Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Gos_Imo_2012.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
270.11 Кб
Скачать

46.Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі нато-ның рөлі

Қазіргі кезеңде НАТО маңызды рөлді ойнайды. Бұл ұйымның аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде үлесі зор.НАТО Еуропада тұрақты қауіпсіздік жағдайын тұрақтандыру үшін, демократиялық институттармен дауларды бейбіт жолмен шешу принциптерін ұстана отырып, қажетті негізбен қамтамасыз етеді. Ешқандай мемлекет өзге бір мемлектті қорқытып, мәжбүрлеп н\е өз гегемониясын күш қолдану ж\е қауіп төндіру арқылы орнатуға жол бермейтін жағдайлар жасайды. Солтүстікатлантикалық келісімнің 4бабына сәйкес, НАТО одақтастардың арасындағы оған мүше мемлекеттердің өмірлік маңызы бар мәселелер б\ша консультациялар өткізуге трансатлантикалық форум болып табылады. Одақтастардың ортақ мүдделері салаларында олардың күштерін координациялауға септігін тигізеді. НАТОға кмүше кез келген мемлекеттің аймағына қатысты агрессияның кез келген түрінің алдын алуын қамтамасыз етеді. Трансатлантикалық кеңістікте стратегиялық тепе теңдікті сақтап отырады. Соңғы жылдардағы Еуропадағы саяси өзгерістер үрдісі (Германияның бірігуі , Кеңес жүй-ң күйреуі) ж\е оның ғаламдық стратегиясы мен болашақ стратегиясы мен болашақ мақсаттары жөніндегі НАТО-ң бірқатар жарлықтар құруға негіз болды: 1 « Өзгерістер үрдісіндегі Солт Атлантикалық альянс жөніндегі Лондон деклорациясы» 2 «Бейбітшілік ж\е ынтымақтастық жөн Рим Деклорациясы » (1990) 3 «Бейбітшілік ж\е ынтымақтастық жөн Рим деклорациясы» (1991) 4 «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасыа қосылуға шақыру тур 1994 Брюссельдегі НАТО Кеңесінің Жарлығы.

1989 ж бастап Еуропадағы саяси жағдай өзгерді. НАТО-ң бұрын кездестірген мәселелерінің орнына жаңа мәселелер келіп туды. Қазір Альянс үшін ең қауіпті НАТО-ң бір мүшесіне шабуыл жасау мүмкіндігі емес , тұрақсыздықтың туындауы туғызады. (эк-қ , әлеумет-к ж\е саяси қиыншылықтар , этникалық шиеліністер , территориялық даулар , жаппай қырып жоятын қарудың ж\е балистикалық ракеталардың таратылуы , өте маңызды ресурстардың жетіспеуі , сабатаж ж\е территор-қ әрекеттер ) Альянстың қызметінің негізгі принципі болып оның барлық мүшелерінің ажырамас қауіпсіздігін күшейту мақсатнда жан-жақты ынтымақтастық пен біріккен комитет әрекеттері болып қалуда. НАТО Еуропа тұрақты қауіпсіздік жүйесінің бөлінбес негізі болып табылады. Ол барлық өте маңызды мәселелер жөнінде кеңес беруде трансатлантикалық форум ретінде қызмет етіп , Еуропадағы стратегиялық тепе-теңдікті қадағалайды ж\е кез-келген мүше мем-ң территориясына жасалған шабуылға төтеп беруге дайын.

Солт Атлант Кеңесінің Жарлығы (1994) қорғаныс ж\е еуропалық қауіпсіздік жүйесінің құрылуындағы барлық саладағы мақсаттарды шешу үшін саяси ж\е әскери құрылымдарды сәйкестіруді мақсат етеді. Альянс басқа Еуропалық мемел-р қосылуына ашық екендігін нақтылайды. Серіктестіктерді жаңа саяси ж\е әскери шекараларды бірігіп жүзеге асыруға ж\е НАТО –мен ынтымақтасуға шақыратын , «Бейбітшілік үшін Серіктестік »бағдарламасының басталғанын жариялайды. Жаппай қырып – жоятын қару мен оны таситын жүйелерді таратуға қарсы күресті күшейтеді. жалпы құндылықтар , демократия , адам құқықтары мен құқықтық мем-т негізінде Еуропада әділ ж\е берік бейбітшілікті қамтамассыз ету.

Бүгінгі таңда аймаққа және түгелдей жаһанға қауіп – терроризмнен төніп тұр. Сондықтан да терроризммен күресте НАТОның ролі зор. НАТО-ның терроризмге қарсы жүргізген негізгі операциялары:АҚШ.2001ж 11қыркүйекте орын алған террористік актілерден кейін американдық әуе кеңістігін күзету мақсатында “ Eagle Assist”-«Бүркітке көмек» операциясы 2001жылдың 4қазанынан 2002жылдың мамыр айына дейін жүзеге асырылды. Жерорта теңізі.Жерорта теңізіндегі сауда кеме қатынастарын бақылау мақсатында“Aсtivе indevor”-« Белсенді күш салу» операциясы 2001қазан айынан 2003жылдың желтоқсан айына дейін жүргізілді. Ауғанстан.Талибандардың үкімет басына келу қауіпін жою және кең осьтегі «Аль-Каиды» террористік ұйымының әрекетін бәсеңдету мақсатында“Unduring Freedom”- «Мызғымас бостандық» операциясы 2003жылы жүзеге асырылды. Бұрынғы Югослвиялық Македония Республикасында: «Эссеншл Харвест» (Существенный урожай) операциясы 2001жыл 27 тамыз. «Эссеншл Харвест» операциясы отыз күн жұмыс атқарды. Өзінің алдына қойған мақсаты: Ұлттық азат ету әскерінің (НОА) қызметкерлерінің өз беттерінше берген қару-жарақтарын жинап алып, қару-жарақтардың көзін құрту болды. Бұл операцияда 3500ге жуық НАТО әскерінің қызметкерлрі жұмыс атқарды. 3875ке жуық ату қарулары, 397600 басқа да қарулар (оның ішінде миналар мен бомбалар) жиналып алынды. Кешірек парламент конституцияға 15 өзгертулер енгізді, яғни келісімге сәйкес. «Эмбер Фокс» операциясы2001жыл 27 қыркүйек. 2001жылдың қыркүйек айында президент Трайковский Еуропалық Одақ және ОБСЕ халықаралық бақылаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін НАТОға елге тағы да өз әскерін жіберуін сұрады. Бұд операция «Эмбер Фокс» деп аталды. Бұл операцияда 700ге жуық әскери қызметкерлер қатысты.Басында бұл операция үш айға созылу керекболатын, бірақ кейінірек тағы да созылған болатын. «Эллайд хармони» операциясы 2002 жыл 16желтоқсан. Тағы да президенттің сұрауымен бұрынғы Югославиялық Македония Республикасында бейбітшілікті сақтауды жалғастыру мақсатында жаңа операция іске асты. Ол «Эллайд хармони» деген атақ алып, 2002 жылы 16желтоқсанда іске асты. Бұл операция 2003жылдың 31наурызына дейін созылған болатын. Бірақ кейінірек бұл операцияны қолға ал Еуропалық Одаққа берілді. Бұл операцияның алға қойған мақсаттары:ұлттық билік органдарына көмек көрсету, оларды қауіпсіздік мәселесі бойынша сұрақтарға кеңес беру және НАТО мүшелігіне дайындау болып табылатын.Осы мақсатта құрылған Скопьедегі НАТО штабы елдің ішіндегі қақтығыс кезінде қираған жолдарды, темір жолдарды, ғимараттары қайта қалпына келтіруде үлкен үлес қосты.Босния мен Герцеговинада: 1995 жыл 30 тамыз «Делиберит форс» операциясы.Бұл операция 15 қыркүйек ке дейін жалғасты. Осы жылы НАТО самолеттары Босния мен Герцеговинада арнайы позицияны ұстап отырған сербтердің учаскелеріне нақты, тура соққылар берген болатын.Бұл операция нәтижесінде босниялық сербтердің бірқатар қарым-қатынас жасайтын линиялары жойылды. «Делиберит форс» операциямен қатар дипломтиялық түрде араласу нәтижесінде бұл операция достастыққа жол ашты.

XX—XXI ғғ қиылысында әлем өз тарихының бірден бір қиын және қарама қайшылықтарға толы кезеңін бастан кешті. Бұл ең алдымен геосаяси жағдайдың дамуының айқындалмаған перспективаларымен және әлемдік тәртіптің үлкен түрде өзгеру тәртібін күтумен түсіндіріледі. АҚШ қырғи қабақ соғысы аяқталысымен өзінің әлемдегі бөлінбейтін көшбасшылығын әскери саяси блок НАТОға сүйене отырып жүргізе бастады. БҰҰ және ЕҚЫҰға мән берместен, жаңа әлемдік тәртіпті орнату үшін көп жағдайда күш қолдану қажеттігін танытты. Мұндай күшті НАТО Иракта, Ливияда,Босния және Герцеговинада және Югославияда қолданды. НАТО болашақта сақталып қалады ма, әлде жойылады ма? НАТО блогы –өзін алдындағы болаған блогтардан айырмашылығы бар. Біріншіден, мұнда негізгі батысеуропалық державалар шоқтасқан, екіншіден, бұрынғы блогтар тек соғыс басталған соң барып басқару органдарын құру, біріккен қарулы күштерді құру басталса, НАТОда мұндай дайындық бейбітшілік кезінде өзінде ақ дайын. НАТОның Ресеймен ынтымақтастықта, «Бейбітшілік үшін ынтымақтастық» жобаларында аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті реттеу мақсаты жатыр. НАТО еуропалық қауіпсіздіктің ажыратылмас бөлігі ретінде қалыптасты және оны ажырату болашақта мүмкін емес. Ресейге болса, НАТОмен белгілі бір ынтымақтастық орнату шарт.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]