Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕСЕП.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
367.1 Кб
Скачать

II. «Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің экономикалық – ұйымдастырушылық қызметіне жалпы сипаттама

2.1 Әйтек би кенті тарихы мен экономикалық жағдайы

Әйтеке би кенті – Қызылорда облысының батысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 37,4 мың км2. Тұрғыны 80,9 мың адам (2016). Аудандағы 59 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 14 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Әйтеке би кенті. Қазалы ауданының жері Тұран ойпатында орналасқан. Солтүстігінде Арал қарақұмы, оңтүстігінде Қызылқұм жатыр. Ауданның ең биік жері Арал қарақұмында (Жуантөбе тауы, 136 м). Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, аңызақ. Ауаның орташа температурасы қаңтар айында – 9 – 13 0С, шілдеде 26–28 0С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100–150 мм. Сырдария өзені аудан жерінің орта тұсынан өтеді. Қазалы қаласының маңынан Қазалы каналдары (оң жақ, сол жақ каналдары) және Жаңаарық каналы бастау алады. Сырдария өзенінің Қуаңдария, Ескідариялық және Жаңадария атты ескі арналары бар. Топырағы негізінен, құмды сортаңды болып келеді. Кейбір жерлері (ауданның шығысы) тақыр. Аудан жерінде шөлге төзімді бозжусан, жүзгін, жиде, сексеуіл, қарасексеуіл, теріскен, Арал Қарақұмы маңында астық тұқымдас шөптесін аралас бозжусан, өзен, көл маңында қамыс, құрақ өседі. Қазалы ауданында пайдалы жабайы өсімдіктерден қызылмия, тәттітамыр, жұмыршақ, тұмаршөп, итсигек, ақши, Рихтер сораңы, кәдімгі адыраспан, т.б. дәрілік шөптер өседі. Аудан жерінде шөлді ландшафтың жануарлары – кіші саршұнақ, атжалман, шағыл мысығы, құмқояны, құлақты кірпі, құмтышқан, қарсақ, сасықкүзен, қасқыр, түлкі, күзен, ақбөкен, доңыз, ондатра, қырғауыл, т.б. мекендейді. Халқы көп ұлтты. Ауданда 14 ұлттың өкілдері тұрады. Олардың басым бөлігі жергілікті қазақ ұлты. (99,4%). Халық аудан аумағында біркелкі қоныстанбаған. Тұрғындардың 90%-дан астамы Сырдария өзенінің аңғарында және оның тармақтары бойында қоныс тепкен. Орташа тығыздығы 1 км2-ге 2 адамнан келеді. Ірі елді мекендері (2005): Әйтеке би кенті (36,1 мың адам), Қазалы қаласы (5,1), Бекарыстан би (2,7), Жанқожа батыр (1,8), Ақтан батыр (1,6), Өркендеу (1,5) т.б. Ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 1,67 мың га, оның 10,2 мың га-ры жыртылған, 9,8 мың га жеріне астық дақылдары, 4,9 мың га-ға мал азықтық шөп егілген. Шабындығы 27,9 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Аудандағы ірі қара мал саны 39,2 мың бас, қой мен ешкі 97,85 мың, жылқы 8,1 мың, түйе 3,46 мың бас болды (1.1.2005). Ауыл шаруашылық саласында 245 агроқұрылым жұмыс істейді, оның екеуі мемлекеттік шаруашылық, 21 серіктестік, 10 акцион. қоғам, 1 ӨК, 224 шаруа қожалығы және 6 басқадай құрылымдар бар. Ауданда шаруашылық субъектілер саны 293 (2005), оның ішінде мемлекеттік қазыналық кәсіпорын саны 33. Бұлардан басқа 7 АҚ, 110 ЖШС, 2 ӨК және 139 басқадай ұйымдар бар. Шағын бизнес нысандарының саны 1953, оның ішінде жеке кәсіпкерліктер 1655. Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін 22 кәсіпорын (оның 20-сы ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейді), ауыл шаруашылық кәсіпорындар саны 132, құрылыста 5, көлік және байланыста 140, сауда саласында 1218, т.б. іскерлікпен айналысатын шағын кәсіпорындардың саны 92. Жалпы су құбырларының ұзындығы 265,9 км. Әйтеке би кентінде жалпы білім беретін 45 мектеп, 5 кәсіптік-техникалық мектеп, 20 балабақша, 2 мұражай, 24 кітапхана, 10 мәдениет үйі, 14 клуб, 3 стадион, 17 спорт залы бар. Денсаулық сақтау саласында 10 аурухана, 1 емхана, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 ауылдық дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді.

2.2 « Әйтеке би кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру мен мемлекеттік органның мүлкі

«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат жетекшісі жүзеге асырады.

Аппарат жетекшісін аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Сондай-ақ аудан әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімінің орынбасарларын, аппарат қызметкерлерін сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Жетекші аппараттың жұмысын ұйымдастырады және басқарады және аппаратқа жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын жеке жауап береді.

Осы мақсатта жетекшісі:

1) бөлімдері туралы ережені бекітеді, олардың фунциялары мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) бөлімдерінің өзара байланысын реттейді;

3) әкімге шешімдердің, өкімдердің, қаулылардың жобаларына қол қоюға және қарауға, сол сияқты, әкімге бағытталған құжаттар мен материалдарды ұсынады;

4)аудан әкіміне мемлекеттік бос әкімшлік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жөнінде хабарландырлар жариялау, көтермелеу туралы, тәртіптік жаза белгілеу және кадрларды қызметтен босату туралы ұсыныс енгізіледі.

5) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

6)бұйрықтар шығарады және нұсқауларды бекітеді;

7)қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

8)мемлекеттік және басқа ұйымдарда аппараттың мүддесін білдіреді;

9) әкімшілік-шаруашылық қызметіне бақылау жасайды;

10)Заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырад

Мемлекеттiк органның мүлкi

«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Филиалдар мен өкілдіктері туралы мәліметтер

«Әйтеке би кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқығы бар.