Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бааны мемлекеттік реттеу

.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
13.81 Кб
Скачать

Бағаны мемлекеттік реттеу

Дамыған нарықтық экономикалық елдерде бағаны қалыптастырудың жалпы қағидаттары мен әдістері жасақталынған. Мемлекеттік ұйымдар ұлттық экономика үшін шешуші маңызы бар тауарлар мен нақты қызметтерге нақты баға белгілеу қызметін, сондай-ақ бағаны реттеу мен оған бақылауды жүзеге асыруды өзі атқарады. Әр түрлі елдерде өнімдер мен қызметтерге бақыланатын бағалар үлесі 10%- дан 30%-ға дейін ауытқидыБағаны мемлекеттік реттеу өндірушілердің монополизмін, шикізат пен отын - энергетика ресурстарына, алғашқы қажеттіліктегі (бірінші қажетті) тауарларға бағаның бірден (күрт) өсуін болдырмау, қалыпты бәсекелестік үшін, жағдайлар жасау үшін жүзеге асырылады. Көптеген дамыған мемлекеттерде заңдар, жарлықтар, қаулылар түрінде бағаны мемлекеттік реттеудің құқықтық негізі жасалынған.

Бағаны мемлекет тарапынан реттеу фермерлік бағаларды қолдау түрінде жүзеге асырылады, яғни ұлғаймалы ұдайы өндіріс үрдісін қамьамасыз ететіндей табыстар мен қор жинауды қамтамасыз етуі тиіс. 

Ұлттық бағалардың әлемдік бағалардан пайыздық басым болуы түріндегі қолдау деңгейі жоғары болып табылады. Мысалы: Еуропа Одағы бойынша 23%-28%, Швейцария-50%, Швеция-30%-35%, АҚШ-40%, Жапония-40%. Көптеген елдер сыртқы нарықтың әсерінен ішкі экономиканы қолдау саясатын жүргізеді, атап айтқанда, сыртқы және ішкі бағалардың деңгейі мен ара-қатынасының сейкестілігін қадағалау жолымен, ішкі нарыққа келіп түсетін тауарлар көлемін реттеу арқылы жүзеге асырылады. Негізінен бағаларды бақылау бағаөзгерісін және бағаға қатысты заңдардың сақталуын қадағалау түрінде жүзеге асырылады. Бағаға қатысты заңдарды, баға белгілеу мен бәсекелестік мәселелерін реттейтін басқа да нормативтік актілерді бұзған жағдайда көптеген елдерде қатаң экономикалық санкциялар қолданылады. Ерекше әлеуметтік маңызы бар салалар мемлекеттің бақылауында болады. Атап айтқанда, отын-энергетика кешеніңдегі бағалар, дәрі-дәрмектердің, негізінен азық-түлік тауарларының бағалары, темір жол, пошта, телеграф тарифтері. Азық-түлік бағаларының еркін ауытқуына жоғары және төмеңгі шек аралығындағы «коридор» шегінде ғана жол беріледі. Бағаны мемлекеттік реттеу әдістеріне ұлттық ерекшелікте, шикізат ресурстарының болу-болмауы, саяси факторлар, әлемдік еңбек бөлінісіндегі елдің орны әсер етеді.