Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Визель Т.В. Альбом нейропсихологического обслед...doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
08.11.2019
Размер:
1.86 Mб
Скачать

Билет №10

1.Шелфордтың төзімділік заңы. Төзімділік диапазоны?

2.Экологиялық пессимисттер. Пессимисттер мемлекет тарапынан қандай бақылау түрін талап етті.

3.Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу жолдары.

1. Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Өзара әрекеттесу факторлар ережесі. Оның мәні келесіде: яғни бір факторлардың әсер ету күшін басқа факторлар күшейту немесе азайтуы мүмкін . Мысалы, жылудың көп мөлшері ауаның ылғалдылығын төмендетеді. Шектеуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғарғы төзімділік қасиеті болады. Ол В.Шелфордтың толеранттық (төзімділік) заңына байланысты. Оптимум аймағы әртүрлі ағзалар үшін бірдей емес . Біреулері үшін аймақ аралығы біршама көп, мұндай ағзалар эврибионттар тобына жатады (грекше эури- кең, биос- тіршілік). Аз диапазонда бейімделетін ағзалар стенобионттар деп аталады(грекше стенос- тар). Эврибионтты түрлер қолайсыз экологиялық орталарда қалыпты тіршілігін жалғастыра береді. Мысалы, бұл организмдер тобына Қазақстанға жерсіндірілген ондатраны, көгілдір түлкіні, колорадо қоңызын, ақ қанатты американдық көбелекті жатқызуға болады. Стенобионтты түрлердің таралу аймағы шектеулі болады.

2. Осы уақытқа дейін әлемдік қауымдастықта экология проблемаларын шешу және экологиялық дағдарысты жеңу жолында екі соңғы көзқарас болған. Екінші көзқарас – бұл экологиялық пессимистер көзқарастары (алармистер немесе радикалдар). Олар диаметрлік қарама-қарсы амалды алға қояды – табиғат техникалық та, экономикалық та жаңғыртылмайды. Қоршаған ортаның құлдырауы және табиғи ресурстардың таусылуы экономикалық өсудің және халық саны өсуінің салдары болып табылады. Қалыптасқан жағдайдан шығатын жалғыз амал – не экономикалық өсуді тоқтату, халық санын және материалдық игіліктерді жай ғана өсіру, не болмаса мемлекеттің заңдар мен заңды актілердің көмегімен кәсіпорындар қызметін қатаң реттеуі және жоспарлауы.

3.жауап жоқ

Билет №11

1.Қоршаған ортаның химиялық ластануы.

2.Популяция деген не?

3.Көліктің әсері. «Демографиялық жарылыс» дегеніміз не. Келесі ұғымдарға анықтама беріңіздер: табиғи ареал, амфибиялар, жерсіндіру, абиотикалық жағдай, биоценоз. 1.Өздігінен тазалану процесіне ықпал жасайтын химиялық факторлардың ішінде органикалық және анорганикалық заттектердің тотығуын атап өтуге болады. Су қоймаларының көп мөлшерде химиялық заттектермен ластануы судың өздігінен тазалануына қатысты процестердің жүруін бұзады, микроорганизмдердің ең маңызды қасиеттерін өзгертеді және ең ақырында судың сапасын төмендетеді. Табиғи түрде судың тазалануы су айналымына да тәуелді.

2.Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады. Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады. Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады. Популяцияның сипаттамасы:

1.Жыныстық сипаты бойынша;

2.Жас ерекшелік-әр-түрлі жастағы особьтар қатынасы бойынша;

3.Территориялық таралуы бойынша;

4.Этологиялық сипаты бойынша;

3. Көліктің дамуымен жануарлардың олардың табиғи ареалының шегінен тыс қоныстануы күрт ұлғаяды. Бұл кездейсоқ процесс: өсімдіктер мен жануарлар корабльдердің түбіне бекітіліп, вагондарға, трюмдарға және т.с.с. өтіп, жүктермен бірге «саяхаттайды». Темза сағасында алғашқы жылдам клиперлердің пайда болуымен Үнді мұхитқа тән омыртқасыздардың табыла бастағаны белгілі.Негізінде осындай жолмен өсімдіктер тұқымдары және омыртқасыз жануарлар тасымалданады; омыртқалылар, басты түрде амфибиялар мен рептилиялар, сондай-ақ сүт қоректілер және сирек жағдайда құстар аз мөлшерде, бірақ айтарлықтай жүйелі әкелінеді.Тірі организмдерді жаңа ортаға жерсіндіру нәтижелері таза экологиялық заңдылықтармен анықталады: жерсіндіру жерлеріндегі жағдайлар экологиялық қуысқа және жеке факторлар мен олардың кешендері ұшырайтын ауытқулар диапазонына қаншалықты сәйкес келеді. Қолайлы жайылымдық және абиотикалық жағдайларда, егер жерсіндірме түрлердің саны түрі өзгеше көбейетін топтарды құру үшін жеткілікті болса және егер жергілікті биоценоз құрамында айтарлықтай күшті бәсекелестер және көптеген арнайы жыртқыш-тар жоқ болса, түрдің тамырлануы мүмкін болады. Осы жағдайлар сақталғанда, қандай да бір уақыт өткенде жерсіндірілген түрдің «демографиялық жарылысы» байқалады, ол санының күрт өсуінен байқалады және адам өмірінің сол немесе басқа жағдайларына жағымсыз әсерлермен жалғасады. Абиотикалық факторларға айналадағы ортаны, яғни өлі табиғатты құрайтын жеке құрамды бөліктері жатады. Мысалы: климаттық факторлар (ауаның ылғалдылығы, жауын-шашын мөлшері, ауаның t0 –сы, жарық мөлшері, күн мен түннің ұзақтығы, желдің әсері, ауа қысымы, ауа құрамы).