Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Мет_Лаб_ЛСАР_Часть_2_каз.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
23.03.2016
Размер:
5.04 Mб
Скачать

Қазақстан республикасыбілім және ғылым министрлігі

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеті

«Автоматтандыру және басқару»

кафедрасы

А.А. Бейсембаев

Сызықты автоматты реттеу жүйелері

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдiстемелiк нұсқаулары

(5B070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша күндізгі бөлімнің студенттерi үшiн)

БӨЛІМ ІІ

Алматы 2015

Жок 681.52.01

Құрастырушы: Бейсембаев А.А. Сызықты автоматты реттеу жүйелері. Бөлім ІІ. 5B070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша күндізгі бөлімнің студенттерi үшiн зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдiстемелiк нұсқаулары. Алматы: КазҰТУ, 2015. – 32 б.

«Сызықты автоматты реттеу жүйелері» пәні бойынша 1 кредит қөлемінде зертханалық жұмыстар жоспарланған. Зертханалық жұмыстарды орындау барысында казіргі заманға сай MatLab матрицалық жүйесі, Simulink визуалды блоктар түріндегі модельдеу пакеті қен қолданылады. Осы бағдарламалық өнімдерді қолданып, зертханалық жұмыстардың мазмұны құрастырылған. Әрі бір зертханалық жұмыста теориялық кіріспе, әдстемелік үлгілір және жұмысты орындау реті келтірліп, студенттерге арналған индивидуалды тапсырмалар жасалынған. Екінші бөлімінде жүйелердің орнықтылығын зерттеу критерийлері және қиыстыру құрылғыларды синтездеу есептері қарастырылған. Зертханалық жұмыстардың мазмұны «Сызықты автоматты реттеу жүйелері» пәні бойынша қажетті компетенцияларын қамтиды. 5В070200–«Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттерiмен «Сызықты автоматты реттеу жүйелері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауына арналған.

Суреттер 23. Кестелер 2. Библиография 34 атау.

Рецензент: Исембергенов Н.Т., техн. ғылымдардың докторы, профессор

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы басылым жоспары бойынша басылды.

 КазҰТУ, 2015

КІРІСПЕ

«Сызықты автоматты реттеу жүйелері» пәні, 5В070200–«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша негізгі ұғымдар мен анықтамаларды бекітеді. Бұл пәннің мазмұны жүйелерді жіктеу, жазу, уақыт және жиілік сипаттамаларын құрастыру, жүйенің орнықтылығын зерттеу, жұмысын талдау, бағалау, қажетті сипаттамаларды қанағаттандыратын қиыстыру құрылғыларын синтездеу мәселерін қамтиды. Бұл есептерді шығару үшін дифференциалды теңдеулер, Лаплас түрлендіру, уақыт және жиілік аймақтарында жүйелерді жазу, модельдеу, комплексті айнымалылар, функциялар, автоматиканың элементтері мен құрылғылары теориялық және практикалық білімдерді толық білу тиіс.

Бұл пән бойынша білім алушыда сызықты автоматты жүйелерді математикалық түрде жазу, олардың сипаттамаларын құрастыру, салыстыру, жүйелерді модельдеу, орнықтылықтарын зерттеу, реттеу процесінің сапа қөрсеткіштер бойынша бағалау, қиыстыру құрылғыларды синтездеу компетенциялары бекітіледі. Бұл компетенцияларға сүйеніп білім алушы автоматтандыру және басқару жүйелерін талдау және құрастыру мәселеріне арналған пәндерді, диплом жобалау кезіндегі есептерді шығару компетенцияларын бекітуге мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Әрі бір зертханалық жұмыс бойынша білім алушы ең алдымен қажетті теориялық негіздерді игеру тиіс. Осы білімдерге сүйеніп, зерттеу есебін қойып, қажетті есептеулерді орындайды. Осыдан кейін MatLab матрицалық жүйесінде немесе Simulink визуалды блоктар түріндегі модельдеу пакетінде есептің шығару схемасын немесе программасын жазады. Модельдеуді өткізіп, табылған нәтижелер бойынша талдау жасалынады.

Екінші бөлімінде жүйелердің орнықтылығын зерттеу Гурвиц, Михайлов және Найквист критерийлері қарастырылған. Қиыстыру құрылғыларды жиілік әдістермен синтездеу есептері қелтірілген.

Зертханалық жұмыс бойынша білім алушы есепті құрастырады. Есептің мазмұнына міндетті түрде келесі элементтер болу тиіс:

- титулдық беті,

- тапсырма,

- берілген есептердің шығару, схемаларды құрастыру нәтижелері,

- модельдеу нәтижелері,

- тұжырымдар.

Зертханалық жұмыстың есебі МЕСТ және ұйым стандарттарына сәйкес қылып орындалу тиіс.

Зертханалық жұмысты білім алушы міндетті түрде орындап, табылған нәтижелерін қорғау тиіс. Жасалынған зертханалық жұмыс 100% пайыздық жүйесінде бағаланады.