Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
v_201.doc
Скачиваний:
10
Добавлен:
09.09.2019
Размер:
885.76 Кб
Скачать

Казахский язык

1. “Адам” сөзінің синонимін табыңыз.

A) Ағайын.

B) Құда.

C) Кісі.

D) Құдағи.

E) Құдаша.

2. Антоним сөздерді табыңыз.

A) Оқушы-шәкірт.

B) Ту-жалау.

C) Ақ-ағаш.

D) Биік-аласа.

E) Қағаз-көмір.

3. Тек жуан дауысты дыбыстан құралған сөзді табыңыз.

A) Арбакеш.

B) Өнерпаз.

C) Аққу.

D) Кеше.

E) Екілік.

4. Түбір сөздер қатарын табыңыз.

A) Тапқырлық, аспан, ол.

B) Өсиет, байлық, ойын.

C) Дос, сабақ, ақын.

D) Отан, ерлік, отыр.

E) Қар, күрек, оқушы.

5. Мемлекеттік туымыздың түсі ненің белгісі екенін көрсетіңіз.

A) Күн.

B) Жұлдыз.

C) Су.

D) Аспан.

E) Жер.

6. Берілген сөздің қазақша баламасын табыңыз.

Внук”.

A) Жиен.

B) Туысқан.

C) Шөбере.

D) Немере.

E) Бала.

7. Мақалды аяқтаңыз.

Адам көркі - шүберек, ағаш көркі - .

A) Жапырақ

B) Бұтақ.

C) Бүршік.

D) Шөп.

E) Гүл.

8. Ұяң дыбысты көрсетіңіз.

A) б

B) м

C) й

D) п

E) қ

9. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.

A) -дар, -дер, -тар, -тер.

B) -ға, ге, -қа, -ке.

C) -дың, -дің, -тың, -нікі.

D) -ны, -ні, -ды, -ді.

E) -мен, -бен, -пен.

10. Жұрнағы бар сөзді табыңыз.

A) Таулар.

B) Аурухана.

C) Қара.

D) Доп.

E) Ала-құла.

11. Барыс септігіндегі зат есімді анықтаңыз.

A) Көктемде.

B) Табиғатты.

C) Досыма.

D) Қаладан.

E) Көлдің.

12. Сын есімі бар мақал-мәтелді табыңыз.

A) Басқа пәле тілден.

B) Мың сомың болғанша, мың досың болсын.

C) Еңбек етсең емерсің.

D) Жақсы сөз – жарым ырыс.

E) Досы көпті жау алмас.

13. «Он төрт» - сан есімінің мағыналық түрін белгілеңіз.

A) Реттік.

B) Болжалдық.

C) Бөлшектік.

D) Жинақтық.

E) Есептік.

14. Тиісті есімдікті қойыңыз: ... сабақ оқыдым.

A) Ол.

B) Біреу.

C) Мен.

D) Кім.

E) Олар.

15. Қалау райлы сөйлемді табыңыз.

A) Жазда тауға барамыз.

B) Жақында әкем Ақтөбеге барды.

C) Осы жазда біз Бурабайға бармақшымыз.

D) Кешкі қаланы аралағым келді.

E) Апам ою ойып отыр.

16. Қарсылықты жалғаулық шылауды табыңыз.

A) Олар не бүгін келеді, не ертең келеді.

B) Ол кеше көп ойнаған, сондықтан бүгін демалды.

C) Олар біресе ойнайды, біресе отырады.

D) Біз кешке сабақ оқимыз және теледидар көреміз.

E) Бүгін ерте шықтық, бірақ сабақтан сонда да қалып қойдық.

17. Тура толықтауыштың сұрағын белгілеңіз.

A) Кімнің? Ненің?

B) Қанша? Неше?

C) Кіммен? Немен?

D) Кімді? Нені?

E) Қандай? Қай?

18. Атаулы сөйлемді табыңыз.

A) Таң мезгілі.

B) Киімін жинастырды.

C) Інісі бардың – тынысы бар.

D) Ел іші – өнер кеніші.

E) Ағасы бардың – жағасы бар.

19. Батыс Қазақстанда орналасқан қаланы табыңыз.

A) Маңғыстау.

B) Көкшетау.

C) Астана.

D) Қарағанды.

E) Қостанай.

20. Дауыссыз дыбыстың үш түрі де қатысқан сөздерді белгілеңіз.

A) Көпір, көсеу.

B) Көкпар, көкек.

C) Көлік, көңіл.

D) Көмбе, көкжал.

E) Көкпар, көкөніс.

21. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.

A) Ең, өте, тым.

B) Аш, ат, от.

C) Есім, мысал, көп.

D) Ал, жай, көр.

E) Ет, кет, аса.

22. Ауыспалы өткен шақтың болымсыз тұлғасындағы сөзді көрсетіңіз.

A) Сұрамақпын.

B) Сұрамайтын.

C) Сұрағанмын.

D) Сұрапты.

E) Сұрады.

23. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.

A) Не мақсатпен?

B) Не себепті?

C) Неге?

D) Неліктен?

E) Қашанға дейін?

24. Қыстырма сөзді табыңыз.

A) Алақай.

B) Бәлкім.

C) Абылай.

D) Ойбай.

E) Кітап.

25. Таңдану мәніндегі одағайды көрсетіңіз.

A) Кәні.

B) Апырай.

C) Уһ.

D) Қап.

E) Әттеген-ай.

ТЕСТ ПО ПРЕДМЕТУ КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК

ЗАВЕРШЕН

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]