Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpory.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
21.11.2019
Размер:
232.45 Кб
Скачать

Тақырып 1: Тіршілік ету қауіпсіздігін қамтамасыз етуді

ұйымдастыру негіздері.

Адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздері 1993 жылдың 13 қыркүйек айынан бастап № 969 Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетінің “Кездейсоқ жағдайларда ескертулер мен әрекеттер бойынша мамандар мен халықты оқытудың жүйесін жасау туралы шаралар жөніндегі” қаулысы мен ҚР білім беру министрлігінің және 1994 жылдың 10 ақпан айынан бастап № 46/47- ші азаматтық қорғаныс штабының бастығының бірлескен бұйрығына сәйкес “Адам өмірінің қауыпсіздігі” атты курс жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінің студентері үшін міндеттітүрде өтетін пән болып саналады. Бұл оқу жоспарына арнайы пән ретінде енгізілген. “Адам өмірінің қауыпсіздігі ” атты курстың мақсаты- болашақ мамандарды Адам өміріне қауыпсіздік жағдайлар жасау үшін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдылармен қаруландыру, кездейсоқ жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету, авария, стихиялық күштер, катострофия жағдайында халықты қорғауға, тәсіл әрекеттер қолдануға үйрету. Бұл пәнді оқытудағы міндеттер:

  • студенттерді бейбіт және әскери уақыттардағы кездейсоқ жағдайларда қорғаныс тәсілдеріне үйрету ;

  • студенттерді азаматтық қорғаныс курсы бойынша халықты оқыту жүйесімен таныстыру;

  • студенттерді қауыпті инфекциялар мен ауру сырқаулардың белгілерін тануға үйрету;

  • студенттерді төтенше жағдайларды дұрыс танып, алдын-ала болжауға және қоғам мен табиғаттағы төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету;

  • катострофиялық жағдайлар кезінде халық арасындағы ауру сырқауларды сауықтыру туралы шаралармен студенттерді таныстыру;

І- бөлім. Кездейсоқ жағдайларда адам өмірінің қауыпсіздігін қамтамасыз ету.

ІІ-бөлім. Кездейсоқ және төтенше жағдайлармен байланысты болатын жарақаттар мен қауыпті аурулардың алдын алып қорғану шараларын жүргізу.

Оған өндіріс өнімдері, құралдар, технологиалық процестер және зиянды флора, фауна, адамдар сияқты табиғи климаттық орта жатады. Қауыпты және зианды факторлар арасында принципиальды айырмашылықтар жоқ, өйткені сыртқы әсердің ұзақтығы мен деңгейіне байланысты, зианды факторлар қауыпті факторлаға айналуы мүмкін.

Қауіпті және зианды факторлады анықтаушы белгілерге мыналар жатады-олар адам организіміне тікелей әсер ету мүмкіндігі, адам органдарының қалыпты қызметінің бұзылуы;

Сонымен қауптілік құбылыс ретінде, адамға деген қолайсыз әсерлерді айтамыз.Кез келген қызмет потенциальды түрде қауіпті. Қауыпты және зианды факторлар қауыпты аймақтар деп аталатын олардың көрінуіне қарай, сыртай белгілі бір кеңістіктік облыстарға ие, организімнің бұзылуының бір шарты, адамның қауыпты аймақтарда қаншалықты болуына байланысты.

Қ.Р-да төтенше жағдайларда халықты қорғау және кездейсоқ жағдайларды ескерту туралы шараларды басқару мақсатымен арнайы комиссиалар құрылады. Бұлар Қ.Р-ның Министрлер кабинетімен және облыстық, қалалық администрациялар арқылы ұйымдастырылған. Мұндай комисианың мақсаты: төтенше жағдайларда әрекет ету және ескерту бойынша республикалық, облыстық, қалалық жүйелердің қызметін қамтамасыз ету, қаржыландыру.

Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия әскери басқару орталығы және халық шаруашылығының обьектерімен өзара бірлесіп әрекет етеді.Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның негізгі міндетіне мыналар жатады:

- әртүлі авариалар, катастрофиалық, стихиялық күштерден халық шаруашылығын, қоршаған ортаны қорғау, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы экономикалық және құқықтық шаралар жүйесін қалыптастыру.

  • төтенше жағдайлар кезінде ескертулер мен іс-қимылдар жасау туралы республикалық бағдарламаларды өңдеп, ұйымдастыру.

  • зор масштабтағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

“Адам өмірінің қауыпсіздігі”- ол мекен ету ортасына адамның өрескел әрекетін ескертіп өндірістік және өндірістік емес ортадағы қауыпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған білімдер жүйесі.

“Адам өмірінің қауыпсіздігі” атты пәннің мақсаты:қауыпсыз жағдайларға қол жеткізу, жарақатты болдырмау, денсаулықты сақтау, жұмысқа деген қабілеттілікті жоғарылату, еңбек сапасын көтеру. Осы қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін екі түрлі міндетті шешу керек, олар ғылыми және тәжірибелік сипаттағы міндеттер.

“Адам өмірінің қауыпсіздігі”-нің пәні мен объектісі

Кәсіпорындардағы еңбек пен табиғатты сақтау, қызметін ұйымдастыру.

Табиғат пен еңбекті қорғау жауапкершілігі белгілі басшы мойнында, табиғат пен еңбекті қорғауды қамтамасыз етумен байланысты ұйымдастыру жұмыстарымен бас инженер айналысады. Ал, еңбекті қорғау бөлімі еңбек қауыпсіздігін қамсыздандырумен байланысты мәселелерді шешеді.

2.Қауыпты факторлар дегеніміз жұмысшыға тигізілетін әсердің жарақатқа әкеп соғатын факторы. Зиянды өндірістік факторлар-жұмысшының ауырып қалуына немесе жұмыс қаблетін төмендеуіне әкеп соғады.

Қоршаған ортаның ластануының қайнар көздері мыналарға бөлінеді:

Адам өмір сүру барысында әртүрлі климаттық жағдайларда өтетін әртүрлі қызметпен айналысады, яғни суда, әуеде, құрғақшылықта,теңізде де қызмет атқаруы мүмкін. Адамдардың организміне жаңа заманғы қолданыстағы техникалардың әсері өте зор. Олардың қауіпті де зиянды физикалық, химиялық және т.б. факторлары әсер етеді.

Қызмет дегеніміз адам мен қоғамның қатар өмір сүруі мен даму тәсілі, олар табиғи және әлеуметтік ортаны өзгертіп, қайта құрудың жан-жақты мәселесін қарайды. “Адам өмірінің қауыпсіздігі”- бұл антропогендік сипаттағы қауыпті де зиянды факторлардан адамды қорғаудың практикасы мен теориясын қамтитын ғылыми білімдердің саласы болып табылатын оқу пәні. Бұл пән бір-бірімен өзара байланысты мәселелердің үш түрлі тобын шешеді. Олар: қауыптілікті тану, қауыптерден қорғау және қауіптен пайда болатын кері салдарды жою. Бұл курстың басты міндеті- оқушылардың жеке өзінің және басқа адамдардың қауыпсіздігіне деген саналы да жауапкершілік қатынасты қалыптастыру, қауыпті бағалап тану іскерлігі мен білімділікке үйрету, олардан қорғанудың тәсілдерін анықтау.

Халықшаруашылығы үшін мамандар дайындаудың жалпы жүйесіндегі “Адам өмірінің қауыпсіздігі” атты курстың рөлі мен орны қандай? Күрделі әлеуметтік педагогикалық процестер шеңберіндегі басқа оқу пәндері сияқты бұл курста мынадай функцияларды жүзеге асыруға қатысады. Бұл функцияларға білім беру, тәрбиелік және психологиялық дайындық кіреді. Білім беру функциясы оқушыларды білім, іскерлік, дағдылар жүйесіне үйретеді. Тәрбиелік функция оқушылардың ғылыми көзқарасын, әлеуметтік позицияларын қалыптастырса, психологиялық дайындық жаңа техноәлеуметтік ортаны және қызмет етуге қолайлы психологиялық дайындықты қалыптастырады. Адам өмірінің қауыпсіздігі бұрынғы дәуірден қазіргі дәуірге дейінгі жалпы адамзаттың практикалық мүдделері мен қызығушылықтарының маңызды жақтарының бірі болып табылады. Әрқашан адамдар өз қауыпсіздігін әртүрлі қызмет сфераларында қамтамасыз етуге ұмтылатын. Ғылым мен техниканың дамуы жаңа кәсіптердің пайда болуы жаңа техникалық жетістіктер қоғамдық өндірістің әртүрлі сфераларында мамандарды дайындауға жоғарғы талаптар қоюда. Жаңа кәсіби мамандықтар адамдардан тек физикалық дайындық пен кәсіби шеберліктің жоғары деңгейлі болуын ғана талап етпей, сонымен бірге, аяқ астынан кездесетін оқиғалар мен жағдайларға шапашаң жауап беруді, тапқыршылықты, мұқияттылықты талап етеді. “Адам өмірінің қауыпсіздігі” атты курс өзінің мазмұнының ерекшелігімен индивидуалдық маңыздылығына қарай өзінің әдіс тәсілдері арқылы күрделі сипаттағы қызметтерде жетістікке жету үшін қажетті тұлғаның физикалық және психологиялық сапаларының әлеуметтік білімдері мен дағдыларының жүйесін қалыптастырудың шынайы мүмкіндіктеріне ие. Бұл пәннің тұлғаға ғана бағытталуы оқушылардың бұған деген қызығушылықтарын жоғарылатып, оқушылардың бұл пәнді меңгеруіне жасалған алғашқы қадамы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]