Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕСЕП.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
367.1 Кб
Скачать

Жоғары сапалы цемент немесе құрылысқа қажетті қоспалар өндіру

Қазалы ауданы аумағында мергель кенінің мол қоры сақталуына байланысты құрылысқа қажетті өнімдер өндіру үшін инвестиция тартып, жаңа өндіріс орындарын ашу мүмкіндіктері бар

Орналасқан жеріБайқожа станциясынан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км

Қоры: А+В+С1 санатында 10,6 млн. м3-тан астам

Жылына 1,0 млн.тоннадан астам жоғары сапалы цемент немесе құрылысқа қажетті қоспалар өндіру мүмкіндігі бар

Әйтеке би кентіндегі цемент өндіру зауыты. Сурет 2

КІРПІШ ӨНДІРУ ЗАУЫТЫН ҚАЙТА ЖАРАҚТАНДЫРУ

Жоба бастамашысы: «Асыл-Ғани» ЖШС

Жүзеге асыру уақыты: 2016 - 2018 жж

Орны: Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Жоба құны:  Зерттеу жұмыстары жүргізілуде

Жаңа жұмыс орны:  14 адам

Жоба қуаттылығы: жылына 10,0 млн. даннаға дейін кірпіш

Әйтеке би кентіндегі кірпіш шығару зауыты. Сурет 3

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНЫҢ “ЖАМАНКОЛ”, “АЙДАРБЕК” ЖӘНЕ “МАПА” УЧАСКЕЛЕРІНЕН ҚҰС ӨСІРУ ЦЕХЫН САЛУ

Жоба бастамашысы : «Тұран-Қазалы» ЖШС

Жүзеге асыру уақыты : 2015 – 2017  жж

Орны: Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Жоба құны:  102,0 млн.теңге

Жаңа жұмыс орны :  15 адам

Жоба қуаттылығы : жылына 368,4 мың дана жұмыртқа және 229,15 мың кг құс еті

Құс өсіру цехын салу. Сурет 4

ӨНІМ САҚТАУ ҚОЙМАСЫН 3000 ТОННАЛЫҚ ЕТІП ҚАЙТА ЖАРАҚТАНДЫРУ

Жоба бастамашысы :  «Ақарыс» ЖШС

Жүзеге асыру уақыты : 2015 - 2017 гг

Орны: Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Жоба құны:  551,0 млн.теңге

Жаңа жұмыс орны:  30 адам

Жоба қуаттылығы: 3000 тонна

Өнім сақтау қоймасын 3000 тонналық етіп қайта жарақтандыру.

Сурет 5

Инвестиция қажет ететін жобалар

Алдағы уақытта Қазалы ауданы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласының артуына оң ықпал ететін бірнеше жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Атап айтқанда:

Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1. Өнеркәсіп кәсіпорындарының болуы;

2. Еңбек ресурстары мен өнеркәсіп саласындағы мамандарды дайындайтын көпсалалы оқу орындарындың болуы.

1.Пайдалы қазбалардың, кен орындарының болмауы;

2. Өңдеу өнеркәсібіне пайдаланылатын минералды қорлардың болмауы;

3. Қазба байлықтардың зерттелмеуі, барлау жұмыстарының жүргізілмеуі;

3. Электрмен жабдықтау жүйелерінің тозу дәрежесі жоғары;

4.Индустрияландыру бағытында өнімділіктің жоғарғы өсу қарқыны жеткіліксіз;

4. Ауданда индустриялық қуаттылықтың орналасуы тепетеңдіксіз (аудан орталығында шоғырлануы);

Мүмкіндіктері (O):

Қауіптері (T):

1. Өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өндірісті модернизациядан өткізу;

2. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ауыл шаруашылық шикізаттарының көлемін арттыру.

1.Экономика құрылымының шағын салалығынан шикізат пен тұтынушылық өнімдердің бағасына тәуелділігі.

2. Импорттық тауарларды пайдалану арқылы ішкі және сыртқы нарықтардан айырылу.

Саланың даму жағдайына SWOT- талдау. Сурет 6

Саланың өзекті мәселелері:

Машина жасау саласындағы жұмыс көзінің азаюы;

Өнеркәсіптің төмен деңгейде әртараптануы;

Аудандағыі өнеркәсіптің ауылдық округтер бөлінісінде тепе-теңдіксіз шоғырлануы;

Өнеркәсіп саласындағы өнімділік пен технологиялық жаңартулардың қарқыны төмендігі;

Тамақ өнімдерін өндіру саласы бойынша:

- жеке кәсіпкер Ш.Наурызбаевтың «Шұжық және қазы өндіру цехын ашу» жобасы 2016-2017 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарлануда;

- «Жеңіс» шаруа қожалығының «Түйе және жылқы сүтін өндіру және               50 басқа арналған мал бордақылау алаңы» жобасы 2017-2018 жылдары жүзеге асырылады деп күтілуде;

- «Тұран Қазалы» ЖШС тарапынан құрайтын «10 мың басқа арналған құс фермасының құрылысын салу, құс етін (бройлер) және жұмыртқа өндіру» жобасын 2017-2019 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда;

-  жеке кәсіпкер А.Борашевтың жалпы құны 20,0 млн.теңге құрайтын «Балық өнімдерін өңдеу» жобасы 2017-2018 жылдары жүзеге асыру жоспарлануда;

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Экспорт көлемін өсіруге мүмкіндіктер беретін «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары арқылы мал басын және өнімділігін көтеру.

3. Техникалардың белсенді жаңалануы (соңғы 201-2014 жылдар аралығында 60 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынды);

1. Мал азығы қорының жеткіліксіздігі, толық рационды құрама жемнің жоқтығы, осыдан мал мен құстың өнімділігінің төмендігі;

3. Өндірістік өңдеу үшін шикізаттың жеткіліксіздігі және отандық шикізатты терең өңдеу үлесінің төмендігі;

4. Өңірде мал шаруашылығы өнімдерін (жүн, тері, елтірі) өңдейтін кәсіпорындардың болмауы;

5. Ауыл шаруашылығы техникаларының физикалық тозуы;

6. Шаруашылық құрылымдарының қажетті техника сатып алуға қаржылық мүмкіндіктерінің болмауы;

7.Ауыл шаруашылығы өндірісінің майда болуы;

8. Ет және сүт өңдеудің басым бөлігі (90 %) жеке секторларда болуы;

9. Ірі күріш өсіруші шаруашылықтар тарапынан мал өсіруге және мал азығы дақылдарын егуге қызығушылықтың болмауы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

1. Жаңа инновациялық агротехнологияны енгізу;

2. Сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі;

3. Саланы мемлекеттің белсенді қолдауы;

4.Ет, сүт, құс жұмыртқасы, картоп, көкөніс, бақша және т.б. өнімдерді өндіретін жеке ауылшаруашылық өндірушілерін біріктіру арқылы СДО, кооперативтер құру.

5. Келешекте мал шаруашылығын дамытуға оның ішінде экспорттық әлеуеті жоғары ет бағытында, балық аулау мен балық өндіруге күшті ұстанымының болуы.

6.Қымбат емес табиғи газбен қамтамасыз етілуі (жылыжай және т.б. қажеттіліктерге қысқы жылу үшін).

1. Табиғи сипаттағы қауіп-қатерлер (аяздар, үсіктер, жылу жетіспеушілігі, артық ылғалдылық, бұршақ, нөсер, қатты жел, құйын, су алу, жаппай жылу, өсімдіктер мен жануарлардың жаппай ауыруы, ракеталық-ғарыштық қызметтен зиян заттарды мөлшерден артық бөлінуі);

2. Арзан шет елдік ет, сүт өнімдерінен туындайтын жоғары қауіп;

3. Нарықты тауарлармен молықтыру қалыптасқан жағдайда өткізу көлемінің азаюына әкелуі мүмкін, бұл тез бұзылатын өнімдердің шығынына әкелуі мүмкін.

Тамақ өнімдерін өндіру саласы бойынша SWOT талдау. Сурет 7

Құрылыс материалдарын өндіру саласы  бойынша:

- Жеке кәсіпкер К.Амановтың «Газоблок өндіру цехын кеңейту» жобасын 2016-2017 жылдары жүзеге асырыу жоспарлануда;

- Жеке кәсіпкер Ж.Қарымсақовтың жалпы құны 22,0 млн.теңге құрайтын «Темір-бетон өнімдерін шығару» жобасы «Өндірістік аймақтан» 2016-2017 жылдары жүзеге асырылады деп күтілуде.

Сонымен қатар, кәсіпорындардың өндіріс көлемін арттыру мақсатында аудан әкімдігі, бөлім тарапынан облыс көлемінде жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға, құрылыс жұмыстарына ауданда өндірілетін өнім түрлерін пайдалану жөнінде облыс әкімдігіне, жоба жетекшілеріне ұсыныстар жасалуда.        

Жалпы, аудан бойынша 2016 жыл қорытындысымен өнеркәсіп өндірісі көлемін төмендетпеу жөнінде өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысына талдау жүргізіліп инветициялық жобалар анықталды (сурет -1), кәсіпорын басшыларымен бірлесіп тиісті шаралар қабылдануда.