Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ 2011.doc
Скачиваний:
82
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
6.54 Mб
Скачать

4 Кесте – Жылдың әр түрлі мезгілдерінде фильтрлену температурасына тәуелді

дизель отындарының классификациясы [2]

Период

Сұрып/класс

Фильтрлену температурасы

Жаз мезгілі

А

+ 5°С аспайды

В

0°С аспайды

С

- 5°С аспайды

Ауыспалы мезгілдер

көктемдік/күздік

О

- 10°С аспайды

Е

- 15°С аспайды

Б/0

- 20°С аспайды

Қыс мезгілі

1класс

- 26°С аспайды

2класс

- 32°С аспайды

3класс

- 38°С аспайды

4класс

- 44°С аспайды

1-кесте мен 3-кестеде берілген стандарттар талаптарын техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарымен салыстырып, оны төмендегі кестеде жинақтадық.

5 кесте – Дизель отындарына арналған мемлекеттік стандарттар мен техникалық регламентті салыстыру

Отын сипаттамалары

Автомобильді техникаға ар-налған регламент нормалары

ГОСТ 305-82

ГОСТР 52368-2005

Еуро-2

Еуро-3

Еуро-4

Цетандық саны, кем емес

49

51

51

45

51

15 °С тығыздығы , кг/м3

820-860

820-845

820-845

-

820-845

Полициклді ароматты көмірсутек мөлшері % масс., аспайды

-

11

11

-

11

Күкірт концентрациясы, мг/кг, аспайды

500

350

50

500 -200

350,50,10

Фракциялық құрамы: 95% айдалады , °С, аспайды

360

360

360

360

340

330

360

Майлағыш қасиеті, мкм, аспайды

460

460

460

-

460

Кестеден көрініп тұрғандай, ГОСТ 305-82 стандарты цетан саны бойынша Евро-2 [4,5] талаптарын қанағаттандырмайды, күкірт бойынша қойылатын регламентті жартылай қамтып, тығыздығы 15°С орнына 20°С температурада анықталады, майлағыш қасиеті, полициклді ароматты көмірсутектер мөлшері мүлдем анықталмайды. ГОСТ Р52368-2005 «Автомобильді дизель отыны. Техникалық жағдайлары» стандарты, керісінше, регламент талаптарын қанағаттандырып, Еуро-3 экологиялық класына сәйкес келеді.

Экологиялық таза дизель отынын ТУ 38.1011348-89 бойынша шығарады. Техникалық жағдайлары бойынша құрамындағы күкірт мөлшері 0,05 % дейін болатын (I түр) және 0,1 % дейін болатын (II түр) жаздық екі түрлі марка (ДЛЭЧ-В және ДЛЭЧ) және қыстық бір марка (ДЗЭЧ) шығару көзделеді. Ароматикалық көмірсутектер мөлшеріне деген талаптардың күшеюіне байланысты оларға да норма енгізілді: ДЛЭЧ-В маркалы отын үшін 20 % аспайды, ДЗЭЧ маркалы отын үшін 10 % аспайды. Экологиялық таза дизель отынын дизель отындарын гидротазалау арқылы алады, гидротазалау шикізаты ретінде екіншілік процестердің дистиллятты фракцияларын қолдануға жол беріледі [6].

Қалалық дизель отыны (ТУ 38.401-58-170-96) үлкен қалаларда қолдануға арналаған. Қалалық дизель отынының экологиялық дизель отынынан басты айырмашылығы – присадкаларды қолдану нәтижесінде жоғары сапа көрсеткіші (жазда - антитүтіндік, қыста – антитүтіндік және депрессорлы). Присадкаларды қалалық дизель отынына қосу – шығатын газдардың түтінділігі мен зиянды заттардың мөлшерін 30-50 % төмендетеді. Этиленнің винилацетатпен эфирі отынның төментемпературалы қасиеттерін жақсартатын негізгі депрессорлы присадка болып табылады [7].

Дизель отыны іштен жану қозғалтқыштарының бір түрі болып табылатын дизельді қозғалтқыштарда (ДҚ) қолданылатын, 180-360 °С температурада айдалатын ортадистиллятты фракция болып табылады. Дизель отыны гидротазалаудан өткен тура айдалған керосин-газойльді фракциядан және кокстеу мен каталитикалық крекинг газойлінің 1/5 бөлігінен тұрады. Дизель отыны, негізінен, жедел тасымалдайтын дизельдік және газтурбиналы қозғалтқыштар мен аз тұтқырлы тез жүретін және жоғары тұтқырлы баяу жүретін қозғалтқыштар үшін қолданылады. Оларда отынның жануы поршеньмен сығу нәтижесінде жоғары температураға қыздырылған ауаға отынның шашырауы нәтижесінде пайда болады [8]. Камераға ауа мен отын бөлек-бөлек беріледі, сору нәтижесінде цилиндрге таза ауа ағыны келеді, екінші рет сыққанда, ауа 3-4 МПа дейін сығылады. Сығу нәтижесінде ауа температурасы 500-700 °С-ге жетеді. Сығу соңында қозғалтқыш цилиндріне дизель отыны шашыратылады, ол жұмысшы қоспаның рөлін атқарып, өздігінен жану температурасына дейін көтеріледі, шашыратылатын отын форсункамен келеді. Шашырайтын тамшының орташа диаметрі 10-15 мкм. Дизель қозғалтқышында дизель отынының жануы төмендегі индикаторлы диаграммада жақсы көрсетілген. Индикаторлы диаграмма түрі ДҚ құрылысына (жану камерасының түрі, шашырау қысымы), жұмыс режиміне (айналу жиілігі, температура), отын сұрыпына және фракциялық құрамына тәуелді. Дизельдің индикаторлы диаграммасы тек қысым мен температураның коленвалдың айналу бұрышына тәуелділігін ғана емес, отынның жану фазаларын да сипаттайды.