Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_otvety_bilety_2.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
894.46 Кб
Скачать

11 Билет

Қимақ мемілекетіэтносаяси тарихы , шаруашылығы , мәдениеті . XI ғасырдың екіеш жартысында қимақ одағының құрамына 12 тайпа енген . олардың ішіндег ең ірі әрі ықпалдысы-қыпшақтар. Қимақтардың тустас тайпасы-құмандар. Қимақтардың мемілекеттік құрлымы туралы алғашқы мәліметтер IX-Xғасырлардағы арап деректерінде кездеседі (Әл-Якуби 9 Ғ Жеке тайпанің көсемі-Шад-Түтік. Қаған ел басқару ісінде әскерйи шонжарға арқа сұйеді. Мемлекетте салық жинау жұйесі болды. Араб тарихшысы Әл-Идриси еңбегінде қимақтар 16 қала болғаны, 12-іс Ертіс өзені бойында орналасқаны туралы жазады.X ғасырға қарай қағаннаттің әлсірей бастакының себебі- үлыс басшыларының үлкен териториаға ие болғаннан кейінгі жеке билікке

үмтылуы.Шаруашылығы Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы МәдениетіБал-бал тастар, тас келншектер , қол тиірмендер ,үккіштер , темір орақ , зираттарынан табылған қүрал –саимандар, қару- жарақтармен қатар қол өнер бұйымдарда көптеп кезігеді. қыпшақтар:(IX-XIғғ)этносаяси тарихы.Этносаяаси тарихы:қыпшақтар туралы мәлімет алғаш рет 201 жылы көрсетілді. XI ғасырдың екінші ширегінде “Оғыз даласының ”орнына “Дешті Қыпшақ” атауы паида болды . Дешті -Қыпшақтың тарихы-географиалық аумағы –Ертістен Днестрге дейінгі жер.Қыпшақтың этникалық бірлестігі Еділ өзені бойында екіге бөлінді.Батыс Қыпшақ және Шығыс Қыпшақ..Билеушісі-хан.Билікке елбөрі руынан сайлады. Мемлекет екі бөлікке бөлінді∶ Оң қанат-орталығы Сарайшық;Сол қанат-орталығыСығанақ.Теңсіздіктің негізі-малға жеке меншікке қол сұғу қатаң жазаланды.Малынан айырылған кедей жатақ деп аталған.Қыпшақтар-XI-XII ғасырларда саны жағынан ең көп түркі тілдес тайпа.Қыпшақтардың көші-қон жолдары туралы араб географы Әл-Омари(XIVғ.)жазған.Қыпшақ тілі қазіргі қазақ тілінің негізін құрады.Шаруашылығымалшаруашылықегішілік.Мәдениеті:қалалардың қалыптасуы, қыш өндірісі , ұсталық , зерігерлік , тоқымашылық , шыны жасау , сұйек өңдеу , металлургияның даму , Жеті суда күміс заттарды шығару .

2, XIX ғ. – XX ғ. қонысаудару саясаты:,

19 ғас. 60-жылдарында крепостниктік құқығы жойылғанан кейін Ресей шаруаларының еркін жүріп тұруы мүмкін болған кезде, Дала өлкесінің жергілік өкімет орындары өз бетімен қоныс аудару проблемасына тап болды. Ресейдегі капиталистік қатынастардың жедел қарқынмен дамуы Қазақстан сияқты шет аймақтарда жергілікті шикізатқа негізделген өнеркәсіп орындарын көптеп ашу, оларды азық-түлік тауарлары,мал, астық, өнімдерімен қамтамасыз ету үшінде бұл өңірлерге қосымша тұрғындарды көптеп жіберуді қажет етті. Қосып алған өлкенің халқын жаппай орыстандыру, осы арқылы оны Ресей империясының заңды құрамдас бөлігі ету де, патша әкімшілігінің осы бағыттағы саясатының негізгі жоспарларына жатты. Әсіресе Қазақстанның Шығыс және Алтай аймағындағы бағалы және түсті металдардың өлшеусіз қоры, әсем де бай табиғаты, жерінің құнарлығы бұл өңірді жылдам және жаппай қоныстандыруға, тау-кен өндіріс орындарын неғұрлым көбейтуге жол ашты. Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақтардың негізгі кәсібі – мал шаруашылығының күйзеліп, мал санының азаюына әкеп соқты. Қазақтарды байырғы жерлерінен қуып, қолайсыз жерлеріге ығыстыру 19ғ. 2-ші жартысынан одан ары жалғастырылды.

Оңтүстік Қазақстанды әскери отаршылдық жолмен өзіне қосып алған Ресей өзінің саясатын алыстағыны көздейтін саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып жүргізе бастады. Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталғаннан кейін көші-конағымдарының отаршыл сипаты айқындала түсті.

Қазақстанның XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасыр басындағы этнодемографиялық құрамының өзгеруіне қоныс аудару қозғалысы зор ықпал етті. Патша өкіметінің көші-қон саясатының әлеуметтік-саяси салдары өте ауыр болды.

Қазақстан тарихында қоныс аудару қозғалысының кезеңдері туралы бір жақты пікір жоқ. Дегенмен қоныс аудару қозғалысыншартты түрде үш кезеңге бөліп қарауға болады: 1861—1885 жылдар; 1886—1905 жылдар; 1906—1917 жылдар.

1) Жүз мыңдаған орысукраинбеларусь шаруаларының СібірҚазақстан және Орталық Азияға қоныс аударуы Ресейдің аграрлық саладағы саясатымен тығыз байланыста дамыды. Ресей самодержавиесі жер мәселесін помещик-дворяндардың пайдасына шешіп берді. Помещиктер шаруаларды «азат ету» барысында олардың бұрын пайдаланып келген жерінің басым бөлігін тартып алды. Себебі 1861 жылғы реформадан кейін помещиктер өз пайдасына шаруалардың реформаға дейін өңдеп келген жерінен үлес алуға құқықты болды. Кейбір губернияларда шаруалар жерінің 1/3, тіпті 2/5 бөлігін помещиктер тартып алды. Соныменқатар жер үлесі үшін тым жоғары өтемдік төлемдер талап етілді. Жер тапшылығынан шаруалар помещиктерден, қазынадан жерді жалға алуға мәжбүр болды.

2) Өлкенің негізгі тұрғындары — қазақтардың үлес салмағы төмендеп, 1897 жылдары шамамен 81,7%-ға жетті. Ал орыстардың үлес салмағы жоғарыда көрсетілгендей — 10,9%-ға, украиндар — 1,9%-ға өсіп, татар, ұйғыр, өзбек сияқты ұлттардың да үлес салмағы арта түсті.

3) Барлық қоныс аударушылардың 56,2%-ы Ақмола облысына келуінен шаруалардың саны 6 есеге өсті. Халықтың жалпы санының өсуіне табиғи өсім емес, көші-қон қозғалысы күшті ықпалын тигізді. XIX ғасырдың соңында Украинадан ғана келгендердің рөлі арта түсті. 19061912 жылдары тек Украинадан барлығы 300 мың қоныс аударушылар келген. Жалпы алғанда, Қазақстан XX ғасыр басында көші-қон бойынша Сібір мен Қиыр Шығыстан кейінгі екінші орынға шықты

3, 60-шы ж. Барынша жартысындағы қоғамдық өзгерістердің саясаттың ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табыстары еді. Сонымен қатар, бұл кездегі қияли, утопиялық жоспарлар, ішкі партиялық қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Н.С. Хрущевтің өзінің жеке басына табынудың күрт күшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді. 60-шы ж. Басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері біден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді. Өндірісті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың түрлері мен әдістері елдің өндіргіш күштерінің жаңа, неғұрлым жоғарғы дәрежесіне сай келмеді, олардың дамуын тежеді. Ауыл шаруашылығын ойдағыдай дамытудың орасан зор мүмкіндіктері дұрыс пайдаланылмады. Таза жер көлемінің азайтылуы тың жердегі егіншілікті жүргізуге зиянын тигізді, осының салдарынан Қазақстанда астық өндіру төмендеп кетті. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы ретінде пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді көп жүргізді.Көптеген қалалардың аттары өзгертілді мысалы Ақмола-Целиноград,ОҚО-Шымкент обл.,БҚО-Орал обл. болып өзгертілді. Қалыптасқан жағдайды түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шаралар алған КОКП Орталық комитетінің Қазан1964ж. Пленумы өтті.Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қате түзіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге ықпал жасады.1964-1965 ж. Қазақстанда халық шарушылығы кеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық-республикалық министірліктер иен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды. Бұл реформаның маңызды элементі ауыл шаруашылығын басқарудың әкімшілік әдістерінен демократиялық әдістерге көшудің қажеттігін, сондай-ақ шаруашылық есепті кеңінен негіздеу еді. Бұл ауыл шаруашылығын жандандырды, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсартуға игі әсерін тигізді.КОКП-ның 1965ж қыркүйек айында өткен пленумының шешімдері бойынша өнеркәсіп салаларын жетілдіру, жаңа техниканы енгізуге көңіл бөлінді.сонын нәтижесінде кәсіпорындар көрсеткіштері жоғарғы станцияларға айналды.Сөйтіп,8-ші бесжылдық Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамыған кезеңі болды. Бесжылдықтың аяғына таман 445 ірі кәсіпорын мен цех, зауыттар мен фабрикалар жарақтандырылды. Өнеркәсіптің энергетика, түсті мен қара металлургия, мұнай өндеу, химия өнеркәсібі т.б. салалар ілгері басты.

12-билет

Наймандардың, керейіттердің ертеректегі мемлекеттері — Орталық Азияның шығысында — Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар. Көшпелі мемлекеттіліктің бастаулары Орталық Азияның нақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тон болды.Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз (яғни «сегіз тайпаның одағы») деген атаумен пайда болган. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. X ғасырда Орталық Азия даласын, «Ляо-шиге» қарағанда, жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу-бу деген ортақ атаумен аталады. Олар (цзу-бу) тура Тарбағатайға дейінгі Орталық Азияаумағына қоныстанған. Қидандардың Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның одағы» деген баламасы бар, яғни найман деген монғол атауын да оларға Ляо әулеті кезінде монғол тілдес қидандардың бергені күмәнсіз. Найман тайпалар одағы XII ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады. Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжэндерді қуып шығып, қидандардың Ляо империясын қалпына келтірмекші болды. Елюй Дашиді ұйғыр идикуты қабылдаған кезде найман билеушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген.

Мемлекеттің құрылуы

Орталық Азияның көшпелі тайпаларының XII ғасыр бойында күш-қуатының артуы олардың ең ірілерінде — наймандарда, керейіттерде, жалайырларда — алдыңғы феодалдық мемлекеттік құрылымдар — ұлыстардың пайда болуына жеткізді. Б. Я. Владимирцовтың көрсеткеніндей, ұлыс алғашқы қауымдық құрылыстың институты болған жоқ. Ұлыс ру да, тайпа да емес, ол рулық-тайпалық институттардан жоғары тұрды. «Ұлыс» ұғымы ол кезде «халық» дегенді білдірді. Ұлыстың құрамында қандас туысқан адамдардың болуы міндетті емес еді, оған хан руының өкілдері ғана емес, сонымен бірге бөгде адамдар да енді. Әрбір ұлыс белгілі бір аумақты иеленді, наймандар мен керейіттердің ең үлкен күшті ұлыстарының өз шекаралары болып, олар ара-тұра болса да қорғалып отырды. Шыңғысхан талқандаған керейіттер ұлысының билеушісі Ван-ханның наймандар иелігін қорғаған найман қарауылымен қақтығыста қаза тапқаны мәлім. Армян авторы Степанос Епископ монғол сарайы жанындағы жоғары лауазымды қайраткерлердің бірі жайында айта келіп, былай дейді: «Бұл адам саны ең көп және күшті джалакир (жалайыр) тайпасынан болатын...». «Бұл жалайыр тайпасы үлкен-үлкен он тармақтан тұрады, олардың әрқайсысы жекелеп алғанда үлкен халыққа айналды...».

Көрші халықтармен езара қатынастары Деректемелер наймандар мен керейіттердің көрші тайпалармен соғыстары туралы мәліметтерге толы. Рашид ад-Дин былай деп жазады: «...Керейіттер көптеген тайпалармен, әсіресе найман тайпаларымен көп жауласты... Бұл кезде басқа тайпаларға қарағанда олардың күші басым әрі құдіретті болатын... керейіттердің Ван- ханымен наймандар қырғыздардың аймағы бойынша және ұйғырлар елі- мен шектесіп жатқан шел далаға дейін үнемі қырқысып, жауласып жүрді». Рашид ад-Дин наймандардың қырғыздармен, керейіттердің Цзинь мемлекетімен соғыстары туралы мәліметгер келтіреді. Соғыс кезендері көршілер- мен бейбіт қатынастар жағдайымен алмасып та отырды. Қытай деректемелерінде керейіттер мен наймандардың көшпелі көршілерімен ғана емес, сонымен қатар отырықшы мәдениеті бар мемлекеттермен — Танғұт мемлекетімен (Си Ся) және ұйғыр иелігімен тығыз мәдени және саяси байла- ныстар жасағаны туралы мәліметтер де бар. Наймандар мен керейіттерді 11 билеуші тобы ұйғырлардың ықпалымен несториан бағытындағы христиан дінің, ұйғыр жазуын, сондай-ақ мемлекеттіліктің басқа да элементтерін қабылдады. Керейіттердің танғұттармен қатынастары да осы байланыстардың дәлелі болып табылады. Мысалы, керейіттер ұлысының билеушісі Ван-ханның інісі Қарабітай (Керандай) бала кезінде танғұттарға тұтқынғы а түсіп, кейін Танғұт мемлекетінде аймақ билеушісі қызметіне дейін осксі Оның қыздарының біреуі танғүттар билеушісінің әйелі болған. Керейіттердің танғұттармен және ұйғырлармен байланыстары болғанын керейт билеушілерінің, атап айтқанда, Ван-хан мен оның ұлы Сангуннің сәтсіздікке ұшыраған кезінде танғұттар мен ұйғырлар жеріне барып паналағаны рас тайды. «Юань-ши» қазіргі Қазақстан аумағында мемлекеттік құрылымы болған қандылар мен керейіттердің өзара саяси және аумақтық байланыстарының қалыптасқанын, бірқатар қаңлы шонжарларының өкілдерінің керейіттср билеушісі Тоғұрыл Ван-ханда қызмет атқарғаның көрсетеді. «Бухуму... Оның ата-бабалары қаңлы тайпасының ата-тегінен келе жатқан атақты адамдары. Хайланьбо (Қайранбай — Бухумудың атасы) керейіттердің Ван ханында кызмет еткен. Ван-ханды (монғолдар) өлтірген кезде, Хайланьбо бала-шағасын тастап, бірнеше мың салт аттыларын ертіп, солтүстік-батысқа қашты. Тайцзу (Шыңғысхан) елші жіберіп, оны өзіне келуге (яғни бағынуға) шақырды. Бірақ ол былай деп жауап қайырды: «Бұрын мен де, марха батты тақсыр (Шыңғысхан) да Ван-ханға қызмет еткенбіз. Қазір Ван-хап өлді, бірақ мен өзім қызмет еткен адамға опасыздық жасай алмаймын»м. В. В. Бартольдтің атап айтқанындай, қанлылар мен қыпшақтар наймандардың ұлысында да өмір сүрген. «Юань-шиде» наймандар мен қаңлылардың шонжарлары арасында тығыз туыстық байланыстар болғаны жөнінде мы надай деректер келтіріледі: «Шаостар (Чаос) наймандардан шыққан. Оның арғы атасы Тайянь (Даян) наймандардың билеушісі болған. Оның арғы атасы Цюйшулай (Күшлік)... Бэдэинь (Боде) Шаостың ұлы... Бэдэинь қаңлы тай пасынан шыққан нағашы әжесімен тұрды...». Бұған наймандар мен қаңлылардың туыстығын ертеректе VII ғасырдың екінші жартысында ұйғыр саяхатшыларының да көрсеткенің қосуға бола ды. Жол-жөнекей көргендері мен есіткендерін айта келіп, олар Алтайда Няньба-энь (наймандар) мен кан-ли (қаңлылар) мекендейді деп хабарлайды

2. XX ғ.басындағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. XX ғасыр басында қазақ өлкесі 6 облыстан тұрды: Түркістан генерал-губернаторлығы  (Орталығы – Ташкент) Сырдария облысы Жетісу облысы 2) Дала генерал-губернаторлығы (Орталығы - Омбы) Ақмола облысы  Семей облысы  Орал облысы  Төрғай облысы. 1897 жылы өлкеде халықтың саны 4147,8 мың адам, оның ішінде қазақтар 3354 мың, 1915 жылы 4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1 мың адам болды. Сонымен, осы жылдар ішінде қазақтар саны небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8 пайызға өскен. Қорытындысында өлке халқының құрамындағы қазақтардың үлес салмағы 1897 жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы 59,8 пайызға дейін кеміп кетті. Қазақтар арасындағы демографиялық жағдайдың нашарлауы, бірінші кезекте оның табиғи өсуінің төмен болуымен түсіндіріледі. Қазақ халқы табиғи өсімінің төмен деңгейіне көшпелі тұрмыс салтының ауыр жағдайы, эпидемиялық аурулардың кең таралуы және медициналық қызмет көрсетудің болмауы себепті оның қатарындағы, әсіресе балалар арасында өлім-жітімнің жоғары болуы себеп болды. Қазақтардың 1916 жылғы көтерілісінің зардаптары да ерекше келеңсіз роль атқарды. Көтерілісті патшаның жазалау отрядтары басып, жаныштап сол кезде осы ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушылар ғана емес, сонымен қатар бейбіт тұрғындар да мыңдап қаза тапқан еді. Қазақтардың едәуір бөлігі империя шегінен Қытайға, Туркияға және басқа елдерге үдере көшіп кетті. 1916 жылы Жетісу облысынан ғана шетелге 150 мыңға жуық қазақ көшіп кетті. Қазақстанның байырғы халқының үлес салмағының азаюына ғасырдың басында орыстардың, уркраиндардың және басқа да ұлт өкілдерінің империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше көп өскен көші-қон үрдісі де қатты әсер етті. Халық өсімі Столыпиннің аграрлық реформасынан кейін қоныс аударушылардың жаппай келуінен арта тусті. XX ғ. басында Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берумен айналысты. Қаладағы ірі әлеуметтік топ-сауда буржуазиясы (20,3%), одан кейін жұмысшылар мен қызметкерлер (33,1%). XIX ғ. соңы - XX ғ. басында өлкеде 19 жаңа қала болды. Ақмола облысындағы ұсақ қалалар саны – 20. 1897 жылғы тұңғыш халық санағы бойынша: Оралда -36446, Верныйда –22744, Семейде – 20216, Қостанайда – 14175 адам тұрған.

3. Дінмұхамед (Димаш) Ахметұлы Қонаев (19121993)— аса көрнектімемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы. 1912 жылы 12 қаңтарда Верный (қазіргі Алматы) қаласында, қызметкердің отбасында өмірге келген. 1939 жылы - Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.1939 жылы – КОКП мүшелігіне қабылданды. 1942-1952 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым Академиясыныңакадемигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау-кен ісі саласының ірі ғалымы Д. Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңірді. Ғылыми-ұйымдық жұмыстарды жақсарту, ғылыми зерттеулердің негізгі салаларын білікті кадрлармен нығайту шаралары оның басшылығымен жүзеге асырылды. 1955-1960 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1986 жылы 16 желтоқсан күні – Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Бұған наразы болған қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы орын алды. 1987 жылы – маусымдағы пленумда Д.А.Қонаев «Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП мүшелігінен босатылды.

1986 жылы СОКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Дінмухамед Қонаев Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан босатылды. 18 минут өткізілген пленумда орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың жүргізіп отырған әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

13-билнт

Түркі кезенінің ғалымдары мен ойшылдары. Абу Насыр Аль Фараби, М. Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Ж. Баласағұни және т.б “Оғыз-нама” эпосы ел арасында кең таралып,

XIII ғ – Рашид ад дин, XVIII - Әбілғазы көшірген. “Оғызнама” жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалады. VII ғ жазба әдебиет шыққан. IX-XII ғғ ислам дінінің таралуына байланысты әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды. Жүсіп Баласағұни XIғ. “Құтты білік” дастанын дайындауға отыз жылын арнап, бір жарым жылда жазып шыққан. (1069ж) Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі- білім деп түйіндейді. Махмұд Қашғари XIғ. 1072-1074 жж жазылған “Диуани лұғат ат түрік” атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма – түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еібек ғалым А.Егеубайдың аударуымен 1997-1998 жж қазақ тілінде жарық көрді. Қожа Ахмет Иассауи XII ғ Сайрамда дүниеге келіп, Ясссыда қмір сүрген. Ұстазы Арыстан Бабтан тәлім алып, ислам дінін уағыздаушы – сұпы болған. “Диуани Хикмет” (“Даналық кітабы”) шығармасы – тарихи этнографиялық, әлеуметтік, тілдік дерек. Ғұламаның бұдан басқа “Мират ул - Кулуб” (“Көңіл айнасы” ) және “ Пақырнама” деген еңбектері бар. Сүлеймен Бақырғани XIIғ. “Дүниенің ақыры” еңбегінде тәңірге сенімді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді. “Диуани Хикмет” және “Дүниенің ақыры” еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстанның медреселерінде оқулық ретінде пайдаланылды. Ахмет Игунеки “Хибат ул -хакайк” дастаны он төрт тараудан тұрады: білім, әдеп, адамгершілік еңбек туралы.

Әбу Насыр әл-Фараби “Ғылымдар энциклопедиясы”, “Ғылымдардың шығуы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы”, “Жұлдыз бойынша болжаулар”, “Ваккум туралы трактат” және т.б. Әбу Райхан әл – Бируни X-XI ғғ. 150 ге жуық еңбек жазған. “Ежелгі халықтардың хронологиясы”, “Астрономияның кілті” т.б. еңбектері бар.

2 Қ-н 1917ж. Ақпан революциясы кезінде, таптық саяси күштердің орналасуы.партиялардын пайда болуы. Қазіргі таңда ғасырға жуық «социалистік» адамдардың сансын билеген жүйенің билігенен босаған қоғам өз өткенін қайта саралап, тарихына жаңа тұрғыдан көз жүгіртуде. Евразия құрлығының тең жартысына жуық аймақты қамтыған Кеңестік социалистік республикалар одағының (КСРО) 70 жылдай дәурен құрып, әлемдегі жетекші күшке айналып, «одақтас» он төрт мемлекеттің тағдырын қолында ұстауы 1917 жылы 27 ақпандағы Ресейдегі буржуазиялық революциядан бастау алған еді. Ақпан ревоюциясы Қазан төңкерілісіне бастау болды. Өз кезегінде Қазан төңкерілісі большевиктердің, Коммунистік партияның тасын өрге сүйреді.

Қалай десек те ақпан буржуазиялық революциясы Ресей монархиялық билігінің қол астында езгіде бодан болған басқа елдердей қазақ халқы үшін бостандық демесек те, езгі мен толық құрып кетуде аман алып қалды деп айту хақ. Сондықтан да, Ресейлік патша мен тоталитарлық аппараттың құрығына түсуден қорықпай, тәуелсіз, ешкімге жалтақтамайтын еркін ұрпақ ретінде Ақпан буржуазиялық революциясы туралы өзіндік ой түйіп, қорытындылар жасау мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады.

Бұл жұмыстың негізгі мақсаты Ақпан төңкерілісінің алғышарттарын, барысын, Уақытша үкіметтің саясатын және сол кезеңдегі саяси партиялардың әрекеттерін қарастыру. Бұл жолда Кеңес өкіметі кезінде жариялауға рұқсат болмаған мәліметтерді және авторлардың еңбектерін қарастыру.

Жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім қарастырылатын мәселесі бойынша екі үлкен бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде,төңкерілістің алғышарттары, оның барысы, Қ-н аумағындағы Уақытша үкімет органдарының құрылуымен, оның әрекеттері мен саясаты қарастырылады. Екінші бөлім қазақ қоғамының саяси белсенділігінің артуын, жалпықазақ съезін, саяси партиялар мен олардың саяси бағыттарын қарастырады.

Аталмыш мәселенің тарихнамасына келетін болсақ, бұл тақырыпта көптеген ғалымдардың қалам тартқанын атап өту керек. Олардың қатарына В.И. Ленинді, Ф.И. Голощекеиндң, С.Н. Покровскийді, Т. Елеуовты, Г.Ф. Дахшлейгерді, П. Пахмурныйды, В. Григорьевті, К. Нурпеисовты және тағы да басқа көптген Кеңестік ғалымдарды атауға болады. Ақпан төңкерілісі Кеңес Одағының Коммунистік партиясының билікке келуіне бірден-бір алғышарт болғандықтан да, оның тарихы КОКП жанындағы арнайы институттарды, ғылыми академияларда кеңінен қарсатырылған. Әрине, онда бұл мәселеге маркстік, лениндік көзқарстар басым болғаны да рас.

Еліміз тәуелсіздік тұғырына қонғаннан бері, Ақпан төңкерісіне байланысты біраз зерттеулер де жарық көрді. Бұл салада Кеңестік дәуірде жарыққа шығаруға рұқсат етілмеген, 1996 жылы қайта басылып шыққан Г. Сафаровтың «Колониальная революция» еңбегін ерекше атап өткен жөн.

«1917 жылғы Ақпан төңкерісі кезінде Қ-ндағы таптық саяси күштердің орналасуы» атты рефераттық жұмысты студенттер мен мектептердің жоғарғы сынып оқушыларына Қ-нның қазіргі заман тарихын оқыту барысында қолдануға болады.

Құрылған органдар, партиялар. Үкімет органдарына кірген қазақ зиялылары. Мақсаттары. Іс-әрекеттері.

1) Уақытша үкімет органдары: Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев. Реформистік жолмен капитализмді дамыту. Ұлт саясатын қайта қарады. 1916 жылғы күресте қатысқандарға көмек көрсетті. Отанына қайтарды. 2) Қазақ комитеттері: Марсеков, Х.Досмұхаметов, Жайнақов,

С.Сейфуллин, Айтпеков.Ұлттық мүдделерді қорғауға ұмтылды. Босқындарға көмек ұйымдастырды, әйел құқығын теңестірді, бұрынғы чиновниктердің ықпалын жойды. 3) Түркістан аймақтық қырғыз-қазақ комитеті: М.Шоқай. Ұлттық мүдделерді қорғады. Қытайдан қайтқан қазақ-қырғыздарға, майдангерлердің отбаына көмектесті. 4) Түркістан мұсылмандар федерациясы: Төрағасы – Шоқай, Завалидов, Ж.Досмұхамедов, А.Досжанова. Жергілікті халық мүдделерін қорғады. 8 сағаттық жұмыс күнін, ана тілінде мектептер ашуды, қалың малға, көп әйел алуға қарсы болды. 5) «Алаш» - 1905 жылы қозғалыс, 1917 жылы саяси партия. Газеті – «Қазақ»: Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, М.Тынышпаев: Демократиялық федерациялық республика құру. Автономия, жер, халық ағарту, салық, жұмысшы, азаматтардың құқықтары туралы мәселені қарады. 6) 1917 жылы көктемде эсерлер ұйымы құрылды: Ұсақ буржуазиялық топтар. Ұсақ буржуазиялық партия - Ұсақ буржуазияның мүддесін қорғады. «Жер –халықтың меншігі», «жер -өңдегендікі» деген ұран көтерді.

3. Қоғамның  саяси  өмірі.  70-жылдардың  бас  кезі  жаңашыл   үрдістердің  едәуір  әлсіреуімен,  қоғамдық   құрылыс  принциптері  мен  формаларының  тоқырауға  ұшырауымен  ерекшеленеді. Саяси  өмір  принциптеріне  түзетулер   енгізген  мұндай   бетбұрыстың  пайда  болуы  ең  алдымен  1968  жылдың   тамыз  айында  бес ел   әскерлерінің  Чехословакия   жеріне   енгізілуіне  байланысты  болатын.  Өйткені  дәл   осы  елде   партияны   жаңартуға,  қатып-семген  қоғамдық  жүйені  өзгертуге ,  нарықтық  қатынастар  орнату  жолымен  экономикалық  реформалар  жүргізуге  бағытталған  барынша  ауқымды  ұмтылыстар  орын  алған  еді.Шынтуайттап  келгенде ,  онда  социализмнің  «сталиндік», «кеңестік»  нұсқасын  жою  және  демократиялық  қоғам  орнату  туралы  мәселе  көтерілді. А.Дубчек  бастаған  ЧКП  басшылығының  бұл  бағытына  халықтың  көпшілік  бөлігі  қолдау  көрсетті .  Алайда  мемлекеттік –монополистік  социализмнің  қуатын  шайқауды  және  демократиялық  балама  күштер  жеңісін  қамтамасыз  етуді  мұрат  тұтқан  бұл  ұмтылыс  1968  жылы «Прага  көктеміне»   қарсы  төндірілген  «интернационалистік  акцияның»  салдарынан  іске  аспай  қалды.  ЧКП   қатарындағы  керітартпа   күштерге   көрсетілген  қолдау  бұл   күштердің   КОКП   басшылығында  да  жеңіске   жеткендігін  айғақтап  берді.   Осының   нәтижесінде    60-жылдар   ортасындағы  бетбұрыс   төрешіл  керітартпа   күштердің   темір   құрсауында   қалды.  Бұл   оқиғаның   ізі  суымастан  «ревизионизмге»   қарсы  басталған   идеологиялық   науқан   ЧКП   дамуындағы   дағдарысты  жоюға,  бірқатар  басқа   коммунистік   партиялардағы  оппортунистік   күштерге  теориялық  соққы  беруге,  партия,  оның   социалистік  қоғамдағы   жетекші рөлі   туралы  «маркстік-лениндік»   тұжырымдаманы  қайта  қалпына  келтіруге  жәрдемдесуге  тиіс  болды.

1967  жылы   Қазан  революциясының  50 жылдығына  арналған  салтанатты   мәжілісте  сөйлеген   сөзінде-ақ  Л.И.Брежнев  кеңес  халқы   жүріп  өткен  тарихи  жолдың  басты  қорытындысы  кемелденген  социализмнің  орнатылуы  болып  табылады   деп  мәлімдеген  болатын.  Бұл  «тұжырымдаманың»  өзінен   бұрынғы   теориялық  қисындамалардан  айырмашылығы  социализмнің  қоғам  дамуының  едәуір  ұзаққа  созылатын   кезеңі  екендігін  мойындауынан   көрініс   тапты.  Осы  тұрғыдан  алғанда  «коммунизмге  қарай  алып  адыммен   секіру»   идеясынан   бас  тарту  жағдайға  байыпты  баға  беру   көрінісі  болғандығы   шүбәсыз. Бірақ  бұл  «тұжырымдама»  30 – 40-жылдары  мерейі  үстем  болған,  өтпелі   кезеңнің   бүкіл   проблемалары  шешіліп   бітті,  социалистік   мұраттар   негізінен  жүзеге  асты   және  осының   бәрі   дәлелденген   деп   санайтын   әлеуметтік-экономикалық   даму  пайымына  арқа  сүйеді.  Осының  салдарынан  социализмді   жетілдіру  жолдарын  іздестіру  ісі  (егер  мұндай  іздестіру  жүргізілсе),  ескірген    түсініктер  аясында  ғана  қанат  жаюға  мүмкіндік   алды.  Социализмнің    іркіліссіз  және    қайшылықсыз  үдере  өркендеуі  теориясы   экономикалық  және   әлеуметтік   жетістіктерді  зорайтып   көрсетуге,  шындықты   боямалап   жеткізуге  итермеледі,  қоғам  өзегіне  енген  қайшылықтардың,  тоқыраушылықтың,  төрешілдіктің   асқыну  себептерін  жабулы  күйінде  қалдырды.  Қоғамның  даму  процесі  өткен  кезеңдегі   жетістіктермен  салыстырыла    қарастырылғандықтан,  сөздер  мен    ұғымдар  бірте-бірте  шындыққа  мүлде  жанаспайтын   мазмұнға  ие  болып,  теория  да  шынайы  мән-мағынасынан   айырыла   бастады.

Қиялдағыны   қолдағыдай  етіп   көрсетуге  тырысушылықтың  барынша  асқындаған   көрінісі   КРСО-ның  1977  жылғы  Конституциясында  орын  алды.   КОКП  Орталық  Комитетінің  мамыр  (1977ж.) пленумы  мақұлдаған   Конституция  жобасы   бүкілхалықтық  талқылауға    ұсынылды.  Талқылау  барысында  не  бары  400  мыңға  жуық   ұсыныс  келіп  түсті.  1977   жылғы  қазанның   7-сі  күні  тоғызыншы  сайланған  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің   кезектен   тыс   жетінші   сессиясы  Негізгі  Заңның  тексін  қабылдады.  Бұл  күн   КСРО   Конституциясы  күні  болып  жарияланды.

14-билет

1. 1219-1221 жылдардағы монғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.Шыңғысханның жаулап алған байтақ жерлері түгел оның балаларына бөліп берілді.Шыңғысхан Ертістен Орал тауларына дейінгі онан әрі батысқа қарай үлкен аумақты үлкен ұлы Жошының билігіне берді.Атап айтқанда Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал ,Сырдың төменгі ағысы тиді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына Амударияның төменгі жағындағы аудандар мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды. Шыңғысхан екінші баласы Шағатайдың үлесіне -Мәуеренахр Жетісу және Қашқар тиді. Оның ордасы Іле алқабында орналасты . Үшінші баласы Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай жері қарады Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласының маңында болды. Кіші ұлы Төлеге Монғолия жерінің өзі мұраланды. Сонымен Қазақстан жері монғолдың үш ұлысының құрамына енді: үлкен далалық бөлігі Жошы ұлысының ,Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан - Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік шығыс бөлігі - Үгедей ұлысының құрамыны кірді.

2, Ресейдегі бірінші орыс революциясы және оның Қазақстанның қоғамдық саяси өміріне әсері. 1905 жылы Семей облысы Қарқаралы уезініц Қоянды жәр- мецкесінде 14,5 мыц адам қол қойган Қарқаралы петициясына Ә.Бөкейхановтың, А.Байтүрсыновтың, Ж.Ақбаевтың қатысы болған. Осы петиция туралы жэне оны дайындап, көптеген адамдарға қолдатудағы Ахмет Байтүрсыновтың ерекше еңбегін жоғары бағалаған М.Әуезов 1923 жылы жазған “Ахаңның елу жылдық тойы” деген мақаласында: “1905 жылы Қарқаралыда Ахаңмен басқа да оқығандар бас қосып, кіндік хүкіметке қазақ халқының аты- нан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол петицияда аталған үлкен сөздер: бірінші — жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сүраған. Екінші — қазақ жүртына зем­ство беруді сүраған. Үшінші — отаршылардан орыс қылмақ саяса- тынан қүтылу үшін, ол күннің қүралы барлық мүсылман жүртының қосылуында қазақ жүртын муфтиге қаратуды сүраған. Петиция- ларды тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ақандар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған”,— деді.

Қазақстандағы революциялық қозғалыстың біршама өрлеуі 1904    жылдың қазан-қараша айларында өткендігі тарихтан белгілі. Өйткені, бүл кезде 17 қазандағы патша Манифесінің жарияла- нуы Қазақстанның көптеген қалаларында көп адам қатысқан жиылыстарға, демонстрацияларға жэне халықтың қалың тобының бой көрсетулеріне үштасқан болатын. Бүл туралы Әлихан Бөкейханов былай деп жазды: «Қазақтардың жүріп-түруы арқа- сында Манифест қысқа уақытта бүкіл даланың қолына тиді. Жер- жерде қазақтар үлкенді-кішілі съездерге жиналды... Манифесті оқыды, оны түсіндірді, болашақтағы Мемлекеттік Дума сайлауы туралы мәселелерді талқылады. Облыстың ең алыс түкпірлерінен қазақтар топ-топ болып қалаларға барды, онда қала түрғындары үйымдастырған қалалық митингілерге қатысты. Орыстар, татарлар, сарттар мен қазақтар бір туысқан от басына қосылып кетті».

Қазақ үлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіндегі белсенділігі де арта түсті. Олар 1905 жылдың желтоқсанында Орал- да бес облыстың қазақ халқы делегаттарының съезін өткізіп, өз пар- тиясын — Ресей конституциялық-демократиялық (кадет) партиясы- ның бөлімшесін қүруға эрекет жасаған болатын. Ондағы мақсат—    17 қазанда жарияланған патша Манифесі берген бостандықтар шеңберінде қазақтардың үлттық мүддесін қорғау еді. Осыған бай- ланысты 1906 жылдың ақпанында Семейде қазақтардың екінші съезі өткізілді. Ол кадеттерге жақын бағдарламаны мақүлдады. Со­нымен қатар, оған өлкеге шаруалардың қоныс аударуын тоқтату, Қазақстанның барлық жерін байырғы халықтың меншігі деп тану, үлттық мектептер ашу, тағы басқа да талаптар енгізілді. Олардың басында Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсынов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, М.Дулатов, Б.Қаратаев жэне қазақ зиялыларының басқа да көрнекті қайраткерлері жүрді. Сондай-ақ, олар дін үстану бостандығын жақтап, әсіресе, үкімет пен жергілікті органдардың мүсылман дініне қарсы шараларына наразылық білдірді. ¥лттық мәдениетті дамытуды, сонымен қатар, Қазақстанда қазақ тілін басқа тілдермен тең қолдануды талап етті. Міне, осыған орай мүсылман дінбасыларының ықпалы күшті болған Семейде, Петропавлда, Ақмолада, Верныйда жэне т.б. қалаларда діни үйымдар пайда болды. Өлке мүсылмандарының діни талаптар қойған петициялық науқаны кеңейе түсті. Жалпы, мүсылман қозғалысы түрік халықтарының Ресей империясы қүрамындағы автономиясы жэне мәдени- автономиялық дамуы туралы мәселе көтерді.

Ал барлығы 72 күн ғана жүмыс жасаған бірінші Мемлекеттік Дума 1906 ж. 9-шілде күні үкімет шешімімен таратылды. Дэл сол күннің кешінде Думадағы оппозицияның 182 өкілі (кадеттер, тру- довиктер, меньшевиктер) Выборг қаласында (Финляндия) жиналып, Манифест дайындап, оған өздерінің қолдарын қойды. Олардың ара- сында Ә.Бөкейханов та бар еді. Сол үшін ол келесі Думаға сайлану қүқығынан айрылып қана қойған жоқ, сонымен бірге жауапқа тартылып, абақтыда отырып шығады. Сөйтіп, халық бүқарасының на- зарын алаңдату үшін шақырылған бірінші Мемлекеттік Дума оның үміттерін ақтамады, ал оның мінберін партиялар өз мақсаттарына пайдаланды.

Екінші Мемлекеттік Думаның сайлануына келер болсақ, ол 1905 жылдың 6 тамызындағы жэне 11 желтоқсанындағы сайлау заңдары негізінде өткізілді. Думаға Қазақстаннан 14 депутат, олардың 6-ы қазақ үлтының өкілдері: молда Ш.Қосшығүлов — Ақмола облысынан, би Х.Нүрекенов — Семей облысынан, адвокат Б.Қаратаев —     Орал облысынан, сот тергеушісі А.Бірімжанов — Торғай об­лысынан, ТАлдабергенов — Сырдария облысынан, қатынас жолдары инженері М.Тынышбаев — Жетісу облысынан сайлан- ды. Екінші Дума депутаттарының қүрамы жағынан болсын, күн тэртібіне қойылған мәселелерді талқылау жағынан болсын бірінші Думаға қарағанда солшыл бағытта болғанды. Негізгі пікір тарты- сын тудырған мәселелердің бастысы аграрлық жэне қоныс ауда­ру мәселесі болды. Әсіресе, депутаттар Б.Қаратаев, А.Бірімжанов, Ш.Қосшығүлов, Х.Нүрекенов өте белсенді түрде, заң шеңберінде патша өкіметінің қоныс аудару саясатына қайткенде бір ықпал ету- ге тырысты. Мэселен, 1907 жылы 17 мамырда депутаттық сауалға байланысты жарыссөзде депутат Б.Қаратаев сөйледі. Ол өзінің сөзін қазақ халқы үшін ең маңызды іске айналған жер мәселесіне арнады: «Үкімет, біріншіден, Ресей ішіндегі помещиктер мүддесін, яғни, 130000 помещиктің мүддесін қорғау үшін» жерсіз орыс шару- аларына қазақ жерлерін тартып эперіп отыр. Екіншіден, үкіметтің бүл саясаты ашықтан-ашық үлы державалық, шовинистік негізде жүргізілуде. Соның нәтижесінде жерге орналастыру мекемелері қазақтарды «орныққан орындарынан, поселке, деревня қүрап отырған үйлерінен жаппай қуып шығумен айналысып отыр». Әрине, бүл сөз іс жүзінде патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлау сая- сатын жергілікті халықтың атынан әшкерелеу еді. Б.Қаратаев орыс халқының еңбекші бүқарасы мен зиялы қауымын қазақ елінің осындай ауыр жағдайына көңіл аударуға шақырды.

3. Қоғамның  саяси  өмірі.  70-жылдардың  бас  кезі  жаңашыл   үрдістердің  едәуір  әлсіреуімен,  қоғамдық   құрылыс  принциптері  мен  формаларының  тоқырауға  ұшырауымен  ерекшеленеді. Саяси  өмір  принциптеріне  түзетулер   енгізген  мұндай   бетбұрыстың  пайда  болуы  ең  алдымен  1968  жылдың   тамыз  айында  бес ел   әскерлерінің  Чехословакия   жеріне   енгізілуіне  байланысты  болатын.  Өйткені  дәл   осы  елде   партияны   жаңартуға,  қатып-семген  қоғамдық  жүйені  өзгертуге ,  нарықтық  қатынастар  орнату  жолымен  экономикалық  реформалар  жүргізуге  бағытталған  барынша  ауқымды  ұмтылыстар  орын  алған  еді.Шынтуайттап  келгенде ,  онда  социализмнің  «сталиндік», «кеңестік»  нұсқасын  жою  және  демократиялық  қоғам  орнату  туралы  мәселе  көтерілді. А.Дубчек  бастаған  ЧКП  басшылығының  бұл  бағытына  халықтың  көпшілік  бөлігі  қолдау  көрсетті .  Алайда  мемлекеттік –монополистік  социализмнің  қуатын  шайқауды  және  демократиялық  балама  күштер  жеңісін  қамтамасыз  етуді  мұрат  тұтқан  бұл  ұмтылыс  1968  жылы «Прага  көктеміне»   қарсы  төндірілген  «интернационалистік  акцияның»  салдарынан  іске  аспай  қалды.  ЧКП   қатарындағы  керітартпа   күштерге   көрсетілген  қолдау  бұл   күштердің   КОКП   басшылығында  да  жеңіске   жеткендігін  айғақтап  берді.   Осының   нәтижесінде    60-жылдар   ортасындағы  бетбұрыс   төрешіл  керітартпа   күштердің   темір   құрсауында   қалды.  Бұл   оқиғаның   ізі  суымастан  «ревизионизмге»   қарсы  басталған   идеологиялық   науқан   ЧКП   дамуындағы   дағдарысты  жоюға,  бірқатар  басқа   коммунистік   партиялардағы  оппортунистік   күштерге  теориялық  соққы  беруге,  партия,  оның   социалистік  қоғамдағы   жетекші рөлі   туралы  «маркстік-лениндік»   тұжырымдаманы  қайта  қалпына  келтіруге  жәрдемдесуге  тиіс  болды.

1967  жылы   Қазан  революциясының  50 жылдығына  арналған  салтанатты   мәжілісте  сөйлеген   сөзінде-ақ  Л.И.Брежнев  кеңес  халқы   жүріп  өткен  тарихи  жолдың  басты  қорытындысы  кемелденген  социализмнің  орнатылуы  болып  табылады   деп  мәлімдеген  болатын.  Бұл  «тұжырымдаманың»  өзінен   бұрынғы   теориялық  қисындамалардан  айырмашылығы  социализмнің  қоғам  дамуының  едәуір  ұзаққа  созылатын   кезеңі  екендігін  мойындауынан   көрініс   тапты.  Осы  тұрғыдан  алғанда  «коммунизмге  қарай  алып  адыммен   секіру»   идеясынан   бас  тарту  жағдайға  байыпты  баға  беру   көрінісі  болғандығы   шүбәсыз. Бірақ  бұл  «тұжырымдама»  30 – 40-жылдары  мерейі  үстем  болған,  өтпелі   кезеңнің   бүкіл   проблемалары  шешіліп   бітті,  социалистік   мұраттар   негізінен  жүзеге  асты   және  осының   бәрі   дәлелденген   деп   санайтын   әлеуметтік-экономикалық   даму  пайымына  арқа  сүйеді.  Осының  салдарынан  социализмді   жетілдіру  жолдарын  іздестіру  ісі  (егер  мұндай  іздестіру  жүргізілсе),  ескірген    түсініктер  аясында  ғана  қанат  жаюға  мүмкіндік   алды.  Социализмнің    іркіліссіз  және    қайшылықсыз  үдере  өркендеуі  теориясы   экономикалық  және   әлеуметтік   жетістіктерді  зорайтып   көрсетуге,  шындықты   боямалап   жеткізуге  итермеледі,  қоғам  өзегіне  енген  қайшылықтардың,  тоқыраушылықтың,  төрешілдіктің   асқыну  себептерін  жабулы  күйінде  қалдырды.  Қоғамның  даму  процесі  өткен  кезеңдегі   жетістіктермен  салыстырыла    қарастырылғандықтан,  сөздер  мен    ұғымдар  бірте-бірте  шындыққа  мүлде  жанаспайтын   мазмұнға  ие  болып,  теория  да  шынайы  мән-мағынасынан   айырыла   бастады.

Қиялдағыны   қолдағыдай  етіп   көрсетуге  тырысушылықтың  барынша  асқындаған   көрінісі   КРСО-ның  1977  жылғы  Конституциясында  орын  алды.   КОКП  Орталық  Комитетінің  мамыр  (1977ж.) пленумы  мақұлдаған   Конституция  жобасы   бүкілхалықтық  талқылауға    ұсынылды.  Талқылау  барысында  не  бары  400  мыңға  жуық   ұсыныс  келіп  түсті.  1977   жылғы  қазанның   7-сі  күні  тоғызыншы  сайланған  КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің   кезектен   тыс   жетінші   сессиясы  Негізгі  Заңның  тексін  қабылдады.  Бұл  күн   КСРО   Конституциясы  күні  болып  жарияланды.

15-билет

Алтын Орданың этносаяси тарихы 1227 ж Жошы қайтыс болып орнына ұлы Батый отырды.1235 жыл Қарақорымда құрылтай откізілді. Қаралған мәселелер:Еуропаға жорық Әскери қолбасшылығына Батыйды сайлау.Батый әскерінің негізін қыпшақтар құрады,ал монғолдар аз болды.1236-1242 жылдар- Еуропаға жорық жасалды. Жорықтар нәтижесінде Батыс Дешті Қыпшақ ,орыс князьдықтары, Мордова, Еділбұлғарлары, Қырым, Солтүстік Кавказ, Польша, Венгрияны, Чехияны жаулады. XXIII ғ. Монғолдар Азия,Шығыс және Орталық Еуропаны жаулап алды.1243 жыл Еділді төменгі Алтын Орда мемлекті құрылды.Алғашқы билеушісі-Батыйхан.Территориясы:Шығыс Дешті Қыпшақ,Хорезм,Батыс Сібір территориясының бір бөлігі.Астанасы Сарай Бату,кейіннен Сарай Берке қаласы.Сарай Берке Азиядан Еуропағабаратын ірі сауда орталығы.Орыс князьдықтарыАлтын Ордаға тәуелді болып,салық төледі. Алтын Орда шығыс деректерінде Жошы ұлысы ,Жошы ұрпақтары атымен Батый ұлысы,Берке ұлысы деп аталды. Алғашқыда Алтын Орда монғол империясның құрамындағы ұлыс болды.XIII ғасырдың 60-жылдарынан дербес хандық болып бөлінді.Алтын Орданың қоғамдық құрылымы Алтын Орда көп ұлтты мемлекет.Көшпелі халқы негізінен түркі тілдес тайпалар -қыпшақтар,наймандар,қаңлылар т.б.Отырықшы халқы- Еділ бұлғарлары мордвалар,орыстар,хорезмдіктер т.б.Монғолдар аз болды.XII-XIY ғасырларда жазба деректерде Алтын Орда халқын “татарлар” деп атаған.Тілі қыпшақ тілі. XIY ғ. Алтын Ордадағы моңғолдар толығымен түркіленді.Мемлекет Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Қ. жерінде Шыңғыс ханның “ Яса” заңдар жинағы және отырықшы аудандарда шариғат заңдары қолданылды.Қалыптасқан дәстүр бойынша Шыңғыс хан ұрпағы ғана болып сайланды. Ханның кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы сұлтандар.Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып ,Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: Оң қанат Батый хан билігі.Сол қанат Орда Ежен ханның билігі.Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді.Алтын Орданың гүлденуі мен ыдырауыXIII-XIY ғасырларда Алтын Орда күшті мемлекет болды. Батый хан тұсында (1227-1255ж.ж.) Алтын Орда Монғол империясының тәуелді болды. Берке хан (1257-1267ж.ж.)тұсында тәуелсіздігін жариялады.Мөңке хан (1267-1280ж.ж.)өз атынан теңге шығарды.1260 жыл Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстапға ыдырады.XIY ғ бірінші жартысында Өзбек және Жәнібек хандар тұсында мемлекет күшейді:Батыс Еуропамен,Кіші Азия,Египет,Үндістан ,Қытаймен сауда қатынасы дамыды.1312 жыл- Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.50-ж. Ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең”басталды.1357-1380 жылдары билік үшін күресте 25 хан ауысты.1380 жыл Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді.Осы жағдайды пайдаланып Тоқтамыс (1380-1395) Алтын Ордаға хан болды.Ол билігін нығайту үшін 1382 жылы Ресейге жорық жасап,Мәскеуді өртеді.Тоқтамыс ханның қарсыласы Әмір Темірдің 1389,1391,1395 жылдардағы жойқын шабуылдарынан Алтын Орда әлсіреді.Тоқтамыс пен емір арасындағы күрес Сыпыра жыраудың жырларында айтылады.Алтын Орда билеушілерінің езгісіне қарсы халық көтерілістері де жиіледі:1240-41 жылдар Кама Булгариясындағы көтеріліс; 1259 жыл Новгород, Ростов,Суздальдағы көтеріліс; 1262 жыл Ярославльдегі көтеріліс ;1270 жыл Кама Булгариясындағы көтеріліс.Алтын Орданың күйреуінің себептері :Билік үшін өзара қырқыстар.Әмір Темірдің жаугершілік соғыстары.Халық көтерілістері.Ұлыстардың дербестікке ұмтылуы.XY ғ. Ортасына қарай Алтын Ордадан бірнеше ұлыстар бөлініп өз алдына хан сайлады Ең ірісі Ақ Орда . XY ғ.20-40 жылдары Сібір , Қазан ,Қырым ,Астрахань ,Ноғай Ордасы хандықтары бөлініп шықты. Алтын Орданың соңғы билеушісі ШейхАхмед 1502 ж. Қайтыс болғаннан кейін Алтын Орда мемлекет ретінде жойылады.

2, Қазақстан бірінші дуниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс Халық бұқарасының арасында патша самодержавиесінің милитаристік саясатына наразылық өсе түсті.Ресейдің орталығындағы революциялық дағдарыстың пісіп-жетілуі ұлттық шеткергі аймақтарда,оның ішінде Қазақстанда де ерекше сезіле бастады.Ол жұмысшылардың ереуілдері мен басқа да бой көрсетулерінен көрінді.Осының бәрі патша саясатына наразы бұқараның ашық бой көрсетуіне әкеп соқпай қоймайтын еді.1916ж 25маусым күні орыс емес «бқратана» халықтардың 19-43 жас аралығындағы ер-азаматтары соғысып жатқан армия ауданында қорғаныс құрлыстарын салу мен тыл жұмыстарына «реквизицияланатыны» жөніндегі патша жарлығы жарияланды. Алдын ала жасалған есеп бойынша,390 мың адам алу көзделді.Аталған Жарлық қазақ далысын өте ауыр жағдайға қалдырды.Тыл жұмыстарына жұмылдыру егін өнімдері мен пішін жинау,малды қысқы жайылымдарға айдауға дайындық кезінде жүргізілді.Еңбекке жарамды бүкіл ер-азаматтардышақыру қоеыс аударушылар пайдасына үнемі жер тартып алумен негізі шайқалған қазақ шаруашылығының экономикалық базасына зор нұсқан келтірді. Іс жүзінде жұртшылық аштан қырылуға душар болды.Байырғы халықты тыл жұмыстарына шақыру халықтың ашу-ызасын тудырып,Орталық Азия халықтарының Ресей отаршылдығына қарсы қуатты көтерілісінің басталуына себепші болды.Көтерілістің құлаш сермеуінен сескенген патшалықөкімет орындары 20 шілдеде шақыруды егін өнімдерін жинағанға дейін,ал 30 шілдеде 1916жылдың 15 қыркүйегіне дейін кейінге қалдыра тұру жөнінде хабарлады.Бірақ өкімет орындарына отарлық езгіге қарсы көтеріліс жалынын өшірудің сәті түспеді.Көтерілістің негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипатты факторлары:отарлық езгінің күшеюі,еңбекшілерді аяусыз қанау,күшпен орыстандыру жөніндегі патша саясаты,ұлт араздығын қоздыру,еңбекші бұқараның соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы.Стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат ала бастады. Оның Торғай мен Жетісуда дала халқының танымал өкілдері,көпке белгілі жетекшілері Амангелді Иманов,Әліби Жангелдин, Тоқаш Бокин,Бекболат Әшекеев т.б. бастаған ірі орталықтары пайда болды.Қазақтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі патша Жарлығы Орынборға 1916жылғы 28 маусымда жетті.Торғай облысының әкімшілігі метрополияның тікелей өкілдігі ретінде патша жарлығын сөзсіз,бұлжытпай орындау жөніндегі шешім қабылдады.Алайда халық наразылығы күн санап өсе түсті.Қостанай,Ырғыз,Ақтөбе уездерінде шаруалардың стихиялық бас көтерулері басталды.Көтерілісшілер тау шатқалдарына топтасып,пошта бекеттеріне шабуыл жасады,темір жолды бұзды,болыстық басқармаларды талқандап,болыстарды өлтірді.Көтеріліс Солтүстік Қазақстанның көптеген облыстарын қамтыды.Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы құрылды.Көтеріліске дейін-ақ Амангелді даладағы халық бостандығын жақтаушы,орталық тәтіптің бітіспес қарсыласы ретінде танылған еді.Ол бірнеше рет те түрмеге де түсті,заңсыз сотталған жерлестерінің ісімен Петербургке де сапар шекті1916ж шілдеде Амангелді қазақ жасақтарын көтерілісшілердің бірыңғай сапына жинай бастады.Көтерілісшілер Амангелдіні көтерілісшілер әскерінің бас қолбасшысы – сардарбек,Оспан Шолақты оның көмекшісі етіп,Әбдіғапар Жанбосыновты хан етіп сайлады.Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан ұйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді.Сарбаздар ондық,жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді.Басқару жұмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды.Ақпан революциясының қарсаңында,Қазақстанның басқа облыстарында әскери қимылдар тоқтағанда,Торғай даласында жазалаушылар отрядтары мен көтерілісшілер арасындағы шайқастар жалғасып жатты.Ақпан төңкерісінің жеңісінен соң даладағы көтерілісшілер отрядтарының саны шұғыл өсті,ал 1917 жылдың соңында Амангелді Торғайды алды.Көтеріліс Жетісу өлкесіне кең тарады.Мұндағы өзгешелік жаппай бой көрсетулерге тек қазақ еңбекшілері ғана емес,басқа халықтардың өкілдерінің (ұйғырлар,дүнгендер,қырғыздар)де қатысуы еді.1916-1917 жылдары көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып,ұлт-азаттық қозғалыс дәрежесіне дейін өсті.Ол патшаның әскери-басқыншылық саясатына,әрі белгілі дәрежеде даланың жемқор бай феодалдарына қарсы бағытталды.Бұл көтерілістің негізгі мақсаты ұлттық және саяси жағынан азаттыққа қол жеткізу,Қазақстанның барлық азаматтарына тең қарым-қатынас пен құрметті талап ету еді.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші қазақ шаруаларының қалың бұқарасы,сонымен бірге қалыптасып келе жатқан жұмысшы табының өкілдері,қолөнершілер болды.Көтеріліс сипаты жағынан ұлт-азаттық,соғысқа,патшаға қарсы көтеріліс болды.Антифеодалдық сипаты да бар еді.1916 жылғы көтеріліс Қазақстан мен Орталық Азия халықтарының ұлттық сана сезімінің өсуіне қуатты түрткі болды.Отарлық езгінің көп жылдарынан соң олар өздерін бірінші рет Ресей самодержавиесінінің отарлық экспансиясына қарсы қарулы күрес жүргізе алатын күш ретінде сезініп,ұлттық мүдделердің ортақтығын түсіне бастады.

3. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. өз өнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді. XIX ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Өкіметі жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты көптеген ақын-жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен шығып, өз шығармаларында халықтың көңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-тіршілігін шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын зерттеп-білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ эпосының негізінде көрермендерге ұсынылған «Қыз Жібек», «Айман — Шолпан», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Тарғын», «Қалқаман — Мамыр» сияқты опера, көркем фильм, балеттерді атап өтуге болады. Тарихи ескерткіштерді қорғау, сақтау, Қазақстан тарихын көрсету мақсаттарында республикада көптеген мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның ішінде 29 өлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 өнертану, 1 этнографиялық музей жұмыс істеді. Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің өзегі тіл мен дінге байланысты жүргізілген саясаттан көруге болады. «Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни өкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын, кейін славян алфавитіне көшірілді. 1927—1928 жылдары билер соты жойылып, дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза партиялылығын жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап отырды. Баслит (цензура) мен Басрепертком баспасөз бен театрларда социализм идеяларына сәйкес келмейтін шығармаларға тыйым салды. 1991 жылдан бастап Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының өзін-өзі билейтін елі және басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан артық қилы заман Бұғалығын басынан өткізген ел енді ғана өзіне тән мәдениет пен өркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды

16-билет

Қазақстан тарихындағы мемлекеттіліктің даму кезеңдері: Көшпелі өзбектер хандығы.ХҮ ғ 20ж Қазақстанның орталық, батыс, солтүстік-батыс аймақтарында тәуелсіз феодалдық иеліктер пайда болды.1428ж Шайбан ұрпағы 17 жасар Әбілхайыр(1428-1468) осы аймақтардағы билікті өз қолына алды. Әбілхайыр Сырдария бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты. Шығыс Дешті Қыпшақтың бытыраңқы феодалдардың басын қосып «Көшпелі Өзбектер мемлекетін» құрды.Территориясы: Жайық Балқаш Арал теңізі; Сырдарияның төменгі ағысы, Тобыл Ертіс.Астанасы: алғашқыда Тура, 1431ж. Орда Базар(Батыс Сібір),1446 ж Сығанақ. Халқы өзбектер.Құрамында қыпшақтар, наймандар, маңғыттар, қарлұқтар, қоңыраттар, қаңлылар, үйсіндер т.б. болды.Елді 40ж билесе де, Әбілхайыр хан мемлекеттің ішкі саяси жағдайын тұрақты ете алмады:мемлекет бір орталықтан басқарылмады, бірнеше иеліктерге бөлініп, оларды Шыңғыс әулетінің билеушілері басқарды, билік үшін Жошы ұрпақтары арасындағы өзара қырқыстар болды, толассыз соғыстар тоқтамады.Әбілхайыр ханның жүргізген соғыстары:1430 ж. Тобыл өзені бойында Махмұт Қожаны жеңді, Хорезмді басып алып, Үргенішті талқандады. Махмұт және Ахмет хандарды жеңіп, Орда Базар қаласын тартып алды.1446 ж. Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ,Аққорған, Үзгент,Аркөкті жаулап, Сығанақты астана етті. ХҮ ғ. 50ж. Самарқанд,Бұхарды шабуылдап,осы өңірдің ішкі саяси өміріне араласты.1457 ж. Үз Темір бастаған ойраттардан Сығанақ түбінде, Көккесене деген жерде жеңіліп, онымен өзін қорлайтындай ауыр шарт жасасты. Бұл жағдай Әбілхайыр ханның саяси беделін төмендетті. Нәтижесінде ХҮ ғ.50ж. аяғы 60 ж. Басында Өзбек хандығынан Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған халықтың бір тобы Моғолстанға көшті.1468ж. Әбілхайыр хан Моғолстанға жорыққа аттанып, жолда кенеттен қайтыс болды. Негізгі себептері:Жекелеген ұлыстар арасындағы берік байланыстың болмауы,Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы билік үшін тартыстар, көшпенділердің ақсүйектер қанауына наразылығы, сыртқы саясаттағы сәтсіздіктер. Оның мұрагері Шайх Хайдар хан ішкі тартыста өлтірілді. Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбан(1470-1510жж.) қазақ хандарымен Сырдария мен Қаратау аймағындағы қалалар үшін ұзақ соғыс жүргізді.1500ж. Мұхаммед Шайбан Самарқанды алды.1501-1502жж. Орта Азияны жаулады. 1510ж. Сығанақ түбінде Қасым ханның әскерінен жеңіліп, қазақ даласындағы ықпалы жойылды. 1510ж. Мерв түбіндегі шайқаста қаза болды. Әбілхайыр хандығының жеріндегі билік қазақ хандарына толық көшті. Қазақ хандығының құрылуымен, Әбілхайырдан тараған ұрпақтың Шығыс Дешті Қыпшаққа билік жүргізуіне тыйым салынды.ХҮІғ.басында көшпелі өзбектердің бір бөлігі Шайбанилердің бастауымен Мәуереннахрға көшіп кетті. Қазақстан жерінде қалған тайпалар қазақ хандығының иелігіне қосылып, Орта жүз құрамына енді.

2, А. Құнанбаевтың өмірі мен әдеби мұрасында 19ғ 2 жартысындағы қазақ халқы тарихының көрініс табуы. Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы 1845 – 1904 жж өмір сүрген қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ойшыл, ақын, сазгер. Әкесі Құнанбай – Тобықты руының старшыны. Абайдың тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орны ерекше болды. Абай Семейдегі Ахмет Ризаның медресесінде оқып жүргенде ақындық талабын көрсете бастады. Ел билеу ісіне баласын тартқысы келген аға сұлтан Құнанбай Абайдың оқуын аяқтатпады. Ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған Абайдың әкесімен көзқарастары бір болмады. Семейде кездесіп, кейінгі жылдары байланысы үзілмеген орыс зиялы қауым өкілдері Абайға ықпал етті. Семейде айдауда болған азаттық қозғалыс өкілдері – Е.П. Михаэлис, А. Леонтьев, С.С.Гросс, Н.И.Долгополов оның ақындық шығармашылығының демократтық бағытта қалыптасуына әсер етті. Абай орыс демократтық мәдениетінің өкілдері А.С.Пушкинге, М.Ю. Лермонтовқа, М.Е.Салтыков – Щедринге, Л. Толстойға бас иді. Қазақ пен орыс халқының өнегелі өкілдері достығының көрінісі – Абай мен Е.П. Михаэлистің қарым – қатынасы. Абай Пушкиннің «Евгений Онегинінен» өзі аударған бөлімдеріне ән шығарды. Әкесінің әсерімен ұлдары Ақылбай, Кәкітай, Мағауия орыс мәдениетіне көңіл қойып, поэзиялық туындылар жазды. Әбдірахман Петербургте Михайлов артиллерия училищесін бітірді. Еңбекшілер тұрмысын жақсарту жолдарын Абай қоғамның экономикалық негіздерін өзгертуден көрді. Қазақтардың өркениетті дамуын – егіншілікті, қолөнерді, сауданы өркендетумен тығыз байланыстырды. Жастарды ғылым мен білімді үйренуге шақырып, өзге халықтарды құрметтеуге солармен қарым – қатынас орнатуға үндеді.

XIX ғ.Қазақстандағы дәстүрі және білім беру жүйесі. Ы.Алтынсаринның педогогикалық қызметі. Халықтың сауаттылығы. XIX ғ-дың ортасына дейін қазақ балаларын оқыту – құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін көбінесе оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде негізінен ер балалар оқыды. Мұның өзі әйелдер сауатсыздығының жоғарғы дәрежеде қалуы себептерінің бірі болды. Мысалы, 1884 ж. Верный, Қапал және Сергиополь уездерінің мұсылман мектептерінде 47,5 мың ер бала және бар болғаны 17,3 мың қыз балалар оқыды.Қазақстан халқының барып тұрған сауатсыздығы 1897 ж. халық санағын жүргізу барысында, ол ең алдымен сұралғандардың орысшаоқи білетіндігін ғана жазып белгілегенімен, айқын аңғарылады. Ана тіліндегі сауаттылық сұраққа жауап қайтарушы орысша оқи білмейтінін айтқан жағдайда ғана белгіленді. Алайда санақ материалдары жекелеген халықтардың сауаттылық дәрежесін қамтып көрсете алмады. 1897 ж. санақ материалдары бойынша өлке халқының 8,1%-ы ғана сауаты барларға жатқызылды, еркектердің сауаттылары олардың 12%, әйелдердің сауаттылары 3,6% құрады. Әліппелік сауаттылықтың біршама жоғары дәрежесі қоныс аударушылардың негізгі бөлігі тұратын солтүстік-шығыс губернияларынан байқалды. Қазақстан халқы сауаттылығы дәрежесінің шындап артуы XX ғ. басында да бола қойған жоқ: мектеп жасындағы әрбір 10 баладан тек бір бала ған мектепке барды.

Мектептік және кәсіптік білім беру. Қазақстандағы халық ағарту ісі 2 бағытта: діни және жәй азаматтық бағытта дамыды. Діни бағыттағылары балалар ата-аналарының қаражатымен ұсталған мектептер мен медреселер болды. Олардағы оқу араб алфавиті бойынша жүрді. XIX ғ. өзінде Ш.Уәлиханов негізінен алғанда татар молдалары ұстаздық еткен ауыл мектептерінің ауыр жағдайы туралы ашына жазды: «Таңқаларлық бірбеткейлік, өлі схоластика және бірде-бір нақты ой-пікірге құрылмаған оқу», - деп бағалады.XX ғ. басында мектептер уақыттың өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Діни мектептерді қайта құру жолындағы қозғалыс басталды. Оны ұйымдастырушылар жаддашылар болды. Олар оқытудың әріп құрастыру тәсілін дыбыстық тәсілмен алмастыруды ұсынды, мектептерде азаматтық пәндердің – арифметиканың, географияның, жаратылыстанудың, тарихтың және басқаларының оқытылуы керектігін дәлелдеді. Соған қарамастан оқытудың жаңа тәсіліне көшкен мектептер көбейе қоймады.Діни білім беру жүйесінде медресенің ықпалы зор болды. Олар молдалар, мектеп оқытушыларын даярлады және міндетті түрде мешіттер жанында жұмыс істеді. Медресенің үлгісіне қарай олардағы оқу мерзімі – 3 жылдан 4 жылға дейін созылды. Олардың шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философиядан, астрономиядан, тарихтан, лингвистикадан, медицинадан, математикадан мағлұматтар алды.Бұл ортадан қазақ мәдениетінің А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Б.Майлин және басқалар сияқты аса ірі қайраткері шықты.Азаматтық сипаттағы жай оқу орындары өлкенің Ресейге қосылғанынан кейін ашылды. Олар отарлық аппарат үшін шенеуніктер, тілмәштәр, мұғалімдер, дәрігерлер даярлады. Мысалы, 1786 ж. Омск қаласында Азиаттық мектеп, 1789 ж. Орынбор қаласының айырбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды. Бұл оқу орындары балаларды, соның ішінде қазақ балаларын да тілмәштік, песірлік(кеңсе хатшысы) мамандыққа үйретті. Әскери мамандарды және әкімшілік шенеуніктерін 1825 ж. Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 ж. негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады.

Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында Жәңгір ханның инициативасымен 1841 ж-дан жұмыс істей бастады. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ісләм дінін оқып-үйренді. 1890 жж. орыс-қазақ қыздар училищелері Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақ поселкесінде, Ақтөбеде жұмыс істей бастады.

1896 ж. қарай бұларда 211 қыз, соның ішінде 70 қазақ қызы оқыды. Қазақ қыздарының білім алуға кеңінен тартылмауына әйелдердің құқықсыз жағдайы және ісләмнің кертартпалық дәстүрлері негізгі кедергі болды.Бастауыш және орта оқу орындары шәкірттерінің құрамында қазақ балаларының саны шамалы ғана болғанды. Айталық, 1911 ж. Верный ер балалар гимназиясында 316 орыс және бар болғаны 10 ғана қазақ баласы оқыды. 1912 ж. мәліметтер бойынша Сырдария обл-да 56 орыс жергілікті-халық училищесі болса, оларда 3 мың жергілікті тұрғындардың балалары білім алды. Ал бұл олардағы барлық оқушылар санының 2% ғана құрады.Ағарту ісі мен ұлттық мектеп тарихында Ы.Алтынсарин терең із қалдырды. Ол Қостанай обл-да дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылып, атасы – Орынбор шекаралық комиссияның әскери ағаманы Балқожа Жаңбыршин бидің қолында тәрбиеленді.Мектепті бітіргеннен кейін Алтынсарин 3 жылдай осы атасының қол астында кеңсе қызметкері болып, онан соң Орынбор басқармасында тілмәш болып жұмыс істеді. 1860 ж. облыстық басқару Орынбор басқармасында (Торғай) қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды және мұны соған орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындады.

Ағартушылық идеяларымен жігерленген ол ауылдарды аралап, халыққа азаматтық білім берудің мәнін түсіндірді.Қазақ жұртшылығынан қаражат жинастырып, ол мектеп үйін салуға кірісті. Ол салдыртқан жаңа мектептің ашылу салтанаты 1864 ж. 8-қаңтарда өтті. Оның мектебінде оқуға 16 бала жазылды, мектеп жанынан сол балалар жатып оқитын интернат ашылды. 1869 ж. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші қызметіне орналасты. Онан соң уезд бастығының аға көмекшісі және уездік судья міндетін атқарды. Қызмет бабымен ол ауылдарда болып, болыс басқарушысы мен ауыл ағамандарының сайлауына қатысып жүрді. Сол сайлауларда дауысты сатып алушылыққа, парақорлыққа және қиянат жасаушылыққа жол бермеуге тырысты. Онысына наразы болған байлар мұның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және ішкі істер министріне шағымдар түсіріп, оны 1868 ж. «Уақытша ережеде» белгіленген сайлау жүргізу тәртібін бұзды деп кінәлады.1879 ж. Ы.Алтынсарин инспекторлық қызметке тағайындалды. Оның бастаушылығымен және тікелей қатысуымен Қаз-да халықтық азаматтық мектептер тармақтары, атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында орталық училищелер құрылды. Осы мақсатпен ол Торғай обл-ң қазақ ауылдарын аралады, халықтан қаржы жинады, ал сонан соң Ырғыз, Николаевск, Торғай және Илецк уездерінде 2 кластық орыс-қырғыз училищелерін ашты: оларды мұғалімдермен және оқушылармен қамтамасыз етті. Алтынсарин училищелерді жабдықтауға, әрбір мектеп жанынан кітапханалар құруға ерекше көңіл бөлді. Жергілікті халық арасынан мамандар даярлауға ерекше маңыз беріп, ол қолөнеркәсіптік және ауылшаруашылық училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсады.

Ш. Уәлиханов және оның ғылыми жұмыстары. Ш. Уәлиханов саяхатшы, географ, ойшыл, тарихшы, этнограф,суретші. Ш. Уәлиханов – 1835 жылы қарашада Құсмұрын бекінісінде туып, Сырымбетте өсті. Әкесі Шыңғыс – Абылай ханның немересі. Шоқанның жетіліп, сана-сезімінің оянауына әжесі Айғаным әсер етті. 1847 жылы Шоқан 12 жасында Омбыдағы Сібір кадет корпусына оқуға түсіп, 1853 жылы 18 жасында бітіріп, корнет деген атақ алады. Кадет корпусында Г.Н. Потанинмен танысып дос болады. Шоқанның орыс ғалымы И.Н. Березинмен, ұстазы Н.Ф. Костылецкиймен байланыста болуы, оның ғылыми бағытын дұрыс анықтауына себеп болды. Шоқан ғылымға бейімделіп, шығармашылық еңбек жолын бастады:1855 жыл – Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Іле Алатауында болып, аңыз- өлеңдерді жинады.1856 жыл – Тянь-Шаньскиймен Құлжаға барды.1857 жыл – Қырғыздардан «Манасты» жазып алды. Орыс географиялық қоғамына мүше болды.1858- 1859 - әлемге әйгілі Қашғарға саяхатын жасады.1859 – 1861 – Петербургте орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы өкілдерімен танысты.1860 – Петербургте ержүрек жиһангез және Орта Азия халықтарының өмірін зерттеуші ретінде құрметтеліп, орденмен марапатталды.1861 – ауырып ауылына қайтады.1864 жыл – Черняев экспедициясында болды.1865 жыл – «Қытайдағы дүнгендер көтерілісі» атты соңғы еңбегін жариялады.Омбыда «Даладағы мұсылмандық туралы», «Көшпелі қырғыздар туралы», «Сот реформасы туралы» еңбектерін жазды. Сонымен қатар бейнелеу өнерінде 150 суреті қалған1865 жылы Алтынемел жотасында дүниеден өтті.

Қайта құру және Қазақстандағы 1985-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір

Кеңес елінің басшылары тауарсыз утопияны іске асыруда бір-бірімен дәйекті түрде жарысып, сынақ алаңындағы сияқты шетсіз-шексіз эксперименттер жүргізді. Елдің әрбір жаңа басшысының билікке келуі алдыңғы кезеңде жол берілген қателіктер мен асырасілтеушіліктерді еңсеру жөніндегі белсенді «реформаторлық» қызметімен ілесе жүрді. Бірақ осы бастамалардың бәрінің өзекті желісі «социализмді жетілдірудің»жоғары әлеуетін анықтау болды. 80-жылдардың аяғына дейін идеологиялық қатаң қағида мен саяси төзімсіздік қалыптасқан «кеңестік үлгінің» орынды баламасының кез келген мүмкіндігін жоққа шығарды.

Кеңестік кезеңге дейінгі және кеңестік кезеңдегі тарихты сын көзбен қайта ой елегінен өткізу демократиялық үдерістің дамуындағы маңызды белес болды. «Басқаша болуы мүмкін емес», «Тарихшылар дауласады», «Бұл жайында айтылмады», «Қазақстан тарихы: ақтаңдықтар» атты жариялымдарда, мақақалар жинақтарында – Қазан револяциясына, Азамат соғысы мен Отан соғысына, большевиктер жетекшілерінің – В.Лениннің, И.Сталиннің, Ф.И.Голощекиннің т.б. қайраткерлеріне жаңаша берілген бағалар пайда болды. Шындықты іздеу ахуалында саяси террордың құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыстар жалғастырылды. 1987 жылдың қыркүйегінде құрылған КОКП ОК Саяси бюросының 30-40 жылдардағы және 50-жылдардың басындағы қуғын-сүргіндерге байланысты материалдарды қосымша зерделеу жөніндегі комиссия 30-50 жылдардағы ең ірі саяси зұлматтардың барып тұрған озбырлық және заңдылықты бұзу салдарынан болғаны туралы қорытынды жасады. 1988 жылы жұртшылықтың қысымымен Қазақстан Компартиясы ОК-нің шешімімен жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев саяси, кейінірек азаматтық тұрғыда ақталды. Қалың халық бұқарасы осынау қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің шығармаларымен танысуға көптен күткен мүмкіндік алды.

Кезінде Виктор Гюго: «Армияның шабуылына қарсы тұруға болады, бірақ уақыты келген идеяның таралуына қарсы тұруға болмайды» деп жазған еді. Жариялық пен демократияландыру идеялары қоғамды қарышты қарқынмен өзгерте бастады. 1988 жылы КОКП-ның жұмысм істеуінде, сталиншілдіктен арылу оқиғасын өрістетуде бетбұрысты жыл болды. Осы жылы өткен ХІХ Бүкілодақтық партия конференциясы төменгі буындағы партиялық ұяларды ең қажетті және өзекті мәселе ретінде айтылып жүрген жайттарды жариялады. «Бюрократизммен күрес туралы» қарарда конференция «кадрларды іріктеп, орналастырудың ашық, конкурстық, шығармашылық негізде жүргізілуін» талап етті. Конференция шешімдері арнасында партия ұйымдары кадрлерді іріктеп, жоғарылату кезінде неғұрлым демократиялық үрдістерді іс жүзінде қолдана бастады. Мәселен, 1989 жылы қалалық және аудандық партия комитеттерінің жаңадан сайланған хатшыларының әрбір үшіншісі, 1990 жылы жартысынан астамы конкурстық негізде сайланды. Мұндай көзқарас басшылық құрамға неғұрлым тың күштердің келуіне жол ашты. Қазақстанда бұр үрдіс 1989 жылға дейін күн тәртібінен орын ала алмады. Қазақстан Компартиясының ХVІ съезінде кейбір делегаттардың республикалық партия ұйымының және оның басшылғының қызметін неғұрлым сыншылдықпен бағалауға тырысқан әрекеттері табысты болмады. 1985 жылдан 1990 жылға дейін Қазақстанда демократияның қалыптасуында кейіннен игі рөл атқарған өзгерістер орын алды. Бұл кезеңде Коммунистік партияның өз ішіндегі реформатиялық күштер өзінің қатарларына неғұрлым білікті, жаңашыл, ұшқыр ойлы, жан-жақты саяси білімді меңгерген адамдарды тартуға объективті түрде мүдделі болды. Өкімет орындарының қудалауына қарамастан, республикада 1987-1988 жылдары бастапқыда экологиялық қозғалыстар түрінде пайда болған бейресми ұйымдар жасақтала бастады. Мұндай жағдайда қалыптасқан экономикалық және саяси жүйенің түпқазығын неғұрлым тереңірек түрлендіру қажеттігін түсінетін де уақыт жетті. Қоғамдық бастамаларда шектеудің қатаң саясатына қарамастан, 80-жылдардың ІІ жартысындағы саяси оқиғалардың салдары ретінде Қазақстанда жаңа саяси ахуал қалыптаса бастады. Көптеген қоғамдық қозғалыстар мен бейресми ұйымдар пайда болды, көппартиялыққа көшудің алғышарттары қалыптасты. Неше түрлі митингілерде, демонстрацияларда, сайлаушылардың клубтарында күнделікті өмірдің өзекті мәселелері, ел дамуының көкейтесті проблемалары талқыланды. Республикадағы реформа жүргізіп отырған ірі саяси орталықпен терезесі тең бәсекелесуші баламаға айнала алмаса да, тұрғын халық арасында белгілі бір әлеуметтік негізге ие болған бейресми ағымдардың жағдайы басқаша болды. Қазақстандықтардың құндылыққа бағдарлануы 1989 жылдың маусымынан бастап республикалық партия ұйымының басшысы, 1990 жылдың 24 сәуірінен Қазақстанның Президенті болған Н.Ә.Назарбаев жағына қарай өскелең серпінмен ойыса бастады, ол «нарықтың экономика және демократия біздің өзгерістеріміздің түпкі мақсаты болмақ» деп есептеді. 1989 жылғы ақпанда сол уақытта КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайлауға түскен О.Сүлейменовтың бастамасымен ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысы дүниеге келді, ол Семей полигонында ядролық қаруды сынаудың тоқтатылуын талап етті. Нақ осы «Невада-Семей» Қазақстанда қайта құру кезеңінде ең ауқымды, бұқаралық қозғалысқа айналу тағдыры жазылды. Аяқ астынан дүниеге келген қозғалысты Қазақстанның Өкімет орындары қолдады.1989 жылы «Невада-Семей» қозғалысы полигонда жарылыс жасауға жоспарланған 18 ядролық жарылыстың 11-іне жол бермеді. 1989 жылы қарашада КСРО Жоғарғы Кеңесі Ядролық сынауларды тоқтату туралы қаулы қабылдады. 1991 жылы 29 тамызда Мәскеуде Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның (ТЖМК) бүлігі сәтсіздікке ұшырағаннан кейінгі жаңа жағдайда Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық полигоны жабылды.Осымен бір мезгілде дерлік Қазақстан қоғамында басқа қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар – «Әділет», «Мемориал» т.б. топтаса бастады. Өкімет орындарының 1988 жылдың аяғы мен 1989 жылдың басында Қазақстандағы бейресми қоғамдық ұйымдарды бейтараптандыру әрекеттері өкімет басына Н.Ә.Назарбаев келгеннен кейін ғана тоқтады.1990 жылдың көктемінде бірқатар социал-демократиялық ұйымдар Қазақстан социал-демократиялық партиясына бірікті. 1990 жылғы мамырдың аяғында «Азат» ұлттық-демократиялық қозғалысының ұйымдастыру комитеті құрылды, оның құрылтай съезі маусымда шақырылды.1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында ҚазақстанКоммунистік партиясының кезектен тыс ХVІІІ съезі өтті. Съезде ККП-ні Қазақстан Социалистік партиясы деп қайта атау туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 5 қазанда Алматыда Қазақстан Халық Конгресі партиясының (ҚХКП) І Құрылтай съезі ұйымдастырылды. «Невада-Семей», «Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті («Арал-Азия-Қазақстан» ХҚК), Әйелдер одағы, «Бірлесу» тәуелсіз кәсіподағы, «Қазақ тілі қоғамы», Республиканың жас құрылысшылары қауымдастығы және Қазақстанның басқа да бірқатар ұлттық-мәдени орталықтары ҚХК-нің құрылтайшылары болды. 1991 жылы 5 қазанда Алматыда Қазақстанның «Азат» азаматтық қозғалысының І құрылтай съезі өткізілді. Съезде қозғалыстың Жарғысы мен Бағдарламасы қабылданды. 80-жылдардың аяғында басқа да республикалардағы сияқты Қазақстанда да 800 мың мүшесі бар коммунистік партияның әлеуеті төмендей бастады. КОКП қатарынан партия мүшелерінің шығу фактілерінің жылдан-жылға жиілеуі Қазақстан Компартиясының ішкі өміріндегі кері кету үрдісінің тым елеулі екенін көрсетті. Егер 1988 жылы 265 коммунист өз бастамасымен партиялық билеттерін өткізген болса, 1989 жылы олаодың саны 1468-ге дейін жетті. 1989 жылдың аяғында партиядан шыққандардың саны КОКП мүшелігіне өтушілердің санынан асып түсті. Партияны тастап шығушылардың саны Қазақстан Компартиясының өмір сүрген толық емес соңғы екі жылында күрт өсті: 1990 жылы 12446 адам, ал 1991 жылдың алғашқы үш тоқсанында 15 мыңнан астам адам партиядан шықты.

1990 жылғы 12 наурызда КСРО халық депутаттарының кезектен тыс ІІІ съезі ашылды. Съезд КСРО Конституциясының КОКП-ның қоғамдағы басшылық рөлі туралы 6-бабының күшін жойды, мұның өзі саяси жүйенің түбегейлі өзгеруін білдірді. Басқарудың президенттік жүйесіне көшу туралы шешім оның жұмысының екінші бір маңызды қорытындысы болды. Ел Президенті болып М.С.Горбачев сайланды.1990 жылы наурызда ХІІ сайланған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өтті. 340 депутаттық мандатқа 1242 кандидат тіркелді. Сайлау сайлаушылар дауыстарының теңдігі принципіне сәйкес келмейтін, Одақтық сайлау туралы Заң бойынша өткізілді. Бұл Заңға сәйкес былайша сайлау көзделді:Депутаттарының 2/3-сі жалпыға бірдей сайлау жүйесі бойынша сайланады;Депуттаттардың 1/3-і қоғамдық ұйымдардан – шығармашылық одақтардан, ардагерлер ұйымдарынан (соның ішінде КОКП-ден, комсомолдан) сайланды.

17-билет

1) Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; қ. Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.

2) «Алаш» партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ сиездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамына енгізілді. 1917 жылы Қазақ сиездері Орынбор (Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық), Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) т.б. қалаларында болды. Қазақ сиездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті. Орал облыстық қазақтардың 1-ші сиезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтті. Сиезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. Осы сиезде бірінші кезекте Мемлекетті басқару туралы, Уақытша үкімет туралы және жүріп жатқан импералистік соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды. Сиез төрт күнге созылды, сиездің соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және т.б. мәселелер қаралды. Сиез делегаттары Орал облысында қазақтар арасында бастауыш, орта, жоғары білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады: - мұғалімдер сиезін шақыру қажет; - Орал қаласында уақытша орта оқу орнын ашу қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақтар қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылсын; - қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылсын; Сиезде бұдан басқа да мәселелер қаралды, басқа қаралған мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен. Орал сиезінің қарарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың қатысуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді . Осы съезде Жаһанша Досмүхамедов: «Біздің мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қольша беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз», деп өз ойын білдіреді . Жаһаншаның жалынды сөзінде мемлекеттің саяси құрылысы мен оның мемлекеттік тілі, оның қолдану аясы ашық түрде айқын айтылғанын біздер ұғынуымыз керек. Кешегі өткен 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының құрбандары болған жастар да Жаһаншаның ой-пікірін қайталағанын біз еске түсірмей кете алмаймыз. XX ғасырдың басындағы алаш ардақтылары халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар ұлтшылдықты арқау еткен жоқ, керісінше ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін танытты.1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз: 1) Мемлекет билеу түрі; 2) Қазақ облыстарында автономия; 3) Жер мәселесі; 4) Оқу мәселесі және т.б.

Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағында . Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды. Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») тараты.

3. Мемлекеттік егемендік туралы декларация - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы бойынша қабылданған тарихи құжат. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының жәнеҚазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Конституциялық құрылысқа қарсы жасалатын кез келген күштеу әрекеттері, оның аумағының тұтастығын бұзуға шақыратын, ұлт араздығын қоздыратын жария-ұрандардың заң бойынша жазаланатыны ескертілді. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды. Президент - Республиканың басшысы, ең жоғарғы әкімшілік-атқарушылық биліктің иесі ретінде танылды. Жер, оның қойнауы, суәуе кеңістігіөсімдіктер мен хайуанаттар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, бүкіл экономикалық, ғылыми-техникалық әлеует Республика егемендігінің негізін құрай отырып, оның ерекше меншігінде болатыны көрсетілді. Деклараңияда: "Қазақ КСР-і Республика үлесіне сәйкес жалпыодақтық мүліктегі, оның ішінде алмас, валюта қорлары мен алтын қорындағы өз үлесіне құқылы, республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері (хим., бактериолог., биолог., т.б.) үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салынады" деп жазылды. "Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен Президентке бағынатын, солардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқы бар" делінді. Декларациядағы бағдарлама негізінде 1991 ж. 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заң қабылданды.

ТМД. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) РесейБеларусь жәнеУкраина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстанбасшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ындаӘзірбайжанӘрменстанБеларусьҚазақстанҚырғызстанМолдова,РесейТәжікстанТүрікменстанӨзбекстан басшылары Алматыдажелтоқсан 21|21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

18 билет.

Моғолстан.ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғасырдың ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстанның негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы.Билеушісі – Тоғылық Темір хан(1348-1362жж). Астанасы- Алмалық(Іле алқабында). Территориясы- Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарихи-рашиди” еңбнгінде жазған:”Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс – Көкше теңіз – Түркістан- Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы”.Орталық аймағы- Жетісу. Моғолстан атауы монгол сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монголдардыосылай атаган. Халқы: дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін, т.б. тайпалар. Дулаттар- ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енді, ал Тянь- Шань атегі мен Шығыс Түркістанды мекендеген тайпалар қырғыз және ұйғыр халықтарын құрады. Билеуші титулы-хан.Дулат тайпасы әмірлерінен ұлысбектер (ханның көмекшілері) тағайындалды.Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты.Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленді.Салықтың бірнеше түрі жиналды.Әскери, көліктік, еңбек ету, байланыс міндеткерліктері болды. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігн нығайту үшін ислам дінін тірек етті. Соғыс жорықтары:1361 жыл- Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына Моғолстанның билеушісі болды(1362-1365).1365 жыл- Ілияс Қожа Мәуереннахрға жорыққа аттанып, Сырдария бойында, Ташкент түбінде Темір әскерін жеңеді. Бірақ Самарқанды ала алмай, кейін шегінеді. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: - Дулат әмірі Камар-ад-дин- Жетісуды;- Енге төре – Іле мен Тарбағатайды биледі. Осыны пайдаланған Әмір Темір Моғолстан мен Ақ Ордаға шабуылдап, оған қарсы екі хандық одақ құрды.Қыдыр қожа хан (1385-1399 жж) Темірді жеңе алмай, өзін оның вассалы деп мойындайды.Мұхаммед хан(1408-1418 жж) Темір Ықпалынан құтылып, Шу-Талас бойын қайтарып алды. ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы жиіледі.Уайс хан(1418-1429) астананы Ілебалық қаласына көшіріп, ойраттарға батыл қарсылық көрсетті. Оның мүрагерлері арасында талас басталды.Есен-Бұға(Уайстың баласы) хан ХҮ ғасырдың 30 жылдарының ортасында өкімет билігін иеленді(1429-1462)ХҮ ғ. 50ж аяғында Батыс Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған халық көшіп келді.Моғолстан ханы Есен-Бұға оларға жер берді. Есен-Бұғаның мақсаты:қазақтарды ойраттарға және Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде пайдалану;қарсыласы Әбілхайыр мен Жүніске (інісіне) қарсы қою.Моғолстанның ыдырауының себептері:Феодалдық өзара қырқыстарАқсүйектердің елді үлестік жерге бөлшектеуі Халық наразылығының жиілеуі және қазақ хандығына барып қосылуы.ХҮІ ғ басында Моғолстан хандығы жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты.Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақтың Ұлы жүзін қалыптастырды.Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың жеке халық болып қалыптасу барысына негіз болды.

2, Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 ж 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей мекендеген аудандарының өкілдері қатысты. Съезде Байтұрсынов пен Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды, ал Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық – территориялық автономиясы болуын қолдады. Съезде құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті және съезд қарарларында Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысын мекендейтін қазақтар үшін жеке муфтиат құру қажеттілігі айтылды. Бірінші жалпықазақ съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды.Партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш Автономиясы атанған ұлттыұ мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен Екінші Жалпықазақ съезін (1917,желтоқсан)дайындап өткізді.Осы съезде Алашорда-ұлттық кеңес үкіметі өмірге келгені мәлім.Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін « Алаш» партиясының мүшесі санағаны күмән тудырмады .Сонымен бірге Дулатовтың 1917ж желтоқсанда болып өткен Екінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылған соң , « Алаш» партиясы екінші дәрежеде қалып қойды деген пікірінде де тарихи шындықтың табы бар екені даусыз . Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметінің басқада шет аймақтардағыдай Қазақс-да да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия ,зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.

3. Қазақ-ң қоғмдық-саяси өмірі. Партиялар мен қоғамдық ұйымдар.Ұлтаралық қатынастар.. Әлемдегі ең үлкен мемлекет-КСРО-ң ыдырауы ж/е оның құрамындағы респуб-ң саяси,эконом-қ ж/е мәдени бөлінуі көптеген қиыншылықтар туғызды. 1993 ж Президент Н.Ә.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қаз-н ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды.1992 ж қырқүйек қазан Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті.Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарына үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан мен Ресейден келушілер көп болды.Барлық қатысушылар-800 адам. Құрылтайда Қаз-н Жоғарғы кеңесінің 1992 ж 26 маусымда қабылдаған «Көшіп келу тур.» Заң негізінде қандастарымызды елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.Қазақ-ң егемендік алуы,КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялық өрістеуіне жол ашты. 1993 ж соңы 4 саяси партия тіркелді- Қаз-ң социалистік партиясы,ҚР-қ партиясы,Қаз-ң халық конгресі партиясы,Қаз-ң коммунисттік партиясы.1995 ж басы «Қаз-ң аграрлық партиясы» құрылды.1995 ж жаз «Қаз-ң демократиялық партиясы» құрылды.1998 ж қараша «Ақ жол» партиясы құрылды.Жетекшісі-Н.Оразалин.1999 ж қаңтар «Отан» партиясы құрылды.Төрағасы –Терещенко.2000 ж қарша «Қаз-ң демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестік құрылды.2000 ж респуб-ғы ресми тіркелген партиялар саны-15.Елімізде саяси партия-ң ж/е партиялық жүйелердің орнығуына,тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді.Бұл жағдай респуб-ң өркендеуіне,қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, эконом-ң ж/е халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті.

Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.Төрағаның бірінші орынбасары – Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар.Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]