Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
111
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
240.66 Кб
Скачать

3 Ұйымдағы ақша қаражаттарын талдауды жетілдіру жолдары

3.1 Ақша қаражаттарын талдау әдістемесі

Ұйымның ақша ағымдары ашық жүйе ретінде қарастырылады.Ұйымның жетістікке жетуі оның дер кезіндегі сыртқы әлеуметтік – экономикалық ортаға жылдам бейімделуінде. Ұйымның ақша ағымдарының назарынан тыс қалдырмауы тиіс сыртқы жағдайларға: күшейген жаһандануы ушыққан бәсекелестікті, шикізаттар мен материалдар бағасының жоғарылығын, бұйымның өмірлік кезеңінің қысқаруын жатқызуға болады.

Осы мүмкіндіктерді қаншалықты іске асыра алуды білу және олардың қоршаған ортаға қаншалықты қажет болатынын түсіну – бүгінгі күннің басты талабы. Жетістікті «VIP-ГТ» ЖШС-де ақша ағымдары сыртқы қоршамға бейімделіп қана қоймай, мүмкіндіктері жоғары дәрежеде сәйкес келетіндей өзінің айналасында осындай орта қалыптастыру үшін белсенді әрекет етеді.

Ешқандайда ұйымның ақша ағымдары нарықта тауарларының барлық коммерциялық қасиеттері мен жылжыту құралдары бойынша бәсекелестерінен асып түсе алмайды. Олардың ішінен артықшылық беретіндерін талдау және нарық жағдайының даму тенденциясына көбірек сәйкес келетін және ұйым қызметінің күшті жақтарын ең жақсы жолмен қолдана алатын стратегияны жасау қажет. Казіргі күні экономикалық ғылымда қойылған мақсаттарға сәйкес стратегиялардың екі түрін: портфельдік және бәсекелестік деп бөледі.

Портфельді стратегия ұйымның жалпы іс - әрекетін және жекелеген қызмет аумақтарындағы бәсекелестік артықшылықтарын анықтап, және сол алынған бәсекелік артықшылықтарды ары қарай бәсекелік стратегиялар шегінде кешенді қолдануды қамтамасыз етеді. Мысал ретінде диверсификацияны алуға болады. Әдетте глобальді ұйымдар өз сату көлемдері мен пайдаларындағы өзгерістерді бақылап отырады. Осы мақсатта шетелдік нарықтарды іздей бастайды. Осылайша құлдыраушы бір елде сату көлемі азайғанда экономикалық өрлеп жатқан басқа бір елде сату көлемі көтеріледі.

Жалпы алғанда портфельдік стратегияларының негізгі мақсаттары инвестиция салуды қажет ететін бөлімшелерді таңдау.

Ұйымның ақша ағымын алатын болсақ тауар портфеліндегі тауарлардың қайсысына қаржы керек немесе инвестициялауды тоқтату керектігін және ұйымның жалпы стратегиялық бағытын анықтау.

Портфельдік стратегияларға қосымша бәсекелестік стратегиялар ұйымның әр қызмет бөліміне не істеу қажет екенін анықтайды. Бәсекелік стратигияны ауық – ауык стратегиялық шешімдермен қаптап отыру қажет стержень ретінде қарастыруға болады. Мұндай шешімдерге:

  • саладағы бәсекелестікті таңдау;

  • мақсаттарды анықтау;

  • бәсекелестік стратегияларды жасау және іске асыру;

  • бәсекелестік артықшылықты ұстап тұруды жатқызуға болады.

Жоғарыда аталған ұйымның әрекеттері өзара байланысты және бір – бірін толықтырады. Мысалы әр бір стратегиялық шешім сала туралы ақпаратты қажет етеді. Бәсекелестік стратегияны жасау және іске асыру ұйымның ақша ағымдарының нақты алға қойған мақсатынсыз жүзеге асыру қиын. Нарықтағы тепе-теңдікті ұстап тұру сол стратегияларының дер кезінде дұрыс іске асыруына байланысты. Бәсекелестіктің сипаты мен деңгейін анықтау үшін автор ұйымның бәсекелестіктік стратегияларын жоспарлауға қатысты бәсекелестіктің бес күші моделін кеңсе өнімдерін өндіру саласында қарастырады. Модельге сәйкес бәсекелестік стратегияларды құру екі кезеңнен тұрады: ұйым әрекет ететін саланы талдау және сол саладағы бәсекестер тепе-теңдігін анықтау. Бұлар:

  1. жаңа бәсекелестер пайда болу қауіп – қатері;

  2. алмастыру – тауарлар пайда болу қаупі;

  3. жинақтаушы бұйымдар жеткізушілерінің саудаласу қабілеттілігі;

  4. тұтынушылардың саудаласу қабілеттілігі;

  5. қазір әрекет етуші бәсекелестердің өзара бақталасуы [35].

Салаға жаңа өндірістік қуат әкелетін және нарықтан өз үлесін алғысы келетін жаңа бәсекелес ұйымдардың пайда болуы тауар ұсынысын көтереді де бағаға қысым көрсетеді. Бәсекелестің пайда болуы екі факторға байланысты: сұраныстың көбеюі және экономика заңдылығына сәйкес бағаның көтерілуі жаңа бәсекелестерді шақыру сигналы бола алады; нарыққа ену барьерлерінің деңгейі және сол нарықта жұмыс істеп жатқан ұйымдардың жаңа бәсекелестерге реакциясы .

Нарыққа енуге кедергі келтіретін барьерлері:

  • өндіріс масштабы: жаңа енген ұйымның ақша ағымдары бірден көп көлемді өнім шығаруы керек, сәйкесінше үлкен шығындарды қажет етеді. Ал нарықта артық тауар көлемі пайда болып бұрыннан жұмыс істеп жатқан ұйымдарға қауіп – қатер туғызуы мүмкін;

  • технология мен ноу – хауға қол жеткізе алмау;

  • тәжірибе оқыту қисығының эффектісі.

Өндіріс шығындарын азайту сол тауарларды өндіру тәжірибесіне байланысты;

  • айтарлықтай мөлшерде капитал салымын қажет етеді;

  • өткізу арналарын білмеу;

  • бақылаушы органдар іс – қимылдары;

  • тарифтік және тарифтік емес шектеулер болуы мүмкін.

Қол жетерлік және бәсекеге қабілетті тауар – субституттарының

болуы кеңсе тауарлар ұйымдардың ақша ағымдарының тұтынушыларды сол ұқсас тауарларға кетіп қалмауы үшін ұстап тұрарлық жаңа бағалық ынталандырушылық жылжыту шараларын ұйымдастыруды талап етеді. Бірақ жаңа баға төмендетуі сәйкесінше пайда деңгейін төмендетуге ал ынталандыру немесе жылжыту шараларына қосымша шығын қажет етеді. Ол өз кезегінде бағаны жоғарлатуға әкеледі. Яғни екі жақты әсер береді. Ол мәселені шешу үшін өндіріс шығындарын азайтудың жолдарын іздестіру қажет.

Алмастырушы тауарлардың пайда болуы тұтынушыларға олардың бағасын ғана емес сонымен қатар сапалық қасиеттерін салыстыруға итермелейді. Алмастырушы тауарлар бағасының төмен болған сайын, тұтынушы шығаратын шығыны азаяды, яғни алмастырушы – тауар тарапынан бәсекелестікке әсері күшейеді.

Тауар – алмастырушылардың бәсекелестік күштерінің көрсеткіштері: олардың сату көлемінің өсу қарқыны оларды нарықта жылжыту жолдары пайда деңгейлері.

Кеңсе тауарларды шығару және сатуды қарастыра аламыз. Яғни бұл жерде айталық «Абди» тауар маркасы «Дерия» ұйымының басқа тауары «НТ» жеңілдетілген кеңсе тауарымен басқа ұйымы кеңсе тауарларымен бәсекелесе алса сонымен қатар «VIP-ГТ» ЖШС – нің тауар маркасымен бәсекелестікке түседі.

Бәсекелестік саясаттың мақсатын құра отырып ұйым келесілерді анықтауы тиіс:

  • шығуы мүмкін нарық масштабы;

  • нарықты өңдеу мөлшері;

  • стратегияның алғашқы мақсаты;

«VIP-ГТ» ЖШС-тің операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттарын ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп берулерде ұсынады.

Операциялық қызмет ретінде өнімдерді өткізуден түскен ақшалар, пайыздар мен дивидендтер ретінде түскен ақшалар, сондай – ақ тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге төлемдер, еңбек ақы, пайыздар мен салықтарды төлеуге жұмсалған ақша қаражаттарының шығуын түсіндіруге болады.

Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды сипаттайды.

Қаржылық қызметке займдар (төленуге тиісті вексельдер, облигациялар, ұзақ және қысқа мерзімді займдар), сондай – ақ жай және артықшылықта акцияларды шығару жатқызылады.

Ақша қаражаттары келесі кесте арқылы талданады (7 кесте ).

7-кесте  2013-2014 ж.ж. «VIP-ГТ» ЖШС ақша қаражаттарының қозғалысы (теңгемен)

Рет №

Көрсеткіштер

Іс жүзінде

Ауытқуы (+;-)

2013 ж.

2014 ж.

І. Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттар

1

Ақша қаражаттарының түсімі, барлығы

115962044

811207067

695245023

7 – ші кестенің жалғасы

 

Өнім өткізуден түскен түсім

-

818004368

-

 

Алынған аванстар

-

27421051

-

 

Басқа да түсімдер

115962044

(34218351)

-81743693

2

Ақша қаражаттың жұмсалуы, барлығы

-

742381

-

 

Тауарлар  мен көрсеткен қызметі үшін жабдықтаушыларға төлем

-

542834978

-

 

Еңбекақы б/ша төлемдер

-

66362765

-

 

Бюджетке төленетін басқа да төлемдер

-

54376476

-

 

Басқа да төлемдер

-

70-92248

-

3

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттардың таза сомасы

68825623

115962044

 47136421

ІІ. Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттар

1

Ақша қаражаттардың түсімі

-

-

 -

 

Негізгі құралды өткізу

-

-

 -

 

Басқа да түсімдер

-

-

 -

2

Ақша қаражаттың жұмсалуы, барлығы

-

-

 -

 

Материалдық емес активтерді сатып алу

-

-

 -

3

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттардың таза сомасы

-

-

 

ІІІ. Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттар

1

Ақша қаражаттардың түсімі

-

16811

 -

2

Ақша қаражаттарың жұмсалуы

-

111703426

 -

3

Қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттардың таза сомасы

-

(111686615)

 

 

Жиынтығы

115962044

(42860992)

 73101052

 

Есепті кезең басындағы ақша қаражаттар мен олардың баламалары

-

115962044

 -

 

Есепті кезең соңындағы ақша қаражаттар мен олардың баламалары

115962044

84335639

200297683

Ескерту -«VIP-ГТ» ЖШС мәліметтері негізінде автормен құралған.

Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай ұйымда ақшалай қаражаттардың қозғалысы тек операциялық қызмет бойынша ғана жүзеге асқан және барлық бап бойынша өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Атап айтқанда ақшалай қаражаттардың түсімі 811207067 мың тг-ге және жұмсалуы 695245023 мың тг-ге өскен. Осы арқылы таза ақшалай қаражаттар легі 115962044 мың тг құраған. Ұйым ақшалай қаражаттарының қозғалысы өткен 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы біршама төмендеген. Яғни, ақшалай қаражаттардың түсімі олардың жұмсалуынан кеміп отыр. Осы арқылы оның қалдықтары өскен. Әрине дебиторлық және кредиторлық қарыздардың айналымын реттеу арқылы бұл жағдайды әрі қарай жақсартуға болады.

«VIP-ГТ» ЖШС ақша ағымдарының тігінен ықпалдастырылған құрылым, мемлекеттің 100 % үлесі бар кеңсе тауарлар – Басқарушы ұйымдар болып табылады.

Ұйымның мақсатты құрылымы қызметтің негізгі бағыттарына: кеңсе тауарларды өңдеуге және өндіруге, тауарды тасымалдауға, маркетинг пен өткізуге шоғырландырылған.

Ұйым Қазақстанда және шетелдерде жұмыс істейтін 4 еншілес, бірлесіп бақыланатын, басқа да тәуелді ұйымдарға қатысады немесе акционер болып табылады.

2014 жылы Қазақстан Республикасы бойынша кеңсе тауарларды сату бойынша 306183 теңгеден артық табыс көрді.

2014 жылы негізгі капиталға барлығы 107млрд. теңге сомасына бағаланып отыр, оның ішінде меншікті қаражат есебінен – 77,7 млрд. теңге, қарыз қаражаты есебінен – 27,9 млрд. теңге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен –кеңсе тауарды жетілдіру жолдары жобасына жіберілген 4 млрд. теңге, оның ішінде бұрынғы шығындарды өтеуге 3 млрд. теңге.

2014 жылы негізгі капиталға инвестициялардың барлығы 105,6 млрд. теңгені, оның ішінде өндіріске – 59,2 млрд. теңгені немесе капитал салымдарының жалпы көлемінің 78,4 % -ын құрады. 2013 жылғы капитал салымдарының сомасы 2014 жылдың осындай көрсеткішінен 20,4 млрд. теңгеге жоғары.

2014 жылы Ұйымның ақша ағымының негізгі капиталына инвестициялардың барлығы 142,9 млрд. теңге сомасына бағаланып отыр, оның ішінде меншікті қаражат есебінен – 107,4 млрд . тенге, қарыз қаражаты есебінен – 35,5 млрд .теңге.

Кірістердің өсуі кеңсе тауарлар өндірудің ұлғаюына, 2013 жылмен салыстырғанда кеңсе тауарлар экспорттық бағасының өсуіне, кеңсе тауарлардың жүк айналымының ұлғаюына,кеңсе тауарлар және кеңсе тауарларды өнімдерін сатудан түсетін кірістердің, кеңсе тауарлар сатудан түсетін кірістердің ұлғаюына байланысты [36].