Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

6-блім логопедия

.docx
Скачиваний:
81
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
49.98 Кб
Скачать

Оқушының жетекші іс-әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс-әрекетінің біршама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде, 1-сыныпта бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальді, горизонтальді, қиғаш сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балада денесін тік ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі [2].

Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру.

Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.

Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің жетілуін талап ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу – психологиялық және физиологиялық тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу дағдысын игеру үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар. Бір сөзді жазу үшін балаға көптеген амалдар жасау керек, сол себепті баланы жазуға үйретуді жазудың барлық функцияларын жүзеге асырудан көп бұрын бастау қажет.

Жазуға үйретудің негізгі міндеттері:

* фонематикалық есту және сөздің дыбыстық құрамын талдау білігін дамыту;

* қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту;

* ішкі және сыртқы сөйлеуді, сөздік-логикалық ойлаудың бастапқы кезеңдерін дамыту;

* есте сақтау қабілетін дамыту;

* жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту;

* парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыру.

Балабақшадағы интеграциялық сабақтар:

1. естігенді тез ой елегінен өткізіп, жылдам жауап қайтару (доппен ойын – «Сұрақты қағып ал да, жауапты бер», «Ертегіні ата», және т.б.);

2. сөзге дыбыстық талдау жасау, оларды модельдің көмегімен жазу, жеке әріптерді құрастыру (пластилиннен, таяқшалардан, қағаздан және т.б.);

3. парақтың бетінің кеңістігін бағдарлау («Графикалық диктант», «Нүктелерге қарап заттың суретін сал» және т.б. жаттығуларды орындау);

4. колдың саусақтарының қимылы мен синхронды сөйлеу (саусақтық имитациялар, доппен ойын және т.б.);

5. қолдың қимылдарын бақылау ( «Ережеге сай ою-өрнекті салуды жалғастыр», «Суретті шрихта» және т.б.);

6. жазу жазатын құралды дұрыс ұстау білігі, - жазуға дайындалып жүрген балаға көп көмеген тигізеді.

Баланы жазуға үйрету интеграциялық сабақтармен қатар арнайы сабақтарда, жүйелі жаттығулар мен ойындардың көмегімен жүзеге асырылады. Баланың қолын жазу дағдыландыру жаттығуларымен қатар, оқу іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру міндеті де қойылады: үлкендерді мұқият тыңдау білігі, оолардың нұсқауы бойынша әрекет жасау, өз бетінше алдына қойынған ақыл-ой міндеттерін шешу, өз әрекетін бақылау және т.б.

Балабақшада 5-6 жастағы балаларды сауат ашуға дайындауда келесі міндеттер қарастырылады:

1. көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп, оның мазмұнын айтып беру білігін қалыптастыру;

2. айтылатын нәрсенің, әңгіменің логикалық жүйесін құру білігін қалыптастыру: жоспар түзу, әңгімені неден бастайтынын анықтау, оны немен аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту;

3. балалардың сөздің қорымен жұмыс жасау (жаңа сөздер мен ұғымдарды синонимдерді, антонимдерді игеру, кітап суретерімен және көркем әдебиет тілімен танысу);

4. сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: дыбысты таза айту, дауыстың ырғағы мен күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту.

5. Балаларды ауызша және схемалық жазбаша сөйлеуден сөйлемдерді анықтауға үйрету, берілген сөздерден сөйлем құрау, сөздерді буынға бөлу, балаларды сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру .

Баланың мектепке дайындығы немесе дайын еместігі оның сөйлеу қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу барысында игеретін білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу арқылы жүзеге асырылады. Егер ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін игерсе, ал жазбаша сөйлеуді алда үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену үшін, мектепке дейін кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет.

Дамуында айытқушылығы бар балаларға ерте жастан емдік-педагогикалық көмек көрсету мекемелері.

Балаларға қажетті амбулаториялық-емханалық қызмет, өте ерте жастан 17 жасқа дейінгі аралықта, бірыңғай медициналық көмек көрсету принципі бойынша балалар емханаларында (бөлімдерінде) жасалады. Басқа амбулаториялық-емханалық мекемелер (консультациялық-диагностикалық орталықтар, жанұяны жоспарлау және репродукция орталықтары, реабилитациялық мекемелер) денсаулық сақтау жөніндегі арнаулы сұрақтарды шешеді, консультациялық көмек көрсетеді, терең диагностикалық зерттеулер жүргізеді, қажетті базасы болған жағдайда емдеу, реабилитациялық көмек көрсетеді.

Қалалық балалар емханасы (бөлімі) – алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету саласының ең басты емдеу профилактикалық мекемесі болып табылады. Соматикалық, репродуктивтік, психикалық денсаулық туралы ақпараттарды жинап, біріктіріп, сараптап, балалардың медициналық көмекпен қамтамасыз етілуінің сапасына жауап береді. Осындай жұмыстардың негізінде профилактикалық, емдеу-салауаттандыру және коррекциялық жұмыстардың негізгі басымдық бағыттарын анықтайды, сол территорияның балаларының денсаулығын сақтаудың негізгі міндеттерін құрастырады.

Үздіксіз медициналық бақылау жүйесінде учаскелік педиатрлар басты, координациялық маңыз атқарады. Олар профилактикалық емдеу, реабилитациялық жұмыстардың мезгілінде, кешенді және қажетті көлемде жүргізілуіне тікелей жауапкершілікте болады.

Бұл міндеттер орындалуы үшін балалар емханасында (бөлімінде) педиатрлар бөлімі (кабинеттері), ағарту мекемелеріндегі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімі, салауаттандыру шаралары, клиникалық-эксперттік комиссия және т.б. параклиникалық, қосарлы қызметтер жұмыс істейді.

Педиатриялық бөлімдер жаңа туған сәбиден17 жасқа дейінгі балаларға жедел және созылмалы ауруларға қарсы амбулаториялық және үйге барып көмек көрсету, диспансерлік бақылау, жұмыс істеп жүрген жасөспірімдерге профилактикалық шаралар жүргізу қызметін атқарадаы.

Репродуктивтік денсаулық жөніндегі мамандардың (балалар гинекологы, андрология …) қатысуымен арнаулы көмектер көрсетіледі.

Оқу-ағарту орындарындағы медициналық көмек көрсету бөлімдері, жалпы және коррекциялық типтердегі интернаттарға, кәсіптік білім беру орындарындағы балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады. Әскери комиссариатпен тығыз байланыста болып, ер балаларды әскерге дайындау жұмыстарын және дәрігерлік-мамандық кеңес беру, мамандыққа бағыт беру жұмыстарын жүргізеді.

Медициналық-санитарлық көмек беру бөлімі жанұяның медициналық - әлеуметтік қауіпті факторларын анықтап, медициналық, психологиялық, құқықтық көмек көрсетеді.

Емдеу-профилактикалық мекемелердің клиникалық-эксперттік комиссиясы уақытша еңбекке жарамсыздыққа экспертиза жасау мақсатында қызмет етеді. Жасөспірімдер 18 жасқа толған соң балалар емханасынан жалпы ересектер емханасының бақылауына ауыстырылады. Мұнда диспансерлік бақылауда тұрған жасөспірімдерді толық тексеруден өткізіп, комиссия шешімін көрсету арқылы ауыстырады.

Балалардың міндетті түрде медициналық бақылауда болу мерзімі, құрылымы, кезеңдері Денсаулық сақтау Министрлігінің құжаттары бойынша анықталады. Мектептерде денсаулық жағдайының ауытқулары бар балаларға салауаттандыру шаралары жүргізіледі.

Жоғары тыныс жолдарының жедел салқын тиген ауруларымен жиі ауыратын балаларға арнаулы, жеке тәртіп жасалып, витаминдерге (А,В,С) фитонциттерге (сарымсақ, пияз) бай тағамдармен қанықтырылыған рационалды тамақтану, арнаулы бағдарламадағы денешынықтыру тәрбиесі, қажетті шынығу процедуралары, симтоматикалық емдік дәрілер, кариес тістердің санациясы, УФ т.с.с тағайындалады.

Табиғи физикалық факторлардан ең қолайлысы климатотерапия (аэротерапия, гелиотерапия, серуендер) болып табылады. Арнаулы зерттеулер арқылы минералды сулармен емдеудің диуретикалық тиімділігінің жоғары екендігі, жақсы иммунологиялық өзгеріс беретіндігі анықталған. Экологиялық Қолайсыз жерлерден келген балаларға минералды ванналар жақсы көмектеседі.

Дамуында айытқушылығы бар балаларға ерте жастан емдік-педагогикалық көмек көрсету мекемелерінің шарттары бойынша аталған көмектің 3 кезеңін бөліп қарастыруға болады:

1-кезең:Бұл орталық жүйке-жүйесі бұзылған балалар мен қатер тобындағы балаларға арналған мамандандырылған көмек көрсету. Бұл көмек босану мекемелерінде басталып, арнайы психоневрологиялық, әр салалалы ауруханаларда, арнайы мамандардың бақылауымен жүреді.

Бірінші кезеңде жұмыстар алғашқы кездегі медициналық көмек пен емдік-коррекциялық жұмыстар болып келеді және ол жұмыстар балалардың кемістіктерін уақытылы анықтап және мүмкін болатын кемістіктерді болжауға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде балаларғы арналған медициналық көмекпен қоса профилактикалық шараларды ұйымдастыруға мүмкіншілік береді, себебі алғашқы уақыттағы кемістіктер одан кейін де екіншілік кемістіктерді тудыруы мүмкін.

Босану үйлерінде түрлі жарақаттармен, асфексиямен жіне ақаулықтармен туылған балалар үшін арнайы бөлмелер бар. Үлкен босану мекемелерінде биохимиялық, иммуналогиялық және цитогенетикалық , дыбыстық зерттеулер арқылы балада дамып келе жатқан ақаулықты анықтауға болады.

Босану үйлерінде сонымен қатар жеке емдеу бөлмелері де болады.

Екінші кезеңде мүмкіншілігі шектеулі балаларға арнайы көмектер стационарларда, шипажайларды, балабақшаларда, балалар үйінде, емханалар мен психоневрологиялық диспансерлерде кездеседі.

ОНЖ-сі ерте органикалық зақымданған балалар үшін, күн ваннасын өмірлерінің 1-ші жылында шынықтыру құралы ретінде пайдалануға болмайды. Бұл олардың көбісінің ішкі ми қысымының көтерілуіне, кейді ОНЖ-нің тітіркенуі мен тартылуына бейім екендігімен байланысты болады.

Дамуында ауытқушылық бар барлық балалар үшін олардың моторикасын, функциясын дамыту бойынша арнайы сабақтардың, әсіресе қозғалыс координациясы, тепе-теңдік функциясын, түзу тұруын, жүруін, кеңістікте қозғалтуын және ритмін дамыту бойынша сабақтардың маңызы ерекше.

146

Дамуында қалыңқыраған көптеген балаларда қозғалысты орындау ритмі бұзылған. Бұл әсіресе қозғалуы және сөйлеуі бұзылған балаларда ерекше жиі кездеседі. Сол себепті баланы қозғалысты берілген ритмге сай орындауға үйрету қажет. Ол үшін баламен есеппен, шапалақпен, музыкамен байланыстыра арнайы тапсырмалар өткізу керек. Қозғалысты берілген ритмде орындау баланың момторикасын жақсартып қана қоймай, оның ынтасын белсендіреді, көңіл-күй (эмоциялық) тонусын көтереді, оның тіл дамуын сәйкестендіреді.

Дамуында ауытқушылық бар балаларда, әдетте жылдамдық, икемділік, күш және төзімділік сияқты физикалық қасиеттер жеткіліксіз дамиды. Сондықтан олармен негізгі қозғалыс дағдыларын құратын және физикалық қасиеттерінің дамуына ықпал ететін арнайы жаттығулар орындаған өте маңызды. Мұндай жаттығуларға жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, сондай-ақ ойыншықтармен және заттармен жасалатын әртүрлі әрекеттер жатады. Баланы мүмкіндігінше ертерек көлемі, пішіні және салмағы бойынша заттарды ұстауға, қозғалтуға және оларды жабық көзбен сезіп байқауға үйреткен маңызды.

Дамуында ауытқушылық бар баланы тәрбиелеу оның денсаулығын қатайтумен тығыз байланыста жүреді. Ең алдымен оның ұйқысы мен тамақтану режимін бір қалыпқа келтіру қажет. Баланы анасының қолында ұйықтауға үйретпеген дұрыс. Бұны қатты қажет жағдайда ғана, мысалы ауырғанда жасауға болады. Баланы ұйықтауға күнде бір уақытта жатқызған дұрыс. Түнгі ұйқы алдында баламен қыдырған, бірқалыпты,тыныш ойындармен ойнаған пайдалы; ұйықтар алдында оны еркелетіп еліктіруге, жаңа ойыншықтар сыйлауға, жаңа кітаптар оқуға болмайды. Күнде бір ойынға ойнаған, балаға жақсы таныс әрі өзі ұнататын кітабын оқыған тиімді. Баланы ұйықтататын үлкен адам неғұрлым сабырлы болуы қажет.

147

Қозғалысы дұрыс емес, әсіресе ДЦП бар сәбиді түнгі ұйқысы кезінде бір жағынан екінші жағына аунатып жатқызған дұрыс. Егер бала ішімен ұйықтап жатса, оның басы бір жаққа қарай бұрылып жатуы қажет. Олай болмаған жағдайда, оны ішімен жатқызбау керек.

Егер сәби нормадан көп ұйықтаса, қобалжымаңыз, есіңізде болсын, оның нерв жүйесі өте әлсіз және демалысты қажет етеді.

Егер баланың сіңірі тартылатын болса, анасының түнгі ұйқы кезінде өте абай болғаны дұрыс; жанұя мүшесінің бірі баламен бір бөлмеде ұйықтағаны, тіпті жақсы болады.

Дамуында ауытқушылық бар кей балалар түнде оянбастан айқайлауы, кейді тіпті тұрып, бөлме ішінде жүруі мүмкін.

Егер бұл жағдай үнемі, яғни ұйықтағаннан кейін күнде бір уақытта болатын болса және сол уақытта бала сиіп қойса ата-анасы міндетті түрде дәрігерлермен ақылдасуы қажет, себебі мұндай жағдайларда арнайы ем қажет болуы мүмкін.

Ауру баланы тамақтандыру кезінде оның әртүрлі тағам түрлерін қалай сіңіретіндігіне назар аудару керек. Психомоторикалық дамуында қалыңқыраған кейбір балалардың зат алмасуы туылғаннан бұзылған болуы мүмкін, соған байланысты олар әртүрлі өнімдерді, мысалы сүт, қант, белоктық заттар, нащар игереді. Бұл жағдайлардың барлығында да дәрігерге қаралып, ол тағайындаған диетаны қатаң ұстау қажет.

Балада өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту

Ауру баланы тәрбиелеу және әлеуметтендіру үшін, онда өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын дамыту өте маңызды. Дмуында ауытқушылық бар балалардың барлығында өз-өзіне қызмет көрсету кезінде қажетті қол дағдылары нашар қалыптасады, бұл дағдыларды дамыту үшін бірнеше кезеңмен өткізілетін арнайы сабақтар қажет. Бірінші кезеңде баланы заттарды өздігінен алуға және тастауға, бір қолынан екінші қолына ауыстыруға, заттың өлшеміне, салмағына және пішініне қарай қозғалту күштерін шамалай алуға үйрету қажет.

148

Бала өз бетінше тамақ жей алуы үшін, қолын аузына әкелуі, одан соң нан алып, оны да аузына әкелуі, қасықты алып, өз бетінше тамақ жеуі (алдымен оған қою ботқа беріледі) тиіс, содан кейін барып кружканы ұстап, одан ішуге үйренеді. Ауытқушылығы бар баланың осы дағдының барлығын үйренуі үшін, өз бетінше қимылдауға көбірек мүмкіндік беру қажет. Өзіңізқимайтын жақсы ыдысты жинап қойып, орнына сынбайтын кеселер мен тарелкалар пайдаланыңыз. Одан кейін сәбиді біртіндеп вилканы, пышақты қолдануға үйретіңіз,. Столды сәндегенде эстетика туралы ұмытпаңыз.

Баланы киінуге үйрету үшін, алдымен үлкен, содан соң кішкентай түймелерді ағытуға, киімді дұрыс тани білуге үйретіңіз. Көптеген балалар киімнің «алды» мен «артын», ішкі және сыртқа жағын, ая киімде – оң және сол аяғын шатастаырады, көпке шеін ілмектерді, замоктарды сала алмай, аяқ киімнің бауын байлай алмайды. Мұның бәрін ойын түрінде үйретіп, жаттықтырған дұрыс. Бұл дағдының барлығы бекігеннен кейін, бала өз бетінше өмірде қолданатындай жағдай жасау керек. Мұндай сабақтардан кейін бала мұның бәрін өз бетімен жасағысы келеді. Дегенмен, ол әлі ебедейсіз және өте жай қозғалады. Сіз оған ренжімеңіз. Шыдамдылық танытыңыз, бала өз өзіне қызмет көрсету дағдыларын біртіндеп меңгеріп кетеді.

Баланы ерте жастан тәртіпке үйреткен дұрыс. Ұйықтар алдында ол өз киімін орындыққа мұқият жинап, тәпішкесін керуеттің жанына, ойыншықтарын бір орынға жинап қоюы тиіс.

Баланы тазалық дағдыларына үйрету

Ауытқушылығы бар балалардың барлығын олардың жағдайларының ауырлық дәрежесіне қарамастан, тазалық дағдыларына үйрету керек. Алайда бұл өте үлкен шыдамдылықты және табандылықты қажет етеді.

149

Дамуында ауытқушылығы бар балаларда тазалық дағдыларын дамытудың белгіі бір қиындықтары болады және ол бұл балалардың ауруларының ерекшеліктеріне де, тәрбиелеудегі қателікке де байланысты болады. Көптеген ата-аналар өз баласының болашағын ойлап, баланы тазалық дағдыларына өте ерте жастан үйрете бастайды, алкейбірі, керісінше, оны аяп, бірінші жылында оған онша мән бермейді. Екі жағдайда да дағдыларды қалыптастыру қиынға түседі.

Бұл қателіктерге жол бермеу үшін, ата-ананың сау балада тазалық дағдыларын дамыту ерекшеліктерін білгені дұрыс; баланың бір жасына дейін, қағида бойынша, зат пен оның арналуы арасында байланыс болмайды, сол себепті бұл жаста баланы горшокты пайдалануға үйретудің қажеті жоқ. Балалардың көбінде бұл байланыс екі жасында пайда бола бастайды. Алайда бұл жаста әрекеттің басым түрі қозғалыс болыптабылады, бала жүруді игеруге беріліп кетеді де, өзіні қуық қызметін бақылауды ұмытып кетеді. Бұл бақылау біртіндеп, жасы үлкейген сайын қалыптасады. 2 жастағы балалардың көбінде тазалық дағдысы ішінара қалыптасады, алайда бұл жаста бала горшокты пайдалану кезінде мазасызданып, бірнеше рет тұрып кетуі мүмкін. Бұл дағды тек 3-3,5 жасында ғана неғұрым тұрақты түрде қалыптасады.

Ата-аналардың тазалық дағдыларын үйретудің ұзақ процесс екендігін және сау балада ол қалыпты жағдай өзгергенде бұзылуы мүмкін екендігін ескергені дұрыс.

Ата-ана баласын тазалық дағдысын білдірген жағдайда мақтауы, ал бұзылған жағдайда мүлдем орыспауы керек. Ақыл-ойы қалыңқыраған баланың өзі жаман іс істегенін сезеді, сондықтаната-ананың ұрсуы оның мазасыздандырып, дағдының қалыптасуына көмектеспейді, керісінше эмоциялық стресс есебінен оны бұзады.

150

Тазалық дағдысына әрбеиелу үшін ата-анасы балаға горшокты белгілі бір уақыт аралығы сайын ұсынуы қажет. Бала ата-анасын қуантуға ұмтылуы тиіс, себебі ол горшокты не үшін пайдалану керектігін ұғыну оған әлі қиын.

Тазалық дағдысына тәрбиелеу кезінде ата-аналардың аномальды даму ерекшелігіне байланысты мынадай сәттерді ескергені дұрыс: горшокта отырғанда бала қорықпауы тиіс. Ол өзін тыныш сезінуі үшін, қасында үлкен адамның болғаны жөн; қолына ешқандай ойыншық бермеу керек, ол өз ынтасын соған аударып жібереді; көптеген балалар үшін отыру қалпын ұстау және осы қалыпта күшеніп, дәретке отыру қиынырақ болады.

Соңғысы дамуында ауытқушылық бар балалардың көбінің тазалық дағдысына үйренуді едәуірқиындатады. Бұл жерде мынадай кеңестер пайдалы. Егер бұл кішкентай бала болса, анасы горшокты алдына алып отыруы тиіс, бұл баланың отыру қалпын ұстауына көмектесіп, оның басын ұстауын бақылауға және тепе-теңдікті сақтауына көмектеседі. Анасының көмегімен бала өзін еркін сезіне алады. Кейде горшоктың жиегіне қуысты резеңке қойған да пайдалы, оны горшоктың жиегінде тұратындай және балаға ыңғайлы болатындай етіп орнатады, сондай-ақ арнайы орындықтар қолданған да пайдалы, бала оның көлденең ағашынан ұстап отыра алады.

Ұл балалардың психосексуалдық тұрғыдан дұрыс дамулары үшін тазалыққа тәрбилеудің басынан бастап тұрып дәрет сындырулары тиіс. Қозғалысында кінәрат бар балалар үшін екі жағы көтерілетін арнайы горшокты пайдалануға болады, бала оны ұстап тұрып өзін неғұрлым орнықты сезінеді және құлап кетемін деген қорқынышыты жеңеді.

Баланың өзін теңдікте ұстау реакциясы және отыру функциясы жеткіліксіз дамығын жағдайда, бала құрылғының шетінен ұстап отыруы үшін горшокты ағаш жәшікке немесе үш бұрышты орындықтың не табуретканың негізіне салып қойған жөн.

Бала өмірінің алғашқы жылдарынан бастап горшокты өзі алуға, неғұрлым үлкен болғанда - өз бетімен оны пайдалануға тырысуы тиіс. Ата-ананың міндеті - осы функцияларды баланың өзінің орындауына мүмкіндік туғызу. Дәретхана қағазын баланың қолы жететін жерге орналастырады. Баланың киімі өзі шеше алатындай болуы тиіс.

151

Машықты дамытудың бірінші сатысында, бала түрлі тәсілдерді қолданып айналасындағыларға өз қажеттілігі туралы хабарлай бастаған кезде, ересектер осы сигналдарға – ымына, мимикасына, сөзіне, көз қарасына, дауысына барынша көңіл аударулары тиіс.

Келесі кезеңде, бала горшокты өзі алуды және киімін шешуді бастаған кезде, жоғарыда айтылып кеткендей, оның осы әрекеттерді істеуде толық тәуелсіз болуы үшін жағдай туғызған дұрыс.

Балада тазалық машықтарын қалыптастыруды жеңілдету үшін сіз оны ең алдымен бір уақытта тамақтандырып, бір уақытта сусын беруіңіз керек. Соған сәйкес горшоққа отырғызу керек. Баланы горшокқа басында жиі отырғызыңыз (мысалы, бір сағат сайын), бірақ горшокта ұзақ отырғызып қоймаңыз (5-6 минуттан ұзақ емес).

Тазалық машықтарын үйреткен кезде барынша шыдамды әрі әрекеттеріңіздің бірізділігін сақтаудың қажет екендігін тағы да естеріңізге саламыз. Осы машықтарға тәрбилеуде сіздің балаңызбен ғана қиындықтар туындайды деген ойдан аулақ болыңыз. Қандай жағдай болмасын балада туындағы қиындықтардың себебін түсіну және барлық күшін оны жеңуге бағыттау керек.

Ата-анасының қанша күш жұмсағанына қарамастан, бала 4 жасқа келгенде тазалық машығы әлі қалыптаспаса немесе машық қалыптасып, содан кейін қандай да бір жағымсыз әрекеттердің салдарынан жоғалып кеткен жағдайда, баланы дәрігерге қаратуыңыз қажет.

Дамуында ауытқушылық бар, күндізгі уақытқа тазалық машығы қалыптастырылған көптеген балалар түнде ұйқыда жатқанда еріксіз зәр жіберіп алады – энурез. Дамуында ауытқушылығы бар балаларда түнгі энурез көбінесе ұйқы механизімінің бұзылуымен байланысты. Сондықтан мұндай жағдайларда маңызды режимдік сәттердің бірі баланың ұйқы режимін қатаң ұйымдастыру болып табылады. Баланың ұйықтауы үшін қолайла жағдайлар жасау қажет, ол үшін ұйықтағанға дейін 2 сағат бұрын әртүрлі эмоциялық әсерлендіру әсері бар (көп қозғалатын ойындар, теле хабарлар көру және т.б.) әрекеттерді тоқтату, бала жылы бөлмеде, аяқ жағы кішкене көтеріңкі жартылай қатты керуетте ұйықатуы тиіс. Сондай-ақ белгіленген тамақтану және ішу режимін сақтаудың және күннің екінші жартысында сұйықтық мөлшері көп өнімді шектеудің де маңызы зор. Ұйқыдан 4-5 сағат бұрын ішудің қайсысын болса да тоқтату керек. Егер бұл режимдердің барлығы да жеткіліксіз болса, онда психоневролог-дәрігермен ақылдасқан дұрыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]