Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
302.92 Кб
Скачать

1 Диаграмма - "vip-гт" жшс-нің 2013-2014 жылдардағы технико-экономикалық қызметінің нәтижесі жөніндегі көрсеткіш

Ұйымда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жағдайы.Бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құру принципі мен ережелерін (тәртіптерін) белгілеуші бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес ұйымға оперативті басшылық жасау мен оны басқару үшін, сонымен бірге инвесторлардың, жабдықтаушылардың, сатып-алушылардың,кредиторлардың, мемлекеттік органдардың, банктер мен басқадай мүдделі тұлғалардың пайдалануы үшін қажетті ұйымның шаруашылық процестері мен шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелері жөніндегі дұрыс және толық ақпараттарды дайындауды қамтамасыз ету бухгалтерлік қызметтің негізгі міндеті болып табылады.

Шаруашылық қызметінің түріне, көлеміне және шаруашылық жүргізудің нақты жағдайына қарай бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асыра отырып, «VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

  • шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттардың нысандарын өкілетті орган бекіткен талаптардың негізінде өз бетінше жасап бекітеді;

  • өз бетінше бухгалтерлік есепті ұйымдастыру нысанын белгілейді;

  • бухгалтерлік есептің қаржы және басқару бухгалтерияларына функционалдық бөлінуін жүзеге асырады;

  • шаруашылық операцияларына бақылау жасау тәртібін, сонымен бірге бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін қажетті басқа да шешімдерді қарастырады.

«VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік бухгалтерлік есепті автоматтандырылған нысанда жүргізеді. Бухгалтелік есептің автоматтандырылған нысаны – бүгінгі күннің талабына сай, электрондық есептеу машиналарын кеңінен пайдалануға негізделген. Бұл нысан есептік процесстің бастапқы құжаттардан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепке дейін кешендік автоматтандыруды қамтамасыз етеді [12].

«VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте қабылданған есеп саясатының басты міндеті – оның шаруашылық қызметін мейлінше шынайы етіп көрсететін толық, объективті және дұрыс ақпараттарды жасау болып табылады. Есеп саясатының сауатты түрде жасалынуы және оның есепті жыл ішінде өзгермеуі қаржылық қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар тарапынан келіспеушіліктерді,пікір қайшылығын, шағым талаптарды болдырмауға жағдай жасайды.

Есеп саясаты ұйымдағы есеп жүргізу процесінің барлық аспектілерін қамтиды - әдістемелік, техникалық, ұйымдық.

Бухгалтерлік есептің әдістемелік аспектісі активтерді бағалау тәсілдері, амортизацияны есептеу тәсілдері, табыстарды анықтау тәсілдері сияқты элементтерден тұрады.

Техникалық аспект – бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын(жеңілдетілген, автоматтандырылған) анықтайды.

Ұйымдық аспект – ұйымдағы бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру элементтерін қамтиды.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесінде «VIP-ГТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестік негізгі құралдардың тозуын есептеген уақытта бірқалыпты әдіспен есептейді. Өндіріске босатылатын материалдарды бағалау кезінде серіктестік орташа құн әдісімен есептейді. Зерттеу жүргізілген серіктестікте типтік құжаттар қолданылады. Қаржылық есептілікті тапсырған уақытта ұйым типтік шот жоспарын қолданады.

«VIP-ГТ» серіктестігінің негізгі техника – экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама.Серіктестіктің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алу болады.

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • Қамтамасыз ету, өткізу, сауда – саттық және коммерциялық қызметі;

  • Қоғамдық базар,сауда үйлері, фирмалық дүкендер жүйесін ашу;

  • Сауда – делдалдық, көтерме – даналап саудалау;

  • Халық пен ұйымдарға тұрмыстық, транспорттық қызмет көрстету;

  • Делдалдық қызмет;

  • Сыртқы экономикалық қызмет, экспорт–импорт операциялар [13] ;