Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
доклад.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
39.65 Кб
Скачать

18 Слайд

Ұйымдар қолма – қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандарынан төлем тапсырмасын пайдаланады.

Тараптардың өзара келісіміне сәйкес төлем тапсырмасы бойынша есеп айырысулар жедел, мерзімді және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.

  • Жедел төлем өнім тиелгенге дейін және өнім тиеліп жіберілгеннен кейін бірден төленеді.

  • Мерзімі ұзартылған төлем тараптардың қаржылық жағдайына зиянын тигізбейтіндей мәмілелер шегінде орындалады.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялар 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары» активті шотында жүргізіледі, оның дебетінде ақша қаражаттарының келіп түсуі, ал кредитінде олардың шығыс етілуі көрсетіледі.

Бұл шотта, сонымен қатар кәсіпорынның шетел валютасындағы ақша қаражаттары да есептелінеді. Халықаралық бухгалтерлік есептің базалық валютасы қазақстандық теңге болып табылады. Бұл дегеніміз, валюталық операциялар бойынша барлық есептік жазбалар валюта түріне байланыссыз теңгеде жазылу керек дегенді білдіреді. Егер операция қандай да бір шетел валютасында жасалынған болса, онда бухгалтерлік есеп үшін нақты соманың теңгелік баламасы қолданылады.

Банктердегі есеп айырысу шоты келесі құжаттардың негізінде ашылады:

  • Бекітілген нысандағы өтініш;

  • Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

  • Төраға мен бас бухгалтердің қолдарының үлгілері бар карточка және нотариалдық кеңсемен расталған ұйым мөрінің бейнесі;

  • Төлеуші ретінде тіркелгені жөніндегі салық комитетінің анықтама қағазы;

  • Ұйым жарғысының көшірмесі.

19 Слайд

ҰЙЫМДАҒЫ АҚША ҚАРАЖАТТАРЫН ТАЛДАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Ұйымның жетістікке жетуі оның дер кезіндегі сыртқы әлеуметтік – экономикалық ортаға жылдам бейімделуінде. Ұйымның ақша ағымдарының назарынан тыс қалдырмауы тиіс сыртқы жағдайларға: күшейген жаһандануы ушыққан бәсекелестікті, шикізаттар мен материалдар бағасының жоғарылығын, бұйымның өмірлік кезеңінің қысқаруын жатқызуға болады.

«VIP-ГТ» ЖШС-тің операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпараттарын ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есеп берулерде ұсынады.

  • Операциялық қызмет ретінде өнімдерді өткізуден түскен ақшалар, пайыздар мен дивидендтер ретінде түскен ақшалар, сондай – ақ тауарлар мен қызметтерді жеткізушілерге төлемдер, еңбек ақы, пайыздар мен салықтарды төлеуге жұмсалған ақша қаражаттарының шығуын түсіндіруге болады.

  • Инвестициялық қызмет ұзақ мерзімді активтерді сатып алуды сипаттайды.

  • Қаржылық қызметке займдар (төленуге тиісті вексельдер, облигациялар, ұзақ және қысқа мерзімді займдар), сондай – ақ жай және артықшылықта акцияларды шығару жатқызылады.

20 Слайд

Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай ұйымда ақшалай қаражаттардың қозғалысы тек операциялық қызмет бойынша ғана жүзеге асқан және барлық бап бойынша өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады. Атап айтқанда ақшалай қаражаттардың түсімі 811207067 мың тг-ге және жұмсалуы 695245023 мың тг-ге өскен. Осы арқылы таза ақшалай қаражаттар легі 115962044 мың тг құраған. Ұйым ақшалай қаражаттарының қозғалысы өткен 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы біршама төмендеген. Яғни, ақшалай қаражаттардың түсімі олардың жұмсалуынан кеміп отыр. Осы арқылы оның қалдықтары өскен. Әрине дебиторлық және кредиторлық қарыздардың айналымын реттеу арқылы бұл жағдайды әрі қарай жақсартуға болады.