Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритм ОСКЭ.doc
Скачиваний:
149
Добавлен:
27.03.2016
Размер:
105.47 Кб
Скачать

Іш айналымын, жатыр түбі биіктігін өлшеу, ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу. Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік зерттеу жүргізу

Дағдыларды бағалау белгілері

Әрекет алгоритмі

1

Іш айналымын өлшеу.

Сантиметрлік лентаны жүкті әйелдің арқасымен айналдыра, іштің шығыңқы нүктесіне тығыз қойып, кіндік тұсында іш айналымын өлшейміз.

2

Жатыр түбі деңгейін өлшеу.

Сантиметрлік лентамен қасағаның жоғарғы қырынан жатырдың түбіне дейінгі биіктікті өлшейміз. Сантиметрлік лентаның ұшын қасағаның жоғарғы қырына орналастырып қолдың қырымен ысырып жатыр түбінің биіктігін анықтаймыз.

3

1-ші тәсілді жатыр түбі деңгейінің биіктігін және ұрықтың түбіндегі бөлігін анықтау үшін жүргізу.

Ол үшін екі қолдың саусақтарын бір-біріне бағыттап, бірақ жанастырмай алақанын жатыр түбіне қойып жүргізіңіз.

4

2-ші тәсілді жатыр қуысында ұрықтың орналасуын, позициясын және түрін анықтау үшін жүргізу.

Ол үшін қолды жатыр түбінен жатырдың бүйір бетіне жылжытып, алақанмен жатырдың бүйір бетіне алмакезек пальпация жүргізіңіз.

5

3-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін сипаттау және оның кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтау үшін жүргізу.

Ол үшін оң қолды шаттың жоғарғы жағына қойып, нәрестенің төменгі бөлігіне басбармақты бір жағынан, төрт саусақты екінші жағына орналастырыңыз.

6

4-ші тәсілді ұрықтың келіп тұрған бөлігін және оның кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау үшін жүргізу.

Бұл тәсілді жүргізу үшін емтихан тапсырушы жүкті әйелдің аяғына қарама-қарсы тұрады. Қолды жатырдың төменгі сегментінің екі жағына қойып, саусақтарды кіші жамбас кіреберіс жазықтығының үстінен барынша түйістіре орналастырып, ұрықтың келіп тұрған бөлігінің сипаты мен орналасуын анықтаңыз.

7

Ұрықтың жүрек соғысына аускультация жүргізу.

Ұрықтың келіп тұрған бөлігіне және бағытына байланысты әйелдің ішіне стетоскопты қойыңыз: егер ұрық басымен келіп тұрса жүрек соғысын позициясына байланысты кіндіктен төмен оң немесе сол (І/ІІ позиция, артқы/алдыңғы көрініс) жағынан тыңдаймыз, егер ұрық жамбаспен келіп тұрса – кіндіктен жоғары оң немесе сол (I/II позиция, артқы/алдыңғы көрініс) жағынан тыңдаймыз.

8

Ұрықтың ЖЖЖ қалыптылығы

Қалыпты жағдайда ұрықтың жүрек жиырылуының жиілігі минутына 110-160 соққы.

Станция ұзақтығы5 минут.

Каф. меңгерушісі, проф. ___________________ Ахмедьянова Г.У.

Кафедра мәжілісінде бекітілді 27.08.2014 ж. хаттама № 1

«Астана медицина университеті» ақ

1 акушерлік және гинекология кафедрасы

Әрекет алгоритмі

_5_ОҚКЕ станциясы

Босанудың 3-кезеңін белсенді жүргізу

Дағдыларды бағалау белгілері

Әрекет алгоритмі

1

Шприцке 10 бірлік окситоцин алу.

Ішті пальпациалау.

10 бірлік окситоцин еңгізү.

Шприцке 10 бірлік окситоцин алу.

Нәресте туылғаннан кейін құрсақта ІІ ұрықтың болуын анықтау үшін әйелдің ішін пальпациялау.

Бала туылғаннан кейін 1 минут ішінде 10 БР окситоцинді сан бұлшықетіне салыңыз.

2

Кіндікке қысқыш салу.

Қолды шат үсті аймаққа қою.

Аралыққа жақындатып кіндікті қысқышпен қысыңыз. Қысылып тұрған кіндікті және қысқышты қысылған жерінен бір қолмен ұстаңыз. Екінші қолды шат үсті аймағына қойып, жатырдың айналып кетуін алдын-алу үшін жатырды кіндік бауына қарама-қарсы бағыттаймыз.

3

Бала жолдасы туылғанға дейін кіндікті тарту, екінші қолмен жатырды итеру.

Жатыр жиырылып және кіндік бауы ұзарған кезде, кіндікті бала жолдасы туылғанға дейін ақырын төмен және өзіне қарай бағыттап, әлсіз күш салып тартамыз. Осы кезде жатырды қарама-қарсы бағыттаймыз.

4

Ұрық қабықтарының толық туылғанына дейін бала жолдасын айналдыру.

Бала жолдасы туылған кезде ұрық қабықшалары туылғанға дейін оны екі қолмен ұстаймыз.

5

Жатыр тонусын анықтау.

Бала жолдасы туылғаннан кейін тез арада қолды құрсақ қабырғасына қойып жатыр тонусын анықтаймыз.

6.

Жатыр түбі уқалау.

Жиырылу белгілері пайда болғанға дейін жатырды уқалау керек.

7.

Бала жолдасының бүтіндігін қарау.

Бала жолдасын қараңыз, оның бүтіндігін бағалау үшін бала жолдасын кіндігінен көтеріңіз және барлық қабықшаларының болуын анықтаңыз.

Плацентаны аналық бетін жоғары қаратып шаршы лотокқа қоямыз және әр бөлігін және шеткі бөліктерін мұқият қараймыз, жарылған бөліктерін саусақтарыңызбен түзетіңіз.

8.

Бала жолдасын гистологиялық зерттеуге жіберді

Бала жолдасын гистологиялық зерттеуге жіберіңіз

Станция ұзақтығы5 - минут.

Каф. меңгерушісі, проф. ___________________ Ахмедьянова Г.У.

Кафедра мәжілісінде бекітілді 27.08.2014 ж. хаттама № 1

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]