Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мет иностранный язык 1,2 рейтинг 13-14 перевод.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
19.11.2019
Размер:
268.29 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Ұсынылып отырған көмекші әдістемелік құрал - жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілде білім алатын 1-курс студенттеріне 2-ші семестрде ағылшын тілін оқытуға арналған. Әдістемелік құралдың алдына қойған мақсаты – білім алушыларға ағылшын тілінен қазақ тіліне сөздерді еркін, сауатты аударып, ағылшын тілінің грамматикасын меңгерту болып табылады.

Әдістемелік нұсқауда ағылшын етістіктерінің шақтары негізгі теориялық мәселелері қарастырылған. Студентке жаңа материалды игерту барысында кейбір теориялық материалдарды қазақ тілінің грамматикасымен сәйкестіре отырып түсіндіруге тырыстық.

Көмекші әдістемелік нұсқауда студенттерге грамматиканы меңгертумен қатар білім алушының сөздік қорының дамуына да жағдайлар жасалған. Осы орайда көптеген мысалдар мен жаттығу жұмыстары өтілетін тақырыпқа сай құрастырылған. Студенттің тіл байлығын дамытуда біршама материалдарды аударма жұмыстарына бағыттадық. Үй тапсырмасын орындауда, студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруда әр түрлі тақырыпта мәтіндер мен жаттығулар ұсынылды. Тест тапсырмалары студентердің грамматикалық білімдерін және лексикалық материалдарды қолдана білуін тексереді. Студентердің лингвистикалық және коммуникативтік компетецияларын қолдануын бағалауға арналған.

Атаулы оқу құралы студенттерді ағылшын тілінде мәтінді еркін, қатесіз оқу, сөздіктің көмегімен жылдам әрі сауатты аудару, ағылшын тілінде өз ойын толық жеткізіп айта алу, және қарым-қатынас тілін игеру сияқты талаптарға жетелейді. Осы талаптарды негізгі ала отырып, білім алушы, тіл үйренуші болашақ мамандарға, және пән оқытушыларына осы әдістемелік нұсқау үлкен көмегін тигізеді деген үміттеміз.

Етістік (the verb)

1 Етістік туралы жалпы мағлұмат

1.1 Етістік деп – заттың қимылы мен амалын, жай-күйін білдіретін сөздердің тобын айтамыз.

I study English every day – Мен ағылшын тілін күнде оқимын.

Machines are driven by electricity – Машиналар электр тоғы арқылы іске келтіріледі.

1.2 Құрамына қарай етістіктер негізгі және туынды болып бөлінеді. Негізгі етістіктерге ешбір қосымшасыз яғни префикс те жұрнақта қолданылмайтын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түбір етістіктер жатады. Мысалы: to discover, to simplify.

1.3 Туынды етістіктер деп – түбір етістіктен немесе басқа сөз табынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктерді айтамыз. Туынды етістік жасайтын жұрнақтар:

ize – to realize – en – to shorten

ify – to simplify – ate – to separate

туынды етістіктердің негізгі префикстері төмендегідей:

en – to enrich dis – to discontinue

re – to reproduce un – to untie

1.4 Ағылшын тілінде кейбір етістіктер дайын фраза күйінде жұмсалады. Фразеологиялық етістіктердің негізгі түрі болып соңынан предлогы бар етістіктер саналады. Бұл предлогтар етістіктің мағынасын мүлдем өзгертуі мүмкін. Мысалы: to carry – тасу to carry out – жасау

1.5 Өткен шақтың есімшесі мен, өткен белгісіз шақтың жасалуына байланысты етістіктер дұрыс және дұрыс емес деп екіге бөлінеді.

Дұрыс етістіктер Past Simple мен Past Participle формаларының тұйық етістікке (-ed) жалғауын жалғау арқылы жасалады.

Дұрыс емес етістіктер Past Simple мен Past Participle формаларын әр-түрлі басқа тәсілдермен құрайды.

Мысалы: дұрыс етістікto open – opened – opened; дұрыс емес етістікto begin – began – begun; to send – sent – sent; to cut – cut – cut.

2 Етістіктердің жіктелуі

2.1 Тілдік қолданыс қызметіне қарай етістіктер төмендегідей түрлерге бөлінеді: Сөйлемде баяндауыш қызметін атқаратын мағыналық етістіктер. He comes here every day. Ол бұнда күнде келеді.

Байланыстырушы етістіктер. Байланыстырушы етістіктер күрделі баяндауыштың есім бөлігімен қосылып күрделі баяндауыш құрайды. Мысалы: He is an engineer – Oл инженер. It grew cold – Суытты

2.2 Ағылшын тілінде көмекші етістіктер етістіктің аналитикалық түрлерін жасау үшін пайдаланылады. Аналитикалық тәсіл дегеніміз – сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруы арқылы жасалуы. Көмекші етістіктердің көмегімен сұраулы және болымсыз сөйлемдер құралады. Бұл арада көмекші етістіктердің қызметін be, have, shall, will, would, do етістіктері атқарады. Мысалы: I am studying English – Мен ағылшын тілін үйреніп жүрмін.

2.3 Етістіктердің жақ категориясына қатысты қызметі оның 2 түрін анықтайды. Ағылшын тілінде етістіктің жақты және жақсыз түрлері болады. Жақты етістіктер І, ІІ, ІІІ жақта; көпше, жекеше түрді; осы, өткен, келер шақты; бұйрық, ашық, шартты райды білдіре алады. Осының арқасында жақты етістіктер сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады.

Етістіктің жақсыз түріне: Infinitive: to increase

Participle I: increasing

Participle II: increased

Gerund: increasing жатады. Жақсыз етістіктердің жақты етістіктерден айырмашылығы олар өз бетімен баяндауыштың қызметін атқара алмайды.