Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Визель Т.В. Альбом нейропсихологического обслед...doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
08.11.2019
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Билет №23

1.Аутэкология деген не?

2.Шелфордтың төзімділік заңы. Төзімділік диапазоны?

3.Экожүйелердің тұтастығы және тұрақтылығы. Экожүйелердің тұрақтылығы механизмдері.

2. Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін . Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді. Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

3. Биоценоздардағы организмдер тобының тәулік, жылдық, маусымдық белсенділігі біркелкі емес. Кейбір организмдер түнде автивті келсе, кейбіреулері керісінше болып келеді. Сондықтан биоценоз құрамындағы түрлер сан дәне сап жағынан да үнемі ауытқып отырады. Бұл жағдайда негізінен жер шарының климаттық белдеулері мен табиғат аймақтарына да көп байланысты.

Билет №24

1.Тұрақты даму факторлары: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік.

2.Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу жолдары.

3.Қоршаған ортаның физикалық ластануының экология-генетикалық салдары.

1. «Тұрақты даму» термині 1987 жылы БҰҰ үшін жасалған баяндамадан кейін кең таралды. Тұрақты даму дегеніміз – қазіргі уақытта мұқтаждығын қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың мұқтаждығын қанағаттандырда қауіпке қоймайтын даму түрі.

1992 жылы 3-14 маусым аралығында Рио-де-Жанейродағы өткізілген БҰҰ Конференциясында «Тұрақты даму» Концепциясы қабылданды. Бұл Концепцияның негізгі тұжырымы – «табиғат-қоғам» жүйесін коэволюция принципінде дамыту. Адам қамын ойлау орнықты даму үшін – ол қарастырылатын талап-мүдделердің өзегі болмақ. Ол табиғатпен үйлесімдік тауып, салаутты және баянды өмір сүруге құқықты.

Сонымен, тұрақты даму Концепциясында қоғам ұзақ әлеуметтік сенімді экономикалық дамуында қоршаған табиғи ортамен үйлесімді өзара қарым-қатынас жағдайында болуы қажет.

2.Билет 10 там

3..Өздігінен тазалану процесіне ықпал жасайтын химиялық факторлардың ішінде органикалық және анорганикалық заттектердің тотығуын атап өтуге болады. Су қоймаларының көп мөлшерде химиялық заттектермен ластануы судың өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бұзады, микроорганизмдердің ең маңызды қасиеттерін өзгертеді және ең ақырында судың сапасын төмендетеді. Табиғи түрде судың тазалануы су айналымына да тәуелді.