Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
доклад.docx
Скачиваний:
52
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
39.65 Кб
Скачать

21 Слайд

«VIP-ГТ» ЖШС -де кассадағы ақша қаражаттарының есебі қолмен жүргізілетінін көрсетіп отыр. Қолмен жүргізілетін арифметиалық және экономикалық есептер ұйымның кассадағы ақша қаражаттарының есебінің тиімділігін төмендетеді.

Құжаттардың көп санының ақша қаражаттарының есебі бойынша бухгалтер есептілікте қателер жібереді, ұйымның бухгалтериясына есептілікті кешігіп толтырады.

Касса құжаттарын толтырған кезде есеп жұмысшысы жұмыс уақытының көп бөлігін құжаттарды толтыруға жібереді.

Ақша қаражаттарының есебі – бухгалтерлік есептің жұмысты көп қажет ететін бөлімшесінің бірі. Бөлек шаруашалық процестердің уақытысында істеуін, касса жұмысшысының есептілігінің күніге толтыруын талап етеді.

Жоғарыда көрсетілген себептер серіктестіктің кассадағы ақша қаражаттарының есебінің жетілдіруін талап етеді.

Менің ойымша, серіктестіктің кассадағы ақша қаражатындағы бухгалтерлік есебінің жетілдіруінің бірі оның автоматизациялауы болып келеді.

Ақша қаражаты есебінің автоматизациялауының қажеттілігі келесілермен түсіндіріледі:

  • ақша қаражаттарының есебі бойынша бірінші құжаттарының тез жазып беру қажеттігі;

  • құжаттарды жазып берген кезде қателерді жібермеу;

  • машинаға реквизиттерді енгізілетіндердің санын төмендету;

  • тексеріс пен бақылауды қамту;

  • шаруашылық процесстер туралы ақпараттарды детальдеу;

  • есеп операциялардың еңбек қажеттілігін төмендету, жұмыс уақытын қысқарту;

  • бухгалтердің еңбек өнімділігін жоғарылату.

Автоматизациялаудың мақсаты – қазіргі нарықтық экономика жағдайында кассадағы ақша қаражаттарының есебінің тиімділігн жоғарылату.

22 Слайд

ҚОРЫТЫНДЫ

«VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде төмендегі қорытынды жасауға болады.

«VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласында қызмет істеп келеді. Ұйымның шаруашылық қызметінің негізгі саласы – кеңсе тауарларды шығарып сату. Ұйым қызметінің мақсаты – жоғары сапалы өнім шығару, заңды және жеке тұлғалардың сұранысын қанағаттандыру. Аз шығынды шығарып, табысты көп табу,ұйымдардың қажеттілігін қанағаттандыру.

Ұйымның көрсететін қызметі қазіргі уақытта нарықтық экономика жағдайында үлкен сұранысқа ие. Ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижесі 2013 жылы 10076949 теңге зиян шексе, 2014 жылы ұйым 357954852 теңге таза табыспен аяқтады.

«VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте есеп жұмысының соңғы этапы қаржылық қорытынды есепті құру болып табылады. Қаржылық қорытынды есептің мақсаты – заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, шаруашылық қызметінің нәтижесі және есепті кезең ішіндегі оның қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы пайдалы, маңызды және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету. Зерттеу жүргізілген субьектінің қаржылық қорытынды есебі бухгалтерлік баланстан, табыстар мен шығыстар туралы қорытынды есептен тұрады. Бухгалтерлік баланс қаржылық қорытынды есепте үлкен маңызды рөл атқарады. Ол белгілі бір мезгілдегі ұйымның қаржылық жағдайын көрсетеді. Бухгалтерлік баланс субъектінің активтерін, міндеттемелерін және меншікті капиталын көрсетеді.

Касса

  1. Түсуге тиіс дебиторлық борыш сомасы ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 1210

  2. Еншілес, тәуелді серіктестіктердің берешек ақшалары ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 1220-1240

  3. Есептелген пайыз бойынша алынуға тиіс дебиторлық борыш сомасы ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 1270

  4. Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс ретінде алған ақшалары ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 1250

  5. Жұмысшылар мен қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 1250

  6. Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың берешек қарызы ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 1250, 1410

  7. Алынуға тиісті жол төлемі ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 1410

  8. Келіп түсуге тиісті жолдағы ақшалар ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 1030

  9. Банктердегі арнаулы шоттардан ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 1070

  10. Банктегі валюталық шоттардан ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 1050

  11. Есеп айырысу шотынан ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010 К 1030

  12. Банк және банктен тыс мекемелерден несие түрінде алынған сомалар ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 3010, 3020

  13. Алдағы кезең кірістеріне жататын сома ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 3520

  14. Материалдық емес активтерді сатудан алынатын сома ұйымның кассасына кіріске алынды Д 1010, 1020 К 6210

  15. Банк және банктен тыс мекемелерден алынған несиелер сомасы ұйым кассасынан төленді Д 3010, 3020 К 1010

  16. Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомалары ұйым кассасынан төленді Д 3430 К 1010

  17. Жұмысшы-қызметкерлердің депоненттелген еңбекақы сомалары ұйым кассасынан төленді Д 3390 К 1010

  18. Ұйымның әкімшілік шығыдары ұйым кассасынан төленді Д 7210 К 1010

Есепшот

  1. Сатып алушылардан жіберілген өнім, көрсетілген қызмет үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске алынды Д 1030 К 1210

  2. Еншілес серіктестіктерден жіберілген өнім, көрсетілген қызмет үшін алынуға тиісті сома есеп айырысу шотына кіріске алынды Д 1030 К 1220-1240

  3. Жолдағы деп есептелінген ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынды Д 1030 К 1040

  4. Есеп айырысу шотына ұйымның жарғылық қорын толтыру мақсатымен үлес қосушылардан келіп түскен сома Д1030 К 5020

  5. Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске алынған сома Д 1030 К 1010

  6. Басқа да берешектерден қарызын өтеу үшін келіп түскен сома Д 1030 К 1410

  7. Алынған банк несиесі есеп айырысу шотына кіріс етілді. Д 1030 К 3010

  8. Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шотынан келіп түскен сома Д1030 К 1070

  9. Есеп айырысу шотына келіп кірісітелген банктен тыс мекемелердің несиесі Д 1030 К 3020

  10. Бюджетке төленген салық сомасының артығы есеп айырысу шотына қайтарылды Д 1030 К 3110-3190

  11. Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп сатылып алынған материалдық емес активтер Д 2710-2730 К 1030

  12. Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп сатылып алынған негізгі құралдар Д 2410 К 1030

  13. Банк және банктен тыс мекемелерден алынған несиелер есепайрысу шотынан қайтарылды Д 3010-3020 К 1030

  14. Заңды тұлғаның есептелген табыс салығы бойынша қарыз сомасы есеп айырысу шотынан бюджетке аударылды. Д 3110 К 1030

  15. Ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталынатын табыс салығы сомасы бюджетке аударылды Д 3190 К 1030

  16. Әлеуметтіу салық сомасы есеп айрысу шотынан бюджетке аударылды Д 3150 К 1030

  17. Еңбекақы, зейнетақы және тағы басқа төлемдерді төлеу үшін есеп айырысу шотынан аударылды Д 1010 К 1030