Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__1179_aza_1179_tili_Nugmanova.doc
Скачиваний:
64
Добавлен:
11.11.2018
Размер:
5.55 Mб
Скачать

30. Л/т.Қазақ әдебиетінің алыптары.

Г/т. Жедел өткен шақ   

Өнердің тағы бір үлкен арнасы - көркем шығарма. Көркем шығарма көркемсөз шеберлері – жазушылардың туындылары. Қазақ халқының тарихы халықтың сый-құрметіне бөленген атақты да ардақты жазушыларға өте бай, оларды түгел атау мүмкін емес. Беріден бастағанның өзінде Жүсіпбек Аймауытов, Ғабит Мүсірепов, Бейімбет Майлин, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, Зейін Шашкин, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Тахауи Ахтанов, Зейнолла Қабдолов, Әбіш Кекілбаев, Сәкен Жүнісов сияқты көркемсөздің шебері, шындықтың куәгері, тілінен бал тамған тамаша сөз зергерлері-жазушыларымыз халықтың мақтанышы болып табылғаны белгілі. Олардың әрқайсысы туралы том-том еңбек жазуға болады. Алайда жазушылардың ішінен қазақ тарихында ерекше орны бар жазушы - Мұхтар Әуезов. М. Әуезо в- ХІХ ғасырдағы қазақ тарихын көркем сөзбен әдемі де, шынайы суреттеген шебер жазушы. М.Әуезовтің шығармаларының биік шынында «Абай жолы » эпопеясы тұр. Абай өміріне, Абай жолын қуған шәкірттерінің өміріне арналған бұл шығарма Абай өмір сүрген заманның тарихын, оның жақсылығы мен кемшілігін көз алдына жайып салады. Романның негізгі кейіпкері - Абайдың қалыптасу жолын, табиғи дарынының даму жолдарын, келбеті мен мінезін, адамгершілік қасиеттерін шебер суреттеуін академик жазушы Зейнолла Қабдолов «Мұхтар Әуезов - адам мінезінің галереясын жасаушы» деген болатын. Халықтың Абай сияқты дана ұлының өмірін қиын заманымен қиыстыра қарап, оған сөз қолданыстағы шеберлігін қосып, бір ғасырда бір рет қана дүниеге келетін керемет мәнді де маңызды шығарма жазған. М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы – дүние жүзі тілдерінің көбіне аударылған құнды шығарма.

159-тапсырма

1. Қазақтың қандай жазушыларын білесіз?

2. Қазақ әдебиетінің алыптары кімдер?

3. Олардың қандай шығармаларын оқыдыңыз?

4. М.Әуезовтың қандай шығармаларын білесіз?

5. Романның кейіпкерлері кімдер?

6. Бұл роман несімен құнды?

7. Мына сөздердің мағынасын түсініп алыңыз.

Көркем шығарма, көркемсөз шеберлері, жазушылардың туындылары, сөз зергерлері, құнды шығарма.

8. Мәтінді әңгімелеп беріңіз.

Жедел өткен шақ – сөйлеп тұрған мезгілден аз уақыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.

Жедел өткен шақ етістік түбіріне – ды,- ді, -ты,- ті жұрнағының және оған жіктік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Мен ауылға келдім. Сен кітапханада болдың. Олар теледидар көрді.

134-жаттығу Берілген етістіктерді жедел өткен шақ түріне қойыңыздар, есте сақтаңыздар.

Болу (быть), тұру (вставать), жазу (писать), оқу, оқы (учиться, читать), жату (лежать), бару (пойти), келу (прийти), ашу (открывать), жабу (закрывать), айту (сказать), сөйлеу (говорить), сөйлесу (разговаривать), әкелу (приносить), апару (относить), білу (знать), танысу (знакомиться), сәлемдесу (здороваться), жұмыс істеу (работать), қайталау (повторять), тыңдау (слушать), болу (быть, находиться), түсіну (понимать), үйлену (жениться), тұрмысқа шығу (выходить замуж), ажырасу (разводиться), туу (родиться, родить), отыру (сидеть), жүру (ходить).