- •5 Экологиялык факторлардын классификациясы
- •6 Либихтын минимум заны
- •7 Шелфордтын толеранттылык заны
- •8 Абиотикалык факторлардын тири организмге асери
- •9 Биотикалық факторлардыңсипаттамалары
- •10 Толеранттылық диапозоны Эврибионтты Стенобионтты организмдер
- •11 Тіршілік орталарының сипаттамалары
- •12 Су тіршілік ортасының ерекшеліктері
- •13 Организмдердің қарым-қатынасы (бәсекелестік жыртқыштық-жемтік паратизм)
- •14 Биотикалық қарым-қатынас (симбиоз, комменсализм, аменсализм)
- •15 Әуе құрлық ортасының ерекшеліктері
- •16 Топырақ тіршілк ортасыныңерекшеліктері
- •17. Популяцияның статистикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •18 Вернадскиийдің биосфера туралы түсінік
- •19 Биосфераның құрылымының ерекшеліктері
- •20.Құрылықта тіршілік ететін организмдердің тіршілік ортасына байланысты экологиялық топтар
- •22Популяцияның генетикалық құрылымы
- •23. Популяцияның жыныстық құрылымы
- •29. Биоценоз,биогеоценоз,экожүйе туралы түсінік
- •30. Популяцияның статикалық көрсеткіштері
- •31. Экологиялық қуыс
- •32. Биосферадағы тірі заттың қасиеті мен функциясы
- •33. Биосферадағы биогеохимиялық айналымдардың маңызы
- •34. Табиғатта судың және көміртектің айналымы
- •35.Табиғатта оттегінің және азоттың айналымдары
- •36.Табиғи ресурстар.Сарқылатын,сарқылмайтын табиғи ресурстар
- •37.Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың салдары.Мысал келтір
- •38. Қр су қоймаларының ластануы
- •39.Құрлық экожүйелері(тундра,тайга,дала,шөл және т.Б.)сипаттамалары
- •40 Су экожүйелері (теңіз және тұщы су) сипаттамалары
- •41 Қр ерекше қорғауға алынған территориялар
- •42. Қр табиғи ескерткіштері, олардың маңызы.
- •43 Қр қорықтары, олардың ұйымдастырылу мақсаты
- •44. Қр ботаникалық бақтары. Дендропарктері, олардың сипаттамалары.
- •45. Қызыл кітаптың маңызы, оның санаттары
- •46. Ғаламдық экологиялық проблемалардың өзектілігі
- •47. Озон қабатының жұқаруы,қышқылды жаңбырдың экологиялық зиянды әсерлері
- •48. Әлемдік жылынудың, парникттік эффекттың атмосфераға әсері.
- •49. Биологиялық алуантүрліліктің азаюының экологиялық зардабы.
- •50. Табиғи ресурстар дағдарысының зардабы.
- •51.Әлеуметтік экологиялық проблемалар (демографиялық жарылыс, ашаршылық т.Б.)
- •52. Аймақтық экологиялық мәселеле. Қр экологиялық өзекті мәселелері.
- •53. Баламалы энергия көздерін пайдаланудың экологиялық тиімділіктері.
- •54.Қоршаған ортаның мәселелері бойынша Халық аралық ұйымдардың бағдарламалары.
- •55. Шөлейттену мәселесінің себебі. Оның алдын алу іс-шаралары
- •56. Радиацияның генофондқа әсері
- •57. Қр экологиясының дистабилизациясы ( бұрынғы қалпынан өзгеруі немесе ауытқуы)
- •58. Топырақ деградациясы, топырақ эрозиясы, алдын алу іс-шаралары
- •59. Климаттың өзгеруі
48. Әлемдік жылынудың, парникттік эффекттың атмосфераға әсері.
Әлемдік жылыну—жердіңбетіндегі орташа температураның артуы. Соңғы жүз жылда температурасы шамамен 0, 6 ºС-қа артты. Ауаны ластау, өнеркәсіп санының артуы, ормандарды кесу, жанартаулардың атқылауы және Күндегі өзгерістер, адамның әр түрлі әрекеттері ғаламдық жылынудың басты себептері болып тұр.Парниктік газдар — табиғи газдар, мысалы, хлорфторкөмірсутектер. Парниктік газдардың басты алты түрі бар, олар: су буы, көмірқышқыл газы, метан, азот тотығы, озон және хлорфторкөмірсутектер. Осы парник газдарының әсерінен озон қабаты жұқ аруда.Озон қабаты оттегінің бір түрі озоннан тұрады. Бұл қабат Жерді Күннен шығатын зиянды ультрокүлігін сәулелері нен қорғайды.Ол ультрокүлгін сәулелерін 97-99%-ын өзіне сіңіріп алады. Зиянды ультрокүгін сәулелері тері ісігін,шелдерді тудырады. Егін түсіміне және суға зиянды әсерін тигізеді. 1985 жылы 3 Британдық ғалым Джозеф Фарман, Брайан Гардинер және Джонатан Шанклин озон қабаты тесігін тапты. Парниктік эффект. Атмосфераның құрамы мен жағдайы ғарышпен жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен жерге немесе жерден ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +15°. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиакциясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның орта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін. Бұл жағдай антропогендік қосындылардың атмосферада соңғы жылдары көбеюіне байланысты болып отыр. Атмосферадағы газдар мен басқа қосындылардың көбеюінен, Жерден ғарышқа көтерілетін жылудың көлемі азаяды да, Жер бетінде қалып қояды. Ал бұл жағдай климаттың жылынуына әкеліп соғады. Бұл процесте көмірқышқыл газының рөлі өте зор. О бастан көмірқышқыл газының жердегі климат пен температураны қолдап тұратын концентрациясы 0,003 пайыздан аспаған ал кейінгі жылдары бұл газдың көлемі әр он жыл сайын 2 жылға ұлғайып отыр. Бұл жылдамдық соңғы жылдары тездетіп барады. Жер тұрғындары жылдан-жылға ормандардың көлемін азайтуда және отын жағуда.Климаттың әр түрлі моделін жасап, зерттеу 2050 жылы жерде орташа температура 4,5°С дейін көтерілуі мүмкін. Жер шарының мұндай жылынуы мәңгілік мұздардың еруіне әкелетін болса, Әлемдік мұхиттың деңгейі 0,5-1,5м көтеріледі. Климаттың одан ары жылынуы 2100ж Әлемдік мұхиттың деңгейін 2метрге дейін көтереді. Ал бұл 5млн шаршы километр құрлықты су басып кетуіне әкелуі мүмкін. Ал бұл – барлық құрлықтың 3 пайызындай көлемі, жер шарындағы қолданбалы жердің 30 пайызындай көлемі. Парниктік эффектің Жер тұрғындарына алып келер зардабы ұшан теңіз. Сондықтан осы күрделі мәселелер жөнінде адамзат алдын ала тиімді шаралар қабылдамаса, жердегі өмір – тіршілікке үлкен қатер туындауы мүмкін. Ғаламдық жылынулардың әсерлері.Ғаламдық жылынудың басты әсерлері мыналар: климаттың өзгеруі, жылу толқындарының жиі болуы, теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі, тасқындар, құрғақшылықтар мен дақылдардың шықпай қалуы секілді табиғи зардаптар.Ғаламдық жылынудың нәтижесінде мұз қабаттары еруде. Мұз қабаттары дегеніміз — жердің қар мен мұз қаптап жатқан бөліктері. Мұздықтар мұзының қалыңдығы 1000 м-ден жоғары, аумағы 51 800 км² болады. Мұз қабаттарының еруі нәтижесінде теңіз деңгейлері артуда. Арктикалық теңіздердің мұздықтары да ғаламдық жылынудың әсерінен төмен тұсуде. Төмен түсудің қазіргі деңгейі әр онжылдықта 8%-ға тең болып тұр. Бұл 2060 жылға қарай жер бетінде Арктикалық теңіздердің жойылатынын білдіреді.Климаттың өзгеруін зерттейтін БҰҰ-ның мемлекетаралық эксперттер тобының пайымдауынша (және Үлкен Сегіздікелдерінің ұлттық академияларының келісімімен) XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жердің орташа температурасы 0,7°C көтерілді және соңғы 50 жылдағы жылыну процесінің көп бөлігі адамзаттың кесірінен орын алған, бірінші кезекте газдардың атмосфераға шығарылуынан туындаған көмірқышқыл газы (CO2) мен метанның (CH4) «көшетхана эффектісі» (Greenhouse effect).IPCC ұйымының климаттық модельдерге байланысты алынған мәліметтері бойынша: XXI ғасырда Жер бетінің орташа температурасы 1,1°C-тан 6,4°C-қа көтеріледі-мыс. Ал кейбір аймақтарда керісінше сәл төмендейді. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өсуімен қатар ғаламдық температураның да өсуі атмосфералық жауын-шашынмөлшерінің өзгеруіне алып келеді. Нәтижесінде табиғи катаклизмдер жиілеуі мүмкін, мысалы: су тасқындары, қуаңшылықтар, дауылдар және басқалары, жапа шеккен аймақтарда ауылшаруашылық өнімдерінің мөлшері төмендейді және басқа аймақтарда жоғарлайды (көмірқышқыл газы концентрациясының көтерілу есебінен). Жылыну процесі — мұндай құбылыстардың масштабы мен жиілігін жоғарлатуы ықтимал.Климаттың жылынуынан келесі қауіп туындауы мүмкін: кейбір жануар немесе өсімдік түрлерінің таралу аймағының полярлық зоналарға ығысуы; жаға зоналары мен аралдарда мекендейтін саны аз түрлердің жойылуы. Кейбір зерттеушілердің ойынша, ғаламдық жылыну — бұл тек миф, ал кейбіреулері бұл процеске адамның қатысы мүлдем жоқ деп санайды. Бірен-саран зерттеушілер ғаламдық жылынуға сенгенімен, климатқа қатты әсер ететіндердің бірі - бұл өндірістік қалдықтар дегенге сенбейді.