Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
24
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
116.22 Кб
Скачать

Қарлұқ және Оғыз мемлекеттері.

VIII ғасырдың орта кезінде Қазақстан жеріндегі Түргеш қағанатын қарлұқтар талқандап жеңіп, оның орнына 756 жылы түрік тілді олардың тайпалары келіп орналасты. Қарлұқтар Батыс Алтайдан қөшіп келіп, Жетісу жерлерін өздеріне қаратып басып алды. Қарлұқ тайпаларының әуелгі орналасқан аймағы — Батыс Алтай мен Тарбағатай арасындағы өлке.

Жазба деректерге қарағанда, Қарлұқ туралы алғашқы деректер "Суй әулеті тарихында" 581-618 жылдары кездеседі. Онда Қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Ақтағ /Алтай/ баурайларында мекендеген бұлақ /було/ деп аталған.

Қарлұқ тайпалары ҮПІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрін де қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстық көлдің арасын, Ыстыққөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлұқ тайпаларының бірі IX ғасырдың бас кезінде Отырар /Фараб/ қаласы маңына барып қоныстанған. Қарлұқтар Талас бойында да тұрды.

Қарлұқтардың құрамына үш ірі ру бірлестіқтері — Моула, Чжисы және Ташли кірді. Бірінші тайпаның аты Моула — бұлақ деп аталған. Басқа бір тобы Чжисышігіл деп аталды. Әмудариядан бастап Қытайға дейінгі түріктердің бәрін шігілдер деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада тұрған Шу аңғарында тұрған қарлұқ қоныстарының орталығы — Баласағұн қаласы. Қарлұқтардың біраз тобы X ғасырда Іле аңғарында, Ыстық көл мен Балқаш көлдерінің арасында көшіп-қонып жүрген. Қарлұқтардың көсемдерін "жабғу" деп атаған. Олардың астанасы - Қойлық қаласы.

Қарлұқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алған, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі - Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізіп отырған. Қарлұқтар көбінесе ұйғырлармен жөне қырғыздармен соғысып тұрды. Олар батыста Мәуеөенахрдың араб жаулаушыларымен жан аямай күреседі IX ғасырдың бас кезінде қарлұқтар арабтарға қарсы бағытталған әртүрлі қимыл-әрекеттерді белсене қолдайды. 810 жылы арабтар қарлұқтарға қарсы шабуыл жасап, Құлан /қазіргі Луговой стансасы/ қаласына жетеді. 812 жылы арабтар Отырарға жорыққа шығып, қарлұқтар қолын қирата жеңеді. Олардың жабғысы қимақ еліне қашып қетуге мәжбүр болған.

840 жылы Орталық Азия даласында аса маңызды тарихи оқиға болады. Енесей қырғыздары Ұйғыр қағанатын жойып, оның халқын Турфан аймағы мен Ганьчжоу ауданына еріксіз көшіреді, Бұл оқиғаны Исфиджаб билеушісі, Қарлұқ жабғысы Білге құл Қадырхан шебер пайдаланады. Ол жаңадан қаған атын алып, өзінің жоғарғы өкіметті алуға қақысы бар екенін ашықтан-ашық жариялайды. Бірақ осы жылы Орта Азия саманилері оған қарсы шығып, Исфиджабты басып алды. 893 жылы Самани билеушісі Исмаил-ибн-Ахмет Таразға жорық жасайды. Қарлұқ қағаны Оғұлшақ Қадырхан қорғанғанымен ақырында қала құлап, халқы ислам дінін қабылдайды. Оғұлшақ өз ордасын Тараз-дан Қашқарға көшіреді де, саманилерге қарсы соғыс әрекеттерін одан әрі жүргізе берді. Бұған қоса Жетісу түріктері саманилердің қысымына тойтарыс беріп қоймай, олардың мемлекетіне жорықтар жасап тұрды. 904 жылы олар Мөуеренахрға басып кіреді, бірақ біраздан кейін кетуге межбүр болады.

Қарлұқтардың феодалдық мемлекет болуымен байланысты, онда еншілік тайпалық жүйесі қалыптасты. Бұл, әрине, басқарудың орталықтанған түрінің бекуіне жәрдемін тигізбеді, өйткені ірі-ірі тайпалар тұрған, енші жер-суы бар билеушілер өздерін жартылай дербес, ал шын мәнінде тәуелсіз иеліктерін көбейтуге тырысты. Осының салдарынан қарлұқ жабғылары билігінін аты болмаса, заты жоқ-тұғын.

Қарлұқ феодалдық коғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан баска қауымның ешбір құқы жоқ тобы - құлдар-тын. Халықтың негізгі белігі - қоғамның қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын. Тарихи деректер бойынша қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олар: Тараз, Құлан, Мерке, Атлах, Түзын, Балиг, Барысхан, Сыйкөл, Талғар, Тонг, Пенчуль т.б. Қарлұқтардың астанасы және олардың көптеген қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан, ал бұл жолдың Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу үшін елшілік жөне сауда-саттық байланыстар арнасы ретінде де орасан зор маңызы болды.

Дегенмен Қарлұқ қағанаты өз қолына берік саяси-экономикалық байланыс жүйесін орната алмады. Ішкі қырқыс, өкіметті басып алу, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс оның береке-құтын қашырды. Міне, осындай қиын жағдайда шын мәніндегі қауіп-қатер Қарлұқ қағанатына Қашғар жағынан келді. 940 жылы олар Баласағұнды басып алады да, Қарлұқтар мемлекеті құлайды.

Қарлұқ қағанатының солтүстік-батыс жағында, Сырдарияның орта және төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында ІХ-Х ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты.

Оғыздардың ата-бабаларының қоныстанған жерлері ЬІстықкөлдің маңы. Қазіргі кезде оның жағасында "9 оғыз" деп аталатын демалыс үйі бар. Батыс түрік және Түргеш қағанаттары құлап, Қарлұқтардың шабуылынан қейін Оғыздар Сырдария бойына келіп орналасады, бірақ ондағы печень бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға тура келеді. Соның салдарынан оғыздар осы өңірдегі бұрыннан тұратын халық-тармен одақ құрады. Оның құрамына Оңтүстік және Батыс Қазақстанның байырғы тұрғындары, Сырдария аңғарындағы, Арал маңындағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай қөшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бұл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы аймақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп-қонып жүрді.

Истархи "Қитаб месалиқ әл-мемалик" кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақтар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлұқ пен Бұлғар және мұсылман елдері Джурджана, Фараб, сондай-ақ, Исфиджабпен шектесіп жатқан. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.

IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жайылған. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Қаспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иеленетін отырықшы облыстармен, Хорезммен, Мәуеренахрмен және Хорасанмен шектесіп жатқан.

X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын ұлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің құла түзі, оңтүстік- шығыс Қарақұм шөлі мен Арал аймағының Қызылқұмы Оғыз сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпаларының қарлұқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөнінде тарихи деректерде сақталмаған.

X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы — Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол қимақ даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нұра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығанақ пен Онтүстік Оралға баратын керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен.Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік тұрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын көл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер орны мұрагерге беріліп отырған, Оғыз хандарын сайлау кеңестерде өткізілген, бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрі тәрізді. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің "сюбши" деп аталатын бас қолбасшысы маңызды рөл атқарған.

ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпалық қатынастар дамиды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі қалыптасқан, бұл мемлекетте тұрақты басқару аппаратының құрылғаны көрсетеді.

Оғыздар қоғамында жекеменшік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік тенсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен бірге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен құлдар бұқарасы тіршілік еткен. Оғыздардын басты шаруашылығы мал өсіру болған. Көшпенділермен қатар елде жартылай отырықшы және отырықшы шаруашылық қалыптаса бастады. Х-ХІ ғасырларда Оғыз жерінде Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ қалаларының болғандығы айтылады. Оғыз көшпенділері Мөуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты, егіншілігі дамыған аймақтармен тығыз байланыс жасап түрған.

Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы-балгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте-бірте ислам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияньщ саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. 965 жылы Оғыз жабғуы Киев князі Святославпен одактасып хазарларды талқандады. Киев русьтары өздеріне бәсекелес хазарлардың жеңілгеніне қуанса, оғыз шонжарлары Дон және Қара теңіз жағасындағы тамаша жайылымға ие болды.

X ғасырдың аяғында оғыздар Орыс князьдарымен бірігіп, Ёділ Бұлғариясын жеңді. Оғыздар Еділ бойынан, Маңғыстаудан оғыздар Манкишлак деп атаған үстірттен өтіп, Еуропаны Азиямен жалғастыратын аса маңызды сауда және әскери стратегиялық жолдарды басып алғысы келді, бірақ оған қол жеткізе алмады.

XI ғасыр басында Оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Оған алым-салықты жыртқыштықпен аяусыз жинауға наразылық білдірген оғыз тайпаларынын көтерілісі себеп болды. Бұл жағдай X ғасырдың екінші жартысында өкімет басына келген Әлиханның билік құрған кезіне жатады. Жабғының өкіметіне қарсы халық наразылығын, Жент маңына келіп қоныстанған салжұқтардың көсемдері пайдаланады. Салжұқ қөсемдері Янгикенттегі оғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, Жент қаласын басып алады, бірақ оны ұзақ ұстап тұра алмайды. Осы кезде ел басына Әлиханның мұрагері Шахмәлік келіп, мемлекет едәуір қүшейеді. 1041 жылы оғыздар Хорезмді жаулап алады. Алайда, арада екі жыл өткеннен кейін оғыздардың соңғы жабғысы Шахмөлік салжұқтардың қолына түсіп өлтіріледі. Салжұқтармен жүргізілген ұзақ жылғы соғыстар Оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Аяғында келіп жабғы мемлекеті қыпшақ тайпаларының соққысынан біржолата құлайды.

Оғыз тайпалары қазақ, қырғыз, татар, башқұрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарын қалыптастырушы бөлшектердің бірі болды. Оғыз этнонимдері Кіші жүз бен Орта жүздегі қазақ рулары мен тайпаларының аттарында сақталған.