- •1. Мәтінді оқыңыз, мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Екінші тақырып отбасы және ұлттық құндылықтар
- •Алтын бесік -отбасы.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •3. Мәтіндегі көп мағыналы сөздерді жазып алып, олардың мағынасын анықтаңыз. Үшінші тақырып жас отбасы және дәстүр
- •2. Тапсырма орындаңыз:
- •Төртінші тақырып қазақстан республикасындағы демографиялық мәселелер
- •Демографиялық саясаттың мақсаты, міндеттері және қағидаттары
- •Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Бесінші тақырып
- •Алтыншы тақырып мінез және келбет
- •Мәтінді оқыңыз. Адамның келбетін сүреттейтін сөздерді іріктеп жазыңыз. Келбет
- •3. Сұрақтарға жауап беріңіз
- •Жетінші тақырып замандас келбеті
- •Мәтінді оқыңыз. Жоспар құрыңыз. Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •2. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді санамалап көріңіз және айтқаныңызды мысалдар арқылы дәлелдеңіз.
- •4. Жаттығулар
- •Сегізінші тақырып уақыт және адам
- •Әр нәрсенің өз уақыты бар
- •Өмір қайта оралмайды
- •Бос уақыт және қызығушылық
- •2.Полилогті оқып, әңгіме не туралы екенін қысқаша баяндаңыз.
- •7.Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Ұлылардың хоббиі
- •2. Ұлы адамдардың жинаған заттарын сызба түрінде көрсетіңіз.
- •Өзіңіз бос уақытыңызда немен айналысатыныңызды/шұғылданатыныңызды әңгімелеп беріңіз.
- •Тоғызыншы тақырып салауатты өмір салты
- •Мәтінді оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Жоспар құрыңыз.
- •2. Берілген сөз тіркесінің мағынасын түсініңі. Сөйлем құраңыз.
- •Сөз тіркесі
- •Оныншы тақырып дені саудың – жаны сау
- •Дені саудың – жаны сау.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз:
- •Он бірінші тақырып
- •Он екінші тақырып Қазақтың Өнері мен мӘдениеті
- •Мұқан Төлебаев
- •Он үшінші тақырып қазақстан өнері
- •Он төртінші тақырып
- •2. Берілген екі қатардан синоним сөздерді табыңыз. Жарасымды құрметті
- •3. Жоғарыдағы синоним сөздермен сөз тіркестерін құраңыз.
- •5. Мына сұрақтардың мазмұны ашатын абзацтарды немесе сөйлемдерді мәтіннен табыңыз.
- •Құрманғазы Сағырбайұлы
- •Мәтін бойынша сөйлемдерді қостамаңыз немесе растаңыз
- •6. Мәтінді пайдаланып, сөздердің өз орнын табыңыз
- •7. Еске түсірейік
- •8. Төмендегі етістіктермен шартты райда сөйлем құраңыз.
- •9.Әңгімені тыңдап,билердің сөз өнерін қолдана білу шеберлігі туралы айтыңыз. Он бесінші тақырып кино өнері
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
- •6. Мына сөз тіркестерін аударыңыз.
- •7. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
- •Қазақстанның музыка және балет өнері
- •1. Мәтіндегі халық композиторларының аты-жөнін дәптерлеріңізге көшіріп жазып, еңбектері туралы материалдар табыңыз.
- •2. Музыка және балет өнеріндегі қазіргі танымал тұлғалар туралы пікір алмасыңыз.
- •3. Абай атындағы опера және балет театрындағы «Біржан сал» қойылымын көріп, алған әсеріңізді айтып беріңіз.
- •Қазақ театр өнерінің дамуы
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •1. Ой шақыру сұрақтарына жауап беріңіз
- •Қазақша-орысша грамматикалық терминдер сөздігі
- •Морфология
- •Синтаксис
БІРІНШІ ТАҚЫРЫП
ОТАН ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ
1. Мәтінді оқыңыз, мәтін бойынша жоспар құрыңыз.
Отан шын мәнінде отбасынан басталады. Отбасында адамдардың өмірге көзқарастары қалыптасып, олардың болашаққа деген арман, үміттері оянады, жан дүниесі халқымыздың рухани мұрасынан сусындайды. Әрбір отбасы - шағын мемлекет. Онда ертеңгі елдің тұтқасын ұстайтын азамат тәрбиеленеді. Осыны ұмытпау керек. Бала ата-әженің, әке мен шешенің тәлімін көріп бой түзейді. Жақсылықты да, жамандықты да отбасынан алады. Олар барлығын көзбен ұғады. Сондықтан ата-аналардың ісі мен сөзінде сәйкестік болуы шарт. Отбасы үйлесімділігі тағылымды тәрбиеде деп түсінемін.
Отбасы дегеніміз — туысқандық байланыста болатын (атасы, әжесі, күйеуі, әйелі, балалары, ата-анасы т.б.) бірлесіп, әлеуметтік-тұрмыстық өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік зандар мен ережелерді сақтайды. Отбасы - адам баласының өсіп-өну, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Отбасы – шағын мемлекет. Себебі әр мемлекеттің өзіне тән сыртқы, ішкі саясаты, кірісі мен шығысы болатыны сияқты әр отбасының да дәл сондай болмыс-тіршілігі бар. Ол да өзінше басқаруды талап етеді. Сондықтан да қай уақытта болмасын отбасының құрылымына зор мән беріліп, оның іргетасының берік болуына атсалысу – әр отбасы мүшесінің міндеті.
Сөздік
Ата –дедушка
Әже – бабушка
Апа – мама
Апай – старшая сестра
Тәте –тётя
Аға – старший брат, дядя
Қарындас – младшая сестра по отношению к брату
Сіңлі – младшая сестра (для женщины)
Іні – младший брат
Отбасы – семья
Тұрмыста – замужем
Жас - молодой
Мемлекет – государство
Ата-ана – родители
2. Сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Отбасы дегеніміз не?
2. Адамның мінезі, өмірге көзқарасы қайда қалыптасады?
3. Отбасын неге шағын мемлекетке теңейді?
4. Отбасында кім басты адам?
5. Отбасының бюджетін кім басқарғаны жөн?
6. Сіздің отбасыңызда қазақтың қандай әдет- салттары сақталған?
3. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құраңыз
Әке, шеше, аға, апа, жезде, қадірлі, аяулы, сабырлы, байсалды, іні, немере, шөбере, құдаша, сүйкімді, ерке; үлкен, мөлдір, таза, терең, саяз, көл, алма, ақ, қызыл, сары, тәтті, дәмді, қышқыл, жақсы, білімді, білікті, тәжірибелі, сабырлы, басшы, бастық, әкім, төраға, белгілі, танымал, әйгілі, актер, әнші, биші.
Грамматика
Сөз-синтагмалардың ерекшелігі
Сөз – белгілі бір ұғымға берілген атау: ата, әже, үстел, көше, жүру, келу, жақсы, кең т.б. Сөз тұра мағыналы және ауыспалы мағыналы болады. Мысалы: құстың ұясы – ұшқан ұя; ұйқыдан ояну – үміттері оянды.Сөз көп мағынлы болады: бет (адамның беті – жүзі, кітаптың беті, судың беті); бас (адамның басы, таудың басына шықтық).
Синтагма (словосочетание) – сөз тіркесі. Сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Сөз тіркестері: есімді сөз тіркестері, етістік сөзтіркестері болып екі топқа бөлінеді. Мысалы: отбасы мүшесі, адам баласы, отбасында тәрбиеленеді, кеше келді, сұлу қыі, алтын қасық.
Екінші тақырып отбасы және ұлттық құндылықтар
1.Мәтінді оқып, түсініңіз