Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekologia_shpor (1).docx
Скачиваний:
215
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
232.14 Кб
Скачать

35.Табиғатта оттегінің және азоттың айналымдары

Оттек айналымы (Круговорот кислорода) — өсімдіктердің фотосинтез процесі кезінде экожүйенің биоценоздық ортасына оттекті бөлуінен басталатын процесс. Бөлінген оттек аэробтарға, оның ішінде өсімдіктерге (тыныс алу процесінде) түседі. Оттектің бір бөлігі микроорганизмдердің мортмассаны тотықтыруына жұмсалып, басқа бөлігі экожүйенің биоценоздық ортасынан айналымның сыртқы шеңберіне өтеді.Табиғатта оттегі негізінен фотосинтез нәтижесінде түзіледі, ол жапырақтарда және теңіз балдырларында жүретін үдеріс.6СO2 + 6Н2O → С6Н12O6 + 6O2↑Осы оттегімен адамдар мен жануарлар тыныс алады, одан басқа жер қыртысындағы минералдар түзіледі. Табиғатта оттегінің қатысуымен тоттану, шіру, aшy сияқты бүліну үдерістері де жүріп жатады. Оттегінін, атмосферадағы қоры 1,5•1015 т, оның 1•1010 тоннасы жану үшін жұмсалады. Тыныс алу жеке ағзаның өмірі үшін, ал шіру - эволюция (даму) үшін маңызды үдерістер. Азот айналымы табиғаттаазоттыңүздіксіз айналуқұбылысы.Атмосферадағыазот(75,5%)электрқұбылыстары менфотохимиялықпроцестердіңәсерінен әртүрліазотқышқылыныңтұздарынтүзеді де,жаңбырсуында еріп,топыраққасіңеді, сөйтіпмұхитсуына араласады.Түйнекбактерияларыауадағымолекулакүйіндегіазоттыбасқаорганизмдерсіңіре алатындайорганикалық қосылыстарғаайналдырады.Белокты денелерде17%-ке дейін азот болады.Денитрификаттану процесі (топырақ жәнесубактерияларыарқылыазот қышқылытұздарының бос азотқа дейін ыдырауы) жүріп, әуеліазот қышқылына, одан кейін босазотқаайналады да, олауағатүседі. Ал нитрификаттану процесінің (аммиакпен азоттыорганикалық қосылыстардыңтотығуы) нәтижесінде әртүрліазоттотықтары (N2O, NO, N2O3,N2O5) түзіледі. Азотқышқылыметалдарменқосылып,азотқышқылының тұздарын түзеді. Олар ауа райы ыстық және құрғақ аймақтарда көбірек жиналады.Судажақсы ерігеназотқышқылының тұздарынтірі организмдерқайтадан қабылдайды. Міне осылайша табиғаттаазотайналымы үздіксіз жүріп тұрады

36.Табиғи ресурстар.Сарқылатын,сарқылмайтын табиғи ресурстар

Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетгі заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері — табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік жан-жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өнделген күйінде түрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де Табиғи ресурстарға жатады Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат — азық-түлік, киім-кешек тұрмыс кажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар жөне өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. Табиғи ресурстар, олардың қолдану саласына қарай — ендірістік, денсаулы сақтауга қажетті, ғылыми, эстетикалык деп бөлінеді. Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі –су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр. Ал экожүйелердін таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ , өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат),су,ауа,орман,жер,тек қана өндіріс шікізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады.Өндірістік қатынасқа қосылмған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс.Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына — күн сеулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға — атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады.

Сарқылатын ресурстар (орыс. Исчерпаемые ресурсы) — табиғи ортадан алынған сайын саркылатын ресурстар.Сарқылатын ресурстар қалпына келетін (таза ауа, түщы су, күнарлы топырақ, өсімдік, жануарлар әлемі) және қалпына келмейтін (минералдық) ресурстар (қазып алынатын отын, металдық минерал шикізаттар (темір,мыс, т.б.), бейметалдық минерал шикізаттар (саз,құм, фосфаттар, т.б.) болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]