- •Химия факультеті магистратура
- •Мұнай мен көмірден алынған дизель отынының сапасын жақсарту
- •Алматы 2011 резюме
- •Нормативтік сілтемелер
- •Глоссарий
- •Белгілеулер мен қысқартулар
- •1 Әдебиеттерге шолу
- •4 Кесте – Жылдың әр түрлі мезгілдерінде фильтрлену температурасына тәуелді
- •1 Индикаторлы диаграмма – Дизельді қозғалтқыштарда отынның жануы
- •2 Индикаторлы диаграмма – Дизель отынының тұтқырлығының температураға тәуелділігі
- •1.2.1 Гидротазалау процесінің термодинамикасы, химизмі және механизмі
- •1.2.2 Көмір және мұнай дистилляттарын гидротазалау және гидрокрекинг процестерінің катализаторлары
- •Көмір дистилляттарын гидротазалау мен гидрокрекингілеу катализаторлары 11-кестеде берілген.
- •2 Эксперименттті жүргізу әдістемелері
- •2.1 Шикізаттың және катализатордың сипаттамалары
- •2.1.1 Экспериментті жүргізу әдістемесі мен құрал-жабдықтары
- •2.2 Алынған өнімдерді анықтаудың физико-химиялық әдістері және құрал-жабдықтары
- •14 Кесте – пост 2Мк аппаратының техникалық көрсеткіштері
- •2.2.2 Дизель отынының лайлану, қату және шекті фильтрлену температураларын анықтау
- •Дизель отынының фракциялық құрамын анықтау
- •2.2.4 Дизель отынының цетан индексін есеп жолымен анықтау.
- •2.2.5 Дизель отынын озондау
- •2.2.6 Газдын тығыздығын пикнометр көмегімен анықтау
- •2.2.7 Йод санын анықтау
- •2.2.8 Электронды микроскопия.
- •2.2.9 Инфрақызыл спектрлік анализ
- •2.2.10 Газды–хроматографиялық талдау
- •2.2.11 Дизель отынының тығыздығын пикнометр көмегімен анықтау
- •2.3 Өлшемдер мен эксперимент қателіктері
- •3 Экспериментттік бөлім және нәтижелерді талқылау
- •3.1 Зерттеу нысаны, гидрлейтін орта және катализатор сипаттамалары
- •Промотирленген Ni-қаңқалы катализаторлар әртүрлi көмiрсутектi шикiзаттарды, күкiрттi мұнайды, қайнау температурасы 1800с және одан жоғары температурадағы фракцияларды гидротазалауда қолданылады [77].
- •3.4 Озондаудың гидрлеу процесіне әсері
- •5 Гистограмма. Тауарлы дизель отындарының күкірт мөлшерінің озондау жағдайына тәуелді өзгеруі
- •Cурет 23 – Көлемдік жылдамдығы 0,5 л/мин озон-ауалы қоспамен және 30 мин уақыт аралығында озондалған пмөз-ң тауарлы дизель фракциясының иқ-спектроскопия әдісімен алынған кескіні
- •Cурет 24 – Көлемдік жылдамдығы 0,125 л/мин озон-ауалы қоспамен және 60 мин уақыт аралығында озондалған «Жанажол» кен орны дизель фракциясының иқ-спектроскопия әдісімен алынған кескіні
- •Қорытынды:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Дизель отынының фракциялық құрамын анықтау
АРН-ЛАБ-02 аппараты мұнай және мұнай өнімдерінің фракциялық құрамын ГОСТ 2177-99, ISO 3405, ASTM D 86 стандарттарына сәйкес анықтау үшін арналған. АРН-ЛАБ-2 аппаратында ГОСТ 2177-99 стандартына сәйкес А және Б әдістері бойынша мұнай өнімдерін айдауға қолайлы. ГОСТ 2177-99 сәйкес дизель отынының фракциялық мөлшерін анықтау үшін үлгінің 100 мл алынды. Температураны реттеу тетігі көмегімен қажет температура тағайындалып, отынның 50 %, 90 %, 95 % айдалу нәтижелері алынды.
Cурет 8 – АРН-ЛАБ-02 аппараты
16 кесте – АРН-ЛАБ-02 аппаратының техникалық көрсеткіштері
Айдау температурасы 400 °С-500 °С Тоқ кернеулігі 220 В Қолданатын қуаттылығы, 800 Вт аспайды Өлшемдері 450х450х535 мм Массасы 20 кг
2.2.4 Дизель отынының цетан индексін есеп жолымен анықтау.
ГОСТ 27768-88 бойынша дизель отынының цетан индексін есеп жолымен анықтау сұйықтықтың тығыздығы мен ГОСТ 2177-82 бойынша анықталған 50%-дық фракциясының қайнау температурасына негізделеді. Барлық жұмыс барысында анықталған дизель отынының фракциялық құрамы АРН-ЛАБ-02 (8 cурет ) аппаратында жүргізілген.
Цетан индексі келесі формуламен анықталады:
ЦИ=454,74-1641,416g+774,74g2-0,554t+97,803(lgt)2 (2)
мұндағы,
g – тығыздығы г/см3;
t – 50%-дық фракцияның қайнау температурасы, °С;
lg – 10 негізді логарифм;
Cурет 9 – ЦИ анықтайтын нонограмма
Нәтиженің дұрыстығын тексеру үшін тығыздық пен 50%-дық фракциясының қайнау температурасын 9-суреттегі нонограммаға қоямыз. Формуламен және нонограмма бойынша табылған цетан индексінің мәні ±0,8-ден аспауы тиіс.
2.2.5 Дизель отынын озондау
Дизель отынын озондау қалыпты қысымда, бөлме температурасында, барботаж типіндегі ЕУИА 941.711.001№143-94 ("Озон-5П") маркалы лабораториялық қондырғыда жүргізді. Дизель отының озондау схемасының құрамына барботажды қондырғы, есептегіш және шыны реактор-барботер кіреді, соңғысына 200-300 см3 көлемде сұйық отын құйылады. Ең алдымен ауа үрлегішті озонаторға жалғап, одан озонның шығуы тексерілді. Озонның бір қалыпты көлемде шығуы үшін оны газесептегішке жалғап, насостан шығатын ауаның жылдамдығын реттеу арқылы қажет жылдамдыққа алып келеді. 0,125; 0,25; 0,5көлемдік жылдамдықпен реактордағы дизель отыны арқылы (10-сурет) лабораториялық озонаторынан бөлінген озон-ауалы қоспа өткізілді. Озондау ұзақтығы реактордағы отын көлеміне тәуелді 30-90мин аралығында жүргізілді.
ЕУИА 941.711.001№143-94 ("Озон-5П") маркалы озонаторы ГОСТ 15150-69 бойынша климаттық орындалу түрі УХЛ.4.2., ГОСТ 20790-82 боынша 2-топқа және ГОСТ 23256-86 бойынша 3-класқа жатады. Аппараттың электроқауіпсіздік талаптары ГОСТ 12.2.025-76 бойынша 01 класқа және 2 типке жатады.
Cурет 10 – ЕУИА 941.711.001№143-94 ("Озон-5П") озонаторы
17 кесте – Аппаратының техникалық көрсеткіштері
№ |
Техникалық сипаттамалары |
Шамасы |
1 |
Қолданатын қуаттылығы, Вт, аспайды. |
50 |
2 |
Айнымалы тоқ кернеуі, В |
220 |
3 |
Өлшемдері, мм, аспайды: |
230x165x320 |
4 |
Массасы, кг, аспайды: |
9 |
5 |
Озонның массалық концентрациясы, мг/м3, кем емес |
100 |
6 |
Озон бойынша өнімділігі, г/час |
5 |
7 |
Жұмыс газының берілу көлемі бойынша озонның концентрациясы 0,5·10-3м3/мм2,г/м3 |
30 |
8 |
Жиілік, Гц |
50-60 |
9 |
Құрамындағы бағалы металдар мөлшері: Алтын, г Күміс, г |
0,1 0,2 |