Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Туроперейтинг.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.95 Mб
Скачать

3. Туристік іс әрекетті ұйымдастырудағы басқару технологиясы.

Лекция мақсаты: Туристік өнімді өңдеу және оны практикаға енгізу кезең

Сұрақтар:

    • Жаңа туристік өнімді жобалау технологиясы

    • зерттеу кезеңі

    • эксперимент кезеңі

    • технологиялық өндірістік кезең

    • енгізу және сату кезеңі

Туроператор іс-әрекетінің негізгі міндеті болып жаңа турөнім жасау табылады. Бұл іс-әрекет арнайы технологиялық білімге негізделген ерекше өндірістік үрдіс болып табылады.

Жаңа туристік өнімді өңдеу маркетингтік зерттеулер негізінде оның вербальды үлгісін құрастырумен басталады. Туристік өнімді өңдеу және оны практикаға енгізу үрдісі 4 кезеңнен тұрады:

  • зерттеу;

  • эксперимент;

  • технологиялық өндірістік кезең;

  • енгізу және жүзеге асыру;

1. ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢІ

Зерттеу кезеңінде турөнімді өңдеу бойынша барлық бағарламаны қаржыландыру құрамынан 10-15 % кетеді. Ең алдымен туристік фирманың мамандар топтары: экономист, әлеуметтанушы, нарықты анықтау және сұранысты айқындауда үшін маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Содан кейін жаңа турөнімнің тұжырымдамасы өңделіп, оның экономикалық және баға саясаты қоса өңделеді. Ең керемет туристік өнім жобасы іріктелгеннен кейін маркетинг стратегиясын өңдеуге кіріседі, ол нарыққа жаңа өнім-өнімнің шығарылу жолының басын көрсету керек. Алға қойылған сұрақтарға нақты жауап турфирманың басшысына немесе жобасына жоғары кәсіби деңгейде барлық мәселерді шешуге көмегін тигізеді.

1. жеке фирманың мүмкіндіктерін талдау.

2. Бәсекелестерде ұқсас тур өнімді (қызметтті) анықтау.

3. Туристік өнім өндірісі (туристік өнімнің дұрыс үлгісі: тур бағдарламасы, қызмет көрсету технологиясы).

4. Персонал (ұйымдастыршы біліктілігі және тәжірибесі)

5. Қаржыландыру (бастапқы шығындар). Жаңа тур өнімді өңдеу жобасын жүзеге асруда қанша қаражат қажет?

Қаржыны жабу көздері Жобаны енгізу үшін құралды қайдан алу керек?

2. Эксперимент кезеңі

Екінші кезеңде өңделеген жаңа турөнімді экспериментальды бағалау міндеті тұрады.

Ол үшін міндетті болып табылатын:

  • пилот топтары мен эсперименттік сапарларды қолдана отырып, турды өңдеп, табиғи шамада қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

  • жаңа тур өнімді жарнамалау және ақпарат беру көрмелерге қатысу және т.с.с.

  • туристердің пікірлері, тур шағымдары және т. б. Негізінде жаңа туристік жобаның әйгілі деңгейін айқындау, дәрежесін айқындау үшін қажетті уақыттың белгілі мерзімінен кейін нәтижелерін талдау.

3. Технологиялық өндірістіК кезең.

Үшінші кезеңде туристік өнім негізінде жүзеге асады. Егер де эскперимент жетістікпен өтетін болса бұл үшін туристік өнімді алып жүретін барлық технологиялық құжаттар өңделеді.

Ол келесі құжаттар тізімінен тұрады:

    • маршруттың технологиялық картасы;

    • сапарлар графигі;

    • серіктестермен келісім;

    • тұтынушыларға туристік қызмет көрстуге келісім-шарттар, қызмет көрсету бағдарламасы;

    • туристік жолдама;

    • ваучер;

    • ақпарат қағазы;

    • туристер үшін жадынама т.б.

Осы кезеңде жаңашылдандыру, оқыту және кадрларды өңдеу жүргізіледі. Жаңа турөнімді сатудың қаржылық-экономикалық механизмі өңделеді.

4. Енгізу және сату.

Төртінші кезеңде өндірісті басқару жүйесі және жаңа тур өнімді сату қалыптасады. Ол тұтынушылардың сұранысы мен сәйкес өнім үнемі жаңаланып және сатуын қамтамасыз етеді.

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

  1. қызмет көрсету кластары деп нені айтамыз?

  2. негізгі және қосымша қызмет дегеніміз не?

  3. негізгі және қосымша қызмет арасындағы айырмашылық қандай?

  4. «қызметтер пакеті» түсінігіне анықтама беріңіз?

  5. «туристік пакет» түсінігіне анықтама беріңіз?

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  • Туристский справочник-KZ 2009: Казахстан. Регионы. Страны мира. Нормативно-правовые акты. Информационно-справочные аппараты [Текст] : информационно-рекламное издание. - Алматы : Атамұра, 2009. - 656 с. ХР (5)

  • Бутко, И. И. Туристический бизнес: основы организации [Текст] / И. И. Бутко. - Ростов н/Д : Феникс, 2009. - 384 с. - (Бизнес технологии). - ISBN 978-5-222-10733-1 : ХР (2)

  • Чудновский, А. Д. Управление индустрией туризма [Текст] : учеб. пособие / А. Д. Чудновский. - 4-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 440 с. - ISBN 978-5-85971-808-5 : ХР (6)

  • Экономика и организация туризма [Текст] : учеб. пособие / Моск. академия туристского и гостинично-ресторанного бизнеса ; ред. : И. А. Рябова. - 3-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2009. - 576 с. - ISBN 978-5-85971-809-2 : ХР (10)