Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус (ИК) каз..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
06.05.2019
Размер:
460.29 Кб
Скачать

1.4. Жазбаша жұмыстарының тақырыптары:

а) рефераттардың тақырыптары:

Модуль 1. «Қазақстан ежелгі дәуірде»:

  1. Қазақстан территориясындағы тас дәуіріне жататын археологиялық ескерткішткер.

  2. Андронов тайпаларының сенім-нанымдары мен өнері.

  3. Арқайым – ежелгі қалалардың прототипі.

  4. Қола дәуірінде Жетісуды мекендеген тайпалардың мәдениеті.

  5. Ежелгі авторлардың темір дәуіріндегі тайпалар жөніндегі деректері.

  6. Сақтардың мәдениеті мен мифологиясы.

  7. Орталық Азия тарихындағы ғұндардың орны.

  8. Үйсіндердің материалдық және рухани мәдениеті.

  9. Қаңлы тайпаларының материалдық және рухани мәдениеті.

Модуль 2. «Ортағасырлардағы Қазақстан»:

  1. «Тюрк яғни түркі» терминінің семантикасы (мағнасы).

  2. Түрік қағанаты – «аттылар патшалығы империясы».

  3. Түргеш қағанатының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктері.

  4. Қарахан мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктері.

  5. Ахмет Яссауидің түркі тілді халықтардың арасында ислам дінін таратудағы ролі.

  6. Қимақтардың этникалық және саяси тарихы.

  7. Қыпшақтардың саяси тарихы.

  8. Білге-қаған мен Күлтегін – ежелгі түріктердің негізгі жазба ескерткіштері.

  9. Жібек жолы: Евразия мәдениетінің диалогы.

  10. Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы ортағасырлық қалалар мәдениетінің ерекшеліктері.

  11. Ежелгі түріктердің діни наным-сенімдері (Тәңіршілдік, Умай, Жер-су анаға табыну).

  12. Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі - түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы.

  13. Орталық Азия халықтарының тарихындағы Шыңғыс-ханның рөлі.

  14. «Отырар ойраны»-моңғол шапқыншылығы тарихында.

  15. Отырар қаласын ерлікепен қорғау. Қайыр-хан.

  16. «Ұлы Ясы» - Шыңғыс ханның заңдар жарғысы.

  17. Алтын Орда тарихындағы Өзбек-хан мен Жәнібек-ханның рөлі.

  18. Ақ Орданың мемлекеттік-административтік құрылысы.

  19. Әбілхайыр-ханның (Көшпелі өзбек мемлекеті) мемлекетінің саяси-әкімшілік жүйесі.

  20. Орта Азия халқынының тарихындағы Әмір Темірдің рөлі.

  21. Асан Қайғы Дешті-Қыпшақтың атақты жырауы.

  22. ХІІІ-ХҮ ғғ. монументальды архитектуралық өнердің үлгілері (Айша-Биби, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Алаша хан, Рабиға Сұлтан Бегім және т.б.).

  23. Қазақ халқының этногенезінің негізгі кезеңдері.

  24. «Қазақ» этнонимінің келіп шығуы.

  25. Қазақ жүздері: территориясы, рулық құрамы.

  26. Қасым- ханның саяси портреті.

  27. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары.

  28. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. қазақтардың мәдениеті және тұрмысы.

  29. Қазақ қоғамындағы билердің ролі (Төле би, Қазыбек би, Айтеке би т.б.).

  30. Қазақ қоғамындағы батырлардың ролі (Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Раимбек батырлар).

  31. ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Қазақстандағы қалалар мен қала мәдениеті.

  32. Қазақтардың діні, тілі, жазуы және ауыз әдебиеті (XVI-XVIII ғғ.).

  33. «Ақтабан шұбырынды, Алкакөл сулама» жылдары.

Модуль 3. «Жаңа кезеңдегі Қазақстан» (ХVIII-ХX ғғ. басы)»:

  1. Абылай хан (1771-1781 жж.). Бір тұтас қазақ мемлекетін құру жөнінде шаралар.

  2. 1773-1775 жж. Е. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақтардың қатысуы.

  3. Жәңгір ханның саяси портреті (1823-1845 жж.).

  4. Махамбет Өтемісұлы – 1836-1838 жж. көтерілісінің ақын-жаршысы.

  5. Қазақ мемлекеттілігінің қалпына келтірілгенде Кенесары Қасым ұлының қызметі.

  6. Қазақстан қалалары: олардың орналасуы, әлеуметтік-демографиялық және ұлттық құрамы (ХІХ-ХХ ғғ.).

  7. 1854 ж. Верный бекінісінің салынуы.

  8. Алғашқы орыс революциясы (1905-1907 жж.) және оның Қазақстанға ықпалы.

  9. Мемлекеттік Думадағы мұсылмандар фракциясы жұмысындағы қазақ депутаттарының қатысуы.

  10. Қазақ халқында ұлттық өзіндік санасының оянуы. «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті. (А.Байтұрсынов «Маса»шығармасы, М.Дулатов «Оян, қазақ»).

  11. Азамат соғысы жылдарындағы «Алаш» партиясының саясаты.

Модуль 4. «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан»:

  1. Ф. Голощекинның «Кіші Қазан» теориясы және оның маңызы.

  2. Т.Рысқұлов С.Асфендияров, С.Ходжанов, Ж.Мыңбаев т.б қызметтері.

  3. Бырыңғай коллективтендірудің екпіні формасы, әдістері.

  4. Қазақстандағы индустриаландырудың ерекшеліктері.

  5. Ұлы Отан соғыс жылдарындағы ауыл еңбекқорларының ерлігі. Ибрай Жақаев, Шығанақ Берсиев т.б.

  6. 1940-1950 жж. Қазақстандағы ұлтшылдыққа қарсы күрес науқаны.

  7. КПОК ХХ сьезіндегі Сталиннің жеке басқа табынуды әшкерлеу.

  8. Ғылым Академиясының құрылуы. К.И. Сатпаев – Ғылым Академиясының түнғыш президенті .

  9. 1970-1980 жж. мемлекетті басқару жүйесіндегі авторитарлы-бюрократиялық жүйенің күшеюі.

  10. Д.А. Қонаевтың саяси қызметі.

  11. Арал трагедиясы (қасіреті).

  12. Семейдегі ядролық полигонының сынақтарының зардаптары.

  13. Жаңа саяси партиялардың және қоғамдық қозғалыстардың қызметі («Желтоқсан», «Азат», «Семей- Невада»).

  14. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасы. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова т.б.

Модуль 5 «Тәуелсіз Қазақстан» байланысты:

  1. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.

  2. Республикадағы көппартиялық жүйенің қалыптасуы.

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.

  4. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  5. Ұлттық валютаның еңгізілуі.

  6. Тәуелсіз Қазақстандағы мәдениттің дамуы

  7. Тәуелсіз Қазақстандағы білім мен ғылымның дамуы.

  8. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары.

  9. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтің жыл сайынғы қазақстандықтарға арналған Жолдауын сараптау.

  10. «Қазақстан – 2030» даму стратегиясының басты бағыттары.

в) эссе тақырыптары:

  1. Орта Азия халықтары мен Қазақстан тарихындағы Шыңғысханның рөлін қалай деп бағалайсыз?

  2. Трайбализм мәселесін қалай түсінесіз? Сіздің ойыңыз бойынша Қазақстанда осы проблема бар ма?

  3. Абылай хан саясатының ерекшелігі неде? Қазіргі Қазақстанның геосаяси жағдайымен салыстыруға бола ма?

  4. «Отарлау» терминінің мағынасын қалай түсінесіз? Қазақстанның Ресейге қосылуы: тиімді жақтары мен зардаптары.

  5. 1917 ж. Қазанда үкімет басына неліктен большевиктердің келгенін Сіз қалай түсінесіз?

  6. Қазақстан тарихындағы «ақ таңдақтар».

  7. Сіздің ойыңыз бойынша КСРО-ның ыдырауы қолдан жасалды ма, әлде заңды құбылыс па?

  8. М.Шахановтың «Өркениеттер адасуы» шығармасына Сіздің көзқарасыңыз?

  9. Патриотизмді қалай түсінесіз?

с) өзін-өзін бақылауға арналған тест тапсырмалары:

1. Қазақстан териториясында табылған ежелгі адам іздері қай дәуірге жатады?

А) Темір дәуіріне

В) Қола дәуіріне

С) Палеолит дәуіріне

D) Мезолит дәуіріне

Е) Неолит дәуіріне

2. Орта палеолит дәуірінің хронологиясын атаңыз:

А) Б.з.д. 5-3 мың жылдықта

В) Б.з.д. 12-5 мың жылдықта

С) Б.з.д. 40-12 мың жылдықта

D) Б.з.д. 140-40 мың жылдықта

Е) Б.з.д. 800-140 мың жылдықта

3. Мустьер деп қай дәуірді атайды?

А) Ерте палеолит

В) Орта палеолит

С) Кейінгі палеолит

D) Мезолит

Е) Неолит

4. Кейінгі қола дәуірінің хронологиясын анықтаңыз:

А) Б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар

В) Б.з.б. XVII-XV ғасырлар

С) Б.з.б. XV-XII ғасырлар

D) Б.з.б. XIII-VIII ғасырлар

Е) Б.з.б. VIII-V ғасырлар

5. Б. з.д. ҮІ ғ. сақ тайпалары кімдермен соғысты?

А) Ғұндармен

В) Славяндармен

С) Монғолдармен

D) Парсылармен

Е) Аландармен

6. Үйсіндердің астанасы болған қай қала ?

А) Көкмардан

В) Битянь

С) Янгикент

D) Суяб

Е) Чигучен

7.Қаңлылардың астанасы болған қай қала ?

А) Шырық-Рабат

В) Битянь

С) Янгикент

D) Суяб

Е) Чигучен

8. Солтүстік ғұндардың билеушісінің есімі:

А) Мөде

В) Чжи-Чжи

С) Атилла

D) Үш-Елік

Е) Бумын

9. Түркеш қағанатының негізін қалаған:

А) Сұлы-қаған

В) Үш-Элик-қаған

С) Сатук-Богра-хан

D) Бумын-қаған

Е) Муқан-қаған

10. V ғ. жазылған деректерде қарлұқтарды қалай атаған?

А) Ташлық

В) Яньмо

С) Шігіл

D)Басмыл

Е) Бұлақ

11. Қимақ қағанының орталығы қайда орналасқан?

А) Сырдария

В) Талас

С) Іле

D) Ертіс

Е) Ыстық көл

12. Алтын Орданың қоғамдық құрылымы бойынша беклербек қандай қызмет атқарды?

А) Ең жоғарғы билік

В) Салық жинаушы

С) Сот билігі

D) Әскери және дипломатиялық

Е) Шаруашылық және мәдени

13. Моғолстан қай жылы құрылды және алғашқы ханы кім?

А) 1348 ж. Тоғылық-Темір хан

В) 1370 ж. Ақсақ Темір

С) 1428 ж. Әбілқайыр хан

D) 1396 ж. Едіге

Е) 1361 ж. Орыс хан

14. Ноғай Ордасының ең үлкен, қуатты тайпасын атаңыз:

А) Қаңлы

В) Дулат

С) Найман

D) Маңғыт

Е) Қыпшақ

15. Есім-ханның кезінде қазақ хандығының астанасы қай қалаға көшірілді:

А) Сығанаққа

В) Таразға

С) Ташкентке

D) Түркістанға

Е) Сайрамға

16. Жоңғар хандығының негізі қашан қаланды?

А) 1615 ж.

В) 1625 ж.

С) 1635 ж.

D)1645 ж.

Е) 1655 ж.

17. Қазақ жерінің Ресей империясының құрамына кіруінің тарихи кезеңі:.

A) 1531ж. – ХIХ ғ.60 жж.

B) 1731ж. – ХІХ ғ. 60 жж.

C) 1731ж. – ХІХ ғ.20 жж.

D) 1631ж. – ХІХ ғ. 60 жж.

E) 1741ж. – ХІХ ғ.20 жж.

18. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы Ереже» бойынша Орта жүзде неше буынды әкімшілік жүйе құрылды?

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

E) 6

19. Шымкентті орыс әскерлері Черняев басқаруымен қашан алды?

A) 1860 ж. 26 тамызда

B) 1862 ж. 25 қазанда

C) 1864 ж. 22 қырқүйекте

D) 1865 ж. 15 шілдеде

E) 1866 ж. 7 қаңтарда

20. Қай шайқаста И. Тайманұлы қаза тапты?

A) Тастөбе шайқасында

B) Ақбұлақ шайқасында

C) Орбұлақ шайқасында

D) Ұзынағаш шайқасында

E) Теректіқұм шайқасында

21. 1836 ж. Кенесарының ағасы Саржан қай ханның бұйрығымен өлтірілді?

A) Қоқан ханы

B) Бұқар әмірі

C) Хиуа ханы

D) Ташент билеушісі

E) Орыс патшасы

22. 1868 ж. қабылданған «Жетісуға шаруаларды қоныстандыру туралы уақытша Ереженің» авторы:

A) Д. Милютин

B) М. Сперанский

C) П. Эссен

D) Г. Колпаковский

E) К. Кауфман

23. 1916 ж. Жетісу көтерілісінің жетекшілері:

A) Т. Бокин, Ұ. Саурықов, Ж. Мәмбетов

B) С. Мендешев, Ә.Әйтиев

C) Ұ. Саурықов

D) А. Иманов, Ж. Мыңбаев, Ә. Жангелдин

E) Барлығы

24. «Алаш» қозғалысы қашан ұйымдастырылды?

A) 1904 ж.

B) 1905 ж.

C) 1907 ж.

D) 1913 ж.

E) 1917 ж.

25. Индустрияландырудың қарсаңында Қазақстанда академик Губкиннің басшылығындағы экспедиция нені зерттеді ?

А) Минералды шикізат ресурстарын

В) Орал-Ембі мұнай ауданын

С) Жезқазған мысын

D) Жамбыл облысындағы минералды тыңайтқыш шикізаттарын

Е) Солтүстік Қазақстандағы темір рудасының қорын

26. Күштеп ұжымдастыру нәтижесінде 1933 жылы 1 қаңтарда республикада қанша мал қалды ?

А)3,5 млн.

В) 4,5млн.

С) 2,5 млн.

D) 3 млн.

Е) 5 млн.

27. Ұлы Отан соғысында Қызыл Армия қатарында қанша қазақстандықтар болды?

А) 600 000

В) 800 000

С) 1 млн.

D) 1млн. 200 000

Е) 900 000

28. Қазақстан тың жерлерін игеретін негізгі аудандары қандай?

А) Орал, Торғай, Ақтөбе

В) Көкшетау, Жезқазған, Қызылорда

С) Өскемен, Семей, Талдықорған

D) Қостанай, Ақмола, Павлодар

Е) Жамбыл, Алматы

29.1970 жж. республикада қандай ірі аймақтық-өндірістік кешендер тұрғызылды?

А) Қостанай-Лисаковск

В) Шымкент-Кентау

С) Маңғыстау-Ақтөбе

D) Қарағанды-Теміртау

Е) Өскемен-Лениногорск

30. Қашан Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның құрамына кірді?

А) 1990 ж. наурыз

В) 1991 ж. желтоқсан

С) 1991 ж. қазан

D) 1992 ж. науырыз

Е) 1993 ж. сәуір