Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

12

.pdf
Скачиваний:
1
Добавлен:
07.06.2023
Размер:
1.15 Mб
Скачать

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

identified in the perception and interpretation of toponyms ordinary consciousness.

Жаһандану заманының соңғы он жылдығынан бастап ғалымдарды жалқы есімдер, соның ішінде жер-су атауларының мәдени, тарихи, әлеуметтік негіздері қызықтыруда. Жер-су атаулары халықтың басынан өткізген тарихы мен географиялық орналасуы, мәдени, сауда орталықтары мен орын алған негізгі тарихи оқиғаларынан сыр шертеді. Географиялық атаулардың өзіндік ерекшелігі, шынайы құбылыстарды сипаттау мен номинациялау қабілеттері – оны жақ-жақты, түрлі тәсілдер негізінде зерттеуге ықпал етті.

Осылайша, әлемнің топонимдік бейнесі заманауи тіл білімінің өзекті мәселесіне айналды. Топонимдердің этномәдени маңыздылығы мен интегративті мәртебесі өзектілікке себеп бола білді. Интегративті мәртебе деуіміздің себебі, топонимдер халық дамуының тарихи, әлеуметтік, тілдік, этномәдени аспектіде қарастырыла отырып шынайылықтың вербалдануын сомдайды. Топонимдербелгілібіргеографиялықнысандыатапқанақоймай, сонымен қатар, қоғамның мәдени, тарихи даму сатысын сипаттайды.

Осы тұрғыда тіл мен ойлау, тіл мен сана қатынасының көрінісін адамның сөйлеу әрекетінен немесе өз ойын жеткізе алу қабілетінен байқауға болады. Бұл тілді антропоцентристік көзқарас тұрғысынан зерттеудің көрінісі. Қоршаған ортаны тануда, оны қабылдап, ой елегінен өткізіп, өз пікірімен үстеп, бағасын көрсете отырып бастапқы элементті сипаттау – қарапайым метатілдік санадағы рефлексияның іске асуының белгісі.

Ғылыми біліммен қатар халықтық білімнің болатындығын ескеру қарапайым тіл иеленушісінің метатілдік қызметіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Тіл білімінде ономастика құрамында қарастырылатын топонимикасаласы, соныңішіндетопонимдеротандықғалымдар арасында онтологиялық тұрғыда зерттеліп келді (Жанұзақов Т., Рысберген Қ., Әбдірахманов Ә., және т.б.). Топонимдерді

31

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

географиялықобъектретіндежәнетарихикезеңдердісипаттауда, тарихи қалаларды зерттеуде тарихшылар мен археологтардың, географтардың қарастырған отандық зерттеушілер де жер-су атауларының шығу тегі мен қойылу себептерін анықтауды мақсат етті (Қоңқашпаев Ғ., Қойшыбаев Е., Байпақов К., Абдрахманов С., Горбунов А., Сапаров Қ., және т.б.). Соңғы жылдары топонимдерді фольклормен байланыста, аңыздар негізінде (Қайдаров Ә., Паңгереев А.), лингвокогнитивті және этномәдени тұрғысынан зерттеп (Рысберген Қ., Тасполатов Б., және т.б.), сонымен қатар өңірлік топонимдерді жеке-жеке қарастырып, тарихи-лингвистикалық, этимологиялық, құрылымдық тұрғыдан қарастырып жүрген зерттеушілер саны жетерлік.

Біздің зерттеуіміздің ерекшелігі, Қазақстандағы атаулардың менталды аспектіде алғаш рет зерттеліп отырғандығы және оны зерттеу мақсаты мен міндеттері айқындайды. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты – Қазақстандағы жер-су атауларының қарапайым халық санасында қалай көрініс табатындығын анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін келесі бөлімдегі зерттеу әдістерін қолдандық.

Зерттеудің нәтижелері қазақ тіл біліміне ұлттық сана, қарапайым сана, тілдік сана, метатілдік сана ұғымдары бойынша теориялық тұжырымдармен толығады деп күтеміз. Ал, практикалық тұрғыда, зерттеу нәтижелерін түрлі танымдық, энциклопедиялық сөздіктерге арқау ете отырып, кіші буыннан үлкен буынға дейінгі аралықты қамтитын тарихи, танымдық, өлкетанушы сөздіктер құрастырып, Қазақстанның көркемдік, танымдық тұтастай электронды картотекалық базасын құрап, жалпы функционалды сауаттылықты арттыру алғышарттарын құруға негіз бола алады.

Жоғарыда беріп өткен зерттеу нәтижелерін сараптай келе, топоним жайлы жалпы көрініс жасауға болады. Бұл жұмыстың келешегінен хабардар етеді.

32

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

НАЗВАНИЯ НАПИТКОВ КАЗАХСТАНА: ОБЩИЕ ПРОБЛЕМЫ

Мадиева Г.Б. д.ф.н., профессор КазНУ им. аль-Фараби gbmadiyeva.kz@gmail.com

Садырбаева З.Н. магистрант 1 курса КазНУ им. аль-Фараби zsadyrbayeva@gmail.com

Abstract. The report is devoted to the nameing of beverages created by Kazakhstani producers and their advertising. It notes that modern advertising is created in such a way as to influence as much as possible all the senses of anindividual, depending on the purpose of the advertising message and its design. As you know, an essential role in the language of advertising is performed by verbal units that intend the advertised items. In most cases, these are verbal trademarks and service marks, which include the names of both alcoholic and nonalcoholic beverages. Their research provides valuable material on the preferences of nominators, questions of secondary nomination, the possibilities of influencing consumers through brand names, the problems of the success / failure of the nomination of various beverages.

Ключевые слова: реклама, ономастика, прагматонимы, товарные знаки, названия напитков, прагмалингвистика, лингвокультурология, идентичность

Как известно, в мировом пространстве существуют бренды, которые создаются с помощью рекламы, фирменного стиля и PR. Экспансия представителей рекламного бизнеса в сферу формирования национальных образов привела к тому, что понятие «бренд» следует рассматривать как инструмент трансляции властных полномочий и экономического доминирования, действенный механизм по управлению массами

[1, 20].

33

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

При составлении товарных знаков, а в перспективеи брендов, заботятся не столько о том, чтобы слово было сразу понято, сколькоотом, чтобыонопроизводилоэффект. Чемболее неожиданным является товарный знак, тем лучше достигается цель привлечения внимания. Этим объясняется тот факт, что многие товарные знаки в глазах тех, на кого они рассчитаны, не имеют очевидного значения, являются немотивированными. Например, это названия алкогольных напитков, произведенных в Казахстане: марки Будем, Дедушкин запас, Алабай, Бандероль, Пятница, Ручей, Заначка, Фишка, Смачная (производитель «Алкопищепром КЗ»); марки Ледник, Чистое Озеро, Комбат,

Байтерек, Омир (производитель «Алтын Омир»); марки

Казахстан, 5 Континентов, Чукотка, Госзаказ, Домбыра,

Беспармак (производитель «АК Росспищепром КЗ»). В этих названиях можно выделить названая с явным национальным компонентом, характерном для казахской культуры: Алабай (порода собаки, среднеазиатскя овчарка, распространенная у казахов), Байтерек (в мировоззрении древних казахов дерево Байтерек – своеобразная ось Вселенной, http://fb.ru/article/343449/bayterek-astanyi-velichestvennyiy-simvol- kazahstana).

Рассмотрение лексико-тематической группы «напитки» в системе языка открывает возможности для выявления его словообразовательного потенциала, лексико-семантического и национального своеобразия, показывает реальные перспективы для дальнейшего использования в речи. Поэтому данный вопрос находится на стыке ономастики, прагмалингвистики и лингвокультурологии.

Поставленнаяпроблема обусловлена, во-первых, лингвистическими (ономастическими) причинами: необходимостью дальнейшего изучения периферийных ономастических разрядов, в частности, прагматонимов на материале названий напитков Казахстана, включающих национальный компонент во-вторых, экстралингвистическими факторами: расширением рынка за счет коммерциализации, появлением новых типов названий прохладительной и

34

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

алкогольной продукции в сфере торговли на казахстанском и международном рынке напитков. В связи с этим важно исследование языкового сознания и рефлексию номинаторов и потребителей.

Заключение. Системный анализ исследуемой проблемы позволяет утверждать, что если реклама не всегда соответствует реальному положению дел и объективным показателям, то бренд напитков предполагает встраивание в коммуникацию того, что уже есть, но пока не представлено. Брендинг компаний напитков должен основываться на комплексном исследовании ихлингвистических, социальных, экономических и культурных проблем.

Уэллс У., Бернет Дж., Мориарти С. Реклама: принципы и практика. – СПб.: Питер«Питер», 1999. – 312 с.

МӨЛШЕР КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ АДАМЗАР ТАНЫМЫНДАҒЫ РӨЛІ

Е. Маралбек А. Байтұрсынұлы ат. Тіл білімі институты, «6D021300 – Лингвистика» мамандығының ІІI курс PhD докторанты, elahau@mail.ru

Ғылыми жетекшісі: Ф.ғ.д., профессор З.К. Ахметжанова zauresh.akhmetzhanova@sdu.edu.kz

Тіл – ғалам мен адамзат руханиятының алтын көпірі. Ғаламның құпияларын тіл арқылы шешуге де, тілге жасыруға да болады. Тіл тірі организм ретінде ұғымдар аясында өмір сүреді. Осы ұғымдардың ішінде мәні жағынан да, ауқымы жағынан да, «көнелігі» жағынан да ұқшау, биік тұрғаны – «мөлшер» ұғымы. Табиғат, ғалам, бүкіл саналы тіршілік қандай да бір өлшемді (мөлшер) негіз ете отырып құрылады. Философияның басты категориясы саналатын уақыт пен кеңістіктің өзі шет-шегі бар «мөлшер» ұғымының аясында өмір сүреді. Демек, «мөлшер»

35

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

ұғымы қай кезеңде де, қай сәтте де адамзат рухани өркениетінің басты арқауы. Алайда «мөлшер» ұғымының негізі жалпы адамзаттық болғанымен, тілдегі, санадағы көрінісі этностық, ұлттық сипат алады. Яғни әр этностың тыныс-тіршілігімен, өмір сүру салтымен, әдет-ғұрып, наным-сенім, өмір құндылықтарымен етене қабысып жатады. Сондықтан «мөлшер» ұғымы – сананы ұлттық болмыспен байланыстырушы арналардың бірі

ХХІ ғасырда жаһандану (глобализация) ұғымына қарсы ұлттық бірегейлік (идентичность)ұғымы да жылдам бой көтерді. Мұның терең мәні бар. Өмірдің барлық саласы үлгіқалыпқа (стандарт) айналып, осыған орай ұлттық бояуы бар көптеген құндылықтар жойылуға бет алды. Бұл өз кезегінде адамзат руханиятына орасан зор құлдырау әкелді. Ал осы тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – жаһан көшіне ұлттық құндылықтар негізінде ілесу екені айқын танылды. Елбасы дәуірлік мәні бар «Руханижаңғыру: болашаққабағдар» мақаласында: «Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу.Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», -деуі біздің болашағымыз ұлттық құндылықтар мен оның негізін құраған кодтарда жатқанын айқындады. Ал рухани кеңістіктегі осы тілдік кодтардың бірі – әлемді «мөлшерлік» тұрғыдан тану.

Міне, осы тұрғыдан келгенде, «мөлшер» ұғымын зерттеудің өзектілігі айқындала түседі. «Мөлшер» жай ғана шамалар жиынтығы емес, ол – дүниені танудың ерекшелігі. Онда әлемді танудың ұттық жүйесі, құндылықтары сақталған. «Мөлшер» ұғымының қалыптасу, даму тарихына үңілу – әлемді «мөлшер» ұғымы аясында танудың ұлттық негізін табуға, ойлау мен дүниені танудың ұлттық өлшемін табуға көмектеседі. Және бұл бізге болашақтағы жаһандану үрдісінде әр қашан тілдік, рухани бағдарлаушы болып отырады.

36

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОРОНИМДІК АТАУЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

П.Т. Медетбекова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ medetperizat73@gmail.com

Қазақ тіл білімінде топонимдік атаулардың өзіндік ерекшеліктері мен қыр-сырлары бар. Топонимнің саласы оронимнің, яғни тау, қырат, т.б. атауларының тарихы да, маңыздылығы да халықтың өмірімен тығыз байланысты. Біз білмейтін көптеген оронимдерік атаулардың мағынасын ашу немесе аталу себебін білу өткен тарихымызға көз жүгіртумен пара пар.

Мысалы,Үтіртөбе – XIII-XIY ғ. cол Прогреcc селосының тұсында Үтірлі атты қала болған. Қазіргі кезде Шаpдара сy қoймасының аcтында қaлып қoйған оның әлі де болса төбешік бoлып жатқаны белгiлі [1,379]. Қазықұрт тауы – Тәңiр артық жаратқан таy. Өзi аласа болcа да, жер жүзіндегі таyлардың қасиеттіcі cаналған. Жер жүзін тoпан су алып кеткенде, жалғыз осы Қазықұрт амaн қалған eкен. Ғаламат тасқын судан кейін тіршілікті жалғастыру үшін жер бетіндегі бaрлық жан-жануарлар мен аң-құcтар oсы кeмеге мініп, жaн сақтапты. Cолармен бірге біздің көшпелі ата-бабаларымыздың тіршілік қам-қарекетіне қажетті төрт түлік мал тұқымы – түйе, жылқы, сиыр және қой киелерi де апaттан аман қaлыпты. Бұл тyралы мал бағып күн кешкeнкөшпелібабаларымыздыңбұpынғызамaндажырлаған, ел аузында сақталып, бүгінге жeткен өлең жолдары да бар.

Жылaған шешe – үңгiр. Әлгi үңгірде 30-40 минут сайын сарылдап су ағады да, тоқтaйды. Cол жерде дәл үңгірге қарсы иіліп тұрған үлкен таc бар. Қырынан қарағанда oл адам сұлбасын елеcтетеді. Oны халық “Kемпiр” деп атайды. Tастың адам көзі тұсынан тамшылап сy ағады. Бiр әйел айы-күні толып босанaды. Бірaқ тоғыз ай, тоғыз күн күткені бала болмай, мeс болып шығыпты. Не iстерін білмeген келіншек күні-түні құдайға жалбарынып, жылаумен болaды. Біреулер оған: “Құбыланы

37

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

бетке алып жүре бер, тек артыңа қаpама, қарасаң бәрінен айырыласың”, - деп ақыл берeді. Cөйтіп келіншек құбыланы бетке алып жүpе берeді. Бірталай жүpген соң шыдай алмай, артына қарaп қояды. Cол кезде арқасындағы мeс жарылып, ішінен бала шығады да қашa жөнеледі. Баланың сoндағы жерге түскен ізі әлі күнге бар көрінеді. Бала қашқан қалпы “Жылаған ата” үңгіріне кірiп кетeді. Cоның алдында шешесіне қайырылып: “Енді сен мені еш yақытта көрмейсің, мен саған жоқпын. Жер бетіне тек қиямет-қайымда бір-ақ шығамын”, - деп айтады. Бейшара шешесі үңгір аузында таcқа айналып, өмір бойына жылап, баласынкүтyдедейдi. Солжерәлікүнгешейін“Мес” деп аталады.Кемпіpөлгeн Қaратаудың күнгей бетінде бір кемпiр өмiр cүріпті. Oның жалғыз лағы бoлыпты. Oл бір күнi лағынан көз жазып қaлып, сoны іздеп шығады. Kенет жаңбыр жауып кемпірдіңүстіәбденмалшынғансoң, бірүңгіргекіріп, паналамақ болaды. Yңгірдің ішi тереңдеy болcа керeк. Kемпір сол үңгірден шыға алмaй қайтыc болады. Cол оқиғадан кейін бұл үңгірді сол өңірдегі халық “Кемпір өлген” деп атап кетiпті.

Қорыта келе айтпағымыз, біздің байтақ елімізде жалқы есімдердің орны ерекше. Олардың өзіндік зерттеу саласы, нысаны мен мақсаты арқылы біз ата-бабамыздың басынан өткен аңыздар мен оқиғалардан хабарда бола отырып, келешек ұрпаққа жеткізіп қана қоймай, келешегімізді сақтай аламыз.

Жанұзақ Т. Жер-су атаулары. - Алматы, 2011.

38

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

MULTI-TYPE INTERRELATIONSHIP IN THE CHANGING

MEANING OF THE WORD

Қасиет Молгаждаров, Ерболат Саурыков Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті Тараз қаласы

Kasiet_k@list.ru, e_saurykov@mail.ru

Annotation: In this given article considers the shifting process of the words from one part of speech to another. When we have analyzed with compare ofseveral languages (multitudinous) we have investigated general phenomena of changing the meaning of words. Also we clarify appropriation of the basics of the semantic problem in Kazakh language with basics of other typical languages.

Зерттеу мақсаты мен методологиясы. Қазақ лингвистикасында сөз тарихы, сөз мағынасы жайлы пікір Қ.Жұбановтың 1930 жылғы «Мағынасыз сөздердің мағынасы» деген баяндамасынан басталып, бүгінгі зерттеулерде де сөздің мағынасы туралыой-пікірлер мен тұжырымдар толастаған емес. Типологиялық тұрғыдан ерекшеленетін араб тілінде де көмекші сөздердің «жеке тұрғанда мағынасы жоқ, өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған есім және етістікпен тіркесіп, грамматикалық мағынаға ие болатын сөз табы» екендігі түркі тілдерімен сәйкесіп жатады[Бүркітбай Г.Ж., Еллек Х. Араб тілінің морфологиясы. Алматы,2000]. Славян тілдерінде де осы тәріздес болып келетінін билингвист, мультилингвист ғалымдар жақсы біледі. Бүгінгі күні ғалымдардың арнайы зерттеген еңбектерінде теориялық тұрғыдан алып қарағанда атауыш сөздердің дербестік мағыналары жалпыланып, содан соң «абстракциялануы, грамматикалануы» тәрізді процестерден өту арқылы жаңа ұғымдағы көмекші сөздер қалыптасады деген тұжырым негіз болып отыр. Мәселен, В.М.Жирмунский

39

ТІЛ, МƏДЕНИАРАЛЫҚ ҚАРЫМ ҚАТЫНАС ЖƏНЕ ҰЛТТЫҚ СƏЙКЕСТІЛІК: БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

лексикалық мағынаның солғындауын оның грамматикалануы деп түсінеді де, кең мағыналы сөздер ғана грамматикалану қасиетке ие болады және көмекші сөз қызметінде қолданылатын бірлік тіл заңдылығы бойынша лексикалық мағына шеңберін кеңейтіп, өзінің дербестігінен ажырайды деген тұжырым жасайды [Жирмунский В.М. Об аналитических конструкциях //

Аналитические конструкций в языках разных типов. М.: Л., 1964].

Қорытынды түйіндеме.тілдегі қолданыстың не уақыттың өту өлшеміне байланысты кейбір атауыш сөздердің тұлғасы мен мағынасы, сөйлемдегі атқаратын қызметінің өзгеруі заңдылыққа айналған. Әрбір бірліктегі мұндай заңдылықтар мен кейбір сөздердегі ортақ белгілер өзара байланысып, тіл элементтерінің белгілі бір жүйе ретінде өмір сүру-сүрмеуіне жағдай туғызады. Яғни, тілде «қажетсіз» деп танылған сөздер немесе грамматикалық формалар қолданыстан шығарылып, қажетті бірліктер (сөздер) тіл айналымына қосылып отырылады. Мультитиптік тілдердің даму барысында сөздер бір сөз табынан екінші бір сөз табына өтіп, өзінің бастапқы мағынасынан айырылып, басқа сөз табына тән лексика-грамматикалық мағынаға ие болуы – қай тілдің болмасын табиғи заңдылығы. Яғни, бастапқы мағынасы жалпылану арқылы келесі бір жаңа мағынадағы сөздің қызметіне ауысады. Қалай дегенмен де сөздердің ауысуында лексикалық мағынамен бірге категориялық және грамматикалық мағына да өзгереді. Осы негізде М.Оразов «Атауыш сөздерден көмекшілерге» деген мақаласында Е.Т.Черкасованың: «Сөздер көмекші сөздер қатарына өте бастағанда өздерінің о бастағы категориялды мағынасын өзгертеді» деген пікірін келтіре отырып, «бұл – тек атауыш сөздер мен көмекші сөздер аралығында болатын құбылыс емес, атауыш сөздер аралығында да болып тұратын құбылыс», яғни жалпы сөздердің бір-біріне ауысуындағы ортақ құбылыс екендігін мәлімдейді де мынадай қорытынды жасаған: «Біріншіден, көмекшілер дербес сөз болып есептеледі. Екіншіден, көмекшілердің барлығы да әрі лексикалық, әрі

40

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]