Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД - KZ.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
15.11.2019
Размер:
594.94 Кб
Скачать
  1. Сұрақтарға жауап беріңіз:

Денсаулық дегеніміз не?

«Дені саудың – жаны сау»,- дегенді қалай ұғынасыз?

Дені сау адам өкіметке, қоғамға қандай пайда әкеледі?

Грамматика: Жай сөйлем мен олардың түрлері

Сөйлем - ойды білдіре алатын тілдің ең кіші бөлщегі.

Жай сөйлем құрылыс жағынан аса күрделі болмағандығымен, көлемі, құрамы әр кез біркелкі бола бермейді. Сөйлемдер сөйлем мүшелерінен құралады. Қазақ тілінде мынадай сөйлем мүшелері бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш. Жай сөйлемдерде ойды беру мақсатына қарай, сөйлем мүшелерінің барлығы қатысуы да мүмкін немесе керісінше.

Сөйлем құрамында сөйлем мүшелерінің белгілі бір орны бар. Оларды қалай болса солай ауыстыруға болмайды. Егер сөйлем мүшелерінің дағдылы орны ауысса, олардың атқаратын қызметі де мүлде өзгереді де, бастауыш болып тұрған сөз басқа мүше болып кетеді, анықтауыш та, толықтауыш та, пысықтауыш та солай. Сонымен қатар қазақ тілі сөйлемнің құрылымындағы басты ерекшелік – бастауыш сөйлемнің басында, баяндауыш көбінесе соңында қолданылады. Ал, толықтауыш көбінесе баяндауыштың алдынан; пысықтауыш – өзіне қатысты сөздің алдынан қолданылады. Бұл – сөйлемнің қазақ тіліне тән құрылымдық үлгісі. Дегенмен, сөйлем мүшелерінің орын тәртібі өзгеруі де мүмкін. Біз олардың өзгеруіне сәйкес белгілі жиырма жолмен сөйлемдердің жасалуын қарастырамыз.

Сөйлем құрылысына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып екіге бөлінеді. Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады да: екі я одан да көп жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.  Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлем болып бөлінеді.  Хабарлы сөйлем - айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.  Мысалы: Мен жалақы алдым.

Он бірінші тақырып

МЕНІҢ ЕЛІМ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

      1. Мәтінді оқып, түсініңіз.

Арғы тегі ғұндар, сақтар, скифтер деп аталатын қазақ халқы үш мың жыл бойында туған жерін қорғау үшін күресіп келді. Халқымыз Алтай мен Еділ, Тянь-шань мен Сібір аралығын алып жатқан орасан зор аймақты сақтап қалды.

Қазір Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Ел тәуелсіздігі 1991 жылдың 16 желтоқстан күні жарияланды. Оның Конституциясы, Әнұраны, Елтаңбасы, Туы, Мемлекеттік Тілі бар.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше ел. Оның тәуелсіздігін дүние жүзі таныды. Ол – бейбітшілікті сүйетін ел. Қазақстан қазір – дүние жүзі мемлекеттерімен экономикалық, мәдени байланыстар жасап жатыр. Қазақстанның парламенті – кәсіпқой парламент. Қазақстан – демократиялық, құқықтық мемлекет. Ол басқа елдермен өз ақшасы арқылы сауда жүргізеді.

Қазақстанның негізгі халқы – қазақ халқы. Онда жүзден аса басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілдері өзара түсіністікте өмір сүреді. Олар Қазақстанды туған жеріміз, Отанымыз деп есептейді. Қазақ халқы осы достықтың ұйтқысы болып табылады.

Біздің елімізде мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақстанның әрбір азаматы өзінің ана тілінде сөйлейді, өз халқының мәдениетін дамытады. Өзінің Отанын, туған жерін гүлдендіру үшін еңбек етеді. Қазақстан азаматы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, мемлекеттік рәміздерін, Ата Заңын, мемлекеттік тілін және тарихы мен мәдениетін құрметтейді. (Интернет материалдары.)

Сұрақтар:

  1. Қазақстан қандай ел?

2. Ел тәуелсіздігі қай жылы жарияланды?

3. Тәуелсіздікті білдіретін қандай белгілері бар?

4. Қазақстан қандай ұйымға мүше?

5. Қазақстанда қанша халықтың өкілдері тұрады?

6. Олар қалай өмір сүріп жатыр?

7. Қазақстанда мемлекеттік тіл қай тіл?

8. Қазақстанның негізгі халқы кімдер?

9. Қазақстан азаматы нені құрметтейді?

Тапсырмалар:

1. Мәтіндегі сөздердің орын тәртібін анықтаңыз.

2. Мәтіннен түсінгеніңізді әңгімелеп беріңіз.

3. Мәтінге сүйене отырып, төмендегі сөйлемдерді

толықтырыңыз.

1. Қазақстан – ... мемлекет.

2. Ел тәуелсіздігі ... жарияланды.

3. Қазақстан – ... мүше ел.

4. Оның ... бар.

5. Оның тәуелсіздігін ... таныды.

6. Ол – ... сүйетін ел.

7. Қазақстан қазір – дүние жүзі мемлекеттерімен ... жасап жатыр.

8. Қазақстанның парламенті – ... парламент.

9. Қазақстан – ... мемлекет.

10. Ол басқа мемлекеттермен ... арқылы сауда жүргізеді.

11. Қазақстанда отыз шақты мемлекеттің ... бар.

12. Қазақстанның негізгі халқы – ... халқы.

Грамматика: Жай сөйлемнің негізгі семантикалық және функционалдық ерекше-ліктері.

Сөйлем - ойды білдіре алатын тілдің ең кіші бөлщегі.

Сөйлем айтылу мақсаты мен интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, ал айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін жағынан лепсіз және лепті сөйлем болып бөлінеді.  Хабарлы сөйлем – айтылу мақсаты хабарлау, суреттеу, баяндауды білдіретін сөйлемнің түрі.  Мысалы: Мен жалақы алдым.

Сұраулы сөйлем – жауап алу мақсатымен қарай айтылған сөйлем. Сұраулы сөйлемдер мынадай жолдармен жасалады: а) Сөйлемде сұрау есімдігінің қолданылуы арқылы. Не үшін? Ә) ма, ме, ба, бе, па, пе, ша,ше шылауларының қолдануы арқылы. Жерім жаман ба? Б) ғой, қой, ау, еу шылауларының , ә, сірә сияқты оқшау сөздердің; болар, шығар, қайтеді, білемін деген көмекші сөздердің сұрау мәнінде қолданылуы арқылы: – Осы ғой алған жоспары? – Иә, осы. В) Сұрау интонация арқылы. Япырай, ие бермей кетпесе?

Бұйрықты сөйлем – біреуге бұйыру, тілек – өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем. Бұйрықты сөйлемде интонация біркелкі бола бермейді: бірде хабарлы сөйлем интонациясымен айтылса, бірде лепті сөйлем интонациясымен айтылады да, соған сәйкес сөйлем соңында нүкте(.) я леп белгісі(!) қойылады. Бұйрықты сөйлемнің баяндауышы етістіктің бұйрық рай тұлғасынан және бұйрық не шартты рай тұлғасына тілек-өтініш мәнді –шы, -ші жұрнағының үстеуі арқылы жасалады. М: Бар! Шап! Жиып кел тегіс! – деді...

Лепті сөйлем – айтушының көңіл күйін (қуану, ренжу, зеку, алу, өкіну т.б.) білдіретін сөйлем. Лепті сөйлем ерекше әуенмен айтылып, дауыс ырғағы сөйлем соңында да көтеріңкі қалыпта болады. Соған сәйкес сөйлем соңында леп белгісі (!) қойылады. Құнанбай қатты зекіп қалып: – Жә тоқтат! – деді. (М.ә

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ

Қазақ халқының тарихы мыңдаған жылдарды қамтиды. Оған дәлел-қазақ халқының тілі, әдет-ғұрыптары, салт-санасы, өмір сүруі, шаруашылығы. Мәселен, қазақ халқының киіз үйі өте ертеден қалыптасқан, соңғы мыңжылдықта ешбір өзгеріске ұшырамаған.

Қазақ халқы мақал-мәтелдерге өте бай. Әрбір мақал-мәтелден өмір тұжырымдарын, философиялық ойларды көруге болады. Мақал-мәтелдерден қауымдасып өмір сүрудің тиімді екенін, қоғам дамуы үшін әртүрлі әлеуметтік топтар мен шаруашылық түрлерінің қажет екенін халықтың ерте түсінгендігін байқаймыз. Сонымен қатар мақал-мәтелдердің дидактикалық, тәрбиелік мәні зор. Тек мақал-мәтел ғана емес шешендік сөздер мен айтыстардан да қазақ тілінің байлығын көруге болады. Тіл байлығы ой байлығын көрсетеді. Тіл арқылы адам ой тереңдігін, рухани мәдениетінің деңгейін көрсетеді.

Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ-І ғасырлар арасында көшпелі скифтер аралынан грек еліне келіп, олармен араласып, көп жылдар бойы олардың арасында тұрған Токсарис (Тоқсары), Иданфирис (Ыдарбарыс), Анахарсис (Анарыс) өздерінің ой толғамдары, пайымдары арқылы гректерді көшпелі елдің дүниетанымдарымен, әдет-ғұрыптарымен таныстырған. Платон, Аристотель, Геродот, Лукиан, Страбон шығармаларында олар жоғары бағаланып, есімдері құрметпен аталған.

  1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз.

  1. Төмендегі мақал-мәтелдерде қандай философиялық мән бар?

Мақал-мәтелдерді жаттап алыңыздар.

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

Отан оттан да ыстық.

  1. Төмендегі сөздердің мәнін қалай түсінесіз? Мысал келтіріңіз.

Айтыс, шешендік сөз, жыр, аңыз, рухани мәдениет, мақал-мәтел.