Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
turizmologia123.docx
Скачиваний:
259
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
218.7 Кб
Скачать

59. Мамандандырылған туризмнің түрлері.

Арнайы туризмнің түрлері: іскерлік туризм, конгресстік, оқу мақсатты, қоғамдық, аңшылық, хобби туризмі, фестивальдық, шоппинг туризмі.

Іскерлік туризм – бұл қызмет бабымен іссапар орнында табыс табу мақсатында емес сапарға шығу, яғни съезге, ғылыми конгреске, конференцияға, симпозиумға, өндірістік семинарға және көрмелерге қатысу. Бұған барған елде лауазымды орны бар тұлғалар кірмейді. О.А.Смирнованың (2006) іскерлік туризмнің анықтамасы мынадай: «Негізгі мақсаты өздерінің күнделікті қоныстауы мен жұмыс орнынан өзге жерлерде өтетін іскерлік

кездесулерде қатысу болып табылатын жұмыс уақытындағы орнын ауыстыру кезінде пайда болатын қатынастар мен құбылыстардың жиынтығы». Іскерлік туризм – бұл туризмнің ең болашағы зор саласы. Іскерлік туризм өзінің ағымдарын қалыптастырады. Олардың негізгі бөлігі Еуропа, Солтүстік Америка мен Оңтүстік-Шығыс Азияға келеді. Іскерлік туристерді қабылдайтын Еуропа мемлекеттердің алдынғы қатарында Германия, Ұлыбритания, Франция, Нидерланды, Италия, Испания, Швеция, Швейцария орналасады. Еуропа Одағының астанасы болып есептелетін Брюссель (Бельгия) ерекше орын алады. Іскерлік туризм нарығының ең қарқынды дамып келе жатқан сегменті –

конгрестік туризм. Конгресс дегеніміз бірнеше жылда бір рет бірнеше мың адамға шейін жиналатын пленарлық отырыс түріндегі жиналыс. Әдеттегідей осындай форумдарда жаһандық, әлемдік маңызы бар мәселелер қарастырылады.

60. Туроператор мен турагенттің қызметі

Туристік мекемелер «туроператорлар» және «турагенттер» болып жіктеледі. Туроператор дегеніміз – өзінің және басқа мекемелердің қызметтерін біріктіріп өзінің жаңа туристік өнім жасайтын туристік мекеме. Туроператор өз атынан клиентке кешенді тур ұсынады. Осындай жаңа өнімді паушальді (кешенді) тур деп атайды. Паушальді тур – бұл бірнеше қызметтерден тұратын пакет. Сонымен қатар паушальді турға туроператор

әртүрлі мекемелер шығарған қосымша қызметтерді де кіргізеді. Мұндай өнімге кеңес беру мен сату бойынша делдалдың қызметі де кіреді. Туроператорлардың және туристік қызметтердің дербес өндірушілерінің өнімдері турагенттер (туристік делдалдар) арқылы таратылады. Турагенттіктің туроператордан айырмашылығы мынадай: турагенттік туроператорлардың бағдарламалық пакеттерін бөлшектеп сатуында және туристік кәсіпорындардың (қонақ үйлерінің, әуе компанияларыныңжәне т. б.) қызметтерін сатуында делдал болып қызмет көрсетеді. Туристік өнімді сатумен бірге турагенттіктің (әдетте бұл саяхат бюросы) тағы бір маңызды функциясы – клиентке ақпарат жеткізу, турды ұйымдастыру бойынша кеңес беру және т.с.с. Әдетте саяхат бюросы тұтынушы (турист) мен туристік қызмет өндіруші кәсіпорын арасындағы байланыс орнататын

мекеме рөлін ойнайды. Теорияда туроператор мен турбюро (турагент) арасындағы айырмашылықтары ап-анық болып көрінсе, тәжірибеде туристік кәсіпорындарының осы екі формасы араласып кетеді де біртұтас болып көрінеді. Саяхаттар бюросы қызметтерді сатумен бірге өз қызмет пакеттерін ұсынады. Ірі туроператорлардың өзінің тарату желісі, яғни саяхат бюросы

болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]