Access-мәліметтерқорынбасқаружүйесі.

Кестеаралық байланыстарды құру

  1. Microsoft Access программасын іске қосыңыз.

  2. Microsoft Access терезесінде Мәліметтер базасын ашу (Открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Кестелер (Таблицы) панелін ашыңыз. Онда бұрын құрылған Оқырмандар және Оқулықтар кестелерінің таңбашалары барына көзіңізді жеткізіңіз.

  4. Аспаптар панелін Мәліметтер схемасы (Схема данных) батырмасын іздестіріңіз. Егер қиындықтар болса, меню жолындағы команданы табыңыз: Сервис Мәліметтер схемасын (Схема данных). Мәліметтер схемасы терезесін ашу үшін, осы тәсілдердің кез-келгенін қолданаңыз. Осы терезенің ашылуымен қатар бір уақытта Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады, бұл қосымша кестеден аралық байланысты құрылатын кесте таңдауға болады.

  5. Қосу (Добавить) батырмасын шерту арқылы Оқырмандар және Оқулықтар кестелерін таңдаңыз – Мәліметтер схемасы терезесінде осы кестелердің өріс тізімдері ашылады.

  6. SHIFT пернесін басып тұрып Оқырмандар кестесінен екі өрісті ерекшелеңіз: Кітаптың аты және Кітаптың авторы.

  7. Осы өрістерді Оқулықтар кестесінің өріс тізіміне әкеліңіз. Тышқан батырмасын жіберген сәтте, Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесі шұғыл түрде ашылады.

  8. Байланысты өзгерту (Изменение связей) терезесінің оң жақ панелінен байланысқа қосылатын Оқырмандар кестесінен Кітаптың аты және Кітаптың авторы өрістерін таңдаңыз.

  9. Байланысты өзгерту (Изменение связей) сұхбат терезесін жауып, Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінен пайда болған байланысты көріңіз. Байланс сызыған тышқанның сол жақ батырмасын шертіп ерекшелеп алуға болады, ал тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, байланысты үзуге және редакциялауға мүмкіндік беретін меню ашылады.

  10. Мәліметтер схемасы терезесін жабыңыз. Microsoft Access программасын жабыңыз.

Тапсырма 1

  1. Қарастырылып отырған пәндік аймақтағы объектілердің арасында қандай байланыс бар екенін анықтау (бұрынғы лабораториялық жұмыстардан).

  2. Мәліметтер схемасына қандай кестені енгізу керектігін анықтау.

  3. Менюдегі Сервис/Мәліметтер схемасы (Сервис/Схема данных) командасы арқылы мәліметтер схемасын жасау режиміне кіру.

  4. Байланыс параметріне қажетті тағайындаулар орнату.

  5. Мәліметтер схемасын сақтау.

Тапсырма 2

  1. 1 тапсырмада жасалған мәліметтер схемасымен жұмыс істеу режиміне кіру.

  2. Тышқан курсорын кез келген бір 1:М байланысына апарып, байланыс параметрлері терезесіндегі “Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету” жалаушасын белгілеу.

  3. Бағынышты кестемен жұмыс істеу режиміне кіру.

  4. Бағынышты кестедегі біртұтастық шектеулерді бұзатын мүмкіндік туғызу, мысалы, байланыс өрісіне басты кестеде жоқ мәнді енгізу.

  5. Аccess-тің МБ біртұтастығын қалай қамтамасыз ететіндігін зерттеу.

  6. “Мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз ету” жалауша белгісін алып тастап, байланыс параметрін өзгерту.

  7. Мәліметтер схемасын сақтау.

Зертханалық жұмыс №12

Тақырып: Мәліметтер қорын құру және өңдеу. Сұрау. Таңдамаға сұранысты құру.

Мақсаты: Мәліметтер қорының негізгі ұғымдарымен таныcу, кестені толтыру және жөндеудің негізгі тәсілдерін үйрену, кестелер шеберінің көмегімен мәлеметтер қорын құру, кілт өрісін тағайындау мәліметтер қорын сақтай білу.

Бұл жұмыста көлемі 500 беттен, бағасы 150 теңгелен аспайтын кітаптарды іріктеп алатын таңдамаға сұранысты құрамыз.

  1. Microsoft Acceess программасын іске қосыңыз.

  2. Miсrosoft Access терезесінде мәліметтер базасын ашу (открыть базу данных) ауыстырып-қосқышын қосыңыз, өткен сабақта құрылған Отырар кітапханасы базасын таңдаңыз, ОК батырмасын шертіңіз.

  3. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде Сұраныс (запросы) панелін ашыңыз. Конструктор режімінде сұраныс құру (Создание запросов в режиме конструктора) белгісін екі рет шертсеңіз, сонда үлгі бойынша сұраныстың бланкісі ашылады.

  4. Кесте қосу терезесінде Оқулықтар кестесін таңдап, Қосу (Добавить) батырмасын шертіңіз. Кесте қосу (Добавление таблицы) терезесін жабыңыз.

  5. Оқулықтар кестесінің өрістер тізімінен қорытынды кестеге енгізілетін Кітаптың аты, Кітаптың авторы, Көлемі, Бағасы өрістерін таңдаңыздар. Таңдауды өріс атауларын екі рет шерту арқылы жүргізіңіз.

  6. Көлем өрісі үшін сұрыптау шартын беріңіз. Сол өрістің Сұрыптау шарты (Условие отбора) жолына мына шартты енгізіңіз: <500. Сонда кестеден көлемі 500 – ден аспайтын кітаптар іріктеліп алынады.

  7. Бағасы өрісіне сұрыптау шартын беріңіз. Сәйкес жолға <150 өрнегін енгізіңіз. Енді кестеден бағасы 150 теңгеден кем болатын басылымдар ғана іріктеліп алынады.

  8. ‡лгі бойынша сұраныс бланкісін жабыңыз. Сұранысты жабу кезінде оған Кітаптарды таңдау деген ат беріңіз.

  9. Отырар кітапханасы: мәліметтер базасы терезесінде жаңа құрылған сұранысты ашыңыз да, қорытынды кестені қарастырыңыз. Оның мазмұндылығы №2 зертханалық жұмыста Оқулықтар кестесіне енгізілген жазбаларға тәуелді. Егер ешбір басылым сұрыптау шартына сәйкес келмесе және ашылған қорытынды кестеде бірде – бір мәліметтер болмаса, онда негізгі кестелерді оған сұраныстың жұмысын тексеруге мүмкіндік беретін мәліметтермен толтырыңыздар.

  10. Зерттеу аяқталған соң ашық объектілердің барлығын жауып, Microsoft Acceess программасын жабыңыз.

Тапсырма 1

  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар (Запросы) парақшасын­дағы Жасау (Создать) батырмасын шерту.

  2. Қарапайым сұраныс (Простой запрос) режимін таңдау.

  3. Алынған мәліметтерді қарап шығу .

Тапсырма 2

  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Қарапайым сұраныс режимін таңдау.

  2. Белгілі бір өрістерінде қайталанып келетін мәндері бар кестені таңдау (Маркасы, Түсі өрістері секілді).

  3. Қарапайым нәтижелік (итоговый) сұраныс жасау. Ол үшін сұхбаттасудың екінші қадамында Қорытындылар (Итоги) батырмасын басу.

  4. Ашылған сұхбаттасу терезесіндегі сандық өрістер үшін қорытынды мәндерді есептеуді енгізу).

  5. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек .

  6. Бастапқы кесте үшін “Жазбаларды санау” (“Подсчет записей”) қатарына жалауша қойып қорытынды сұраныс құру қажет.

  7. Алынған мәліметтерді қарап шығу керек .

Тапсырма 3

  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.

  2. Сұраныс құруға қажетті кестені таңдау.

  3. Осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсету.

  4. Белгілі бір өріс мәліметтерін олардың өсуі бойынша реттеп сұрыпталатындай етіп орналастыру.

  5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  6. Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту, мысалы, Түсі өрісі үшін “ақ” мәнін көрсету.

  7. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  8. Немесе (Или) қатарын қолданып, жазбаларды кестеден таңдау шартын күшейту, мысалы, Түсі өрісі үшін “ақ” мәнін, ал Маркасы өрісі үшін “Жигули” мәнін көрсету.

  9. Сұраныс сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  10. Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осы сияқты әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.

Тапсырма 4

  1. Мәліметтер базасы терезесіне кіріп, Сұраныстар парақшасындағы Жасау (Создать) батырмасын шертіп, Конструктор режимін таңдау.

  2. Сұраныс құру үшін екі немесе одан да көп байланысқан кестелерді таңдау.

  3. Бірнеше кестелерден таңдап ала отырып, осы сұранысты құру сұхбат терезесінде керекті өрістердің барлығын көрсетір шығу.

  4. ¤рістердің біреуіне сұрыптау шартын енгізу.

  5. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  6. Таңдау шарты (Условие отбора) қатарына кестеден жазбаларды таңдау критериін енгізіп, сұранысты өзгерту.

  7. Сұранысты сақтап, алынған мәліметтерді қарап шығу.

  8. Жазбаларды кестеден таңдау шартын өзгерте отырып, осындай әрекеттерді бірнеше рет қайталап орындау.

Зертханалық жұмыс №13.

Тақырып: PowerPoint-презентация жасау редакторы.

Мақсаты: презентация, слайдтар жасау. Презентация құрудың жолдарын үйрену. Программа режимін, құжат жасаудың жылдам жолдарын үйрену. PowerPoint–презентация жасаудың орта жүйесінің лидері. Бұл программаның көмегімен мәтіндік, сандық ақпараттарды жеңіл түрде өңделген слайдтар және диаграммалар түріне айналдыруға болады. Бұл сабақта төмендегідей тақырыптар қарастырылады:

  • презентация жасау шебері;

  • слайдтар қосу;

  • слайдтар режимі;

  • презентация құрылымы;

  • слайдтар таңдау;

  • дизайндар шаблоны;

1-тапсырма. Презентация құру.

Кез-келген презентацияда слайдтар түрі, яғни мәтіндік, графикалық, суреттік болады. Электрондық слайдта қарапайым фото суреттік түрі кездеседі. PowerPoint программасы мәтіндік және сандық ақпараттарды, сонымен қатар дайын дизайндар шаблонын ұсынады.

1.1-сурет. PowerPoint терезесі.

PowerPoint программасы іске қосылғанан кейін презентация терезесінде бірінші титулдық слайд шығады; оның оң жағында Презентация құру терезесі орналасқан (1.1-сурет). Ол құжат құруға көмектеседі, сонымен қатар алдын-ала сақталған презентацияны ашуға мүмкіндік береді. Жаңа презентация құру бірнеше нұсқалардан тұрады:

  • Жаңа презентация құру;

  • Безендіру шаблоны;

  • Автомазмұн шебері алдын-ала құрылған презентация түрлерін ұсынады. Бұл терезеде Құру бөлімінен безендіру шаблонын таңдауға болады (NewFromTemplate). Егер сізде презентация жасаудың тезисі бар болса, оны тек қана дайын мәтін слайдында дайындау керек болса, әрі әрлеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1. Жалпы шаблон пунктін басыңыз.

2. Шаблон диалог терезесі шығады (1.2-сурет). Бұл безендіру шаблоны терезесінен сіздер тізімде орын алған безендіру слайды шаблон түрлерін көресіздер. Осы терезеден сәйкес шаблон түрлерін таңдауға болады.

1.2- сурет. Шаблон сұхбат терезесі.

3.Галстук шаблоны белгішесінде тышқан пернесін екі рет шертіңіз. Шаблон презентация жасау терезесінде қабылданады. Презентация құру терезесінде өзіңіздің жеке шаблоныңызды құрғыңыз келсе, оны Windows/ApplicationData/Templates папкасында сақтаңыз. Шаблон Жалпы (Общие) бөлімінде шығады. Оны жаңа бөлімге қою үшін, мысалы барлық шаблондар фирмасы сияқты, өзіңіз папка құрып соған өз шаблоныңызды салыңыз.

1.3-сурет. Кәдімгі көру режиміндегі титульдік слайд құру терезесі.

Бос презентация құру бөлімін таңдау барысында слайд құру терезесі шығады. Осы терезеден үлгінің бірін таңдауға болады.

4. Осы терезеден Загаловок слайда үлгісін таңдаңыз. Біздің мысалымыз бойынша бұл план құру мәтіні болады.

5. Мәтіннің тақырыбы және тақырып бойынша мәлімет енгізіңіз.

6. Сақтау командасын орындай отырып, сақтау терезесінде Мои документы папкасына План деген атпен құжатыңызды сақтаңыз.

2-тапсырма. Кәдімгі көру режимі.

PowerPoint презентациясы өте үлкен сандық слайдтар құруға мүмкіндік береді. Осы үлкен көлемді ақпараттарды басқару үшін программа бірнеше көру режимін ұсынады:

  • Кәдімгі режимі (Обычный режим).

  • Слайдтарды сұрыптау режимі (Сортировщик слайда) - барлық слайдтарды демонстрациялау, бір өлшемді түрде слайдтарды көру терезесінде орналастыру режимі;

  • Слайдтар режимі - слайдтарды жайлы түрде орналастыру, тұтастыру режимі;

  • Құрылымдық режим (Структура ) - әрбір слайдтың мәтіндік мазмұнын көрсету және өңдеу режимі;

  • Бетке ескертпе жазу режимі (Страницы заметок) – презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғарғы бөлігінде орнадасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.

1.4-сурет. Көру режимінің таңдау батырмалары.

1.Әр режимді, көру слайдын қосу үшін қарапайым шерту арқылы бір-бірден үш батырманы кезек-кезек басу арқылы іске асырамыз. Бұл батырмалар сол жақ төменгі қатарда орналасқан. Беттер режимін қосудың екінші жолы меню қатарынан Вид→Страницы заметок командасын орындау керек.

2.Кезекпен әр батырманы басу арқылы бір режимнен келесі режимге өтіңіз.

3.Ортаңғы батырманы басу арқылы кәдімгі режимге өтіңіз. Автоматты түрде бос презентация құру немесе дизайндар шаблонын пайдалану. Пайдалану үш аймақтан тұрады: слайд аймағы, құрылғылар қатары, белгі аймағы. Бірінші аймақ әрқашан жалпы түрдегі ағымдағы слайдтан тұрады.

4. Жай көру режимінің аймақтық өлшемін өзгертуге болады. Ол үшін тышқан курсорын аймақтың шекарасына қойып, яғни тышқан курсоры екі жақты стрелкаға айналғанша ұстап, одан соң кнопканы басып шекара сызығын жылжытыңыз. Керекті өлшемге келтіріп тышқан батырмасын жіберіңіз. Жай көру режимінде басқа режимдерге қарағанда PowerPoint үшқұралдар панелін ұсынады. Жоғарғы жақта стандартты панел орналасқан. Мұндағы құрылғылар презентацияна ашу, сақтау, көшіру, слайд және объект өосу операцияларын орындайды. Оның ішінде Форматтау панелі бар. Форматтау панелі шрифтерді өзгертеді. Абзацтарты, тізімдерді форматтайды, анимация қояды. Сурет салу панелі терезенің төменгі жағында орналасқан, ол жайында келесі тапсырмаларда айтамыз.

3 – тапсырма. Жаңа слайд қосу

Алдыңғы слайдтарға жаңа слайд қосу.

1. Саймандар панелінен слайд құру (создать слайд) тетігін табыңыз. Егер сіз слайд құру тетігін ұмытып қалсаңыз, тышқан көрсеткішін саймандар тақтасындағы әрбір тетіктің үстіне бірнеше секунд ұстап тұрыңыз. Әр тетіктің нені білдіретіні жайлы көмекші нұсқау беріледі.

2. Егер создать слайд тетігі саймандар тақтасында жоқ болса, онда панелдің оң жақ тұсында кішкене ұшбұрышты стрелканы шертіңіз. Сол кезде қосымша палитра тетіктері шығады. Осы жерден создать слайда құралын іздеуге болады.

3. Жаңа слайд (Новый слайд) батырмасын шертіңіз. Презентация терезесінде толтырылмаған екінші слайд пайда болады.

1.5-сурет. Стандартты саймандар тақтасындағы қосымша палитра батырмасы.

4. Слайд түрлері терезесі келесі суретте келтірілген. PowerPoint программасы 27 типті стандартты слайд түрлерін ұсынады. Бұл слайд түрлері практикалық кез – келген презентацияларды құруды қанағаттандырады. Слайд құрғаннан соң сізге тек толтыру белгісіне тышқан курсорын шерту ғана қалады. Ары қарай керекті ақпараттармен толтырыңыз.

1.6 –сурет. Слайдтар түрлері терезесіндегі түрлер жиынтығы.

5. Толтырылған ақпараттарды көру үшін сырғытпаны ары – бері жылжыту арқылы көреміз.

Ескерту: Авторазметка белгісі тақырыбы сарғыш жолақпен, маркерлі тізім тіктөртбұрышты үш бөліктен тұрады. Диограмма кішкене гистограмма түрінде суреттер адам суретімен бейнеленген.

6. Екінші слайд үшін маркерлі тізім таңдаңыз. Презентация құрылымы аумағында екінші слайд белгісі пайда болады, ал сол жағында екінші толтыру қатарынан тұратын жаңа слайд көрінеді. Толтыру қатары үзік сызықтармен шектелген. Тіктөртбұрышты аймақта көрсетілген, аймақтың ішкі мәтін енгізуге арналған. Мысал бойынша маркерлі тізім қатары екі орынан – бірі тақырып, екіншісі маркерлі тізімге арналған.

1.7 – сурет. Маркерлі тізім слайды.

7. Тақырып жазуға арналған жаңа слайд қосу үшін Заголовок слайдын шертіңіз. Заголовок слайд сөзі жоғалады, сіз оған басқа тақырып енгізе аласыз. Даму бағыты сөзін жазыңыз.

8. Маркерлі тізім аумағын шертіп, мәтінді слайдқа ғаламшар мен байланыс сөзін енгізіңіз. Enter пернесін басыңыз.

9. Екінші маркерлі бөлікке сандық телефония сөзін енгізіңіз. Тағы да Enter пернесін басып, келесі жолға Интернет сөзін теріңіз. Егер маркер белгісі ұнамаса оны өзгертуге немесе алып тастауға болады.

4 – тапсырма. Мәлімдеушінің белгісі.

Екінші слайд практика жүзінде дайын. Тек қана белгі жасау керек. Әрбір слайд ерекше түрді қажет етеді. Белгі жасау беті екі бөліктен тұрады: Слайдтың жоғарғы бөлігі және төменгі бөлігі. Бұл бөліктер экранда көрінбейді. Мәтінге белгі қосу үшін келесі қадамды орындаңыз:

1. Терезенің оң жақ төменгі жағында “Заметки к слайду ” деген орын бар. Сол жерге тышқан курсорын қойып, тақырыпқа байланысты мәтін енгізіңіз.

2. Белгі бетін тұтасымен көру үшін мына команданы орындаңыз: Вид→ Страницы заметок

1.8-сурет.

3. Түр – Кәдімгі (Обычный) командасын орындаңыз.

1.9 – сурет. Кәдімгі көру режиміндегі презентацияның екінші слайды.

4. Стандартты панелден Сохранить командасын орындап сақтаңыз.

5. Терезенің оң жақ жоғарғы х батырмасын басу арқылы терезені жабыңыз. (1.9-сурет)

Зертханалық жұмыс № 14

Тақырып:Жергілікті және ауқымды желі. Интернет. Электрондық почта.

Мақсаты:Желілік технологияларды қолдану, Интернетпен жұмыс жасай білу, қарапайым Web-парақша құруды үйрену