Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭУР Силлабус новая форма 2011 каз.doc
Скачиваний:
8
Добавлен:
11.11.2019
Размер:
105.47 Кб
Скачать

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Күні: _______ 2011 ж.

Басылым:екінші

Оқу-әдістемелік кешен

С ЕҰУ

бет. 6 тен 6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қоршаған ортаны қорғау сферасында басқару және инжиниринг халықаралық кафедрасы

Силлабус

Жалпы міндетті 4 модуль (модульдің атауы)

EUR 102Экология және тұрақты даму (код және оқу-жұмыс бағдарламасы бойынша пәннің толық атауы)

5В071300 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары; 5в071700 – Жылуэнергетика мамандықтары студенттеріне арналған

(шифр және мамандық атауы)

Астана 2012

Силлабус

1.Оқытушының аты-жөні, ғылыми атағы: бғк, доцент Саматова И.С. Жұмыс телефоны 35-38-06 /60-58/, ұялы телефоны 87026103044 (электрондық жәшігі samatova.indira@yandex.ru)

Ғылыми қызығушылық: өсімдіктер экологиясы, биотехнологиясы, физиологиясы, биохимиясы және генетикасы; микроағзалар экологиясы.

2.Пәннің аты. Экология және тұрақты даму. Жалпы міндетті модуль 5. ЕТD 1106. 2 кредит.

3.Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны дәріс, практикалық сабақ, студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстары сабақ кестесіне сәйкес құрылады.

4.Оқу пәндерінің пререквизиттері: Экология және тұрақты даму курсын тиімді игеру үшін орта мектептегі алған биология және экология негіздері жөніндегі білімі қажет.

Пәннің постреквизиттері: философия, экономика, саясаттану, мәдениеттану, әлеуметтану курстарын өткенде қолдануға болады.

5. Оқу тәртібінің мінездемесі

5.1. Оқу тәртібінің бағыты.

Оқу пәні болашақ мамандардың қоршаған ортаны қорғауын, табиғатты тиімді пайдалануын, сонымен қатар Қазақстанның экологиялық мәселелері жөніндегі білімін қалыптастырады.

5.2. Пәнді оқытудың мақсаты.

Экологияның қалыптасу кезеңдері, заңдылықтары, организм мен орта, табиғи бірлестіктер, экожүйелер, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қазіргі кездегі экология мен тұрақты дамудың мәселелері мен оның дамуы қарастырылады.

5.3.Пәнді оқытудың міндеттері

-негізгі функциональді экологиялық бірліктерді: жеке түрлерді, популяцияларды, биогеоциноздарды, экожүйелерді жайындағы білімді меңгеру.

- табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелерін меңгеру

- биосфера-ғаламдық экожүйе жөніндегі теориялық білімдерін қалыптастыру

- қазіргі кездегі экологиялық мәселелер және оның дамуы жөніндегі білімге баса назар аудару.

5.4 Оқу тәртібінің мазмұны

Экология және тұрақты дамудың негізгі түсініктері, қағидалары, экологияның заңдары, әртүрлі тіршілік орталарында мекен ететін ағзалар топтарының сипаттамалары берілген. Сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды сақтау және тиімді пайдалану, табиғи ортаның ластануы жайлы түсініктер және қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы мен оны шешу жолдары, Тұрақты даму концепциясының негізгі қағидалары туралы ғылыми пән.

5.5.Оқу пәндерін оқытудың жоспары.

Апталар

Тақырыптар аты

Сағ. саны мен оқытуды ұйымдастыру формалары

СӨЖ үшін тапсырмалар

1

Экология және оның қысқаша даму тарихы. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы. Экологияның мақсаты, міндет-тері және әдістері. Экологияның қалыптасуының тарихы. Экологияның бөлімдері: аутэкология, демэкология, синэко-логия, ғаламдық экология. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы, экологиялық мәселелерді шешудегі ролі.

Шолу дәріс – 1 сағ.

Прак. сабақ «Экология табиғатты қорғаудың және табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық базасы ретінде»–1сағ.

СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Экология және оның қысқаша даму тарихы.

2

Особьтар экологиясы-аутэкология. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі. Организм және тіршілік ету шарттары. Негізгі тіршілік орталарына байланысты организмдердің экологиялық топтары.

Дәріс – 1 сағ.; Практикалық сабақ «Негізгі тіршілік орталары және олардың сипаттамасы» – 1 сағ.; СОӨЖ – 1сағ; СӨЖ – 2 сағ

Особьтар экологиясы-аутэкология.

3

Экологиялық факторлар және олардың классификациясы. Антропогенді фактордың әсер ету заңды-лықтары. Либихтың заңы. Шелфордтың заңы. Стенобионттар және эврибионттар. Организмдер тіршілігіндегі абиотикалық факторлардың мәні. Ортаның экологиялық сыйымдылығы

Дәріс – 1 сағ.; Практикалық сабақ «Организмдердің қоршаған ортаға экологиялық бейімделуі» – 1 сағ.; СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.

4

Популяция экологиясы-демэкология. Популяция түсінігі. Популяцияның статистикалық сипаттамалары. Кеңістіктік таралуы және оның сипаттамасы. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамасы. Популяция санының экспонен-циалды және логистикалық өсімі, реттелуі.

Дәріс – 1 сағ.; Практикалық сабақ «Популяция түрдің өмір сүру формасы және оның негізгі критерийлері» – 1 сағ.; СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Популяция экологиясы-демэкология.

5

Бірлестіктер экологиясы-синэкология. Биоценоз туралы түсінік. Экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары. Түраралық бәсекелестік бірлестіктің түрлік құрылымын сақтаудың негізгі механизмі. Г.Ф.Гаузе принципі. Экологиялық қуыс: потенциалды және жүзеге асырылған.

Дәріс – 1 сағ.; Практикалық сабақ «Биоценоздағы организмдердің биотикалық қарым-қатынастары» – 1 сағ.; СОӨЖ – 1сағ;

СӨЖ – 2 сағ

Бірлестіктер экологиясы-синэкология.

6

Экожүйенің құрылу заңдылықтары. Экожүйе түсінігі. Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші заңы. 1% және 10% ережелері. Бірлестіктің трофикалық құрылымы. Қоректік тізбектер, деңгейлер, торлар. Экологиялық пирамидалар. Экожүйе өнімділігі, тұрақтылығы, тұтастығы.

Дәріс – 1 сағ.

Практикалық сабақ «Экожүйедегі негізгі биогенді элементтердің айналымы» – 1 сағ.

СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Экожүйенің құрылу заңдылықтары.

7

Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфера концепция-сының қалыптасуы. Биосфера эволюциясы. В.И.Вернадскидің биосфера және ноосфера концепциясы. Тірі зат концепциясы. Геологиялық және геохимиялық фактор концепциясы. Био-сферадағы зат айналымы. Ғаламдық биогеохимиялық цикл-дер. В.И.Вернадскийдің биогеохимиялық заңдары. Заманауи биосфера. Қоршаған ортаға өндірістік жүктеменің артуы.

Дәріс – 1 сағ.

Практикалық сабақ «Биосфера және оның тұрақтылығы» – 1 сағ.

СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Биосфера және оның тұрақтылығы.

8

Тұрақты даму концепциясы. «Тұрақты даму» түсінігінің туындау тарихы. Рим клубы, Медоуздың және Форрестердің еңбектері. БҰҰ қоршаған ортаға қатысты бірінші конферен-циясының декларациясы (Стокгольм 1972). Рио-де-Жанейро 1992, Иоханнесбург 2002 бүкіләлемдік саммиті. Еуропа қала-ларының тұрақты даму хартиясы. Тұрақты даму факторлары

Проблемалық дәріс – 1 сағ.

Практикалық сабақ «Тұрақты даму концепциясы» – 1 сағ.

СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Тұрақты даму концепциясы.

9

Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері. Тұрақты дамудың деңгейлері. Тұрақты дамудың әр деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін факторлар. Тұрақты дамуды қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдар, олардың іс-әрекетінің тұрақты дамуға қатысты ғылыми теориялық негіздері

Дәріс – 1 сағ.

Ғылыми пікірталас «Тұрақты дамудың стратегиясы мен принциптері» – 1 сағ.

СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Тұрақты даму теориясына ғылы-ми талдау жасау-дағы халықаралық ұйымдар әрекеті

10

Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде. Қоршаған ортаның оптимизациясы табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі. Жердің табиғи ресурстарының сипаттамасы. Табиғат ресурстарының классификациясы. Биологиялық ресурстар, өнім қауіпсіздігі. Табиғатты тиімді пайдалану, азқалдықты және қалдықсыз технология. Энергияның альтернативті экологиялық таза көзін пайдалану мүмкіндіктері.

Дәріс – 1 сағ.

Практикалық сабақ «Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде» – 1 сағ.

СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Табиғи ресурстар оларды тиімді пайдалану тұрақты дамудың негізгі аспектісі ретінде.

11

Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропоген-дік фактордың әсері. Өркениет типтеріне және оның дамуы-ның сатыларына байланысты қоршаған ортаға дифференциал-ды антропогендік жүктеме. Адам қоғамының қалыптасуында-ғы табиғаттың ролі. Табиғат пен қоғамның әсерлесу тарихы.

Дәріс – 1 сағ.; Практикалық сабақ «Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропоген-дік фактордың әсері» – 1 сағ.; СОӨЖ – 1сағ;

СӨЖ – 2 сағ

Биосфера тұрақсыздығының шығыуындағы антропогендік фактордың әсері.

12

Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер, оның туындау себептері мен салдары. Өндіріс пен ауылшаруашы-лығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық фактор-лар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биология-лық ластануы және экологиялық генетикалық салдары.

Проблемалық дәріс – 1 сағ.

Практикалық сабақ «Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер» – 1сағ.; СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Қазіргі таңдағы ғаламдық эколо-гиялық мәселелер, оның туындау себептері.

13

Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Әлеуметтік экологиялық дағдарыс және тұрақты даму. Халық санының өсуі, оның сапалық өзгеруі. Туылымға әсер ететін факторлар, отбасын жоспарлау. Урбанизация мәселелері. Кедейшілік, кірістің теңсіз бөлінуі. Энергетикалық кризис мәселесі, шешу жолдары. Әлемдік өнім өндіру мәселесі. Ресурстық кризис. Генофондтың өзгеруі,ортаның жалпы агрессивтілігінің өсуі, тірі организмдерге әсері. Соғыс және терроризм, экологиялық салдары. Әскери-өндірістік кешен.

Дәріс – 1 сағ.

Практикалық сабақ «Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері» – 1 сағ.

СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Тұрақты дамудың әлеуметтік-экологиялық мәселелері.

14

Табиғатты қорғау және тұрақты даму. Қоршаған ортаны қорғаудың принциптері мен әдістері. Қорық территориялары, биосфералық резерваттар. Қызыл кітап, оның биологиялық алуантүрлілікті қорғаудағы ролі. Адамзаттың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі экологиялық білім мен ағартудың ролі.

Дәріс – 1 сағ.

Практикалық сабақ «Табиғатты қорғау және тұрақты даму» – 1 сағ.

СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Табиғатты қорғау және тұрақты даму.

15

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері. ҚР табиғи ортасының деста-билизация процесі, себептері, салдары. Аралдың әлеуметтік экологиялық проблемалары. Ядролық қару жарақты сынау-дың адамзатқа әсері мен салдары. ҚР территориясындағы әскери-сынақ полигондары. Қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критерилері. Экомониторинг, оның ұйымдасу принциптері, түрлері. ҚР қоршаған ортаға қатысты заңдары. ҚР тұрғындарына экологиялық білім мен тәрбие беру. ҚР тұрақты даму концепциясы, стратегиясы, механизмі.

Проблемалық дәріс – 1 сағ.

Практикалық сабақ «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері» – 1 сағ.

СОӨЖ – 1сағ

СӨЖ – 2 сағ

Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға қатысты өзекті экологиялық мәселелері.

Барлығы

Дәріс – 15 сағ, прак.сабақ -15 сағ, СОӨЖ – 30 сағ, СӨЖ – 30 сағ.