Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
На сортировку / 130217 / local / Илтимас.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
12.12.2017
Размер:
74.33 Кб
Скачать

Қорытынды

Ежелгі Грекия территориясында алғашқы мемлекеттер б.э.д. I мың жылдықта пайда болған. Қоғамдағы саяси жағдайлар мен процестер грек ойшылдарының саяси ілімдерінің қалыптасуына ықпал етті. Ежелгі Грекия философиясының мынандай ерекшеліктері болған:

1)грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды,бірақғылыммен байланысы басымырақ болды;

2) грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті;

3) грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті;

4) толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалыптастырды, демократияның отаны болған Грекияда аса жарқын философиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.

Қорыта келе, Ежелгі Грекия жерінде көптеген философтар болған. Олар: Пифагор, Гераклит,Эпикур, Демокрит, Аристотель және т.б. Философиялық мектептер ашылған: Милет мектебі, Пифагоршылар мектебі, Эфестік Гераклит мектебі, Элей мектебі, Атомистер. Грекия философы Аристотельдiң саясат жөнiндегi ойлары көңiл қоярлық. Оның айтуынша, саясаттың мəнi оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негiзi – адамдардың тəрбиелiгiнде болып табылады. Адамдар дұрыс тəрбиенiң нəтижесiнде ғана жақсы қасиеттердi бойларына сiңiрiп, саяси мақсаттарын игiлiкке қарай бұрады, осының арқасында ғана əдiлдiк орнайды.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. М.  Мұхамедов,  Б.  Сатершинов,  Б.  Сырымбетұлы.  Құқықтық- саяси ілімдер тарихы. Оқу құралы. Алматы, «Заң əдебиеті». 2002 ж.

2.  Əбдіғалиев  Б.Б.,  Жамалов  Қ.Ж.,  Сатершинов  Б.М.  Саяси  ой  тарихы. –Алматы, 2003.

3.   Ғабитов Т.Х., Құлсариева А.Т. Философия және мәдениеттану. Алматы, 2002

4.  Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.

5.  Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. Алматы, 1999.

6. Раушанбек Әбсаттаров, «Саясаттану және оның проблемалары».Алматы,2007.

7. Қ.Ш. Мұхамеджан. Философия. Семинар сабақтарға және өзіндік жұмысқа әдістемелік нұсқау. Алматы 2007.

Соседние файлы в папке local