Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тініш лгілері.doc
Скачиваний:
112
Добавлен:
12.03.2016
Размер:
146.43 Кб
Скачать

Сенімхат

 

Сенімхат – сенімді тұлғаға сенім білдіруші (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқық беруі туралы құжат.

Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.

 

Жалақы алуға берілген сенімхат

 

Сенімхат

 

_________ қаласы                    200__ жылғы «___» __________

 

Мен, ______________________________________(аты-жөні), жеке куәлік № _______, мекенжай: ______________________________________________, өзімніңжалақымды1 ______________________________________________ мекенжайында тұратын азамат(ша) ___________________________   (аты-жөні) сеніп тапсырамын.

Бұл үшін __________________________________________ (аты-жөні) менің атымнан барлық құжаттарға қол қою, өтініш жазу құқығын беремін.

 

 

200__ жылғы «___» ________    ____________   ________________________________

                                                             (қолы)                                   (аты-жөні)

 

 

Түсінікхат

 

Түсінікхат – 1) негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерінің мазмұнын түсіндіретін құжат; 2) лауазымды тұлғаның қандай да бір іс-әрекетті, деректі, оқиғаны түсіндіріп, жоғары тұрған лауазымды тұлғаға ұсынатын хабарламасы. Түсінікхат қызметкер ішкі еңбек кестесін және еңбек тәртібі ережесін бұзған жағдайда (жұмысқа кешігіп келу, жұмыстан қалу, жұмыс орнынан табылмау және т.б.) жазылады.

 

 Есепті мерзімінде өткізе алмағандығы туралы

 

Бағалы қағаздар бөлімі                                                           Банк басқармасы төрағасы

                                                                                         _______________________

 

ТҮСІНІКХАТ

 

00.00.00

Бөлімнің _________ жылдың _______ тоқсанына арналған жиынтық есебін факс-модем байланысының бұзылуына және банктің ___________филиалындағы есеп беру мәліметтерінің болмауына байланысты белгіленген мерзімде өткізе алмадық.

 

 

Бөлім бастығы     ______________      ________________________________________

                                            (қолы)                                        (аты-жөні)

 

 

Талап ету хат

 

Талап ету хатты әдетте сатып алушы кәсіпорын міндетіне жауап- кершіліксіз қарайтын жеткізуші ұйымға жолдайды. Мәтінде хат иесінің талаптары мен шағымдары көрсетіледі, бұл талаптар негізделеді, қажет болған жағдайда, хат иесі өзіне аударуды сұрайтын соманың егжей-тегжейлі есебін көрсетеді. Хатқа ұйымның басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

 

Кеңсе жиһазының жеткізілмегендігі туралы

 

__________ қаласы

_____________ көшесі, __

_____________________

00.00.00 № 00-00/00

 

200__ жылғы «___» ___________                                                        № _________________

 

 

200__ жылғы «___» ___________ жасалған шарт1 бойынша, Сіз ________жылдың ______ тоқсанында жалпы құны ________ теңге кеңсе жиһазын2 жеткізуге тиіс болатынсыз. Ол нақты ________ сомаға тапсырылды.

Сонымен, ________ теңге сомаға өнім жеткізілмеді.

Шарттың 2-тармағына сәйкес, өнімнің жеткізілмегені үшін жеткізілмеген өнімнің 2% сомасы, яғни ______ теңге көлемінде айып төленеді.

Көрсетілген соманы біздің есеп айырысу шотымызға аударуыңызды сұраймыз. Олай болмаған жағдайда, біз Бас прокуратураға3 шағымданатын боламыз.

 

 

 (__________ ауданы)

әкімінің орынбасары    ______________      ___________________________________

                                                        (қолы)                               (аты-жөні)