Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой Капитал мен резервтер.doc
Скачиваний:
56
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
480.26 Кб
Скачать

Ііі. Пәнаралық байланыс

3.1 Бухгалтерік есептің экономика, қаржы ғылымымен байланысы

Кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржысы олардың шаруашылық қызметінің процесінде туындайтын және капиталды, кіріс пен ақша қорын қалыптастыру әрі оны пайдалану үшін қажет ақша қатынастарының жүйесі болып табылады.

Капитал (баланстың пассиві) - активтің (айналымнан тыс және айналым) пайда болатын көзі.

Кіріс тауар сатудан алынатын және өзге де операциялық және сатудан тыс алынған түсімнің нысаны болып табылады.

Ақша қоры тұтыну, жинақтау және резерв қорына бөлінеді. Ақша қоры - көзделген мақсатқа сәйкес және біршама дербес қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің ақшалай қаражатының жеке бөлігі. Ақша қоры кәсіпорын айналымындағы ақшалай каражаттың тек бөлігін ғана құрайды.

Корпоративтік қаржының басты функциясы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады (1 -сурет).

Нарықтық (тауарлық) шаруашылық жағдайында корпоративтік қаржының мына үш функциясы заңды түрде танылған:

1) капитал, кіріс және ақша қорын қалыптастыру;

2) капитал, кіріс және ақша қорын пайдалану;

3) бақылау функциясы.

Бірінші функция ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тауар сатудан алынған түсімді бастапқы бөлу есебінен кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржы жоспарында (бюджетінде) көрсетілетін арнайы қоры пайда болады.

Бухгалтерлік есеп жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес бухгалтерлік баланста құрылтайшылық құжаттар мен осыған орай пайда болған және есептік саясаттың жыл бойы жұмыс нәтижелері бойынша таза (бөлінбеген) таза кірістің есебінен қабылдаған тұтыну мен жинақтау қорының қалдығы жеке көрсетілмейді. Таза пайданың пайдаланылуын сипаттайтын тиісті ажырату бухгалтерлік балансқа және пайда мен залал жөніндегі есепке түсіндірмеде (атап айтқанда, капитал өзгерісі жөніндегі есепте), сондай-ақ түсіндірме жазбада келтіріледі.

3.2 Бухгалтерік есептің аудитпен байланысы

Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.

Басқаша айтсақ, резервтік капитал - кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда - кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құрылады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, кәсіпорынның оны құруға құқы жоқ.

Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қогамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.

Қоғамның резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол акционерлік қоғамның жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан (пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады.

Егер қайсыбір төлемдер нәтижесінде қоғамның резервтік капиталы оның жарияланған жарғылық капиталының 15%-нен кем болып қалса, онда қоғам көрсетілген шамаға дейін резервтік капиталды толықтыру үшін аударымды жаңғыртуға міндетті.

Резервтік капиталды қалыптастыру мен пайдалану былайша көрсетіледі.

1. Резервтік капиталға аударымдар – 5510 К-т «Құрылтай құжаттарда белгіленген резервтік капитал», 5460 «Басқа да резервтік капитал» шоттары және Д-т 5510 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған залалы)» шоты бойынша.

2. Резервтік капиталды пайдалану Д-т 5410, 5460 шоттары бойынша жазба негізінде корреспонденцияда шоттармен бақыланады:

«Қатысушылардың дивиденттері бойынша есеп айырысу» 6200 бөлімшесі және 3340 Басқа да шоты «Басқа да кредиторлық берешектер және есеп айырысу» 6800 бөлімшесі бойынша есепті жылдың табысы болмаған жағдайда немесе жеткіліксіздігі кезінде серіктестікке қатысушыларға дивидендтер мен кіріс төлеуге;

«Бөлінбеген табыс (жабылмаған залал)» 5610 бөлімшесі кәсіпорынның есепті кезең немесе өткен жыл ішіндегі шығындарын жабуға.

Резервтік капитал есебі 13 журнал-ордерде жүргізіледі. Аудитор резервтік капиталды тексергенде оны құру мен пайдаланудың дұрыстығын, баланста көрсетілген «Резервтік капитал» бабы бойынша, жыл басы мен соңындағы қалдықтардың 13 журнал-ордердің мәліметтері бойынша Бас кітапта келтірілген 5410 шот қалдықтарымен сэйкестігін міндетті түрде анықтауға тиіс.