Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh_otvety_bilety_2.doc
Скачиваний:
38
Добавлен:
10.03.2016
Размер:
894.46 Кб
Скачать

19 Билет.

1. "Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.

Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.

"Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты. Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.

1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды.

"Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.

Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді:

1. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысы — Өзбекия, яғни Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы Одағы;

2. XVI ғасырдың екінші онжылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу үдерісінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуына тұтас келеді. Бұл екі кезең үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі

2. 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен  дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс. Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату. Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады. Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастаған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады. Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды. Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады. 1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті. Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі. Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті. Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті. Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақстанның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланған Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті.Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:-ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;-шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;-ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;-төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;-кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;-заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;-кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;-облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;-жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орыстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, сондай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

3. 1991 ж 16 желтоқсан – республиканың тәуелсіздік алған күні.Тәуелсіз Қазақстанды әлем мемлекеттерінің арасында бірінші болып бауырлас Түрік Республикасытаныды.Тәуелсіз Қаз-ң дипломатиясы тарихында алғашқы сенім грамотасын тапсырған – Түркияның Қазақстандағы Төтенше ж/ә өкілетті елшісі Арғын Өзпай.1991 жылдың соңына дейін Қаз-ң тәуелсіздігін әлемнің 18 елі таныды.1992 жылдың ортасына қарай республика тәуелсіздігін жер шарының 30-дан астам елі мойындады:АҚШ,Қытай,Иран,Пәкістан,Канада,Швейцария т.б.1992 жылдың соңы – тәуелсіз республиканы дүние жүзінің 106 мемлекеті танып,61 мемлекетпен дипломатиялық қатынас орнатылды.1999 жылдың басы – дүние жүзінің 150 мемлекеті танып,106 мемл-пен дип-қ қатынас орнатылды.Қазіргі Қаз. Шет елдерде 30-дан астам дипломатиялық ж/ә консулдықтар ашты.Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен халықаралық ,ұлтаралық ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.1992 ж 2 наурыз – Қаз. БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Қаз-ң тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде республиканың мемл-к рәміздерін қабылдауды талап етті.1992 ж 4 маусым – ҚР-ң мемл-к Туы мен Елтаңбасы қабылданды.Ту авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.Елтаңба авторлары – сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков,Шот-Аман Уәлиханов.1992 ж 6 маусым – Жоғарғы Кеңес сессиясының салтанатты мәжілісінде жаңа мемл-к рәміздерді ресми түрде таныстыру рәсімі өткізілді.1992 ж 11 желтоксан – ҚР мемл-к Әнұранының мәтіні бекітілді.Мәтінін жазғандар – Мұзафар Әлімбаев,Қадыр Мырзалиев,Тұманбай Молдағалиев,Жадыра Дәрібаева.Әуенін жазғандар – Мұқан Төлебаев,Евгений Брусиловский,Латиф Хамиди(1944 жылгы нұсқасы сақталды).1992 ж 15 желтоксан - Әнұран республикалық баспасөз беттерінде жарияланып,халыққа таныстырылды.

20-билет

Қазақстан территориясындағы этногенетикалық үрдістердынегңзгі кезеңдері. Қазақ этнонимі .

Қазақ халқының қалыпасу процесі көне заманнан б.з.б. II-I мыңжылдықтан басталады. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері:Көне заман- б.з.д. VIII- б.з V ғ.ғ Әуелгі орта ғасыр- VI-X.Орта ғасыр-X-XIII.Кейінгі орта ғасыр- XIV-XV.Кейінгі орта ғасыр-XV-XVIҚазақстан жерінде этникалық процестің шешуші кезеңі- Б.з.б. I мыжылдығының ортасы, түріктердің жаппай көшіп келуіне баланысты.Ежелгі сақ, сармат, үйсін, қаңлылардың ұрпағымен араласқан түріктер этно-демографиялық жағдайды өзгертті.Этникалық қалыптасу процесінің келесі кезеңі-X-XII ғасырларда өмір сүрген Қарахан және Қыпшақ хандықтарымен байланысты.XIII ғасырдың басында Шыңғс хан қысымына шыдай алмай көшіп келген наймандар мен керейлер де бұл процеске өз үлестерін қосты. Монғол шапқыншылығы халық болып қалыптасу процесіне тежеу болды.

XIII-XIV ғасырларда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасының құрылуы мен нығаюы қазақ тайпаларының бірігуіне әкелді.XV ғасырда Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының қалыптасуы процесінің аяқталуын тездетті.XVI ғасырдың басында Қазақ хандығы біріктірген тайпалар қазақ этносының негізін құрады: үйсін, қаңлы, қыпшақ, арғын, дулат, керей, найман, алшын, қоңыраттар т.б. Бұл тайпалардың тілі-түркі тілі, антропологиялық типі-монғол нәсілінің оңтүстік сібір тобы.Шаруашылығы-көшпелі мал шаруашылығы және егіншілік.

Тайпалар мен халықтардың бірігуінің маңызды кепілі-шаруашылық пен шаруашылық байланыстардың дамуы б.т.Қазақ халқының қалыптасу процесі XIV-XVғ.ғ аяқталды.Саяси жағынан шшыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып, қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне Қазақ хандығының құрылуы әсер етті.XV ғ-дың екінші жартысы –XVI ғасырда негізгі этникалық топтардың қазақ халқына және олар орналасқан аумақтың Қазақ хандығына бірігуі, тұтас халық болып қалыптасудың аяқталуын тездетті.XV-XVII ғ-р- Қазақстанның аумағындағы тұрғындарға іс жүзінде ортақ негізгі белгілер мен қазақ этносының өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті бекіп жетілді «Қазақ» термині.

«Қазақ» терминінің шығу тарихының бірнеше болжамы:Тарихшы Бартольд : Өз мемлекетінен, тайпа, руынан бөлініп жеке өмір сүруші адам.М.Ақынжанов: қас-сақ, нағыз сақ деген атаудан қазақ шыққан.XII-XV ғ-рда түркі тілінде жазылған деректерде: еркіндік аңсаушы, батыл мағынасын білдіреді.Түркологтардың пікірінше, ҚАЗАҚ терминінің бастапқы таралған жері- Шығыс Дешті Қыпшақ.Жазбаша әдебиетте ҚАЗАҚ термині 1245 ж мамлюктік Египет мемлекетінің қыпшақтары кезінде шыққан араб-қыпшақ сөздігінде бірінші рет қолданылған.

2, Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге боліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды. Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылы 5—13 желтоқсанда Орынборда «Алаш» партиясының II Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде Уақытша халықтық кеңес — «Алашорда» (Алаш автономиясы үкіметі) құрылды. Азамат соғысы басталысымен Алашорда бастаған және Кеңестер мен большевиктерді қолдаған екі жақ бір-біріне қарсы тұрды.Кеңеске қарсы күштер Орынбордан басқа Жетісу мен Оралда да топтасты. Бұл аймақта антикеңестік күштердің әлеуметтік базасын Жетісу мен Оралдағы қазақ әскерлері, көпестер мен саудагерлер құрады. Кеңес өкіметіне жергілікті алашордашылар да қарсы шықты. 1914 ж қарашада Жетісу қазақ әскерлерінің «Әскери кеңесі» Жетісудағы жоғары билік — «Әскери үкіметті» құрды. Ақ гвардияшыл офицерлер мен юнкерлер Верный қаласына жан-жақтан келіп бас қосып жатты, осы жерде алаш полкі құрыла бастады. Ақ қазақтар диктатурасы Кеңес өкіметін жақтаушыларға қарсы зорлық-зомбылық шараларын жүргізді. Шаруалар депутаттары облыстық Кеңесі газетінің редакторы Березовский, жұмысшы Овчаров айуандықпен өлтірілді, көптеген жұмысшылар мен солдаттар — жергілікті Кеңестердің мүшелері тұтқынға алынды. Азамат соғысының ендігі бір ошағы 1917 жылы қарашада Оралда қалыптасты. Осында құрылған Орал қазақ әскерлерінің облыстық «Әскери үкіметі» ақ гвардия офицерлеріне, қазақтардың атаман-кулак элементтеріне сүйенді, оларға жергілікті әсерлер, меньшевиктер және алашордашылар белсенді түрде қолдау көрсетті. Азамат соғысының етек алуына бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында тұтқынға түскен Австрия-Венгрия армиясының солдаттарынан құрылған Чехословак корпусы бүлігінің үлкен маңызы болды. Жақсы қаруланған 50 мың адамдық корпус 1918 жылы мамырдың аяғында Еділ бойы мен Сібірде —Транс сібір магистралінің ұзына бойында Кеңестерге қарсы шықты. Корпустың бір бөлігі ішкі контрреволюциялық күштермен бірлесе отырып, Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай қалаларын басып алды. Чехословак корпусының бас көтеруі большевиктерге қарсы барлық күштерді қозғалысқа келтірді. 1918 жылы 11 маусымда Кеңес өкіметі Семей қаласында құлатылды.

3. 1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Осыдан кейін Қазақстанның сыртқы елдермен қатынасы (республиканы 100-ден аса ел таныды) күшейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған 1991 жылы желтоқсанның 16 да Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған, 1992 жылдың соңына дейін бұл шешімді іске асыру кезеңдерін бастады. Біртұтас Қазақстан азаматтығы, тәуелсіз экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден мәселелері, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері белгіленді. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан елтаңбасы, 11 желтоқсанда Қазақстан әнұранның жаңа мәтіні бекітілген. 1992 жылы Қазақстан БҰҰ мүше болып қабылданды. 29 қыркүйекте Қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы ашылды.

1995 ж. наурызынан бастап егемендіктің тағы бір белесі басталды. Ол республиканың Конституциялық Сотын танумен, Жоғары Кеңес депутаттарының өкілеттілігіне қол сұғылмайтындығымен, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы ашылуымен байланысты.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.

21-билет

Қазақ хандығы — қазақтардың XV және XIX ғасырлар аралығында қанат жайған, тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Қазақ хандығы қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап, қорғап келген мемлекеттігінің нышаны. Ол ұлан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негіздеӘбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-ШайбанДәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — СығанақСозақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.

Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақхандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.

Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.

Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.

70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбанибасып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (СозақСығанақСауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.

Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.

2. 20-жылдардың екінші жартысынан бастап Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде қайғылы жағдайлар қалыптаса бастады. Ол сталинизм идеологиясы негізінде қалыптасқан тоталитарлық жұйенің нығаюымен байланысты еді. Елдегі орын алған экономикалық және мәдени дамудағы өиындықтар жаңа экономикалық саясаттың тоқталуымен байланысты рдан ірң тереңдей түсті. Республикада «әскери коммунизм» саясаты кезіндегі жұмыс тәсңлдері өайтадан жанданды. Халықтың үкіметі жеке адамның дара басшылығымен ауыстырылып, басқарудың командалық бюрократтық тәсілі іске аса бастады. Мұның барлығы БК/б/П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшылығына 1925ж Ф.И. Голощекиннің келуімен байлаынсты болды. Ол келісімен республикада халыққа қысым жасау саясаты күшейіп, бұл ерекше қатаң сипат алды. Осы кезде Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде күрт өзгерістер енгізілді. 1925 ж желтоқсанында өткен Өлкелік партия комитетінің бесінші конференциясында «ауылды кеңестендіру» туралы шешім қабылданды. Ол ауылдық жерлерде тап күресінің шұғыл шиеленісуіне түрткі болды. Республикада «Кіші Қазан» төңкерісіе өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, сөйтіп жаппай жазалау дәуірі басталып, ол өазаө халқын құлақ есітпеген қайғы қасіретке ұшыратты. Қазақсьанда голощекиндік сталиндік үлгі бойынша «Қайта құрумен» келіспеген көрнекті жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталды. 1927-1929 жж әр түрлі сылтаулармен мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М Мырзағалиев республикадан аластатылды, Қазақстан Атқару комитетінің төрағасы Ж.Мыңбаев, Ағарту халық комиссары С.Садуақасов, Жер халық комиссары Ж. Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күреске қатынасқан деп кінәланды. Оны 1927 ж қарашада өткен үшінші Өлкелік партия конференциясының шешімдері айқын көрсетіп берді. БК б П Орталық Бақылау комиссиясы негізгі «топқа бөлінушілердің» бірі С.Садуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екенін таба алмады. И.В.Сталинге, В.М.Молотовқа; Л.М.Кагоновичке жазған хатында Қазақстан Өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.И.Ежов «барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілідік күреспен уланған, олардың арасында дені сау партиялық күш жоқ» деп жеткізді. Болашақ КСРО Ішкі істер халық комиссары Ежов Алматыдан Мәскеуге ауысар алдында өзінің лауазымына осылай «даярланды», 1937 ж жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді. 20 жж соңында республикада саяси жағдайды ушықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцкишіл-зиновьевшіл оппозициямен және «оңшыл оппортунистермен» күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт азаттық қозғалысының өкілдерін жазалау түрінде көрініс тапты. 1928 ж аяғында «буржуазияшыл ұлтшылдар» деп аталғандардың ішінде бұрынғы Алашорда өкілдерінің ішінен 44 адамға жалған айып тағылып, қамауға алынды. Оларлың қатарында А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов бар еді. Құрамында М. Тынышпаев, Х. Досмұхамбетов, Ж.Ақбаев, К.Кемеңгеров және басқалары бар ұлттық интеллигенцияның (қырық адамдай) басқа тобы 1930 ж қыркүйек-қазанда ұсталды. Кешікпей олардың ішінен он бес адам Ресейдің орталық қаратопырақты облыстарына жер аударылды. Бұлардың барлығы дерлік 1937-38 жж атылды. Жалпы 1928-1931 жж қазақ интеллигенция өкілдерінің он мыңынан астамы жаппай жазалауға ұшырады.

Қасіретті қуғындаудың екінші кезеңі 1937 ж басталды. Бұл жылы «халық жауы» деген айып тағылып, Л.И.Мирзоян, О.Исаев, Ұ.Құлымбетов, С.Меңдешев, Н.Нұрмақов, О. Жандосов, С.Есқараев, Т.Жүргенов, ақын жазушылар С. Сейфуллин, Б.Мйлин, І.Жансүгіров, Ғ.Тоғжанов т.б. ғылым мен мәдениеттің, өнердің көптеген өкілдері ұсталды. Сол жылы Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД ның қанды шеңгеліне ілігіп, оның 22 мыңы атылды. Олардың арасында партия, кеңес органдарының жергілікті жерлердегі басшы қызметкерлері аз болған жоқ. Бұлардың отбасындағы әйел, балаларына дейін қудаланып, олар да туған жерінен аластатылды. Осы жылдардағы зобалаң қазақ халқының жүрегіне жазылмас жара салды, қара жамылған қайғыға душар етті.

3. Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі: мақсаты,әдістері,нәтижесі. Қазақстанда шаруашылықтың әкімшілік командалық жүйелерінен нарықтық жүйеге өтуді іске асыруда.Өтпелі кезеңнің 3 кезеңі бөліп көрсетіледі.1кезең . Дағдарыстың даму кезеңі, өндірісітің жалпы құлдырауы, жоғары инфляция,инвестициялық белсенділіктің төмендеуімен сипатталады.2кезең.макро-экономикалық тұрақтандыру. Жалпы құлдырау құрылымдық дағдарыстан өтеді. 3кезең.Экономикалық өсудің жандану кезеңі ,төмен инфляция іскерлік белсенділіктің артуы.Материалдық өндіріс көрсеткішінің өсуі ,дамуымен сипатталады.Тәуелсіздік жылдарындағы Қ.Р.-дағы жүиелік-экономикалық өзгерістерді бірнеше кезеңдерге біріктіруге болады. 1.1992-1993 жылдағы қарашасына дейінгі өз валютасын жоқ жағдайындағы экономикалық қатынастарды түбегейлі өзгерту басталған кезеңді қамтиды.Осы кезеңде республика экономикасы көп жағдайда Ресейде қабылданған шешімдерге тәуелді болып , Қазақстан макро экономикалық саясатқа әсер ету тетігі болмады. 2.1993 қараша ұлттық валютаны енгізу,макро-экономикалық саясатын қалыптастырумен байланысты.Ол салық салу облысында бюджеттік ,банктік сферадағы қатынастарды, соның ішінде шетелдік капиталды тарту,кеден ісін құрумен 2 кезеңнің басты нәтижесі жаңа экономикалық жағдай болды.3. 1997-2000.негізгі макро –экономикалық көрсеткіштің жағымды динамикасының салыстырмалы тұрақтылығымен сипатталады. Мемлекет ең алдымен орта таптың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр.Село –таяудағы 10 жылда нарықтық өзгерістерге қосымша серпін беру және әлеуметтік проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлу, инфрақұрылымды дамыту тұрғысынан басым сала болады. Қазақстан-өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел.Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді. Қазақс-ң салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.

22-билет

1. 15-18 ғғ басындағы қазақтардың шаруашылығы және мәдениеті. XVғ.-ХІХғ. басы қазақ халқының тарихи м-ті басты орын алған кезең болды Ауызша, жазбаша әдебиеттер, шынайы музыкалық өнер де дамыды. Қазақтың рухани м-тінің дамуы тарихтың басты үрдісі ХІХ ғ. бастап баяулады. Қазақтың рухани м-тінің құндылығы жойыла берді. ХАЛЫҚТЫҢ АУЫЗША ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

 XV-XVII ғ. үлкен көлемде әр түрлі жанрдағы халықтың ауызша шығармашылығы дамыды. Ең жоғарғы орынды “салттық әндер” алды: сәби өмірге келгенде, тойларда, ауырған кезде, адам қайтыс болғанда, жаңа жылды қарсы алғанда т.б. Екі жастың тойында мына өлеңдер айтылады: “Той бастар”, “Жар-жар”, “Беташар”, “Қыз танысу”. Адам қайтыс болғанда немесе қоштасу кезінде өлеңдер айтылады: “Қоштасу”, “Естірту”, “Көңіл айту”, “Жоқтау”, “Жұбату”.

Қазақ халқының шығармашылығының ең көп тараған түрі “терме” болды. Ақын жыршылар өздері поэмалар, өлеңдер, тарихи поэмалар, ертегілер т.б. жазды. Терме өз шеңінде дауыс ырғағыменде, өз ерекшелігінде ерекшелінеді. Эпикалық, тарихи айтуларды тек қобызбен, домбырамен жеткізген лирикалық әндер дауыс ырғағымен, мелодиясымен айрықша.Шығармашылық жанрлардың бір түрі ертегі болып саналды. Қазақ халқының өмірін ертегімен айқын көрсетеді. Ертегіде қызықты өмірді, тұрмысты бейнелейді. Ертегілердің көбісі мұсылман дінін қабылдағанша шықты. Халықтың мәдени-тұрмысын ертегі сюжетінен көреміз. Ертегілердің жанрының өзі әр көлемде. Мыс: жануарлар әлемі туралы, тұрмыс жайлы, ғажайып оқиғалар т.б.Ертегілер: “Ер төстік”, “Құла мерген”, “Еділ-жайық”, “Алтын сақа”, “Қара мерген”, «Аламан Жоламан”, “Асан қайғы” т.б. Бұларда сұлулар, мергендер, батырлар, аңшылар, ойшылдар, далалар бейнесі берілген. Жануарларға арналған: “Бозінген”, “Сырттандар”, “Тепек-көк” т.б. үй жануарлары, жабайы аңдар бейнеленген. Ертегілер: “Аяз би”, “Жиренше-шешен”, “Алдар-Көсе”, “Кожанасыр және Шопан”, “Тазша” т.б. қызыл тілге сүйенген, даналардың халық ортасынан шығуы бейнеленген. Қазақ эпосы – бұл ауызша шығармашылықтың бір түрі. Ол Ежелгі дәуір тереңіне байланысты. Ежелгі түрік батырларын алуға болады. Ол эпостар “Қарабек”, “Ер көкше”, “Қобыланды”.

Поэзия. Жырау. XVғ. басы ХІХ ғ. қазақ әдебиетінде жыраулық ерекше дамыған. Жыраулар көбінесе қоғамдық жұмыстарда, ханның кеңесшісі, соғыс басшылары болып қызмет атқарған.Қазақтардың көрнекті де беделді жырауының бірі Қазтуған Сүйіншіұлы. Ол XVғ. 20 жылдарында Еділдің төменгі ағысындағы Ноғайлы ұлысының беделді биінің жан ұясында дүниеге келген. Оның өлеңдері Ноғай ұлысының басшысы ретінде өзара тайпалардың бірілігіне, ерлікке шақырды. Доспанбет жырау XVғ. 90-жылдарында Азау қаласында дүниеге келді. Бақша сарай және Стамбул қалаларында болған. Ол өз өлеңдерінде ерлікпен адалдықты, отанды қорғауды жырлады. 1523ж. Астрахан соғысында қаза тапты.Қазақ халқының м-тінде Шалгез жырау Тіленшіұлы (1465-1560) үлкен із қалдырды. Ноғай ұлысында Жүсіп пен Смаил арасындағы қақтығыста Шалгез жырау Жүсіпті қолдады, бірақ ол жеңілгеннен кейін Шалгез жырау Қазақ хандығынан тыс жерлерге көшіп кетті. Шалгез поэзиясы терең мағыналы, көркем бейнелерге толы, патриоттық болған. Шалгез қазақтың өлең құрылысын қалыптастырған және батырлық эпостардың жыршысы болған.Жыраулар поэзиясын жалғастырған және байытқан Марғасқа жырау мен Жиембет жырау (XVIIғ.), Марғасқа тек қана жырау болған жоқ, сонымен қатар ол батыр да болған. Ол Тұрсын ханға қарсы соғыстарға қатысқан. Ол “Есім” деген батырлық жырдың авторы болып табылады. Алшын руынан шыққан Жиембет Бортоғашұлы Есім ханның кезінде Кіші жүздің биі болған, ойраттарға және Тұрсын ханға қарсы күрестерге қатысқан. Кіші жүзді Қазақ хандығынан бөліп алғысы келгендігі үшін, қазақ-ойрат шекарасына қарай қуылған. Содан Есім хан қайтыс болғаннан кейін өзінің туған жеріне қайта оралған.Ақтамберді жырау (1675-1768) Оңтүстік Қ-нда Қаратау ауданында дүниеге келген. Ол бала кезінен ақын-импровизатор

ретінде таныла бастады. Ол барлық жоңғарларға қарсы күрестерге белсене қатысты, ал XVIIIғ. 50-ші жылдары халықтың шығысқа, жоңғарлардан тартып алынған жерлерге қарай, қозғалысын басқарды. Ақтамберді Семей облысы, Жүрек Жата жерінде жерленген.

Үмбетей (1706-1778) халықтың жоңғарларға қарсы батырлық күресін, бейбіт өмірге ұмтылысын жырлаған. Үмбетейдің ең атақты шығармасы Бөгенбай батырға арналған.XVIIІғ. ерекше атаққа Бұхар Қалқаманұлы (1668-1781) ие болған. Бұхар жырау Тауке хан мен Абылай кезіндегі атақты билердің бірі болған. Ол – мемлекеттің біртұтастығына, оны сыртқы жаулардан қорғауға арналған көптеген өлеңдердің авторы. XVIIІғ.аяғы мен ХІХғ. басында Тәттіқара, Көтеш, Шал сияқты атақты ақындар болған. Тәттіқара Сарыкөл жерінде, қазіргі Қостанай обл. дүниеге келген. Цинь империясына қарсы күреске қатысқан. Қазақ батырларының ерлігін жырлап, эпостық жырларды орындаған. Ақын импровизаторлар Көтеш (1745-1818) және Шал (Тілеуке Күлекеулы) (1748-1819) адам, оның моральдық және этникалық күйі жайлы өлеңдер жазған.

2. Қазақ АКСР-нің одақтас республика ретінде қайта құрылуы. Қазақ КСР-нің 1937 ж. Конституциясы және ақиқат.

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстан аумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы. 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы "қырғыз" деген атауды "қазақ" деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.

ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы - алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілд

20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарыстың асқына бастауына сай әр түрлі зиянкестерді, кінәлі «халық жауларын», жасырын ұйымдар мен арандатушы антикеңестік элементтерді іздестіру кең өрістеді. Қазақстанда жауларды «әшкерелеуді» ұлттық нұсқада жүргізу басталып, осындай жағдайда КСРО-ның Жаңа Конституциясының жобасын талқылау болып өтті. Конституция 1936 жылы 5 желтоқсанда Кеңестердің VIII Бүкілодақтық төтенше съезінде қабылданды. Жаңа Конституция бойынша 1937 жылы 26 наурызда Қазақ АКСР-і одақтас республика болып қайта құрылды. Қазақстан Кеңесінің төтенше X съезі Қазақ КСР-інің Конституциясын бекітті. Конституцияда қазақ халқы дамудың капиталистік сатысына соқпай, бірден социализмге қадам басқаны бекітілді. Негізгі заң бойынша қазақ халқы саяси теңдік, аумақтық автономия құқығын алды. Елдің индустриясы қарқынды дамыды, халықтың әлеуметтік-таптық құрылымы өзгеріске ұшырады, мәдениет пен білім беру саласында да айтарлықтай жетістіктерге кол жеткізілді. Алайда республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы табыстармен қатар, елде тоталитарлық қатаң әкімшілік-казармалық жүйе де берік орнықты. Қазақстан индустриялық дамыды деп қанша айтқанымызбен, оның экономикасы отарлық сипатта қала берді.

1937 жылы 12 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесіне сайлау болып өтті. Сайлау демократиялық сипатта өтпей, адамдар ұсынылған кандидаттарға ғана дауыс берді.

3. Біздің Отанымыздың шаруашылығы бірнеше ұрпақтың қажырлы еңбегінің нәтижесінде жасалған. Бұл ұзақ та күрделі үрдісті 4 кезеңге бөлуге болады

Дәстүрлі экономика кезеңі (біздің эрамызға дейінгі I мың жылдықтың басы - XIX ғасырдың ортасы). Ол ұрпақтан ұрпаққа жүздеген жылдар бойы беріліп отырған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердің негізінде дамыды. Халықтың негізгі айналысқан кәсібікөшпендіжәнежартылай көшпенді мал шаруашылығыболды. Малдың жеке меншікте, ал жайылымның қауымдық меншікте болуы бұған өз ықпалын тигізді.Мал шаруашылығынақоса егін салу, жеке жөне қалалық кәсіптік қоленері де (киіз үй жасау, арба жасау, киім тігу, ұсталық, т.б.) дамыды.

Дәстүрлі шаруашылық өнім жеке пайдалану жағдайында болғандықтан, тұтыну сипатында ғана болды. Айырбас түріндегі сауда көбінесе қосымша рөл ғана атқарды.

Нарықтық экономиканыц пайда болу кезеңі (XIX ғасырдың ортасы - 1920 жылдың аяғы). Нарықтық экономиканың негізіне -жеке меншік,тауар шаруашылығымен еркін (нарықтық) баға жатады. Оның қалыптасуындағы басты рөлді тауар-ақша қатынасының дамуы атқарды. Көптеген шаруашылықтар мал басын көбейтумен, сауда-саттықүшінастықөсірумен айналыса бастады. Жәрмеңкелер кеңінен ұйымдастырылды. Айырбас сауданы біртіндеп ақшалы сауда ығыстыра бастады.

XIX және XX ғасырлардың аралығында алғашқы темір жолдарсалынды. ОларҚазақстан шаруашылығынжалпыресейлік және әлемдік нарықпен байланыстыруға қол жеткізді. Тау-кен жәнө фабрика-зауыт өндірісі пайда болды. Алғашқы электр стансалары іске қосылды. Дегенмен, экономиканың негізінауыл шаруашылығы(аграрлық құрылым) құрады. Ол техника жағынан артта қалумен және шикізаттық бағытта болумен сипатталды.

Жоспарлы. экономика кезеңі (1920 жылдың аяғы - 1990 жылдың басы). Жоспарлы экономиканың іргетасын мемлекеттік меншік пен шаруашылық кызметті жоспарлау кұрады. Оның дамуы орталықтан түсетін мемлекеттік жоспарларға байланысты болды. Олар нені, қай жерде және қанша мөлшерде өндіру қажет екендігін анықтап беріп отырды. Баға қоюды, өнімді таратып бөлуді үкімет жүзеге асырды. Сол себепті жоспарлы экономиканы әміршілдік-таратушы экономика деп те атайды.

Жоспарлы экономика кезеңінде ел экономикалық артта қалушылық қыспағынан құтылды. Дамыған индустриалды-аграрлық экономика құрылды. Мұнда шешуші рөл атқарған индустрияландырументың игеруболды. Қазақстаң өнімнің көптеген түрлері бойыншаКСРО-даалдыңғы орындардан көрінді.Бидайдыңәрбір жетінші тоннасын Қазақстан егістіктері өндірді.

Бірақ жоспарлы экономиканың айтарлықтай кемшіліктері де болды.

Экономика дамуының негізгі бөлігін кәсіпорындарды көптеп салу құрады. Көбінесе пайдалы қазбалардыөндіру мен өңдеуге күш салынды. Осының нәтижесінде шикізаттық бағыт ұлғайып, экологиялық мөселелер пайда болды. Экономикаға қажеттіотын,металлорасан көп мөлшерде өндірілді. Ал халық тұтынатынтауаршығару төмен деңгейде қалды. Шаруашылық адамдардан гөрі өзіне көбірек жұмыс істеді. Өндірісті қайта кұру кәсіпорындардың жоспарды орындауына кедергісін тигізді. Бұның өзі тозығы жеткен құрал-жабдықтарды ауыстырып, ғылыми-техникалық революция нәтижелерін меңгеруді баяулатты. Жоспарлы экономиканың нарыктық экономикадан артта қалуы анық байқалды.

1980 жылы екінші жартысында оның қарқыны одан әрі нашарлай түсті. Кеңестер Одағыүлкен тоқырауға ұшырады, бұл оның тарауына әкелді. 1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігін жариялады. Шаруашылық қалыптасуының жаңа кезеңі басталды.

23-билет

XVII ғ. басы – Батыс Монғолия жерінде ойрат тайпалары шиеленіскен күрес жағдайында бірігу кезеңінде болды. 1627 жылы ойрат одағы ыдырады. 1635 жылы Батыс Монголияда жоңғарлардың әскери-феодалдық мемлекеті құрылды. Негізін салушы – Батыр қонтайшы. 1635 жылы ол Жетісудың көп бөлігін жаулап алды. Сыртқы саяси жағдай өте ауыр кезеңде хан тағына Жәңгір (Есімнің ұлы) отырды. Халық оның ерлігіне риза болып «Салқам жәңгір» атаған. 1643 жылы Орбұлақ шайқасы болды. 50 мың әскермен келген Батыр қонтаәшыға 600 әскермен Жәңгір хан қарсы тұрды. Сарбаздар құрамныда Шапырашты Қарасай, Арғын Ағантай, Алшын Жиембет, Найман Көксерек батырлар болды. Соғыс қазақтардың жеңісімен аяқталды. Тәуке хан (Жәңгір үлы) 1680-1718 жылдары билік етті. Билігінің ерекшелігі: Хандықтың бөлшектенуі тоқтатылып, бір орталыққа бағындырылды.Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп, тыныштық орнады. Мемлекеттік құрылыстың негізі ұстанымдарын анық-тайтын «Жеті жарғы» заңын жасады. Көрші елдермен достық қарым-қатынаста болуды көздеді: қырғыз, қарақалпақ, орыс елдері.Тәуке ханның негізгі мақсаты – билердің көмегімен хан билігін нығайту. Ұлы жүзде – Төле би, Орта жүзде – Қазыбек би, Кіші жүзде – Әйтеке би. «Жеті жарғы» заңдар жнағы шығарылды:Ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді.

2, XX ғ. 20-жж. Басындағы экономикалық жағдай ЖЭС ге өту.Қазақ өлкесінде ЖЭС-ті жүргізуші Кеңестер болды. Оларға шаруалардың сенімі арта түсті. Алайда Кеңес құрылысында қиыншылықтар мен кемшіліктер де кездесті. 1921 ж. қаңтарда «мемлекеттік тіл туралы заң» шығып, іс-қағаздарды қырғыз және орыс тілінде жүргізу енгізілді. 1921 ж. шілдеде Орынборда қазақ комсомолының 1-съезі өтті. Ғани Мұратбаев Түркістан комсомолының қазақ бюросының тұңғыш төрағасы. 1924 ж. В.И.Ленин қайтыс болып, Қаз-да Лениннің құрметіне 7944 адам партияға алынды. Оның 90% жұмысшылар болды және 2 мыңы қазақ еді. Сонымен қатар республика 1 автономиялы облысқа, 13 округ, 192 ауданға бөлінді.Индустрияландыру – өнеркәсіп саласын дамыту, зауыт, фабрика, темір жол, кен ашу, жұмысшылар санын көбейту мақсатында жүргізілді. Индустрияландыру КСРО халық шаруашылығын дамытудың 1-ші 5 жылдығымен (1928-1932 жж.) қатар келіп өлкеде елеулі қиыншылықтармен жүзеге асты. Индустрияландыру қарсаңында елдегі жалпы өнімнің 84,4%-ын ауыл шаруашылық өнімдері берді. Өйткені халықтың 90% ауылда тұрды. Ал қалада 10%-ы тұрды.Ф.И.Голощекин 1925 ж. партияның 14-съезінде индустрияландыру бағытын жариялады. Елде ол ЖЭС-ті тоқтатып, «әскери коммунизм» кезіндегі күрес әдістерін қолданып, жеке диктатура жүйесін енгізді, яғни әкімшіл-әміршіл саясат жүргізді.Қаз-да индустрияландыру саясаты табиғат байлықтарын зерттеуден басталды: Академик Губкиннің экспедициясы, кейін II Баку деп аталған Орал–Ембі мұнайлы ауданын ашты. Ал академик Курнаков Орталық Қаз-дың минералды шикізат қорын ашты. Сондай-ақ тұңғыш қазақ инженер-геологы Қ.И.Сәтбаев соғыс алдындағы Жезқазған мыс кенін ашып, осы үшін 1942 ж. КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алды.Индустрияландыру жоспары 1927-1928 жж. толық орындалды. Социалистік жарыстар ұйымдастырылып, 30-ж-дардың соңына қарай Қаз-дағы Стахановшылар қозғалысы күшейіп, екпінділердің саны 10 мыңнан асады. Донбас шахтері Стахановтың ерлігін Қарағанды шахтері Т.Күзембаев қайталап, социалистік еңбек ері атанады.Шикізатты елден әкету мақсатында 1927 ж. Орта Азия мен Сібірді байланыстыратын Түркістан-Сібір темір жолы салына бастап, 1930 ж. 28-сәуірде теміржолдың оңтүстік және солтүстік бөлігі Айнабұлақ станциясында түйісіп, 1931 ж. 1-қаңтарда пайдалануға берілді. Түрксіб теміржолында 100 мыңнан аса жұмысшы істеп, тәулігіне 1500 метр теміржол салынды. Жалпы ұзындығы – 2665 км-ге жетті. Құрылыстың басшысы – Шатов, инженер-технологы – М.Тынышпаев, ал жай жұмысшыдан басшылыққа дейін көтерілген Д.Омаров болды. Түрксібке жәрдемдесу комитетінің басшысы – РКФСР халық комиссарлары кеңесінің төрағасының орынбасары – Т.Рысқұлов болды. Ал Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының төрағасы Қаз АКСР ХКК төрағасы – Нұрмақов болды. Түрксібте ерең еңбегі үшін социалистік еңбек ері атағын алған жай жұмысшы Қазыбеков болған. Түрксіб құрылысына дейін Қаз-да 1000 км2 жерге 1 км теміржолдан тиген. Теміржол арқылы жүк айналымы 1913 ж-мен салыстырғанда 21,3 есеге өсті.Индустрияландыру жылдарында урбанизация (қала халқы санының өсуі) процесі өте шапшаң жүрді. Мысалы индустрияландыру қарсаңында қалаларда 8,5% халық тұрса, 1938-1939 жж.29,8%-ға жетті. Ал қаладағы қазақтардың үлесі 16%-ға жетті. Жұмысшы құрамында 1935 ж. қазақтардың үлесі 43%-ға жетті.Соғысқа дейінгі 5 жылдықтар кезінде: Түрксіб темір жолы, Қарағанды шахталары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері, Шымкент қорғасын зауыты, Балқаш, Жезқазған кен – металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, жылу және су электр станциялары салындыы.

Индустрияландыру барысында жаңадан қалыптасқан Қазақстан жұмысшы табының 30%-ы шаруалар еді. Қазақстан өнеркәсібінің отарлық дәуірде негізі қаланып, кейін жалғастырылған бір жақты дамытылуы осы күнге дейін зардабын тигізуде.

3. ҚР-ң халықаралық жағдайы ж/е сыртқы саясаты.Қазақ-ң сыртқы саясатында басты 3 мәселеге ерекше назар аударды: ТМД,Азия,Еуропа елдері,АҚШ Тынық мұхиты,Таяу Шығ. Аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету; Мәдени-эконом-қ байланысты күшейте отырып,алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу; Қаз-ң қауіпсіздігін сақтау,ядролық қаруды қолданбау, дүниежүзілік соғысты болдырмау. Қазақ-ң сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын ж/е ірі көрші мемлекет-н,солт.Ресеймен,шығ-Қытай ХРмен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. Қазақстан-Ресей қатынастары 1992 ж 25 мамыр Қазақ-н мен Ресей арсында достық,ынтымақтастық ж/е өзара көмек тур. шарт жасалды. 1998 ж 6 шілде Мәскеуде 21 ғ бағдарланған «Мәңгі достық пен ынтымақтастық тур.» Декларация қабылданды. Қазақ-н-Қытай байланыс-ры. 1990 ж Қаз-н мен Қытай келісімі нәт-де темір жол арқ. өзара байланыс іске асты.Нәт-сі:Қаз-н Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігі ие болды.Қаз-н-АҚШ байланыс-ры. Қаз-ң сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынас-ң өте зор.1991 ж 25 жел-н АҚШ Қаз-н Репуб-ң мем-к тәуелсіздігін таныды.Қазіргі кезде АҚШ Қаз-н экономикасының аса ірі инвесторы.Қаз-н ж/е ТМД елдері.ТМД елдерімен тығыз өзара қарым-қатынаста болу біздің ел үшін өте қажет.Қоғамдық ж/е әлеуметтік-эконом-қ өмірдің барлық саласындағы дағдарыс ТМД басшыларын интеграция-ң жаңа жолдарын іздеуге итермеледі.

24-билет

Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығының билік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғыз Қарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды.Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды. 1684 – 1685 жылдары Тәуке ханның реформашылдық қызметінің нәтижесінде қабылданған құқықтық нормалар жиынтығы. Тәуке хан заңдарының құрамына “Жеті жарғы”, билер сотының тәжірибесі (түйінді биліктер, шежірелер), би-батырлардың ынтымағын арттыруға және көршілес елдермен дипломатиялық және сауда-саттық қатынасты нығайтуға бағытталған жазба құжаттар кіреді. Тәуке хан заңдарындағы қылмыстық және неке нормалары шариғат негізінде түзілді. Тәуке хан заңдары елеулі өзгерістер әкелді. Хан кеңесі, билер кеңесі, жыл сайын үш жүз батыр-билерінің жиынын шақыру қалыптасты. Рулар арасындағы маңызды дау-шарлар үш жүзге танымал билердің қатысуымен шешілетін болды. Билер тобы хандықты басқаруға, заң шығаруға және соттық қызметке араласты. Барлық ру, тайпалардың ұрандары мен мал-мүлікке арналған таңбалары белгіленді.

2.. Қазақстандағы индустрияландыру саясаты: ерекшеліктері, жетістіктері.

20ж аяғына қарай елдің экономикалық стратегиясы ауысты. Жаңа экон-қ саясат орнына индус-у саясаты енгізілді.БК(б)П-ның ХІV съезі елімізде социалистік индустрияландыруды іске асыру, яғни аграрлық республикадан дамыған өнеркәсіпті республикаға айналдыру міндетін қойды. Идус-у қарсаңында Қаз-ның жалпы өнімінің 84,5% ауыл шаруашылық өнімдері құрады, халықтың 90% ауылда тұрды. Инус-у Қаз-н еңбекшілерінің өмірлік мүдделеріне қайшы келген жоқ.Оның дамуы біріншіден, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуына, екіншіден жұмысшылардың өндірістік-тех-қ дәрежесін көтеруге, үшіншіден, Қаз-ның өнеркәсіптік деңгейін көтеруге, сол арқылы көлік шаруашылығын, ауыл шаруашылығын тех-қ негізде қайта құруға сөйтіп халықтың материядық жағдайын көтеруге мүмкіндік беруге тиіс еді.Қаз-ның индус-қ дамуына бағыт ұстауына байланысты бұл мәселеде ұлы державалық- шовинистік, ұлтшылдық психологияның бой көрсеткенін айта кету керек. Республикада өнеркәсіпті өркендету іске аспайды, өйткені артта қалған көшпелі халық индус-дың дамуына шыдай алмайды деген шовинистік көзқарастар айтылды.Голощекин рес-да индус-у идеясын қолдай отырып, Қазақстанда ауыр өнеркәсіп орнына, ауылшаруашылығымен байланысты ұсақ, орта кәсіпорындарды дамыту жоспарын ұсынды.Интилигенция өкілдері оған қарсы шықты. Олар республикада қайта өңдеп шығаратын кәсіпорындар

салу талаптарын қойды. Қазақстанда өндіріс күштерін өрге бастыруды, табиғат байлықтарын игеруді тездетуде Түркістан-Сібір темір жолының маңызы зор болды.1927ж басталған бұл құрылысқа мемлекет тарапынан 200 млн. сом қаржы жұмсалып, істелінген шаралар негізінде ол мерзімінен бұрын 1930ж 25 сәуірде іке қосылып, Орт,. Қазақстанның табиғи байлықтарын игеруде үлкен рөл атқарды.ұрылысқа Рысқұлов,Тынышбаев елеулі үлес қосты.Идус-дың негізгі кемшілігінің бірі -Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық бағыты болды. Сондықтан республика қажетті заттарды -құрал жабдықтарды, цемент, ағаш, тұрмысқа қажетті заттарды сырттан әкелуге мәжбүр болды. Идус-дың дамуы Қазақстан тұрғындарының арасында күрделі өзгерістерге әкеп соқтырды. Жұмысшылардың көбі орыстар, украиндар еді. Ал қазақтар көшпелі мал шаруаш-ғы салтын сақтады. Жаңа экон-қ саясаттан ауытқу, ауыл шаруашылығын ұжымдас тыруда жіберген қателіктер қазақ ауылына қатты әсер тигізді, аштық тудырды, қазақтардың миграцялық үрдісін күшейтті. Қазақстанға басқа республикадан көшіп келгендер саны артып отырды. Миграция қарқынының өсуі волюнтаристік, тіпті қылмыстық шешімдерден туындады.Қаз-ң 1926-1940ж индус-қ дамуы ірі нәтижелерге жеткізді.Республика шарруаш-да өнеркәсіп басым салаға айналды.Оның өнімінің үлесі 30ж ортасында басым бола бастады,939ж 58,9% жетті, ауылшаруаш-қ өнімі 41,1% болды.Қазақстан Кеңес Одағындағы алдыңғы қатарға шықты.Алайда осы жетістіктерге жету ү/н халықтың шамадан тыс көп тер төгуіне тура келді.Индус-ң жоғарғы қарқынына халықтың есебінен қол жетті, олардың тұрмыс жағдайы күрт нашарлады. Осы жылдары ауыл шаруаш-ң даму қарқыны төмендеп кетті.1928ж деңгейіне ауыл шаруашылығы тек 1940ж шыға алды, мал шаруа-ында бұл көрсеткіштерге тек 50ж басында ғана қол жетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]