Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
259
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

23. Туристік өнім туралы түсінік.

Туризм индустриясы туристік өнім өндірушісі болып табылады, туризм

индустриясы арқылы халықтың туристік сұранысы қанағаттандырылады. Ал

сұраныс болса адамдардың рекреациялық қажеттіліктері әсерінен

туындайды.

Қандай бір фирма болмасын, оның нарықтағы табысы шығаратын

өнімдерінің тартымдылығына байланысты. Бағасы да, нарықтағы өтімділігі

және жылдам таралуы да соған байланысты.

Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – туристік пакет

туристік өнімнің бір бөлігі, және міндетті бөлігі. Туристік өнімге бірдей

талаптар қойылады, себебі бір жерде сатып алынған тур екінші жерде

тұтынылады. Бұл жағдайда туроператор, турагент пен туристің талаптары

мен жұмысы толығымен үйлесуі қажет, тек сонда ғана өзара келісілген

міндеттер толығымен орындалады. Осындай келісілу келісім-шарт негізінде

туристік жолдама немесе ваучер түрінде іске асырылады. Оларды

туроператор толтырады, туристік жолдама немесе ваучер барлық фирма мен

клиент үшін міндетті қызметтердің кепілі болатын құжаттар.__ Туристік өнім элементтері бойынша турист шығынының құрылымы

мынадай:

– тур – 50%;

– қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер – 30%;

– туристік тауарлар – 20%.

Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз – бұл жолдамада

көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша

көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына

кірмейді. Оған резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет

көрсету, жалдау, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және

т. б. жатады. Қосымша қызметтерді туристер өз ақшасына бөлек сатып

алады.

Туристік тауар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған туристік

карталар және қаланың сұлбасы, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ туристің

тұрғылықты елдегі дефицит немесе қымбат болатын тауарлар және т. б.

жатады.

Туристік индустрияда өндірілетін туристік өнім екі әдіспен:

– барлық өндірістің шығынының толық есебінің әдісі;

– туристердің барлық шығынының, яғни туризмнен түскен табыс есебінің

әдісі – бағалануы мүмкін.

Туристік қызметтер мен тауарларды үш топқа: көлік қызметі; туристердің

туристік аудандарда болуына байланысты қызметтер мен тауарлар

(рекреациялық ресурстар, орналастыру, тамақтандыру және т.б.қызметтер);

бір рет көрсетілетін қызмет пен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері,

сувенирлер және т. б.) топтарына біріктіруге болады. Әрбір туристік

қызметтер мен тауарлар тобы тағы да бірнеше түрлерге жіктеледі. Мысалы,

көлік қызметтері көліктің түріне және комфорттылығына қарай

топтастырылады.

24. Туризм менеджменті туралы түсінік.

Ресурстарды өңдеп, тауарға және қызмет көрсетуге айналдыратын шағын

жүйе болса, екіншісі – басқару жүйесі, оның міндеті – бірінші шағын жүйенің

іс-әрекеттерін бақылау және оған жетекшілік ету. Әдебиеттерде екінші

жүйені басқару жүйесі немесе менеджмент жүйесі деп атайды.

«Менеджмент» деген сөз (ағылшын сөзінен – management) «басқару» деген

мағына береді. «Менеджер» дегеніміз – менеджмент саласында көпжылдық

дайындығы бар, білім деңгейін әрдайым жетілдіріп тұратын

мамандандырылған басқарушы.

Қазір нәтижелі менеджмент индустриясы дамыған мемлекеттердің негізі,

ал дамушы елдерде ең қажетті ресурсы болып отыр: қазіргі қоғам басқару

жүйесі мен менеджерсіз өмір сүре алмайды. Жеке кәсіпорынның (фирманың)

экономикалық жағдайын және жалпы экономика күйін 3 негізгі фактор

анықтайды: техника мен технология деңгейі; еңбек күшінің сапасы; өндірісті

ұйымдастыру және басқару (менеджмент). Ең соңғы фактор, яғни

менеджмент алдыңғы екі факторларға әсер етеді, сондықтан оны жүйе

құрушы фактор деп есептейміз.

Бір жағынан оның әсері тиімді болуы қажет, екіншіден – бәсекелеске

қабілеттілігін қамтамасыз етуі керек, және де соңғысы біріншісіне біршама

тәуелді болады. Бұл жүйенің сипаттамалары мынадай: саны аз да болса,

жоғары білікті мамандардан тұратын шағын бөлімшелер; басқару

деңгейлерінің саны аз; мамандар топтарынан тұратын құрылым; өнім түрі

мен сапасы, жұмыс графигі мен рәсімдері тұтынушының қамын ойлап

ұйымдастырылған болулары қажет.

Туризмді басқару еңбегі халық шаруашылығының басқа салаларындағы

жұмыстан ерекше. Туризм менеджментінің міндеті тек оның даму

тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау ғана емес, менеджмент мақсаты,

сонымен бірге – оның ерекшеліктерін іздеп анықтау болып табылады.

Туризмнің ерекшелігі қандай екенін анықтау маңызды. Туризмнің ерекшелігі

туристік кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің халыққа көрсететін

қызметтердің ерекшеліктерінен туындайды

Фирма өз моделін іздестіруі керек. Фирма

мен оның айналасындағы орта үнемі өзгеріп тұрғандықтан, осындай моделді

іздестіру процесі тоқтамайды. Мысалға, американ компанияларының

көпшілігі жылына кем болғанда бір рет біршама ұйымдастырушылық

өзгерістерді ендіреді, ал үлкен қайта ұйымдастырушылық өзгерістерді әрбір

4-5 жыл сайын енгізеді.

Туризм сферасындағы менеджмент туристік мекемелердің іс-әрекетін

және ұйымдастыру ерекшеліктерін ескереді.

Туризмнің бірнеше өзіне тән ерекшеліктері бар. Біріншіден, туризмнің тереңге енуі (құбылыс ретінде – адам қайда тұрса,

туризм де сонда болады) және оның элементтерінің өзара байланысының

күрделілігі. Басқарудың объектісі ретінде туризмнің екінші ерекшелігіне өлшеуі қиын

және толығымен айқындалмаған мақсаттарды жатқызуға болады. Жеке

меншікті туристік мекемелер (турфирма, қонақ үйі, тамақтандыру орны)

табыс алуға бағытталған. Туризм менеджментінің үшінші ерекшелігі – оның аймаққа тигізетін

әсерінің шектеулілігі. Туризмнің төртінші ерекшелігі – мүдделі клиенттердің тигізетін әсері.

Туристік мекеме және ұйым көптеген мүдделі адамдар мен клиенттермен

жұмыс істейді, олардың қызығу себептері де әр түрлі және олар қатты әсер етуі мүмкін. Басқару объектісі ретінде туризмнің ең маңызды бесінші ерекшелігі –

туристік өнімнің спецификасы. Туризмнің алтыншы ерекшелігіне туристік өнімнің сыртқы әсерін

(эффектісін), яғни саяхат кезінде туристердің басқа саяхатшылар және

жергілікті тұрғындар арасындағы қарым-қатынастарын жатқызуға болады. Туризмнің жетінші ерекшелігі – бұл туристік сұраныстың спецификасы. Туризмнің сегізінші ерекшелігі – басқару объектісі ретінде туристік

қызметтердің кешенді түрде көрсетілуі. Туризмнің тоғызыншы ерекшелігі – оның маусымдық сипаты немесе

туристік қызмет мөлшерінің табиғи-климат жағдайына байланысты болуы.

Туризм менеджменті мұндай құбылыстарды міндетті түрде ескеру қажет,

өйткені туристік сұраныстың өзгеріп тұруы туризм индустриясының жұмыс

жағдайын нашарлатып жіберуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]