Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
240.66 Кб
Скачать

1.3 Ақша қаражаттары қозғалысын талдаудың мақсаты мен әдістемесі

«VIP-ГТ» ЖШС-нің ақша қаражаттарының жылжуы туралы есептіліктен ақша қаражаттарының түсуі тауарларды сатумен және сатып алушылардың авнстық төлемдерімен байланысты болып келеді.

Ағымдағы жұмысында алынған несиелер бойынша пайыздар төленіп отырылды.

«VIP-ГТ» ЖШС-нің ақша қаражаттарының жылжуы инвестициялық қызметінің шегінде жер учаскелеріне, ғимараттарға, құрал-жабдықтарға, материалды емес активтерге, оларды сатумен, басқа ұйымдарға ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асырумен байланысты.

Кез келген бизнес аздаған ақшалай қаражаттар көлемінен басталады. Олар өз кезегінде өндірістік босалқыларға айналады. Одан кейін айналым капиталы өндірістік нысаннан тауарлы нысанға, ал өткізу сатысында ақшалай нысанға өзгереді. Айналым капиталының айналымы негізгі шаурашылық операцияларымен тікелей бйаланысты:

  • сатып алулар шикізаттардың, материалдардың, тауарлардың қорлары мен кредиторлық қарыздардың өсуіне алып келеді;

  • өндіріс дебиторлық қарыздар мен кассадағы ақшалай қаражаттардың өсуіне алып келеді.

Аталмыш операциялар ұдайы қайталанып отырады және ақшалай түсімдер мен төлемдерге саяды.

Сонымен ақшалай қаражаттардың қозғалысы шикізаттар, материалдар үшін төлемдер жүргізу мен дайын өнімді сатудан ақшалай түсімдердің түсу уақыт аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің уақыт аралығына жабдықтаушылардың ұйымды несиелеу кезеңі, ұйымның сатып алушыларды несиелеу кезеңі, шикізаттар мен материалдардың қор түрінде сақталу кезеңі, өндіріс және дайын өнімнің қоймадағы сақталу мерзімі ықпал жасайды.

Ақшалай қаражаттардың қозғалысын талдау 3 «Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп беру» формасы арқылы жүзеге асады (Б қосымшасы). Бұл есеп беру формасында ақшалай қаржаттардың қозғалысы үш бағытта ашып көрсетіледі: операциялық, инвестициялық және қаржылық.

Алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылды басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

7 ХҚЕС-қа сай субъекттер жасаған «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есептік кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

Ақша қаражаттарының қозғалысы операциондық, қаржылық, инвестициялық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерін ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттырының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашылып көрсетіледі [7].

Операциондық қызмететегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциондық қызметет тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден, шығыстарынан тұрады.

Жанама әдістер – бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдісте қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

1 кесте - Табысты түзету

Таза табысты түзететін операциялар

Түзетуді жүргізудің тәртібі

Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы

Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді

Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер

Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетіледі

Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері, кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер

Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағынының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді

Ескерту - «VIP-ГТ» ЖШС мәліметтері негізінде автормен құралған.

Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сатып алу,сату және берілген несиені өтеу және алу.

Инвестициялық қызметке мыналар жатады:

  • Негізгі құралдарды, материалды емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа ұйымдардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер;

  • Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы;

  • Қаржылық инвестицияларды алу, басқа ұйымдарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.

Инвестицяилық қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылық инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.

Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады:

Оған мыналар жатады:

  • Шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;

  • Алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.

Ұйым қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу, басқа ұйымның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б.[8].

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі:

  1. Өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады;

  2. Өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруышылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы салыстырылады;

Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда қызмет түріне сомалардың үлес салмағын анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мыналар баяндалуы керек:

  • операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін ұйым қандай әдісті пайдаланады;

  • түсетін ақша қаражаттары мен клиент атына төленетін ақша қаражаттары нетто негізінде ашыла ма, әсіресе ұйымның өз ақша қаражаттарынан клиеттердің ақша қаражаттары асып кеткен жағдайда;

  • ақша қаражатының қозғалысы бойынша шектеулер және т.б.[9]

  1. ҰЙЫМНЫҢ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕБІ