Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor (1).docx
Скачиваний:
215
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
232.14 Кб
Скачать

29. Биоценоз,биогеоценоз,экожүйе туралы түсінік

Биоценоз(грекше bios-өмір, koinos-жалпы,ортақ)бірдей орта жағдайларында бірге тіршілік ететін өсімдіктер,жануарлар және микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы.Биоценоз ұғымын қолдануды 1877 ж неміс зоолгы карл Мебиус ұсынды.Биогеоценоз-тіршілік ететін жер бетімен қоса тірі организімдер мен абиотикалық ортанаң тарихи қалыптасқан жиынтығы. «Биогеоценоз» ұғымын 1944 ж академик В.Н.Сукачев ұсынды.Табиғатта әртүрлі түрлердің популяциялары биоценозға бірігеді.Бірак ешкандай биоценоз ортадан болек оздігінен дами алмайды.Нәтежиесінде табиғатта тірі және өлі компоненттер жиынтығы құрылады.Орта жағдайлары ұқсас кеңістікте тіршілік ететін организмдер қауымдастықтарын биотоп деп атайды.Биотоп – биоценоздың тіршілік ету ортасы. Биогеоценоз мынадай құрамдардан тұрады:продуцент,консумент,редуцент.Продуцент – өндірушілер , күн энергиясын пайдалана отырып денесін бийорганикалық заттырдан түзетін автотрофты организмдер .Консументтер-тұтынушылар,продуценттер арқылы дайын органикалық заттармен бірге ондағы энергияны пайдаланатын гетеретрофты организмдер .Редуценттер – ыдыратушылар , органикалық қалдықтарды ыдырататын , биологиялық зат айналымын аяқтайтын организмдер.Экожүйе-зат айналымы жүру алатын организмдер мен беорганикалық компонеттер жиынтығы.«Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды.А.Д.Тенсли экожүйе құрамына организімдер де ,абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірілігі деп есептеп,оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды.Әдетте экожүйе мен биоценоз ұғымдарын синоним ретінде қарастырады.

30. Популяцияның статикалық көрсеткіштері

Статикалық көрсеткіштер уақыттың осы кезеңіндегі популяцияның күйін, жағдайын сипаттайды.

Популяцияның статикалық көрсеткіштеріне олардың саны, тығыздығы мен құрылымның көрсеткіштері жатады. Популяция саны

Бұл берілген территориядағы немесе берілген көлемдегі особьтардың жалпы саны, яғни өсімдіктің немесе жануардың басының саны, мысалы кейбір кеңістіктік бірліктегі өзен жағалауындағы, теңіз акваториясындағы, судағы, аймақтағы және т.б. ареалдардағы ағаштар немесе жануарлар саны.

Кейбір жануарлардың санын әртүрлі әдістермен анықтайды. Мысалы, самолетпен немесе вертолетпен. Гидробионттардың санын тормен аулауды (балықтар), микроскоптық организмдер (фитопланктон, зоопланктон) үшін арнаулы өлшегіш ыдыстарды қолданады.

Адам популяциясының санын мемлекеттің бүкіл халқын санақ жүргізу жолымен анықтайды. Халықтың санын және құрылымын білудің экономикалық және экологиялық мәні зор.

Популяция тығыздығы

Популяция тығыздығы оны мекендейтін особьтардың аудан немесе көлем бірлігіндегі санымен анықталады. Мысалы 1 га жерде 150 қайың немесе 1 м судағы 0,5 г циклоп - осы түрдің популяция тығыздығын сипаттайды.

Популяция тығыздығы аудан немесе көлем бірлігіне келетін особьтер саны, мысалы, тұрғындар тығыздығы- бір шаршы километрге шаққандағы адам саны немесе гидробионттар үшін бір литр немесе кубометр көлем бірлігіндегі особьтар саны.

Популяцияның тығыздығының мысалдары: 1 гектар ормандағы 500 ағаш, 1 кубометр судағы 5 млн дана хлорелла, 1 га су қоймасының бетіне келетін 200 кг балық. Популяцияның тығыздығы аудандағы немесе көлемдегі особьтердің біркелкі емес таралуын есептемей анықтайды, яғни аудан бірлігіндегі халықтың, ағаштың, жануардың немесе көлем бірлігіндегі микроскоптық балдырлардың орташа тығыздығын табамыз.

Популяцияның тығыздығын реттейтін факторлар- тығыздыққа тәуелді және тәуелсіз болып бөлінеді. Тәуелділері тығыздықтың өзгеруіне байланысты өзгереді, ал тәуелсіздері оның өзгеруніе байланыссыз тұрақты болып қалады. Алғашқысы - бұл биотикалық, ал екіншілері - абиотикалық факторлар болып саналады. Тығыздығына тәуелсіз факторлардың әсері планктонды балдырлардың санының маусымдық өзгерістерінде жақсы байқалады. Мысалы, Солтүстік Кавказ су қоймаларында диатомды балдырлар санының көбеюінің екі үдеме шыңы байқалады. Көктемде және күзде, ал қалған уақытта факторлардың тығыздығына байланыстылық әсер етеді, жазда қарқынды дамитын жасыл және көк жасыл балдырлармен тірі қалу, тіршілік үшін бәсекелестік күрес.

Популяциядағы өлім тығыздыққа тәуелді болуы мүмкін. Бұл құбылыс өсімдіктердің тұқымдарымен болады, тығыздыққа тәуелділіктен туатын өлім-жітім өскіндер кезеңінде жүзеге асады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]