Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
19
Добавлен:
25.10.2016
Размер:
242.69 Кб
Скачать

Қорытынды

Қорыта келгенде, кристалдану – кристалдардың булардан, ерітінділерден, балқымалардан, қатты күйдегі (аморфты және басқа кристалдық күйдегі) заттардан, электролиз процесі кезінде электролиттерден (электрлік кристалдану), сондай-ақ химиялық реакциядан пайда болуы. Кристалдану үшін алғашқы (аналық) ортаның термодинамикалық тепе-теңдігі бұзылуы, яғни ерітіндінің немесе будың аса құрғауы, балқыманың асқын суынуы және т.б. жағдайлар орындалуы тиіс. Кристалдануға қажетті аса құрғау немесе аса суыну температураның, концентрацияның, қысымның, фазааралық электр потенциалының тепе-теңдік мәндерінен ауытқуымен сипатталады.

Кристалдану – заттың аса суыған (құрғаған) аналық ортасынан еркін энергиясы төмен кристалдық күйге фазалық ауысуы. Бұл ауысу кезінде артық жылу кристалданудың жасырын жылуы түрінде бөлінеді. Осы жылудың бір бөлігі механикалық жұмысқа айналып, өсетін кристалл үстіне қойылған жүкті көтеріп, ондаған кгс/см2 қысымға шыдауы мүмкін. Жасырын жылудың бөлінуі балқыманы қыздырып, аса суынуды азайтады да, кристалдануды баяулатады. Нәтижесінде заттың қалыптасуы аяқталады немесе температурасы, қысымы және концентрациясы тепе-теңдік күйге көшеді. Аса суытылған орта кристалданбай, ұзақ уақыт орнықсыз күйде болуы мүмкін. Нашар суытылған булардан, ерітінділерден және балқымалардан пішіні көп жақты кристалдар алынады. Кристалдану процесі кристалл ұрықтарының түзілуі және әрбір ұрықтың әрі қарай өсуі деп аталатын екі кезеңнен тұрады. Кристалдану нәтижесінде минералдар пайда болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Металдар технологиясы және металл танудың тест тапсырмалары бар қысқаша курсы [Текст] : оқулық / Д. Қ. Исин, А. А. Смолькин, А. З. Исағұлов, В. В. Егоров. - Алматы : Ғылым, 2000. - 296 б. : сурет. - ISBN 5766754183 :

2. Омаров, А. Қ. Металдар мен конструкциялық материалдар технологиясы [Текст] : жоғары техн.және пед.оқу орындарына арналған оқу құралы / Омаров А.Қ. - Алматы : Мектеп, 1970. - 307б. с. : сур. - Б. ц.

3. Немеребаев, М Материалдар мен конструкциялық материалдар технологиясы : оқулық / М. Немеребаев. - Алматы : Полиграфкомбинат, 2011. - 263 б. : сур. - (Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл). - ISBN 978-601-280-287-0 : Б. ц.,

Соседние файлы в папке новая папка