- •Химия факультеті магистратура
- •Мұнай мен көмірден алынған дизель отынының сапасын жақсарту
- •Алматы 2011 резюме
- •Нормативтік сілтемелер
- •Глоссарий
- •Белгілеулер мен қысқартулар
- •1 Әдебиеттерге шолу
- •4 Кесте – Жылдың әр түрлі мезгілдерінде фильтрлену температурасына тәуелді
- •1 Индикаторлы диаграмма – Дизельді қозғалтқыштарда отынның жануы
- •2 Индикаторлы диаграмма – Дизель отынының тұтқырлығының температураға тәуелділігі
- •1.2.1 Гидротазалау процесінің термодинамикасы, химизмі және механизмі
- •1.2.2 Көмір және мұнай дистилляттарын гидротазалау және гидрокрекинг процестерінің катализаторлары
- •Көмір дистилляттарын гидротазалау мен гидрокрекингілеу катализаторлары 11-кестеде берілген.
- •2 Эксперименттті жүргізу әдістемелері
- •2.1 Шикізаттың және катализатордың сипаттамалары
- •2.1.1 Экспериментті жүргізу әдістемесі мен құрал-жабдықтары
- •2.2 Алынған өнімдерді анықтаудың физико-химиялық әдістері және құрал-жабдықтары
- •14 Кесте – пост 2Мк аппаратының техникалық көрсеткіштері
- •2.2.2 Дизель отынының лайлану, қату және шекті фильтрлену температураларын анықтау
- •Дизель отынының фракциялық құрамын анықтау
- •2.2.4 Дизель отынының цетан индексін есеп жолымен анықтау.
- •2.2.5 Дизель отынын озондау
- •2.2.6 Газдын тығыздығын пикнометр көмегімен анықтау
- •2.2.7 Йод санын анықтау
- •2.2.8 Электронды микроскопия.
- •2.2.9 Инфрақызыл спектрлік анализ
- •2.2.10 Газды–хроматографиялық талдау
- •2.2.11 Дизель отынының тығыздығын пикнометр көмегімен анықтау
- •2.3 Өлшемдер мен эксперимент қателіктері
- •3 Экспериментттік бөлім және нәтижелерді талқылау
- •3.1 Зерттеу нысаны, гидрлейтін орта және катализатор сипаттамалары
- •Промотирленген Ni-қаңқалы катализаторлар әртүрлi көмiрсутектi шикiзаттарды, күкiрттi мұнайды, қайнау температурасы 1800с және одан жоғары температурадағы фракцияларды гидротазалауда қолданылады [77].
- •3.4 Озондаудың гидрлеу процесіне әсері
- •5 Гистограмма. Тауарлы дизель отындарының күкірт мөлшерінің озондау жағдайына тәуелді өзгеруі
- •Cурет 23 – Көлемдік жылдамдығы 0,5 л/мин озон-ауалы қоспамен және 30 мин уақыт аралығында озондалған пмөз-ң тауарлы дизель фракциясының иқ-спектроскопия әдісімен алынған кескіні
- •Cурет 24 – Көлемдік жылдамдығы 0,125 л/мин озон-ауалы қоспамен және 60 мин уақыт аралығында озондалған «Жанажол» кен орны дизель фракциясының иқ-спектроскопия әдісімен алынған кескіні
- •Қорытынды:
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
2.2.6 Газдын тығыздығын пикнометр көмегімен анықтау
Газдың меншікті массасын анықтаудан бұрын пикнометрді өлшеп, ашық шүмекпен вакуумды насосқа жалғайды. Пикнометрдегі ауаны ығыстырғаннан кейін шүмекті жабады. Пикнометрді насостан алып тастайды. Пикнометрді аналитикалық таразыда өлшейді. Пикнометрді бюреткамен жалғап, бюреткадан зерттелетін газды қысымды склянка көмегімен пикнометрге екі сосудтағы қысым тең болғанша жіберіледі. Пикнометр газбен толтырылғаннан кейін оны бюреткадан ажыратып өлшейді.
Қалыпты жағдайдағы газ көлемі:
V x P x 273
V0= ───────── (3)
760 ( 273 + t)
мұндағы,
V- бюреткадан берілген газ көлемі, см -3;
Р- атмосфералық қысым, мм сынап бағанасы;
t- температура , 0 С.
Газдың тығыздығы:
в - а
λ = ─────── х 100 (4)
V0
мұндағы,
в- пикнометрдің газбен массасы, г.
а- бос пикнометрдің массасы, г.
Cурет 11 – Газдың тығыздығын анықтайтын пикнометрі
2.2.7 Йод санын анықтау
Сұйық өнімдердің құрамындағы қанықпаған көмірсутектірді анықтау мақсатында йод саны анықталды. Ол үшін 5 мл сұйық өнімге 15 мл этил спирті (бензин фракциясы үшін) 15 мл ацетон (қайнау температурасы 1800 С жоғары фракциялар үшін) қосылады, одан кейін 25 мл КІ (20 %) ерітіндісі қосылады және 25 мл І2 (2 %) ерітіндісін қосып, барлығын 5 минуттай араластырып, 5 минут тыныштық күйге қалтырады. Осы құбылысты бірнеше рет толық араласқанша қайталайды. Осы тәжірибемен қатар сұйық өнімсіз тағыда тәжірибе жүргізілді. Дайындалған ерітіндіні 0,1 н Na2S2O3 ерітіндісімен крахмал қатысында түсі күрт өзгергенше титрлейді. Алынған мәліметтерді формулаға қойып иодтық сан анықталады.
(а –в ) · Т· 100
И.С. = ────────── (5)
А
мұндағы, а- титрлеуге кеткен Na2S2O3 ерітіндісінің көлемі, мл; в- сұйық өнімі бар ерітіндіні титрлеуге кеткен Na2S2O3 ерітіндісінің көлемі, мл; А- сұйық өнім өлшемесі, г; Т- йод бойынша Na2S2O3 титрі, мл.
2.2.8 Электронды микроскопия.
Процесте қолданылған Ni-қаңқалы катализаторы Аль-фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Ұлттық нанотехнологиялар зертханасында электронды сканирлейтін Quanta-3D 200i (FEI компаниясы, США) және H-600 (Hitachi, Japan) электронды микроскопында зерттелінді.
2.2.9 Инфрақызыл спектрлік анализ
Спектрлер PERKIN ELMER фирмасының Spectrum-65 Фурье ИҚ-спектрометрінде (12-сурет) 4000-450 см-1 жиіліктері аралығында жазылған. Кристалдық үлгілір калий бромидімен таблеткалар түрінде жазылды. Массасы 100 мг калий бромидіне 1 мг зат алынып, біртекті ұнтақ күйге дейін үгітілді.
Жиіліктерді анықтауда жіберілетін қателіктер:
4000-2000 см-1 ± 3 см-1
2000-450 см-1 ± 1 см-1
Cурет 12 – Spectrum-65 спектрометрі
18 кесте – Spectrum 65 аппаратының техникалық сипаттамалары
Сипаттамалары | |
Принципі |
Бірсәулелі сканирлейтін интерферометр DynascanTM |
Оптика |
Герметикалық, вибрациялардан қорғауы бар |
Сәулебөлгіш |
Ge/KBr |
Сәуле көзі |
Ауалы салқындатқышы бар температура бойынша стабилизацияланған |
Детекторы |
Термостабилизацияны қажет етпейтін, барлық температуралық диапазон бойынша сызықты прибор |
Спектральды диапазон |
8300 - 350 см-1. |